About Intellectual Property IP Training Respect for IP IP Outreach IP for… IP and... IP in... Patent & Technology Information Trademark Information Industrial Design Information Geographical Indication Information Plant Variety Information (UPOV) IP Laws, Treaties & Judgements IP Resources IP Reports Patent Protection Trademark Protection Industrial Design Protection Geographical Indication Protection Plant Variety Protection (UPOV) IP Dispute Resolution IP Office Business Solutions Paying for IP Services Negotiation & Decision-Making Development Cooperation Innovation Support Public-Private Partnerships AI Tools & Services The Organization Working with WIPO Accountability Patents Trademarks Industrial Designs Geographical Indications Copyright Trade Secrets WIPO Academy Workshops & Seminars IP Enforcement WIPO ALERT Raising Awareness World IP Day WIPO Magazine Case Studies & Success Stories IP News WIPO Awards Business Universities Indigenous Peoples Judiciaries Genetic Resources, Traditional Knowledge and Traditional Cultural Expressions Economics Gender Equality Global Health Climate Change Competition Policy Sustainable Development Goals Frontier Technologies Mobile Applications Sports Tourism PATENTSCOPE Patent Analytics International Patent Classification ARDI – Research for Innovation ASPI – Specialized Patent Information Global Brand Database Madrid Monitor Article 6ter Express Database Nice Classification Vienna Classification Global Design Database International Designs Bulletin Hague Express Database Locarno Classification Lisbon Express Database Global Brand Database for GIs PLUTO Plant Variety Database GENIE Database WIPO-Administered Treaties WIPO Lex - IP Laws, Treaties & Judgments WIPO Standards IP Statistics WIPO Pearl (Terminology) WIPO Publications Country IP Profiles WIPO Knowledge Center WIPO Technology Trends Global Innovation Index World Intellectual Property Report PCT – The International Patent System ePCT Budapest – The International Microorganism Deposit System Madrid – The International Trademark System eMadrid Article 6ter (armorial bearings, flags, state emblems) Hague – The International Design System eHague Lisbon – The International System of Appellations of Origin and Geographical Indications eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange Mediation Arbitration Expert Determination Domain Name Disputes Centralized Access to Search and Examination (CASE) Digital Access Service (DAS) WIPO Pay Current Account at WIPO WIPO Assemblies Standing Committees Calendar of Meetings WIPO Webcast WIPO Official Documents Development Agenda Technical Assistance IP Training Institutions COVID-19 Support National IP Strategies Policy & Legislative Advice Cooperation Hub Technology and Innovation Support Centers (TISC) Technology Transfer Inventor Assistance Program WIPO GREEN WIPO's Pat-INFORMED Accessible Books Consortium WIPO for Creators WIPO Translate Speech-to-Text Classification Assistant Member States Observers Director General Activities by Unit External Offices Job Vacancies Procurement Results & Budget Financial Reporting Oversight
Arabic English Spanish French Russian Chinese
Laws Treaties Judgments Browse By Jurisdiction

Kazakhstan

KZ066

Back

КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiн бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 қараша 1992 ж. № 949)

 

КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 қараша 1992 ж. N 949

          Өнер табыстары, өнеркәсiп үлгiлерi, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерi КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен  қорғалған, сондай-ақ осындай өтiнiмдерi. Ресей Федерациясының Патенттер мен тауар белгiлерi жөнiндегi комитетiнiң (Респатент) қарауында жатқан өнертапқыштар мен патент иелерiнiң хұқығын Қазақстан Республикасының аумағында қорғау мақсатында Қазақстан  Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

          1. Өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне бұрын КСРО-ның берген қорғаушы құжаттарының оларға Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттары берiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының аумағында күшi бар деп танылсын.

          2. Өтiнiш берушiлер және иелерiмен бiрге авторларға  Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi  объектiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерi мен  куәлiктерiн бiр мезгiлде бере отырып, КСРО-ның қорғаушы  құжаттарының күшiн жою туралы өтiнiш жасауға хұқық берiлсiн.

          3. КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнертабысқа,  өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету  белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру Тәртiбi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
          КСРО-ның авторлық куәлiктерi, куәлiктерi мен патенттерi, сондай-ақ Респатенттiң қарауында жатқан өтiнiмдер бойынша  Қазақстан Республикасының патенттерi мен куәлiктерiн беру  жөнiндегi материалдарға қойылатын талаптар мен өтiнiш жасау нысандарын Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы  белгiлейдi. <*>
          ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
                            N 1031 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының      Премьер-министрi 




 

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң

1992 жылғы 11 қарашадағы

N 949 қаулысымен

Бекiтiлген

 



                      КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған
                      өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар
                      белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне
                            Қазақстан Республикасының қорғаушы
                                      құжаттарын берудiң
                                              Тәртiбi  <*>

          ЕСКЕРТУ. Тәртiптiң мәтiнiндегi сөздер алынып тасталды -
                            ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.

          КСРО-ның қорғаушы құжаттары бойынша өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне (бұдан әрi - тауар белгiлерi) Қазақстан Республикасының қорғаушы  құжаттарын беру үшiн өтiнiштер Қазақстан Республикасының  Ұлттық патент ведомствосына (бұдан әрi - Қазпатент) жолданады:

          1. Автордың арыз иесiмен немесе патент иесiмен бiрге Қазақстан Республикасының патентiн беру туралы жасаған өтiнiшi қанағаттандырылып, есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығын төлеген жағдайда, КСРО-ның куәлiктерiмен және патенттерiмен қорғалған өнеркәсiп үлгiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерi, өтiнiм түскен күннен есептегенде, 20 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi. <*>
          Автордың арыз иесiмен немесе патент иесiмен бiрге 1993 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының патентiн беру туралы жасаған өтiнiшiн қанағаттандырып, есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығын төлеген жағдайда, КСРО-ның  куәлiктерiмен және патенттерiмен қорғалған өнеркәсiп үлгiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерi, өтiнiм түскен күннен  есептегенде (патенттiң қолдану мерзiмiн тағы да 5 жылға созу мүмкiндiгi болатын) 10 жылға берiледi.
          Өнертабысқа және өнеркәсiп үлгiсiне Қазақстан Республикасының патентi берiлген күннен бастап ерекше хұқық көрiнiс табады. <*>
          ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1994.01.10. N 52
                            қаулысымен.

          2. Өнертабыс пен өнеркәсiп үлгiлерiне Қазақстан  Республикасының патенттерiн беру туралы өтiнiшке баж салығын төлегенi туралы құжат пен әрбiр объектi бойынша КСРО-ның қорғаушы құжаттары қоса тапсырылады.
          Егер арыз берушi немесе патент иесi мен автордың (авторлардың) арасында өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне бiрлескен өтiнiш беру туралы келiсiмге келе алмаған жағдайда патент берiлмейдi.

          3. Респатентте қаралып жатқан, олар бойынша iс жүргiзу аяқталмаған және қорғаушы құжаттары берiлмеген өнертабысқа  патенттер, өнеркәсiп үлгiлерiне куәлiктер немесе патенттер беру жөнiндегi өтiнiмдер бойынша арыз иелерi авторлармен бiрге  бастапқы берiлген өтiнiмдер бойынша басымдықты сақтайтын  Қазақстан Республикасының патентiн беру туралы өтiнiш жасауға хұқы бар.
          Өтiнiш 1993 жылдың 1-наурызына дейiн берiледi. Өтiнiштерге Респатенттiң мемлекеттiк патенттiк сараптау ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрi - МПСҒЗИ) расталған өтiнiм материалдарының көшiрмелерi, сондай-ақ есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде  баж салығының төленгенi туралы құжат қоса тапсырылады. <*>

          4. Қазақстан Республикасының патенттiң беру туралы өтiнiш жасаған күнге дейiн, авторлық куәлiктер берiлген өнертабыс пен өнеркәсiп үлгiлерiн немесе куәлiктер берiлген өнеркәсiп үлгiлерiн пайдаланған немесе пайдалану үшiн қажеттi әзiрлеме жасаған  Қазақстан Республикасының жеке адамдары мен заңды ұйымдары бұдан былай да оларды, патент иесiнiң еркiне қарамастан, көлемiн кеңейтпей пайдалана алады.

          5. КСРО-ның куәлiктерiмен қорғалған, қолданылып жүрген тауар белгiлерi, олардың иесiнiң 1993 жылдың 1-қарашасына дейiн түсiрiп, куәлiктiң көшiрмесi мен есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде  баж салығын төлегенi туралы құжат қосылған өтiнiшi бойынша Қазпатентте тiркелiп, 10 жыл мерзiмге (ұзарту мүмкiндiгiмен) Қазақстан Республикасының куәлiктерi берiледi. <*>

          6. 1992 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Респатентке тiркеуге жiберiлген тауар белгiлерi мәлiмдеушiнiң өтiнiшi бойынша сараптау шешiмiнiң басымдылығы ескерiлiп, Қазпатентте тiркеледi.
          МПСҒЗИ-дың сараптау шешiмi немесе ондай шешiм әлi алынбаған болса, өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы мәлiмдеу қағазы,  сондай-ақ есептiк көрсеткiшiнiң 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығын төлегенi туралы құжат қосылған өтiнiш 1993 жылдың 1-қарашасына дейiн тапсырылады. <*>
          ЕСКЕРТУ. 1,3,5,6-тармақтарындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң
                            1996.08.09. N 987 қаулысымен.

          7. Егер мәлiмдеушiнiң еркiнен тыс жағдайларға байланысты 1993 жылдың 1 желтоқсанына дейiн өнертабысқа және өнеркәсiп үлгiлерiне Қазақстан Республикасының патенттерiн беру туралы өтiнiштер, ал 1993 жылдың 1-қарашасына дейiн тауар белгiлерiне Қазақстан Республикасының куәлiктерiн беру туралы өтiнiштер жасалмаған болса, онда мерзiмдер екi айға созылуы мүмкiн.

          8. Қазақстан Республикасының тиiстi қорғаушы құжаттарын бергеннен кейiн Қазпатент ол жайында мәлiметтер жариялайды.



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК