عن الملكية الفكرية التدريب في مجال الملكية الفكرية إذكاء الاحترام للملكية الفكرية التوعية بالملكية الفكرية الملكية الفكرية لفائدة… الملكية الفكرية و… الملكية الفكرية في… معلومات البراءات والتكنولوجيا معلومات العلامات التجارية معلومات التصاميم الصناعية معلومات المؤشرات الجغرافية معلومات الأصناف النباتية (الأوبوف) القوانين والمعاهدات والأحكام القضائية المتعلقة بالملكية الفكرية مراجع الملكية الفكرية تقارير الملكية الفكرية حماية البراءات حماية العلامات التجارية حماية التصاميم الصناعية حماية المؤشرات الجغرافية حماية الأصناف النباتية (الأوبوف) تسوية المنازعات المتعلقة بالملكية الفكرية حلول الأعمال التجارية لمكاتب الملكية الفكرية دفع ثمن خدمات الملكية الفكرية هيئات صنع القرار والتفاوض التعاون التنموي دعم الابتكار الشراكات بين القطاعين العام والخاص أدوات وخدمات الذكاء الاصطناعي المنظمة العمل مع الويبو المساءلة البراءات العلامات التجارية التصاميم الصناعية المؤشرات الجغرافية حق المؤلف الأسرار التجارية أكاديمية الويبو الندوات وحلقات العمل إنفاذ الملكية الفكرية WIPO ALERT إذكاء الوعي اليوم العالمي للملكية الفكرية مجلة الويبو دراسات حالة وقصص ناجحة في مجال الملكية الفكرية أخبار الملكية الفكرية جوائز الويبو الأعمال الجامعات الشعوب الأصلية الأجهزة القضائية الموارد الوراثية والمعارف التقليدية وأشكال التعبير الثقافي التقليدي الاقتصاد التمويل الأصول غير الملموسة المساواة بين الجنسين الصحة العالمية تغير المناخ سياسة المنافسة أهداف التنمية المستدامة التكنولوجيات الحدودية التطبيقات المحمولة الرياضة السياحة ركن البراءات تحليلات البراءات التصنيف الدولي للبراءات أَردي – البحث لأغراض الابتكار أَردي – البحث لأغراض الابتكار قاعدة البيانات العالمية للعلامات مرصد مدريد قاعدة بيانات المادة 6(ثالثاً) تصنيف نيس تصنيف فيينا قاعدة البيانات العالمية للتصاميم نشرة التصاميم الدولية قاعدة بيانات Hague Express تصنيف لوكارنو قاعدة بيانات Lisbon Express قاعدة البيانات العالمية للعلامات الخاصة بالمؤشرات الجغرافية قاعدة بيانات الأصناف النباتية (PLUTO) قاعدة بيانات الأجناس والأنواع (GENIE) المعاهدات التي تديرها الويبو ويبو لكس - القوانين والمعاهدات والأحكام القضائية المتعلقة بالملكية الفكرية معايير الويبو إحصاءات الملكية الفكرية ويبو بورل (المصطلحات) منشورات الويبو البيانات القطرية الخاصة بالملكية الفكرية مركز الويبو للمعارف الاتجاهات التكنولوجية للويبو مؤشر الابتكار العالمي التقرير العالمي للملكية الفكرية معاهدة التعاون بشأن البراءات – نظام البراءات الدولي ePCT بودابست – نظام الإيداع الدولي للكائنات الدقيقة مدريد – النظام الدولي للعلامات التجارية eMadrid الحماية بموجب المادة 6(ثالثاً) (الشعارات الشرفية، الأعلام، شعارات الدول) لاهاي – النظام الدولي للتصاميم eHague لشبونة – النظام الدولي لتسميات المنشأ والمؤشرات الجغرافية eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange الوساطة التحكيم قرارات الخبراء المنازعات المتعلقة بأسماء الحقول نظام النفاذ المركزي إلى نتائج البحث والفحص (CASE) خدمة النفاذ الرقمي (DAS) WIPO Pay الحساب الجاري لدى الويبو جمعيات الويبو اللجان الدائمة الجدول الزمني للاجتماعات WIPO Webcast وثائق الويبو الرسمية أجندة التنمية المساعدة التقنية مؤسسات التدريب في مجال الملكية الفكرية الدعم المتعلق بكوفيد-19 الاستراتيجيات الوطنية للملكية الفكرية المساعدة في مجالي السياسة والتشريع محور التعاون مراكز دعم التكنولوجيا والابتكار نقل التكنولوجيا برنامج مساعدة المخترعين WIPO GREEN WIPO's PAT-INFORMED اتحاد الكتب الميسّرة اتحاد الويبو للمبدعين WIPO Translate أداة تحويل الكلام إلى نص مساعد التصنيف الدول الأعضاء المراقبون المدير العام الأنشطة بحسب كل وحدة المكاتب الخارجية المناصب الشاغرة المشتريات النتائج والميزانية التقارير المالية الرقابة
Arabic English Spanish French Russian Chinese
القوانين المعاهدات الأحكام التصفح بحسب الاختصاص القضائي

الأمر رقم 136 المؤرخ في 23 أبريل 2010 الصادر عن وزير العدل بالنيابة في جمهورية كازاخستان، بشأن بعض قضايا الحماية القانونية للملكية الفكرية، كازاخستان

عودة للخلف
النص مستبدل  الذهاب إلى أحدث إصدار في ويبو لِكس
التفاصيل التفاصيل سنة الإصدار 2010 تواريخ بدء النفاذ : 26 ديسمبر 2010 الاعتماد : 15 أبريل 2010 نوع النص اللوائح التنفيذية الموضوع البراءات، نماذج المنفعة، التصاميم الصناعية، العلامات التجارية، البيانات الجغرافية، تصاميم الدوائر المتكاملة، حماية الأصناف النباتية، إنفاذ قوانين الملكية الفكرية والقوانين ذات الصلة، هيئة تنظيمية للملكية الفكرية، الملكية الصناعية ملاحظات Order No. 136 is issued by the Acting Minister of Justice to implement Law of the Republic of Kazakhstan No. 422-I of July 13, 1999, on the Protection of Selection Achievements; Patent Law of the Republic of Kazakhstan No. 427-I of July 16, 1999; Law of the Republic of Kazakhstan No. 456 of July 26, 1999, on Trademarks, Service Marks and Appellations of Origin; and Law No. 217-II of June 29, 2001, on Legal Protection of Layout Design of Integrated Microcircuits.

The Russian and Kazakh versions of the Order are reproduced with the permission of the Republican Center of Legal Information of the Ministry of Justice of Kazakhstan from the URLs http://adilet.zan.kz/kaz/archive/docs/V100006234_/23.04.2010 and http://adilet.zan.kz/rus/archive/docs/V100006234_/23.04.2010 (Retrieved on July 22, 2016).

المواد المتاحة

النصوص الرئيسية النصوص ذات الصلة
النصوص الرئيسية النصوص الرئيسية بالكازاخستانية Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 Бұйрығы)         بالروسية Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан № 136 от 23.04.2010 г. «Некоторые вопросы правовой охраны объектов промышленной собственности»        
 Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 Бұйрығы)

Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері

Мұрағаттық версия

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136

Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 мамырда

Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6234 болып

енгізілді

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999

жылғы 13 шілдедегі Заңын, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан

Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету

таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан

Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңын және «Интегралдық микросхемалар

топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29

маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Селекциялық жетістіктерге патент беруге

өтінім беру және қарау жөніндегі ереже;

2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Өнертабысқа инновациялық патентке

немесе патентке өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық;

3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Пайдалы модельге патент беруге өтінімді

жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық;

4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Тауар таңбасына өтінімді жасау,

ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық;

5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Тауардың шыққан жерінің атауы мен

тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау,

ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық;

6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында Тауар

таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға мәлiм деп тану жөнiндегi ереже;

7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілерін

пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу жөніндегі

нұсқаулық;

8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілеріне

ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық;

9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес Интегралдық микросхема топологияласын

тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау және тіркеу жөніндегі Ереже бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының бұйрықтарының күші

жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы

комитеті заңнамамен қарастырылған тәртіпте аталған бұйрықты мемлекеттік тіркеуді

қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен

соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а. Д. Құсдәулетов

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің м.а.

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

1-қосымша

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім беру және оны қарау жөніндегі

ереже

1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және селекциялық

жетістікке патент беруге өтінім беру және оны қарау тәртібін белгілейді (бұдан әрі

- Ереже).

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) селекциялық жетістік авторы (селекционер) (бұдан әрі - автор) - сортты,

тұқымды жасаған, ашқан немесе өсіріп шығарған жеке адам;

2) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып

табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы;

3) Мемлекеттік комиссиялар - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы

Республикалық мемлекеттік басқару органының Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын

сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткізу

және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;

4) өтінім - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім;

5) конвенциялық өтінім - 1961 жылғы 2 желтоқсандағы Селекциялық жетістіктерді

қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес берілген өтінім;

6) өтінім беруші - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім жасаған жеке

немесе заңды тұлға;

7) патент иеленуші - селекциялық жетістікке берілген патенттің иесі;

8) оригинатор - сортты (тұқымды) оның сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе

заңды тұлға;

9) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан

Республикасының қорғалатын өсімдік сорттарының мемлекеттік тізілімі мен Қазақстан

Республикасының патенттер берілген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын

жануарлар тұқымдарының мемлекеттік тізілімі;

10) Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік

меншік құқығы жөніндегі комитеті;

11) Сараптама жасау ұйымы - Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің

Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты»

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

2. Өтінімді жасау және беру 3. Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес өтінімді беруге құқыққа селекциялық

жетістік авторы немесе олардың құқықтық мирасқоры ие болады.

Егер селекциялық жетістік қызмет барысымен шығарылған жағдайда патент алуға

өтінімді жұмыс беруші береді, егер олардың арасындағы келісімде басқа көрсетілмесе.

4. Өтінім сараптама жасау ұйымына тікелей беріледі немесе пошта арқылы

жіберіледі.

Өтінімді өтінім беруші тікелей немесе өкіл арқылы, оның ішінде Қазақстан

Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі арқылы бере алады.

5. Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде

тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өтінім және патент алу

жөніндегі іс жүргізумен байланысты істерді, егер Қазақстан Республикасының

халықаралық келісімімен өзге тәртіп белгіленбесе тек қана Қазақстан Республикасының

патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы жүргізеді.

Егер аталған тұлғалармен қатар өтінім бойынша Қазақстан Республикасында

тұратын жеке адам, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтінім беруші болып

табылса, патентті алу жөніндегі істерді Қазақстан Республикасының шегінде хат

жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда патенттік сенім білдірген өкілсіз жүргізе

алады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары

жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегіндегі хат жазысу мекен-

жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен

байланысты істерді жүргізе алады.

Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес өтінім бір селекциялық жетістікке қатысты

болуы тиіс және:

1) патент беру туралы өтінішті;

2) селекциялық жетістіктің сауалнамасын;

3) іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхатты қамтуға тиіс.

6. Өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беруге және алдын ала сараптама

жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат тіркеледі. Ақы белгіленгеннен төмен

мөлшерде төленген кезде, ақы төленгенін растайтын құжаттан басқа, сондай-ақ оны

мөлшерін азайту үшін негіздемені растайтын құжат ұсынылады (Ұлы Отан соғысының

қатысушылары, мүгедектер, мектепте оқитын, кәсіби-техникалық ұйымдарда, жоғары

білім ұйымдарында оқитын оқушылар). Көрсетілген құжаттар өтініммен бірге немесе

өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етіледі. Тиісті ақы төленген

жағдайда бұл мерзім ұзартылады, бірақ екі айдан аспауы керек.

Ақы төленгенін растайтын құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда

өтінім берілмеген болып саналады.

Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын

өтінімге сараптама жасау ұйымына конвенциялық өтінімнің келіп түскен күнінен бастап

үш айдан кешіктірмей ұсынылатын, алатын орган куәландырған бірінші өтінімнің

көшірмесі және оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса тіркеледі.

7. Патентті беру туралы өтініш және өтінімнің басқа да құжаттары мемлекеттік

немесе орыс тілінде беріледі. Ботаникалық анықтамалар баспа әріппен латын шрифтімен

жазылады.

8. Патентті беру туралы өтініш төрт данада, ал сорттың немесе тұқымның

сауалнамасы - үш данада ұсынылады.

Қалған құжаттар бір данада ұсынылады.

9. Селекциялық жетістіктің өтініші мен сауалнамасында сорттың, тұқымның

жіктеу туралы мәліметтері қамтылуы тиіс.

Барлық құжаттар қара түсті шрифтпен тығыз, ақ, тегіс, жылтыр емес қағазда

компьютерде немесе жазу машинкасында басылады.

3. Патентті беру туралы өтінімді толтыру тәртібі

10. Патент беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) СЖ-1 нысаны бойынша (осы

Ережеге 1-қосымша) ұсынылады:

1) егер қандай да бір мәліметті тиісті бағандарға толық орналастыруға

болмайтын болса, олар осындай нысанмен қосымша парақта өтініштің тиісті бағанында:

«Өтінішке қосымшаны қараңыз» деп көрсете отыра береді (бағанның «Қоса тіркеліп

отырған құжаттардың тізбесі» деген тиісті торына «х» деген белгі қойылады);

2) өтініштің «Келіп түскен күні», «Басымдық» деген бағандарын, оның жоғарғы

бөлігіне 21 кодымен орналасқан баған өтінім келіп түскеннен кейін сараптама жасау

ұйымы толтыруы үшін жасалған және оларды өтінім беруші толтырмайды;

3) патент беру туралы өтініш мазмұндалған бағанда «өтінім берушінің (өтінім

берушілердің) атына» деген сөздерден кейін өзіне (өздеріне) патент сұратылатын

өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы мәлімет: жеке тұлғаның тегі, аты және

әкесінің аты (егер ол болса) келтіріледі, мұндайда тегі атының алдында немесе заңды

тұлғаның ресми тіркелгені туралы құжатқа сәйкес толық ресми атауы (көшірмесі қоса

беріледі), сондай-ақ елдің ресми атауы мен пошталық толық мекен-жайын қоса алғанда,

олардың тиісінше тұратын жері, жүрген жері туралы мәлімет көрсетіледі. Шетелдік

есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары да мемлекеттік немесе орыс тіліндегі

транслитерацияда көрсетіледі. Селекциялық жетістік авторы болып табылатын өтінім

берушілердің тұратын жері туралы мәліметтер 72 кодты бағанда өтініштің екінші

бетінде келтіріледі;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген немесе тұратын, өздерінің атына

патент сұралған шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар үшін елдің коды Дүниежүзілік

зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) ST.3 стандарты бойынша көрсетіледі (егер

ол белгіленсе).

Егер өтінім беруші бірнешеу болса, аталған мәлімет олардың әрбірі үшін

келтіріледі;

4) басымдық белгілеу туралы өтініш мазмұндалған баған Заңның 7-бабына сәйкес

сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен неғұрлым бұрынғы басымдық сұралған

кезде ғана толтырылады. Бұл жағдайда тиісті торға «х» белгісін қою арқылы басымдық

сұрауға негіз көрсетіледі және: соның негізінде басымдық сұратылатын өтінімнің

нөмірі, сұратылатын басымдықтың күні (өтінім берілген күн), өтінім берген ел,

өтінім қараудың кезеңі және селекциялық жетістіктің қандай атаумен тіркелгені

көрсетіледі.

Өтінімді қарау кезеңін:

А-өтінім қаралу үстінде;

В-өтінім қабылданбады;

С-өтінім кері қайтарылып алынды;

D-өтінім қанағаттандырылды, патент берілді немесе деген кодпен көрсетіледі.

Өтінім беруші бірінші өтініммен берілген материалдың осы сортпен (тұқыммен)

ұсынылатын және оның осы өтінімге сай келетінін растайды;

5) «Тегі, түрі» деген бағанда сортты, тұқымды таксономиялық тиесілілігі

бойынша да, сондай-ақ өндірісте қолданылуы жөнінен де дәл сәйкестендіру үшін тек

пен түрдің толық атауы көрсетіледі.

Осында таксономиялық бірліктің (тегі, түрі, кіші түрі) латындық атауы да

көрсетіледі;

6) «Ұсынылатын атаулар» деген бағанда селекциялық жетістіктің атауы

келтіріледі.

Шетелдік селекцияның селекциялық жетістігінде оның түпнұсқалық атауы өтінім

берушінің тілінде және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транскрипцияда көрсетіледі

(Шетелдік селекциялық жетістік атауының транскрипциясын өтінім беруші ұсынады);

7) «Селекциялық нөмір» деген бағанда селекция кезеңінде берілген селекциялық

нөмір көрсетіледі;

8) «Селекциялық жетістік шығарылды» деген бағанда селекциялық жетістік

шығарылған елдің атауы, сондай-ақ оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес коды толық

келтіріледі;

9) «Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма» деген баған. Егер сорт

Қазақстан Республикасында сатылса немесе сатуға ұсынылса, онда оң жақтағы квадратты

«х» деген белгімен белгілеу және оның сатылған немесе сатуға ұсынылған бірінші күні

мен атауын көрсету қажет.

Егер сорт (тұқым) сатылмаса немесе сатуға ұсынылмаса сол жақтағы квадратты

«х» деген белгімен белгілеу қажет.

Басқа елдерде сатылғаны немесе сатуға ұсынылғаны туралы мәлімет жоғарыда

көрсетілгенге ұқсас келтіріледі және қосымша елді көрсету қажет;

10) 98-кодты бағанда хат жазысу үшін мекен-жай келтіріледі. Хат жазысу үшін

мекен-жай ретінде өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) - Қазақстан

Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе өтінім

берушінің (өтінім берушілердің) өкілі жүрген жердің мекен-жайы немесе Қазақстан

Республикасының аумағындағы өзге мекен-жай көрсетілуі мүмкін;

11) 74-кодты бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі туралы,

оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер)

туралы мәлімет келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім

білдірілген өкілдер) өтінім берілгенге дейін тағайындалған жағдайда оның (олардың)

тегі (тектері), аты (аттары) және әкесінің аты (әкелерінің аттары), егер ол (олар)

болса тіркеу нөмірі (тіркеу нөмірлері) көрсетіледі. Өзге өкіл тағайындалған

жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол болса) немесе заңды

тұлға үшін ресми атауы көрсетіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, олардың

бірі өкіл ретінде таңдалуы мүмкін. Өтінім берілгенге дейін тағайындалған өкілдің,

оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттігі өтініммен бір уақытта

немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылатын сенімхатпен расталады;

12) өтінімнің екінші бетіндегі «Қоса тіркеліп отырған құжаттардың тізбесі»

деген баған «х» деген белгіні тиісті торларға қою және қоса тіркеліп отырған

құжаттардың әрбір данасындағы даналар мен парақтардың санын көрсету жолымен

толтырылады. Түрі өтінім нысанымен ("басқа құжат") көзделген қоса тіркеліп отырған

құжаттар үшін олардың нақты міндеті көрсетіледі;

13) «Өтінім беруге және патент алуға құқықтың пайда болуының негізі» деген

бағанда «х» деген белгі қоюмен өтінім беруге және патент алуға тиісті негіз

белгіленеді. Аталған баған, өтінім беруші автор болып табылатын немесе өтінім

берушілер бірнешеу болған, олардың құрамы авторлардың құрамымен сәйкес болған

жағдайларды есептемегенде, өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына патент

сұратылған жағдайда толтырылады. Өтінім беруге және патент алуға құқықты растайтын

құжат сараптама жасау ұйымына ұсынылмайды;

14) 72 кодты бағандарда автор (авторлар) туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің

аты (егер ол болса), тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы келтіріледі,

шетел азаматтары үшін ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі;

15) 72 кодтағы бағанның оң жағында орналасқан бағанда, автор өтінім беруші

болып табылатын болса немесе егер автор өтінім беру мен патент алу құқығын өтінім

берушіге берген жағдайда, автордың қойылған қолы мен күні келтіріледі.

Автор өтінім бергенге дейін қайтыс болып кеткен жағдайда мұрагердің қолы

қойылады және күні көрсетіледі. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлікке құқықты

растайтын қандай да бір ресми құжат ұсыну талап етілмейді;

16) 72 кодтары бар бағандардың тікелей төменгі жағында орналасқан баған

өтінім материалдарын және патентті жариялаған кезде автор (авторлар) өзін (өздерін)

осындай (осындайлар) ретінде атамауды өтінгенде ғана толтырылады. Бұл жағдайда

жариялану кезінде атауды қаламаған авторлардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты

(егер ол болса) келтіріледі және олардың қолдары қойылады;

17) құқықтық мирасқор туралы мәліметтер мазмұндалған баған, өтінім беру

құқығын автордың құқықтық мирасқоры өтінім берушіге берген жағдайда ғана

толтырылады. Онда құқықтық мирасқор туралы мәліметтер: тегі, аты және әкесінің

(егер ол болса), жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы немесе заңды тұлғаның

ресми атауы мен жүрген жерінің мекен-жайы келтіріледі. Мәліметтерге күнін көрсете

отырып автордың құқықтық мирасқоры қол қояды (автордың құқықтық мирасқоры заңды

тұлға болған жағдайда мәліметтерге ұйымның басшысы немесе өзге өкілетті тұлға қол

қояды, оның көлемі мөрмен бекітіледі);

18) өтініштің күнін көрсете отырып, «Қол қою» деген соңғы бағанды толтыру,

өтінім беруші автор емес тұлғаны көрсеткен жағдайда міндетті болады. Заңды тұлға

атынан өтінішке ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете отырып, заңды тұлғаның

құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті өзге тұлға қол қояды, қол қою осы заңды

тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, өтінішке өтінім

берушілердің әрқайсысы қол қояды.

Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке

патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды;

19) жоғарыда көрсетілген өтінім бағанындағы қол қоюлар, қол қоюшы тұлғалардың

тектері мен аты-жөндерін көрсете отырып жіктеледі;

20) өтінішке қатысты қандай да бір мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа

(өтінішке қосымша) сондай тәртіппен қол қойылады;

21) өтініш пен қосымшаларға түзетулер мен тазартулар жасалмауға тиіс. Аталған

кемшіліктер орын алған жағдайда дұрыс ресімделген өтініш немесе оған қосымша

сұратылатын болады.

4. Сорт (тұқым) сауалнамасының құрылымы

11. Сорт (тұқым) сауалнамасында:

тек пен түрдің атауы (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде және латынша);

өтінім берушінің аты және мекен-жайы;

селекциялық жетістіктің болжамды атауы және селекциялық нөмірі;

жасалу әдісі мен бастапқы (тектік) нысанын көрсете отырып селекциялық

жетістіктің шығу тегі;

селекциялық жетістіктерді ұстап тұру мен көбейтудің ерекшеліктері;

селекциялық жетістіктің айырымдық ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер;

ұқсас селекциялық жетістіктердің атауы және өтінім берілген селекциялық

жетістіктің ұқсастардан солар бойынша айырмашылық белгілері;

селекциялық жетістіктің айырмашылығын, біртектілігін және тұрақтылығын (егер

олар болса) сынауға арналған ерекше шарттар мазмұндалуға тиіс.

12. Сорт (тұқым) сауалнамасына өтінім беруші (өтінім берушілер) осы Ереженің

10-тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қояды.

Тиісті тектер мен түрлер үшін селекциялық жетістіктер белгілерінің кестесі

сауалнамаға қоса тіркеледі, онда өтінім беруші өсімдік сортының немесе мал

тұқымының ерекшеліктерінің айқындалу дәрежесі мен индексі бойынша сипаттайды.

5. Сенімхат

13. Сенімхат мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

Өтінім беруші (жеке тұлға) берген (қол қойған) сенімхат нотариуспен

расталады. Сенімхат заңды тұлғаның атынан оның басшысының немесе қол қойған

тұлғаның лауазымын көрсете отырып құрылтай құжаттарымен осыған уәкілетті тұлғаның

қол қоюымен беріледі;

сенімхатта өтінім берушінің атынан өкіл жүргізетін тапсырылған іс-қимыл дәл

көрсетілуге тиіс;

сенімхатта ол жасалған күн көрсетілуге тиіс, онсыз ол жарамсыз деп

есептеледі.

14. Сенімхат берілген жеке тұлға өзіне берілген уәкілетті іс-қимылды тікелей

жүзеге асыруға тиіс. Басқа біреуге сенім білдіру берілген сенімхатпен осындай

өкілеттілік берілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда сараптама жасау

ұйымына қайта сенім білдіру тәртібімен берілген, нотариалдық куәландырылған

сенімхат және соның негізінде берілген сенімхат ұсынылады. Бұл орайда қайта сенім

білдіру берілген сенімхаттың қолданылу мерзімін соның негізінде берілген бастапқы

сенімхаттың қолданылу мерзімінен асыруға болмайды.

6. Селекциялық жетістікке патент алу жөнінде іс жүргізу

15. Хат жазысуды өтінім беруші немесе оның соған уәкілеттілік берілген өкілі

әрбір өтінім бойынша жеке-жеке жүргізеді.

Өтінім берілгеннен кейін жіберілген құжаттарда оның нөмірі және өтінім

берушінің немесе оның өкілінің қолы болуға тиіс. Егер өтінім беруші заңды тұлға

болса, құжаттарға оның атынан осы Ереженің 10-тармағының 19) және 20)

тармақшаларында көрсетілген тәртіппен қол қойылады.

Өтінім бойынша іс жүргізу процесінде жіберілген құжаттар Заңда және осы

Ережеде белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

Іс жүргізу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

Ресімдеудің оқуға қиындық тудыратын кемшіліктерімен ұсынылған құжаттар

қаралмайды. Мұндай құжаттар берген тұлғаға тиісті хабарлама жіберіледі.

16. Заңның 8-бабы 1-тармағының екінші бөліміне сәйкес өтінім беруші қажет

болған кезде өтінімнің құжаттарына ол берілген күннен бастап екі ай ішінде нақтылау

енгізе алады.

Сортқа, тұқымға арналған өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы

материалдарында келтірілмеген белгілерді мазмұндайтын және мәлімделген сорттың,

тұқымның мәнін өзгертетін қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде назарға

алынбайды.

17. Авторлар құрамын өзгерту дегенді патент беру туралы өтініште көрсетілген

авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару деп түсіну керек:

1) авторлар құрамын өзгерту сараптама жасау ұйымына осы Ереженің 3 тарауына

сәйкес өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей екі данада ресімделген

патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі;

2) патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде авторлардың құрамына тиісті

өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып

еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке өтінім беруші осы Ереженің 10-

тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс, және

шығарылған автордың келісімімен ол авторлар құрамынан шығарылған жағдайда оның қолы

нотариалдық куәландырылуға тиіс (ұлттық авторлар мен үкіметаралық келісімдерге

сәйкес берілген авторлар үшін ғана). Шығарылатын автордың келісімі өтінімнің нөмірі

мен тіркеу күні көрсетіле отырып жеке хатпен ресімделуі мүмкін;

3) егер патент беру туралы жаңа өтініш берілген күнге қарай авторлар құрамына

енгізілген жағдайда бұрын берілген өтініште көрсетілген автордың қолын алу мүмкін

болмаса, өтінішке мынадай тәртіппен ресімделген жазбаша келісім қоса тіркеледі:

автордың қайтыс болған немесе ол өлді деп жарияланған жағдайда өзгеріс

енгізуге арналған келісімге оның атынан мұрагер қол қояды, ол мұраға құқығы туралы

куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұраға құқығын

заң жүзінде дәлелдеуге тиіс;

автор шетелге кеткен жағдайда өзгеріс енгізуге арналған келісімге осындай

құқықты куәландыратын, тиісті дәрежеде ресімделген құжатты ұсына отырып, сенім

білдірілген тұлға оның атынан қол қоя алады. Қазақстан Республикасының патенттік

сенім білдірілген өкілінің атына беріліп, тапсырылған әрекет дәл көрсетілген

сенімхат немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе өзара

шарттасуға орай заңдастыру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаға

берілген, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде заңдастырылған сенімхат

осындай құжат болуы мүмкін;

автордың барған жері туралы мәлімет болмаған және оларды алу мүмкін болмаған

жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 28-бабына сәйкес сот

арқылы хабарсыз кеткен деп танылуы мүмкін және мүдделі тарап авторды хабарсыз кетті

деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады, ол мәселені мәні бойынша шешкен

кезде назарға алынады;

автор әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке шектеулі түрде қабілетті деп

танылған кезде өзгеріс енгізуге келісімге оның атынан қорғаншы немесе қамқоршы,

қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсына

отырып қол қояды;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік

заңды тұлғалар авторлар құрамына өзгеріс енгізуге арналған құжатты Қазақстан

Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы береді, бұл орайда

патенттік сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхатта көрсетілген іс-

қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиіс;

5) егер осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына тізбеленген құжаттар жоқ болса

және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарына сай келмесе, өтінім

берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ болған немесе

түзетілген құжаттарды табыс ету қажеттілігі хабарланады.

Сұратылған құжаттар табыс етілмеген жағдайда жаңа өтініш берілмеген деп

есептеледі және өзгеріс енгізу жүргізілмейді, ол туралы өтінім берушіге

хабарланады.

18. Өтінім берушілердің құрамын өзгерту дегенді өтінім берушілердің құрамын

құрамға қосымша тұлға енгізу жолымен ішінара өзгерту немесе патент беру туралы

өтініште бұрын көрсетілген өтінім берушілердің құрамынан тұлғаны алып тастау деп

түсіну керек:

1) өтінім берушілердің құрамын өзгерту осы Ереженің 2-тарауына сәйкес

ресімделген патент беру туралы жаңа өтінішті өтінім берілген күннен бастап екі

айдан кешіктірмей екі данада сараптама жасау ұйымына беру жолымен енгізіледі.

Өтінім берушілердің құрамына өзгерістер енгізе отырып жаңа өтініш берген кезде жаңа

өтінішке авторлардың қол қоюы міндетті емес;

2) патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде өтінім берушілердің

құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен тіркелген күні

көрсетіле отырып еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке патент беруге арналған

бастапқы өтініште көрсетілген өтінім беруші (өтінім берушілер) осы Ереженің 10-

тармағының 19) және 20) тармақшаларында белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс.

Шығарылатын өтінім беруші жеке тұлғаның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс

(үкіметаралық келісімдерге сәйкес ұлттық және соларға теңестірілген тұлғалар үшін

ғана);

3) патент беру туралы өтініште көрсетілген, қайтыс болған өтінім берушіні

заңды мұрагермен алмастырған кезде, аталған мұрагердің қол қоюы ғана жеткілікті, ол

мұраға құқық туралы куәліктің нотариалдық куәландырған көшірмесін ұсына отырып,

өзінің мұраға құқығын заң жүзінде дәлелдеуге тиіс;

4) заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың салдарынан өтінім берушілердің құрамына

өзгеріс енгізген кезде өтінішке және жаңа өтінішке құқықтың осы түрі бойынша

құқықтық мирасқорлығын растайтын құжатты ұсына отырып (ажырату балансынан немесе

беру актісінен көшірме), оның құқықтық мирасқоры қол қояды;

5) заңды тұлғаны тарату салдарынан өзгерістер енгізген кезде өтінішке және

жаңа өтінішке құқықтың берілу фактісін растайтын құжат ұсына отырып, өзіне тиісті

құқық ауысқан тұлға қол қояды;

6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және шетелдік

заңды тұлғалар өтінім берушілер құрамына өзгеріс енгізуге арналған құжаттарды

Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің атына берілген

сенімхатта көрсетілген іс-қимылды орындауға арналған тапсырма мазмұндалуға тиіс;

7) егер осы тармақтың 2)-8) тармақшаларында тізбеленген құжаттар жоқ болса

және (немесе) ұсынылған құжаттар осы тармақшалардың талаптарын қанағаттандырмаса,

өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жоқ болған немесе

түзетілген құжаттарды табыс ету қажеттілігі хабарланады.

7. Мерзімді есептеу

19. Патент алу жөніндегі рәсімдік әрекеттерді жасау үшін мерзімдер, әрекет

жасалуы мүмкін уақыт кезеңімен көрсетіледі.

Егер мерзім «ішінде (кешіктірмей) (өткенге дейін)... күннен бастап...» деген

сөз тіркесімен берілсе, оның есептелуі көрсетілген күннен кейінгі күннен басталады.

Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады. Егер

мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, содан кейінгі бірінші жұмыс күні

мерзімнің аяқталатын күні деп есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті саны жоқ

айға келсе, мерзім осы айдың соңғы күнімен бітеді.

20. Байланыс ұйымына мерзімнің соңғы күні тапсырылған құжаттар, мерзімінде

жіберілді деп есептеледі.

8. Өтінімді қарау және патент беру 21. Егер өтінімнің келіп түскен құжаттарында патент беру туралы өтініш және

селекциялық жетістік сауалнамасы мемлекеттік және орыс тілінде болса, онда

сараптама жасау ұйымы оларды келіп түскен күнін қойып және өтінімге тіркеу нөмірін

беріп тіркейді.

Өтінім құжаттарының келіп түсу фактісі туралы өтінім берушіге бес күн мерзім

ішінде сараптама жасау ұйымы белгі соққан деректемелермен (тіркеу нөмірі және келіп

түскен күні) өтінімнің бір данасын жіберу жолымен хабарланады.

22. Барлық шығыс хат-хабарлар бір ғана мекен-жайға жіберіледі, бұл орайда:

егер өтініштің 98-бағанында хат жазысу үшін өтінім берушінің немесе егер олар

бірнешеу болса, өтінім берушілердің бірінің мекен-жайынан өзге мекен-жай не өтінім

берушінің (өтінім берушілердің) мекен-жайы көрсетілсе, онда хат-хабар осы мекен-жай

бойынша өтінім берушінің атына немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, -

өтініште бірінші көрсетілген өтінім берушінің атына, оның үстіне өтінім

берушілердің барлығы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүрмесе немесе

тұрмаса, онда - бірінші көрсетілген ұлттық өтінім берушінің атына жіберіледі;

егер өтініштің 98-бағаны толтырылмаса, онда хат-хабар өтінім берушінің мекен-

жайына және атына немесе егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - бірінші өтінім

берушінің атына не егер өтінім берушілердің барлығысы бірдей Қазақстан

Республикасының аумағында өмір сүрмесе немесе тұрмаса, бірінші ұлттық өтінім

берушінің атына жіберіледі.

Өтінімнің тіркелген құжаттары қайтарылмайды.

23. Өтінімнің тіркелген құжаттары өтінім беруге ақы төленгенін және өтінімге

белгіленген мөлшерде алдын ала сараптама жүргізілгенін растайтын құжаттың бар-

жоқтығына тексеріледі. Мұндай құжат және белгіленгеннен аз мөлшерде ақы төленген

жағдайда, оның мөлшерін азайту үшін негіз барлығын растайтын құжат болмаған

жағдайда, өтінім берушіге жоқ (болмаған) құжатты (құжаттарды) ұсынудың қажеттігі

туралы және (немесе) белгіленген мөлшерге дейін қосымша ақы төлеу туралы құжатты

ұсыну қажеттігі туралы хабарланады, ол өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай

ішінде немесе тиісті ақы төленген жағдайда екі айдан аспайтын, неғұрлым кешірек

мерзімде ұсынылуы мүмкін.

Өтінім берушіге сондай-ақ, белгіленген мерзімде және белгіленген мөлшерде ақы

төленгені туралы көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмеді

деп танылатыны туралы хабарланады.

24. Селекциялық жетістікті шет елдерде патенттеген кезде сараптама жасау

ұйымына берілген өтінім, өтінім берушінің сұрауы бойынша сараптама жасау ұйымы

бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін әзірлейді.

25. Өтінімді алдын ала сараптау ол сараптама жасау ұйымына берілген күннен

бастап екі ай өткеннен кейін жүргізіледі.

Өтінімді алдын ала сараптау екі ай мерзімде жүргізіледі.

Өтінімге алдын ала сараптама жүргізген кезде:

өтінімде болуға тиіс немесе оған қоса тіркелуге тиіс құжаттардың (осы

Ереженің 5-тармағы) болуы;

ҚР Заңына сәйкес төленген ақының белгіленген мөлшерге сәйкестігі;

өтінім құжаттарына белгіленген талаптардың (осы Ереженің 3, 4 және 5-тарауы)

сақталуы;

өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың болуын және ресімделуінің

дұрыстығын қоса алғанда, Заңның 5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда өтінім

беру тәртібінің сақталуы;

өтінімде оны берудің күніне қарағанда, басымдықты неғұрлым ерте сұратудың

заңдылығының және тәртібінің сақталуы.

26. Сорттың, тұқымның басымдығы Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес өтінімді

сараптама жасау ұйымына берген күн бойынша белгіленеді.

Басымдық Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес Селекциялық жетістіктерді қорғау

жөніндегі халықаралық конвенцияға (конвенциялық басымдық) қатысушы елдің бірінші

өтінім берген күні бойынша белгіленуі мүмкін.

27. Конвенциялық басымдықты сұрату кезінде Заңның 7-бабының 2-тармағына

сәйкес:

өтініште көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) конвенциялық өтінім беруге

құқығының болуы;

конвенциялық басымдықты сұрату үшін (өтінім берген кезде) өтінім берушінің

мерзімді сақтауы;

өтінім берумен бір мезгілде немесе сараптама жасау ұйымына бірінші өтінім

берген күннен бастап үш ай ішінде берілетін бірінші өтінімнің куәландырылған

көшірмесін және оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасының сақталуы;

өтінім берушінің конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түсуге

тиіс бірінші өтінім берілген күннен бастап есептегенде, он екі ай мерзімді сақтауы

тексеріледі.

Осы шарттарды орындау кезінде өтінім беруші қосымша құжаттама мен сынақ үшін

қажетті материалды бірінші өтінім берген күннен бастап үш жыл ішінде ұсынбауға

құқылы.

Кемінде бір шарт орындалмаған жағдайда, сорттың, тұқымның басымдығы өтінімнің

сараптама жасау ұйымына берілген күні бойынша белгіленеді.

28. Өтінімге орай келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында

келтірілмеген және өтінім берілген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша

құжаттар өтінімді қараған кезде назарға алынбайды, ол туралы өтінім берушіге

хабарланады.

29. Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді

Мемлекеттік комиссиясы жүргізеді. Атауларын тексеру туралы Мемлекеттік

комиссиясының қорытындысы сараптама жасау ұйымына жіберіледі.

30. Егер өтінімді алдын ала сараптау процесінде селекциялық жетістіктің

атауының белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін және (немесе) өтінімнің құжаттарға

қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделгені анықталса, өтінім берушіге табылған

кемшіліктерді көрсете отырып және селекциялық жетістіктің жаңа атауын және (немесе)

болмаған атауын немесе түзетілген құжаттарды табыс етуді ұсынған сұрау салу ол

жіберілген күннен бастап екі ай ішінде жіберіледі.

9. Өтінімді қараудан бас тарту туралы немесе одан әрі қарау туралы шешім

31. Алдын ала сараптаманың сұрау салуына белгіленген мерзімде жауап

берілмеген, сондай-ақ өтінім Ереженің 3, 4 және 5 тарауларымен белгіленген

талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сараптама жасау ұйымы Ереженің 2-қосымшасының

СЖ-3-1 нысанына сәйкес сараптама қорытындысын береді, оның негізінде уәкілетті

орган өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайтын сарапшылық

тұжырым береді, ол туралы өтінім берушіге бір ай мерзімде хабарланады. Бұл орайда

өтінім беруші шешімді алған күннен бастап екі ай ішінде өтінімді одан әрі қараудан

бас тарту туралы шешімге уәкілетті органға қарсылық бере алады. Қарсылықты ол келіп

түскен күннен бастап екі ай мерзімде апелляциялық кеңес қарауға тиіс.

Апелляциялық кеңестің шешіміне ол шешімді алған күннен бастап алты ай ішінде

сотқа шағым жасалуы мүмкін.

32. Егер алдын ала сараптау нәтижесінде өтінімнің белгіленген талаптарға

сәйкес келетіні анықталса, сараптама жасау ұйымы Ереженің 3-қосымшасының СЖ-3-2

нысанына сәйкес алдын ала сараптамасының оң нәтижесі туралы қорытындысын береді,

оның негізінде уәкілетті орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайтын

сарапшылық тұжырым береді. Шешімде өтінім беруші алдын ала сараптаманың оң шешімі,

өтінім берілген күннің, селекциялық жетістік басымдылығының белгіленгені туралы

және қажетті материалдарды айырмашылыққа, біртектілікке және тұрақтылыққа сынау

үшін жіберілуінің қажеттілігі туралы хабарламаны өтінім берушіге жіберетін

Мемлекеттік комиссияға өтінім материалдарын беру туралы хабарланады.

10. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау

33. Алдын ала сараптау нәтижесінде әрі қарай қарау туралы шешім шығарылған

өтінім туралы мәліметтерді жариялау Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес өтінімнің

келіп түскен күнінен бастап он сегіз ай өткеннен кейін бюллетеньде жүргізіледі.

Өтінім берушінің Ережеге 4-қосымшасының СЖ-2 нысаны бойынша берген өтініші бойынша

өтінім туралы мәліметтер көрсетілген мерзімнен бұрын жариялануы мүмкін:

1) өтінім туралы мәліметтерді жариялау кезінде сараптама жасау ұйымы

мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді:

өтінімнің нөмірі мен берілген күнін;

егер өтінім бойынша сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күнге қарағанда

басымдықтың одан неғұрлым ертелеу күні белгіленсе, соның негізінде селекциялық

жетістіктің басымдығы белгіленген өтінім берген елдің ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес

нөмірін, берген күнін және кодын;

егер ол (олар) солар (сондайлар) ретінде аталудан бас тартпаса автордың

(авторлардың) атын;

патент иеленушінің атын немесе атауын;

автордың (авторлардың) ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес тұрғылықты жердегі

(жүрген жеріндегі) елінің кодын (кодтарын);

селекциялық жетістіктің атауын;

2) автордың жарияланатын мәліметтерде сондай ретінде аталуынан бас тартуы,

егер ол жариялауға техникалық даярлық аяқталғанға дейін келіп түссе, осы

мәліметтерді жариялаған кезде ескеріледі. Аталған бас тартуды автордың сол мерзімде

кері қайтарып алуы мүмкін.

11. Патент беру туралы шешім

34. Егер Мемлекеттік комиссия жүргізген сараптама нәтижесінде, өтінім

берілген селекциялық жетістік Заңның 4-бабында белгіленген патенттік қабілеттілік

шарттарына сай келсе, Мемлекеттік комиссия патент беруге қорытынды жасай отырып

сортты (тұқымды) сипаттайды және оның үш данасын уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес патент беру туралы шешім

шығарады және оны өтінім берушіге жібереді.

12. Патент беруден бас тарту туралы шешім 35. Мемлекеттік комиссия мәлімделген селекциялық жетістіктің патентке

қабілеттілік шарттарының ең болмағанда біреуіне сай еместігін анықтаған жағдайда,

Мемлекеттік комиссия екі данада қорытынды жасайды және оны уәкілетті органға

жібереді.

36. Уәкілетті орган Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес тиісті негіздемелер

келтіре отырып патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады және оны Мемлекеттік

комиссияның қорытындысын алған күннен бастап бір ай мерзімде өтінім берушіге

жібереді. Өтінім беруші оны алған күннен бастап үш ай мерзімде Апелляциялық кеңеске

патент беруден бас тарту туралы шешімге қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес

қарсылықты ол келіп түскен күннен бастап үш ай мерзімде қарауға тиіс.

37. Заңның 10-бабының 6-тармағына сәйкес өтінім беруші уәкілетті органнан

сараптамаға қарама-қарсы қойылған құжаттардың көшірмесін сұрата алады. Құжаттардың

көшірмелері өтінім берушінің сұрау салғанынан бастап бір ай ішінде жіберіледі.

13. Патент беру және селекциялық жетістіктерді

Мемлекеттік тізілімінде тіркеу 38. Патент беру туралы шешімнің және мемлекеттік алым төленуінің расталуы

негізінде, селекциялық жетістік оған тиісті нөмір беріле отырып селекциялық

жетістіктердің Мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.

Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне мынадай жазбалар:

өсімдіктің, малдың тегі, түрі;

сорттың, тұқымның атауы;

сол бойынша патент берілген өтінімнің тіркеу нөмірі және берілген күні;

егер өтінім бойынша басымдықтың сараптама жасау ұйымына өтінім берілген

күнмен салыстырғанда неғұрлым ерте күні белгіленсе, соның негізінде селекциялық

жетістіктің басымдығы белгіленген бірінші өтінім берген елдің ДЗМҰ ST.3 стандартына

сәйкес нөмірі, берілген күні және коды;

патент иеленушінің аты немесе атауы және оның ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес

тұрғылықты жердегі немесе жүрген жеріндегі елінің коды;

автордың (авторлардың) аты және оның (олардың) тұрғылықты жерінің ДЗМҰ ST.3

стандартына сәйкес коды;

атын және мекен-жайын, шартты тіркеу нөмірі мен күнін, оны жариялау күнін

көрсете отырып патентті басқа тұлғаға беру фактісі;

ерекше, ашық және мәжбүрлі лицензиялар туралы деректер;

себебін көрсете отырып патенттің тоқтатылған күні және тоқтатылуы туралы

жарияланған күні;

патенттің қолданылуын ұзарту күні және ұзарту туралы мәліметтер жарияланған

күні;

Мемлекеттік тізілімдегі жазбалардағы өзгерістер туралы басқа мәліметтер

енгізіледі.

Бюллетеньде сараптама жасау ұйымы патентті беру, сондай-ақ патенттің құқықтық

мәртебесіндегі келесі өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды.

39. Уәкілетті органның шешімінің негізінде селекциялық жетістікке патент

береді.

Патент мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

Патентте:

патент нөмірі;

селекциялық жетістіктің атауы;

патент иеленуші - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса)

және заңды тұлғаның толық атауы, шетелдік патент иеленушінің ДЗМҰ ST.3 стандарты

бойынша жүрген жердегі елінің коды;

автор (авторлары) - тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса), шетелдік

автордың ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша жүрген жердегі елінің коды;

тіркеу нөмірі және сараптама жасау ұйымына өтінім берген күні;

егер ол өтінім берген күннен ерекшеленетін болса, басымдық көрсетіледі.

40. Патент оның берілгендігі туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялаумен бір

мезгілде беріледі.

Патент бірнеше тұлғалардың атына сұратылған жағдайда Заңның 13-бабына сәйкес

оларға бір патент беріледі.

41. Патент иеленуші болып табылмайтын селекциялық жетістік авторына оның

авторлығын растайтын ресми куәлік беріледі.

42. Патент және оған авторлардың куәліктері оларға тікелей тапсырылады немесе

тапсырыстық пошта жөнелтімімен патент иеленушінің заңды мекен-жайына немесе оған

берілген сенімхатқа сәйкес өкілдің мекен-жайына не патентті жіберу үшін өтінім

беруші арнайы көрсеткен өзге мекен-жайға жіберіледі.

Өтінім беруші тұратын орнының немесе жүретін жерінің (заңды мекен-жай)

өзгеруі туралы патент берілгенге дейін сараптама жасау ұйымына хабарлауға міндетті.

43. Патент иеленушіге патент тапсырған кезде жеке тұлға өзінің куәлігін

немесе заңды тұлғаның патент алуға арналған сенімхатын көрсетеді. Шетелдік патент

иеленушілердің патенттері және оған қоса берілетін авторлардың куәліктері Қазақстан

Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне жіберіледі.

Егер патент беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының аумағында тұратын

немесе жүретін бірнеше тұлғалар бірлесіп берсе, онда патент және авторлар

куәліктері бірінші көрсетілген патент иеленушіге жіберіледі.

Егер патент беру туралы өтінішті барлығысы бірдей Қазақстан Республикасында

тұрмайтын немесе жүрмейтін бірнеше тұлғалар бірлесіп берсе, онда патент және

авторлар куәліктері Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және жүретін,

бірінші көрсетілген патент иеленушіге жіберіледі.

14. Қорытынды ережелер

44. Сараптама жасау ұйымы Заңның 25-бабына сәйкес, патенттер беруге, оларды

тiркеуге, өтiнiмдер қабылдауды қамтитын әрекеттердi жүзеге асырғаны, селекциялық

жетiстiктерге сараптама жүргiзгенi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен

мiндеттер туғызатын өзге де әрекеттер үшiн сараптама жасау ұйымы «Мемлекеттік

кәсіпорны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес ақы алады.

Селекциялық жетістікке патент

беруге өтінім беру және оны

қарау жөніндегі ережеге

1-қосымша

СЖ-1 нысаны

Келіп түскен күні (21) Мем. тіркеу N (22) Берген күні Басымдық

Селекциялық жетістікке

Қазақстан Республикасының

патентін беру туралы

ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет

Министрлігінің зияткерлік меншік құқығы

Комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік

институты» РМҚК-на

4 корпус, В13 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-

сі,

Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім

берушінің (өтінім берушілердің) атына Қазақстан

Республикасының патентін беруді өтінемін (өтінеміз)

(71) Өтінім беруші (лер):

(толық аты немесе атауы және тұратын жері немесе

орналасқан орны көрсетіледі.

Авторлар-өтінім берушілердің тұратын жері туралы

деректер (72)-кодты бағанда көрсетіледі.

ДЗМҰ ST.3 стандарты

бойынша

ҰСМИ-ға өтінім берген күннен неғұрлым ерте күн бойынша басымдық сұратылған кезде

ғана толтырылады

Селекциялық жетістік басымдығын белгілеуді өтінемін (өтінеміз):

Халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінім берілген күн бойынша

(Заңның 7-бабының 2-тармағы)

Бірінші

өтінімнің N

Сұратылатын

басымдық күні

Берген

елдің

коды

|(ДЗМҰ

ST.3)

Өтінімді

қарау

сатысы

Селекциялық жетістік

қандай атаумен тіркелді

Мен (біз) бірінші өтініммен берілген материал осы сортты (тұқымды) білдіретінін

және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін (міз)

Тегі, түрі

________________________________________________________________

(мемлекеттік немесе орыс тіліндегі атауы)

________________________________________________________________

(латынша атауы)

Ұсынылатын атау Селекциялық нөмір

Селекциялық жетістіктер мына елде (дерде) шығарылды

________________________________________________________________

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылды ма:

Өтінім берілген елде: - жоқ - иә

алғашқы рет _____ мынадай атаумен ________

Сорт (тұқым) сатуға ұсынылды

ма немесе сатылды ма:

Басқа елдерде: - жоқ - иә

алғашқы рет ______ мынадай

атаумен _____

(98) Хат-хабар алмасу үшін мекен-жай (толық пошталық мекен-жай)

Телефон: факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты, уәкілетті органда тіркелген

нөмірі) немесе өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілі (толық аты немесе

атауы)

Қоса тіркелетін құжаттардың

тізбесі

1 дана.|

дағы п.

саны

Дана

саны

Өтінімді беру және патентті алу

(құжатты ұсынбай) құқығының

пайда болуына негіз:

[MISSING IMAGE: , ] Өтінім беруші жұмыс беруші болып

табылады және Заңның 5-бабының

1-тармағының шарттары сақталады

[MISSING IMAGE: , ] жұмыс

берушінің немесе оның құқықтық

мирасқорының құқықтарды басқаға

беруі

[MISSING IMAGE: , ] автордың

немесе оның құқықтық

мирасқорының құқықтарды басқаға

беруі

[MISSING IMAGE: ,

] мұрагерлік құқығы

өтінішке қосымша

селекциялық жетістік

сауалнамасы

фотосурет

[MISSING IMAGE: ,

] негативтер немесе түсті

слайдтар

бұрын жасалған сату

туралы ақпарат

өтінім бергені үшін ақы

төлегені туралы

ақыны азайту үшін

негіздеме бар екенін растайтын

құжат

бірінші өтінімнің

көшірмесі (конвенциялық

басымдық сұратқан кезде)

(место для штампа НИИС)өтінімді мемлекеттік

немесе орыс тіліне аудару

патенттік сенім

білдірілген басқаға беруі

өкілдің немесе өкілдің

өкілетігін растайтын сенімхат

басқа құжат (көрсету

керек)

(72) Автор (лар)

(толық Т.А.Ә. көрсетіледі)

Ел атауын және белгілі

болса, оның ДЗМҰ ST.3

стандарты бойынша

кодымен қоса тұратын

жерінің толық пошталық

мекен-жайы

Өтінім беруші(лер)

автордың(лардың) және/немесе

патент алу құқығын басқаға

берген автордың (лардың)

қолы(дары)

Мен (біз) ______________________________________________________

(Ф.И.О.)

Өтінім материалдарын және патентті жариялау кезінде мені (бізді) автор(лар)

ретінде атамауды өтінемін (өтінеміз)

Автордың(лардың) қолы(дары):

Патентті алуға құқықты басқаға берген автордың құқықтық мирасқоры (толық аты

немесе атауы, тұратын жері немесе орналасқан орны, қолы, күні (заңды тұлға атынан

қол қою кезінде басшының қолы мөрмен бекітіледі)):

Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарау үшін қажетті және

осы өтініш пен қосымшаларға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып

табылатынын мәлімдеймін (міз). Мен (біз) үлгілер тиісті жолмен алынғандығын және

селекциялық жетістіктің көрнекі іріктелуі болып табылатынын растаймын (мыз)

Қол

өтінім берушінің(лердің) немесе патенттік сенім білдірілген өкілдің қолы(дары),

қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қою кезінде басшының қолы мөрмен

бекітіледі)

Селекциялық жетістікке

патент беруге өтінім беру

және оны қарау жөніндегі

Ережеге

2-қосымша

СЖ-3-1 нысан

«БЕКІТЕМІН»

«ҰЗМИ» РМҚК директоры

_________________________

20 __ ж. "___" _________

(98)

Хат алмасу кезінде N өтінімге

сілтеме жасаңыз

(74)

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің

алдын ала сараптамасының теріс нәтижесі туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

(21) N өтінім

(22) өтінім берген күн

(71) Өтінім беруші(лер)

(72) Автор(лар)

(54) Селекциялық жетістіктің атауы

Селекциялық жетістікке берілген өтінім материалдарына алдын

ала сараптама жасау нәтижесінде олардың «Селекциялық жетістіктерді

қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және

6-бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды N атап айтқанда:

Сарапшы _______________________

Аты-жөні

Қызмет жетекшісі _______________________

Аты-жөні

Селекциялық жетістікке

патент беруге өтінім беру

және оны қарау жөніндегі

Ережеге

3-қосымша

СЖ-3-2 нысан

«БЕКІТЕМІН»

«ҰЗМИ» РМҚК директоры

____________________________

20 __ ж. "___" __________

(98)

Хат алмасу кезінде N өтінімге

сілтеме жасаңыз

(74)

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің

алдын ала сараптамасының оң нәтижесі туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

(21) N өтінім

(22) өтінім берген күн

БАСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕНГЕН:

(22) өтінім берілген күні бойынша

өтінімді Халықаралық селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі

конвенцияға қатысушы елде алғаш рет берген күні бойынша

(31) алғашқы өтінімнің нөмірі (32) Алғашқы өтінім берген күн

(33) Алғашқы өтінім берген елдің коды

(71) Өтінім беруші(лер)

(72) Автор(лар)

(54) Селекциялық жетістіктің атауы

Селекциялық жетістікке берілген өтінім материалдарына алдын

ала сараптама жасау нәтижесінде олардың «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының және

6-бабының талаптарына сәйкестігі анықталды.

Өтінім одан әрі қарауға жатады, ал ол туралы мәліметтер ресми

бюллетеньде жарияланады.

Сарапшы _______________________

Аты-жөні

Қызмет жетекшісі _______________________

Аты-жөні

Селекциялық жетістікке

патент беруге өтінім беру

және оны қарау жөніндегі

Ережеге

4-қосымша

СЖ-2 нысан

Қазақстан Республикасы Әділет

Министрлігінің зияткерлік меншік

құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік

меншік институты» РМҚК-на 4 корпус,

В13 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,

Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Селекциялық жетістікке патент беруге өтінім туралы

мәліметтерді мерзімнен бұрын жариялау туралы

ӨТІНІШ

"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-

бабының 6-тармағына сәйкес Сараптама жасау ұйымының ресми бюллетенінде

N ________________________________________ өтінім бойынша

(тіркеу нөмірі және өтінім берген күні)

_________________________________________________________

(селекциялық жетістіктің атауы)

селекциялық жетістікке патент беруге өтінім туралы мәліметтерді Заңда белгіленген

мерзімнен бұрын Ұлттық зияткерлік меншік институтының ресми бюллетенінде жариялауды

өтінемін (өтінеміз).

Өтінім беруші (өтінім берушілер) ________________________

(толық аты немесе атауы) (қолы)

М.О.

Селекциялық жетістікке

патент беруге өтінім беру

және оны қарау жөніндегі

Ережеге

5-қосымша

СЖ-3 нысан

Қазақстан Республикасы Әділет

Министрлігінің зияткерлік меншік

құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік

меншік институты» РМҚК-на 4 корпус,

В13 кіреберіс, 8 үй, Орынбор к-сі,

Министрліктер үйі, Астана қ., 010000

Селекциялық жетістікке патенттің қолданылу

мерзімін ұзарту туралы

ӨТІНІШ

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-

бабының 5-тармағына сәйкес

N ______________________________________________________________

(патенттің нөмірі)

________________________________________________________________

(селекциялық жетістіктің атауы)

селекциялық жетістікке патенттің қолданылу мерзімін

________________________________________________________________

(патенттің қолданылу мерзімін ұзартуға сұратылып отырған

жыл санын көрсету керек)

ұзартуды өтінемін.

Ескерту: патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы

мәліметтерді жариялау үшін ақы төленгені туралы

құжат - 1 дана

___________ жылы патентті күшінде сақтау ақысын

төлегені туралы құжат - 1 дана

Құқық иеленуші ________________________

(қолы)

(М.О.)

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

2010 жылғы 23 сәуірдегі

N 136 бұйрығына

2-қосымша

Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған өтінімдер

құрастыру, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Патент заңы" (бұдан әрі -

Заң) Заңына сәйкес әзірленді және инновациялық патент және өнертабыс патентін

беруге арналған өтінімді жасау, ресімдеу және қарау бойынша қызметті нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік

меншік құқығы комитеті;

2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы

(өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында

қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық қарасты

ұйым;

3) өтінім - өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтінім;

4) инновациялық патент беруге өтінімге сараптама - өнертабыстың «локальдық

жаңалығы» және «өнеркәсіптік қолданылуы» патенттік қабілеттік шарттарына

сәйкестігін тексеру;

5) өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптама – формалдық сараптама және

өнертабыстың мәні бойынша сараптама;

6) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті

қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;

7) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент кооперация (Patent

Cooperation Treaty, әрі қарай - РСТ) туралы шартына сәйкес берілген өтінім;

8) евразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент

конвенциясына сәйкес берілген өтінім.

2. Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған

өтінімдерді құрастыру, ресімдеу және беру

3. Өнертабысқа өтінім өнертабыстың авторы, өнертабыс авторына жұмыс беруші,

олардың құқықтық мирасқорлары немесе аталған тұлғалардың аралығында өзара келісімі

болған жағдайда өнертабысқа өтінім беруге құқылы (бұдан әрі - өтінім беруші).

4. Өнертабыстың авторы - шығармашылық еңбек еткен жеке тұлға, өтінімді беруге

және келесі жағдайларда инновациялық патент немесе патент алуына болады:

егер өнертабыс қызметтік болып табылмаса;

егер өнертабыс қызметтік болып, бірақ автор мен жұмыс берушінің арасындағы

келісіммен инновациялық патентті немесе патентті алуға автордың құқығы көзделген

жағдайда, сондай-ақ автордың жаңадан жасалған қызметтік өнертабысы туралы

хабарлаған күннен бастап жұмыс беруші төрт ай ішінде сараптама жасау ұйымына

бермесе, басқа тұлғаға өтінімді беру құқығын бермесе және авторға өнертабыстың

құпиясын сақтау туралы хабарламаса.

Өтінімді беру құқығын қандай да бір құжатпен растау талап етілмейді.

5. Өтінімде келесі құжаттар болуы тиіс:

өнертабыс авторлары және өнертабысқа инновациялық патент немесе патент

сұратылып отырған тұлғалардың атын көрсете отырып, инновациялық патентті беру

туралы өтінім немесе патент беру туралы өтінім, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері

немесе орналасқан орны;

тиісті білім саласында маманмен жүзеге асырылатын өнертабыстың жеткілікті

толық ашылған сипаттамасы;

оның мәнін білдіретін және өнертабыс нысанын анықтайтын өнертабыс формуласы.

Формула түсінікті, нақты болуы керек және сипаттамаға негізделуі тиіс;

егер өнертабыс мәнін түсінуге қажетті болса сызбалар мен өзге де материалдар;

реферат;

іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда - сенімхат.

6. Өтінімге қоса берілетін құжаттар:

1) Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім беруге ақы төленгенін

растайтын құжат.

Белгіленген мөлшерден аз төленген жағдайда, төлемді растайтын құжаттан басқа,

сондай-ақ оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат тапсырылады. Аталған

құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде

тапсырылуы мүмкін. Сәйкес ақы төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ

екі айдан аспауы керек;

2) алғашқы өтінім көшірмесі өтінімге конвенциялық басымдығын сұратумен

тіркеледі және ол конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап

алты айдан кешіктірілмей тапсырылады. Егер алғашқы өтінімдер бірнешеу болса, осы

өтінім көшірмелерінің барлығы тіркеледі.

Конвенциялық өтінімді басқа өтінім беруші берген жағдайда басымдық құқығын

пайдалануға алғашқы өтінімге өтінім берушінің рұқсаты қоса беріледі.

Алғашқы өтінім берілген күннен бастап он екі ай мерзім өткен соң, бірақ он

екі айлық мерзім өткеннен кейін екі айдан кешікпей түскен өтінім бойынша

конвенциялық басымдық сұрату кезінде өтінімге, көрсетілген он екі айлық мерзімде

өтінім берушіге қатысты емес кедергі болған жағдай көрсетілген құжат және осы

жағдайдың болғанын растайтын құжат, ол туралы сараптама жасау ұйымы хабардар деген

негіз болмаса, қоса беріледі.

Конвенциялық басымдықты анықтау туралы өтінім өтінім беру кезінде (өтінімнің

тиісті бағанында өнертабысқа инновациялық патент ӨН-1И.П. немесе өнертабысқа

патент беру ӨН-1П. туралы келтіріледі) немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен

күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін;

3) депозиттеу туралы құжат, оған ресми уәкілетті коллекция-депозитарийда

микроорганизмнің жаңа штаммына, өсімдіктер мен жануарлардың жасаушасына жататын

өнертабысқа берілген өтінімге қоса беріледі. Бұл құжат (депозиттеу туралы

төлқұжаттың расталған көшірмесі) өтініммен бір мезгілде немесе өтінім сараптама

жасау ұйымына түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тапсырылады. Депозиттеу

күні өнертабыс басымдығы күнінен алда болуға тиіс;

4) нуклеотидтер мен/немесе аминқышқылдары тізбегінің тізілімі бар өтінімге

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі - ДЗМҰ) ST.25 стандарты

талаптарын қанағаттандыратын, сол тізбек тізілімінің көшірмесі бар машина оқитын

ақпарат көзі (дискета) және машина оқитын нысанда берілген ақпараттың қағазға

басылған нысанға сәйкестігіне қатысты өтінім берушінің қолы қойылған өтінім

беріледі;

5) жазбаша түрде берілген өтінімге электронды тасымалдаушыдағы оның

көшірмелері қоса беріледі. Бұл ретте өтінім беруші мәтіннің баспа түрі мен

электронды тасымалдаушыдағы сәйкестігі туралы ресми мәлімдеме береді.

7. Өнертабысқа инновациялық патент беру немесе патент беру туралы өтінім

мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде тапсырылады. Өтінімнің өзге құжаттары

мемлекеттік, орыс немесе басқа тілдерде тапсырылады. Егер өтінімнің өзге құжаттары

басқа тілде тапсырылса, өтінімге олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі

аудармасы қоса беріледі. Сараптама жасау ұйымына құжаттары басқа тілдегі өтінім

түскен соң, екі ай ішінде өтінім беруші аударманы тапсырады. Заңның 16-бабының 2-

тармағына сәйкес бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек.

Белгіленген уақытта аударма берілмесе, өтінім берілмеген болып танылады.

8. Инновациялық патент беру немесе патент беру туралы өтінім төрт данада,

өнертабыс мәнін түсінуге қажетті өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс формуласы,

сызбалар және өзге материалдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдерінде

толтырылған реферат үш данада тапсырылады. Басқа тілде толтырылған сол құжаттар бір

данада, ал олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы үш данада

тапсырылады. Қалған құжаттар және олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі

аудармасы, егер олар басқа тілде толтырылса, бір данада тапсырылады.

3. Өнертабысқа өтінім 9. Өнертабысқа өтінім өнімге жататын тәсілге кез келген саладағы техникалық

шешімге, сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша немесе жаңа

өнімді белгілі бағытта қолдануға берілуі мүмкін.

Өнертабыс нысаны ретінде өнім болып табылатындар, атап айтқанда, құрылғы,

зат, биотехнологиялық өнім, соның ішінде микроорганизмнің штаммы, өсімдіктер мен

жануарлар жасушасы.

1) өнертабыс нысаны ретінде құрылғыға конструкциялар мен бұйымдар жатады.

Құрылғыны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:

құрылым (құрылымдар) элементінің (элементтерінің) бар болуы;

элементтер арасындағы байланыстың бар болуы;

элементтердің өзара орналасуы;

элемент (элементтер) немесе құрылғының тұтастай орындалу нысаны;

элементтер арасындағы өзара байланысты жасау нысаны;

элемент (элементтер) немесе толықтай құрылғы жасалған материал;

элемент қызметін атқаратын орта;

2) өнертабыс нысаны ретіндегі заттарға жататындар:

химиялық қосылыстар;

композициялар (құрамдар, қоспалар);

ядролық айналу өнімдері.

Химиялық қосылыстардың сипаттамасы ретінде келесі белгілер пайдаланылады:

құрылымы белгіленген төменгі молекулярлық қосылыстар үшін - сапалық құрамы

(нақты элементтердің атомдары), сандық құрамы (әрбір элементтің атомдар саны),

атомдар арасындағы байланыс және химиялық құрылымдық формулада берілген олардың

молекулада өзара орналасуы;

құрылымы белгіленген жоғары молекулярлық қосылыстар үшін - макромолекула

элементарлық тізбегінің құрылымдық формуласы, макромолекуланың тұтас құрылымы

(желілік, тарамдалған), қарапайым тізбектердің саны немесе молекулярлық масса,

молекулярлық-массалық бөлу, макромолекуланың геометриясы және стереометриясы,

олардың шеттік және бүйірлік топтары, полимерлестер үшін - қосымша мономерлес

топтардың арақатысы және олардың мерзімділігі;

құрылымы анықталмаған қосылыстар үшін - осы қосылысты басқалардан ажыратуға

қажетті физика-химиялық және өзге де сипаттар (оның ішінде алу тәсілі белгілері).

Композицияны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:

сапалық құрам (ингредиенттердің бар болуы);

сандық құрам (ингредиенттердің мазмұны);

композиция құрылымы;

ингредиенттер құрылымы.

Құрылымы анықталмаған композицияны сипаттау үшін олардың физика-химиялық,

физикалық және пайдалы көрсеткіштері мен алу тәсілі белгілері пайдаланылады.

Ядроға айналдыру жолымен алынған заттарды сипаттау үшін келесі белгілер

пайдаланылады:

сапалық (элемент изотопы (изотоптары) және сандық (протондар мен нейтрондар

саны) құрамдары;

негізгі ядролық сипаттамалар: жартылай ыдырау кезеңі, сәулелендірудің үлгісі

мен энергиясы (радиоактивті изотоптар үшін).

3) өнертабыс нысаны ретіндегі биотехнологиялық өнімдерге табиғи қоршаған

ортадан шыққан немесе басқа тәсілдермен алынған өнімдер жатады.

Өнертабыстың объектісі ретінде биотехнологиялық өнімдерге келесілер жатады:

тірі нысандар, атап айтқанда, өсімдіктер, жануарлар, Заңның 2-бабының 2-

тармағында және 6-бабының 3-тармағында көрсетілгендерден басқа және

микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы және өсімдіктер мен

жануарлардың ағзасынан бөлінген немесе басқа тәсілдермен алынған басқа элементтер,

микроорганизмдердің штаммы, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы;

тірі емес нысандар, атап айтқанда, өсімдіктерден, жануарлардан не

микроорганизмдерден немесе басқа тәсілмен алынған гормондар, цитокиндер,

ферменттер, антигендер, антиденелер, нуклеин қышқылдарының тізбегі, плазамидтер,

векторлар, т.б. тұрады.

Өсімдіктер мен жануарларды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:

мақсаты;

шығу тегі және алу тәсілі;

таксономикалық тәнділігі;

пайдалы қасиеті;

генотип және/немесе фенотиптің ерекшеліктері;

өсімдік немесе жануардың генетикалық конструкция ерекшеліктері;

өсімдік немесе жануардың құрылымдық элементтерінің ерекшеліктері;

өсімдік немесе жануарды продуцирует пайдалы зат туралы мәліметтер және

өнімділік деңгейі;

көбею ерекшеліктері;

пайдалы қасиетті сақтау тұрақтылығы.

Микроогранизмдер штаммдары, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалар культурасын

сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:

мақсаты;

шығу тегі (алу тәсілі, тектілік штаммасы, бөліну көзі немесе ата-аналық

штаммаларының сипаттамасы);

таксономикалық тәнділігі;

культуралдық-морфологиялық белгілері;

физиологиялық-биохимиялық белгілері;

цитологиялық белгілері;

молекулярлық-биологиялық белгілер;

маркерлік белгілері (генетикалық, иммунологиялық, биохимиялық,

физиологиялық);

онкогенділігі (медициналық және ветеринарлық саладағы штаммдар мен жасушалар

үшін);

биотехнологиялық сипаттама: штамм немесе дақылмен өңделген пайдалы заттың

атауы мен қасиеті, белсенділік (өнімділік) деңгейі және оны анықтайтын тәсілдер;

ұзақ пайдалану кезіндегі пайдалы қасиеттің сақталу тұрақтылығы туралы

мәліметтер;

вируленттілік, иммуногендік, антигендік құрылым, антибиотиктерге сезімталдық,

қарама-қайшы қасиеттер (медициналық және ветеринарлық саладағы штаммдар мен

жасушалар үшін);

көбею ерекшеліктері;

гибридтеу қағидаты (гибридті микроорганизмдер штаммдары үшін);

криоконсервация туралы мәліметтер.

Өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары өскіндерінің сипаттау үшін қосымша

үшін келесі белгілер пайдаланылады:

пассаждар саны;

кардиологиялық сипаттамасы;

өсу (кинетикалық) сипаттамалары;

жануар организмінде өсіру (гибрид үшін) сипаттамасы;

морфогенезге қабілеттілігі (өсімдіктер жасушалары үшін).

Микроорганизмдер консорциумының, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары

өсімдіктерінің сипаттамасы үшін жоғарыда аталған белгілерге қосымша келесі белгілер

пайдаланылады:

бейімдеу және селекция факторы мен жағдайы;

таксономикалық құрам;

жеке компоненттердің сәйкестілігі мен алмастырғыштылығы;

культуралдық-морфологиялық белгілері, цитологиялық белгілері, физиологиялық-

биохимиялық және жеке компоненттердің басқа да белгілері;

тұрақтылығы және/немесе бәсекеге қабілеттілігі;

консорциумның жалпы физиологиялық ерекшеліктері.

Тірі емес нысандарға жататын биотехнологиялық өнімдерді сипаттау үшін келесі

белгілер пайдаланылады:

құрылымы белгіленген немесе жартылай белгіленген өнімдер үшін - құрылымдық

формула немесе құрылым ерекшеліктері, соның ішінде нуклеин қышқылы (мысалы, гендер,

ген фрагменттері) үшін нуклеотидтердің бірізділігі, белоктар, полипептидтер,

пептидтер үшін аминоқышқылдардың бірізділігі, құрама элементтердің болуы мен

орналасу тәртібі, соның ішінде реттейтін және код беретін салалар, сайттер және

плазмид, вектор, генетикалық конструкция, рекомбинант және гибридтік молекулалар

үшін;

құрылымы белгіленбеген өнімдер үшін физика-химиялық және өзге қасиеттері,

соның ішінде осы өнімдерді теңдестіретін алу тәсілінің белгілері оларды басқа

белгілі өнімдерден айырады.

Биотехнологиялық өнімдердің барлығы үшін олардың жасайтын қызметі немесе

белсенділік түрі мен шыққан тегі көрсетіледі.

4) материалдық объектілердің көмегімен материалдық объектілерге іс-

әрекеттердің орындалу үдерісі өнертабыс объектісінің тәсілі болып табылады.

Тәсілді сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:

іс-әрекеттердің бар болуы немесе іс-әрекеттер жиынтығы;

осындай іс-әрекеттердің уақыт ішіндегі орындалу тәртібі (бірізділікті, бір

уақытта, әр түрлі тіркесімде);

іс-әрекеттерді жасау шарты, тәртібі;

заттектерді (әуелгі шикізатты, реагенттерді, катализаторларды), құрылғыларды

(приспосболени, аспаптар, жабдықтар), микроорганизмдердің штаммдары, өсімдіктер

немесе жануарлар жасушаларының өскіндерін пайдалану.

5) өнертабыс нысаны ретінде белгілі өнім немесе тәсілді жаңа бағытта

қолдануға олардың өзге бағытымен сәйкес пайдаланылуы жатады.

6) жаңа бағытта қолдануға қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін

заттектердің (табиғи және жасанды түрде алынған) алғашқы қолданылуы, яғни мұндай

бағыты айқындалмаған табиғи заттектердің, экспериментте алынған заттектердің,

өндіріс қалдықтарының қайта пайдалану бағытын белгілеу теңестіріледі.

Бұрыннан белгілі өнім немесе тәсілді жаңа бағыттағы жаңа өнімнің қолданылуын

сипаттау үшін қолданылатын объектінің оны теңестіру үшін қажетті қысқаша

сипаттамасы және осы жаңа бағытты көрсету пайдаланылады.

10. Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:

жаңалықтар, ғылыми теория мен математикалық әдістер;

шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдістері;

шартты белгілер, кестелер, ережелер;

ақыл-ой операцияларын атқарудың, ойын жүргізудің ережелері мен әдістері;

есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар және сондайлық алгоритмдер;

құрылыстар, ғимараттар, аумақтар жоспарлануының жобалары мен схемалары;

бұйымның сыртқы түріне ғана қатысты ұсыныстар;

қоғамдық мүдделерге, ізгілік және моральдық қағидаттарға қайшы келетін

ұсыныстар өнертабыстар болып танылмайды.

Өзге де зияткерлік меншік объектілерін (селекциялық жетістіктерді,

интегралдық микросхемалар топологияларын, тауар таңбаларын, қызмет көрсету

таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын) қорғау Қазақстан Республикасының

заң актілерімен реттеледі.

11. Өтінім өзара байланысы соншалықты ортақ өнертабыс мәнін құрайтын бір

өнертабысқа немесе өнертабыстар тобына қатысты ортақ ойлап тапқыштық түпкі ой пайда

болады.

Егер:

өнертабыс формуласында бір өнертабыс сипатталса;

өнертабыс формуласында өнертабыстар тобы сипатталса;

бірі екіншісін алуға (даярлауға) бағытталған (мысалы, құрылғы немесе заттекті

және құрылғыны немесе заттекті тұтастай немесе олардың бөлігін алу (даярлау)

тәсілі);

бірі екіншісін жүзеге асыру үшін бағытталған (мысалы, тәсіл және тәсілді

тұтастай жүзеге асыратын құрылғы немесе оның іс-әрекетінің бірі);

бірі екіншісін (екіншісінде) пайдалануға бағытталған (мысалы, тәсілде

пайдалануға бағытталған тәсіл мен заттек; тәсіл немесе құрылғы және оның бөлігі;

құрылғыны немесе заттекті жаңа бағыты бойынша қолдану және оларды осы бағытына

сәйкес пайдалану тәсілі; құрылғыны немесе заттекті жаңа бағыты бойынша қолдану және

олар құрамдас бөлігі болып табылатын құрылғы немесе композиция);

бір бағыттағы объектілерге жататын (бірнеше құрылғылар, бірнеше заттектер)

бір ғана техникалық нәтиже (нұсқаларды) алуды қамтамасыз ететін біркелкі болса,

өнертабыс бірлігі сақталған болып танылады.

4. Құжаттар мазмұны 12. Инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінім келесідей

толтырылады:

1) өнертабысқа инновациялық патент немесе өнертабысқа патент беру туралы

өтінім (бұдан әрі - өтінім) өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған

өтінімді бергенде немесе патент беруге арналған өтінім бергенде беріледі және ӨН-

1И.П. немесе Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ӨН-1П. нысанында

тапсырылады, бұлардағы бағандардың атаулары бір біріне сәйкес болады.

Егер қандай да болмасын мәліметтерді тиісті бағандарға сыйғызу мүмкін

болмаса, оларды қосымша парақта өтінімнің тиісті бағанына мына нысанда келтіреді:

"өтінімге Қосымшаны қараңыз" ("Тіркелген құжаттар тізімі" бағанының тиісті бөлігіне

"Х" таңбасы қойылады);

2) өтінімнің "Түскен күні" бағандары, оның жоғары бөлігіне орналасқан 21, 22,

85 кодтар астындағы бағандарын өтінім түскеннен кейін сараптама жасау ұйымы

толтырады, оны өтінім беруші толтырмайды;

3) "Өтінім" сөзінің тікелей үстіне орналасқан 86 және 87 код астындағы

бағандар Қазақстан Республикасының нұсқауын қамтитын халықаралық өтінімдер

Қазақстан Республикасының ұлттық фазасына ауыстырылған жағдайда, ал 96 және 97-ші

код астындағы бағандар Еуразиялық патент конвенциясының 16-бабына сәйкес еуразиялық

өтінім Қазақстан Республикасының ұлттық өтініміне айналдырылған жағдайда

толтырылады.

86-код астындағы бағандағы тиісті торға "Х" белгісі қойылады және алатын

ведомствомен белгіленген халықаралық өтінімнің тіркеу нөмірі, халықаралық берілу

күні келтіріледі.

87-код астындағы бағанда халықаралық өтінімнің халықаралық жарияланған күні

мен нөмірі көрсетіледі.

96-код астындағы бағанда еуразиялық өтінімнің тіркеу нөмірі мен алатын

ведомствомен белгіленген беру күні көрсетіледі;

97-код астындағы бағанда евразиялық өтінімнің жарияланған күні мен нөмірі

көрсетіледі;

4) инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінім білдірілген 71-кодты

бағанда "өтінім берушінің (өтінім берушілердің) атына" деген сөзден кейін алдын ала

патент және патент сұратылып отырған өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы

мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), оның

үстіне тегі атының алдында көрсетіледі немесе ресми тіркеу туралы құжатқа сәйкес

(Қазақстан Республикасының резиденттері үшін құжаттың көшірмесі қоса беріледі)

заңды тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы мен толық пошта

мекен-жайын қоса отырып, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан орны туралы

мәліметтер келтіріледі. Шетелдік аттар және заңды тұлғалардың атаулары, сондай-ақ

мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Өнертабыстар

авторлары болып табылатын өтінім берушілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер

өтінімнің екінші бетіндегі 72-кодтың астындағы бағанда келтіріледі.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын немесе жүрген аттарына

инновациялық патент немесе патент сұралатын шетелдік заңды және жеке тұлғалар үшін

елінің коды ДЗМҰ SТ.3 стандарты бойынша (егер ол белгіленсе) көрсетіледі.

Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың

әрқайсысы үшін келтіріледі;

5) басымдықты белгілеу туралы өтінімді қамтитын баған Заңның 20-бабының 2-5-

тармақтарына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бұрынырақ

басымдық сұратылған кезде ғана толтырылады. Мұндай жағдайда "Х" белгісін қоюмен

тиісті торда басымдық сұратуға негізі ескеріліп, негізінде басымдық сұратылып

отырған өтінім нөмірі немесе қосымша материалдар және басымдық сұратылған күні

(өтінім берілген күні немесе оған қосымша материалдар) көрсетіледі.

Егер басымдық бірнеше өтінімдер негізінде сұратылса, барлық өтінімдердің

нөмірлері және сұратылған басымдық күні көрсетіледі. Конвенциялық басымдық

сұратылған жағдайда ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша берген елдің коды көрсетіледі;

6) 54-кодтың астындағы бағанда өтінім берілген өнертабыстың (өнертабыс тобы)

атауы келтіріледі, бұл өнертабыс сипаттамасында аталған атаумен сәйкес келуге тиіс.

Өнертабыс атауына арнаулы атау енгізілген жағдайда тиісті торға "Х" белгісімен

Заңның 9-бабының 4-тармағы талаптарының сақталуы ескеріледі;

7) "хат-хабар жазысуға арналған мекен-жай" бағанында Қазақстан Республикасы

аумағындағы толық почта мекен-жайы және адресаттың аты немесе атауы келтіріледі,

олар почталық тез жеткізілімнің қарапайым талаптарын қанағаттандыру керек. Хат-

хабар жазысатын мекен-жай ретінде Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның -

өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) тұрғылықты жеріндегі мекен-жайы

немесе Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның тұратын жерінің мекен-жайы яки

өтінім беруші (өтінім берушілер) өкілі тұратын жерінің мекен-жайы немесе Қазақстан

Республикасы аумағындағы өзге мекен-жайы көрсетілуі мүмкін;

8) 74-код астындағы бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілдері,

оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер)

туралы мәліметтер келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өтінім

берілгенге дейін белгіленген жағдайда тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

уәкілетті органда тіркелген нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, телефон, факс нөмірі

(бар болса) көрсетіледі. Өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты және

әкесінің аты (бар болса) және заңды тұлға үшін Қазақстан Республикасындағы

тұрғылықты мекен-жайы, телефон, факс нөмірі (бар болса) көрсетіледі. Егер өтінім

берушілер бірнешеу болса және патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілмегенде,

өкіл ретінде өтінім берушілердің бірі таңдап алынуы мүмкін;

9) өтінімнің екінші бетіндегі "Қоса беріліп отырған құжаттардың тізімі"

бағаны тиісті торына "Х" белгісін қою жолымен және даналар саны мен тіркелген

құжаттардың әр данасындағы парақтар саны көрсетіле отырып толтырылады. Түрлері

өтінім нысанында қарастырылмаған ("басқа құжат") қоса берілетін құжаттардың нақты

бағыты көрсетіледі;

10) "инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінім беру және алу

құқығы пайда болу негізі" бағанына "Х" белгісін қоюмен алдын ала патент және

патентке өтінім беру және алу үшін тиісті негіз (негіздер) белгіленеді. Көрсетілген

баған өтінім беруші автор немесе өтінім берушілер бірнешеу болып, олардың құрамы

авторлар құрамымен сәйкес келгенде толтырылмайды;

11) 72 код астындағы бағанда автор (авторлар) туралы мәліметтер: тегі, аты

және әкесінің аты (бар болса), 72 код астындағы бағанның жанындағы бағанға

тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы келтіріледі, шетелдіктер үшін ДЗМҰ

SТ.3. стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі;

12) 72-кодтың астындағы бағанның оң жағына орналасқан бағанда автор

инновациялық патент немесе патентке өтінім беруші болып табылса, немесе егер автор

өтінім беру мен алу құқығын өтінім берушіге берген жағдайда автордың қолы мен күні

қойылады.

Өтінім берілгенге дейін автор қайтыс болған жағдайда күні мен мұрагердің қолы

қойылады. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлік құқықты растайтын қандай да болмасын

ресми құжаттар талап етілмейді;

13) 72 код бағаны астындағы баған автор (авторлар) инновациялық патент немесе

патентке өтінім туралы мәліметтер жарияланымы кезінде өзін (өздерін) осылай

атамауды өтінген жағдайда ғана толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезінде

атамауды өтінген авторлардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және

олардың қолдары келтіріледі;

14) Нұсқаулықтың осы тармағының 12)-13) тармақшаларында көрсетілген өтінім

бағанын толтыру осы бағанмен қарастырылған мәліметтер мен қолдары бар құжаттарды

өтініммен бір мезгілде тапсырумен алмастырылуы мүмкін;

15) егер өтінім беруші ретінде автор болып табылмайтын тұлға көрсетілсе,

өтінімнің "Қолы" деген соңғы бағанын күнін көрсете отырып толтыру міндетті.

Өтінімге заңды тұлғаның атынан ұйымның басшысы немесе, заңды тұлғаның құрылтайшылық

құжаттарымен оған уәкілетті адам лауазымын көрсете отырып қолын қояды, қолы осы

заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, өтінімге

өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.

Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінімге

патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды.

16) Нұсқаулықтың осы тармағының 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген

өтінім бағанындағы қолдарды қойған адамдардың тегі мен аты-жөні ашып көрсетіледі;

17) өтінімге қатысты кез келген өзге мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша

параққа (өтінімге қосымша) осындай тәртіппен қол қойылады;

18) өтінім мен оның қосымшаларында түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс.

Аталған кемшіліктер болған жағдайда өтінімді немесе оған қосымшаны дұрыс рәсімдеу

талап етіледі.

13. Өнертабыс сипаттамасы өнертабысты тиісті білім саласындағы маманмен

жүзеге асыру үшін толық, жеткілікті түрде ашылуға тиіс.

14. Сипаттама өнертабыс атауынан басталады, онда өтінім орыс тілінде берілген

жағдайда, мемлекеттік тілде де көрсетілуі керек (өтінім берілген өнертабыс қатысты

болатын Халықаралық патенттік сыныптаманың (бұдан әрі ХПС) қолданылып жүрген

редакциясының айдарын, сондай-ақ осы айдар индексін белгілеген жағдайда) және

келесі бөлімдерді қамтиды;

өнертабыс қатысты болатын техника саласы;

техника деңгейі;

өнертабыстың мәні;

сызба сұлбаларының және өзге материалдардың (егер олар қоса тіркелсе)

тізбесі;

өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер.

Сипаттама бөлімін қажетті мәліметтері бар (әдеби дереккөзге, бұрын берілген

өтінім сипаттамасына, қорғау құжатына сипаттамаға) көзге сілтеме жасаумен

алмастыруға жол берілмейді.

15. Өнертабыстың атауы, әдетте, оның мақсатын сипаттайды және жекеше түрде

беріледі. Жеке түрде қолданылмайтын атаулар, немесе химиялық қосылыстарға жататын

өнертабыстар атаулары айрықша болып табылады.

Нақты химиялық қосылыстарға жататын өнертабыс атауында оның атауы химияда

қабылданған номенклатуралардың бірі бойынша немесе соған жататын топ (сынып) атауы

бойынша енгізіледі қосылыстың нақты бағытына көрсеткіш келтірілуі мүмкін.

Құрамы анықталмаған зат-қоспа алу тәсіліне жататын өнертабыс атауына оның

мақсатына сілтеме немесе осы заттың биологиялық белсенділік түрі енгізіледі.

Биологиялық белсенді заттектер үшін биологиялық белсенділік түрі, ал

биотехнологиялық өнімдерге - атқаратын қызметіне сілтеме енгізіледі.

Микроорганизмдер штаммына қатысты өнертабыстар атауына штаммның мақсаты

көрсетілген латын тіліндегі биологиялық объекттің тұқымдық және түрлік (халықаралық

номенклатура талаптарына сәйкес) атаулары енгізіледі.

Өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларына жататын өнертабыстардың атауына

жасуша культурасының атауы мен мақсаты енгізіледі.

Өнім немесе тәсілдің жаңа бағыты бойынша, сондай-ақ жаңа өнімнің белгіленген

мақсатта қолданылуына қатысты өнертабыс атауы тиісті объекті үшін қабылданған ереже

бойынша жасалады және оның мақсатын сипаттайды.

Бірі екіншісін алуға (даярлауға), жүзеге асыруға немесе пайдалануға арналған

объектілерге жататын өнертабыстар тобының атауында бір өнертабыстың толық атауы

және басқасының қысқартылған атауы болады. Бірі екіншісінде пайдалануға арналған

объектілерге жататын өнертабыстар тобының атауында топқа кіретін өнертабыстардың

толық атауы болады.

Нұсқаларға жататын өнертабыстар тобының атауында жақшада "нұсқалар" сөзімен

топтың бір өнертабысының толықтырылған атауы болады.

Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшінші тұлғаның

құқығына нұқсан келтірілмесе, Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес автор

өнеркәсіптік меншік объектісіне өз атын немесе арнаулы атау бере алады.

16. Сипаттаманың "Өнертабысқа жататын техника саласы" бөлімінде өнертабыстың

қолданылу саласы көрсетіледі; мұндай салалар бірнешеу болса, басымдары көрсетіледі.

17. Сипаттаманың "Техника деңгейі" бөліміне келесілер кіреді:

1) мәнді белгілерінің жиынтығы жөнінен өнертабысқа неғұрлым жақын баламасын

(прототипті) бөліп ала отырып, өтінім берушіге белгілі өнертабыс баламалары туралы

мәліметтер;

2) өнертабыс баламасы ретінде өнертабыстың мәнді белгілерінің жиынтығына

ұқсас, белгілер жиынтығымен сипатталатын өнертабыс басымдығы күніне дейін

көпшілікке қол жетерліктей болған мәліметтерден белгілі сол мақсаттың амалы;

3) әрбір баламаны сипаттау кезінде өтінім берілген өнертабыстың мәнді

белгілеріне ұқсас келетіндерді бөліп ала отырып, баламаны сипаттайтын белгілерді,

оның ашылған ақпарат көзіндегі библиографиялық мәліметтері келтіріледі, сондай-ақ

қажетті техникалық нәтижелерді алуға кедергі келтіретін өтінім берушіге белгілі

себептер;

4) егер өнертабыс нақты мақсатты немесе биологиялық белсенді түрде

анықталмаған құрамда қоспалар алу тәсіліне жататын болса, балама ретінде осындай

мақсаттағы немесе осындай биологиялық белсенді қоспа алу тәсілі;

5) егер өнертабыс жаңа дербес химиялық қосылыстар тәсіліне жататын болса,

оның белгілі құрылымдық баламасын алу тәсілі туралы мәліметтер;

6) биотехнологиялық өнімге жататын өнертабыстың неғұрлым жақын баламасын

сипаттау кезінде сондай мақсаттағы заттар туралы мәліметтер келтіріледі;

7) микроорганизм штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларына -

заттектің продуцентіне жататын өнертабыстың неғұрлым жақын баламасын сипаттау

кезінде осы заттектің белгілі продуценті туралы және заттектің өсіндісі туралы

мәліметтер келтіріледі;

8) егер өнертабыс бұрыннан белгілі жаңа бағыт бойынша қолданылуға жататын

өнім не тәсіл, немесе нақты мақсаттағы өнім болса, онда осы мақсаттағы белгілі

өнімдер мен тәсілдер оның баламаларына жатқызылады;

9) өнертабыстар тобы сипатталған кезде баламалар туралы мәліметтер әрбір

өнертабыс үшін жеке келтіріледі.

18. Сипаттаманың "Өнертабыстың мәні" бөлімінде:

1) өнертабыстың мәні өнертабыстың техникалық нәтижесін қамтамасыз етуге

жеткілікті маңызды белгілер жиынтығын;

2) егер қол жеткізілетін техникалық нәтижеге ықпалын тигізсе, яғни

көрсетілген нәтижемен себеп-салдарлы байланыста болса маңыздыларға жататын

белгілерді қамтиды;

3) өнертабысты жүзеге асыру кезінде алынуы мүмкін техникалық нәтижесі

көрсетіліп, шешіміне өтінім берілген өнертабыс бағытталатын нақты белгіленген

мәселе көрсетіледі;

4) өнертабысты сипаттайтын барлық маңызды белгілері келтіріледі, неғұрлым

жақын баламаның айырықша ерекшеліктері айқындалады, мұндайда сұратылған құқықтық

қорғау көлемі таралатын барлық жағдайда техникалық нәтижесін алуды қамтамасыз

ететін белгілер жиынтығы және өнертабысты тек жекелеген жағдайларда сипаттайтын,

нақтылы орындау нысандарында немесе оны пайдаланудың ерекше жағдайларындағы

белгілері көрсетіледі;

5) белгі сипатын осы белгі ашылған ақпарат көзіне сілтеме жасап алмастыруға

жол берілмейді;

6) техникалық нәтиже өнертабыс болып табылатын құралдарды жүзеге асыру

(даярлау) немесе пайдалану кезінде алынуы мүмкін техникалық тиімділік, қасиет,

құбылыс сипатын білдіреді;

7) егер өнертабыс бірнеше техникалық нәтижелер алуды қамтамасыз ететін болса

(оның ішінде оны орындаудың нақты нысандары немесе пайдаланудың ерекше жағдайлары

кезінде) оларды көрсету ұсынылады;

8) техникалық нәтиже, атап айтқанда, айналыс сәтін азайту, үйкеліс

коэффициентін төмендету, сыналанып қалудың алдын алу, теңселуді төмендету, ісікке

қарсы белсенділікті арттыру, дәрілік препараттың күшін жою, құю құрылымы кемістігін

болдырмау, жұмыс органының ортамен байланысын жақсарту, сұйықтықтың сіңуін

төмендету, ылғалдануын жақсарту, жарылуының алдын алуда байқалуы мүмкін.

Алынатын нәтиже егер, атап айтқанда:

адамның санасымен қабылдау ерекшелігінің салдарынан жеткізілсе;

оған қандай да бір қызметті оған қатысушылар арасындағы нөмірі негізінде

жүзеге асыру кезінде белгілі бір ретпен немесе белгіленген тәртіпті сақтай отырып

соның арқасында қол жеткізілсе;

егер ол қандай да бір ақпаратты алудан тұрса және оған тек қана математикалық

әдісті, электрондық есептеу машинасына арналған бағдарламаны немесе онда

пайдаланатын алгоритмді қолдану арқасында қол жеткізілсе;

ол тек қана қандай да бір нысанда кез келген тасушыда ұсынылған мағыналық

мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты болса;

ол қызықты және көріністілі болса техникалық сипатта емес болып табылады;

9) егер өнертабыс жасау кезінде тек белгілі бағыттағы техникалық құралдар

арсеналын кеңейту немесе осындай құралдарды алғаш алу міндеті ғана шешілетін болса,

техникалық нәтиже осы мақсатты іске асырумен тұйықталуы мүмкін (осы мақсатты іске

асыратын құрал жасауда), және оны арнап көрсету талап етілмейді, тек ұсынылып

отырған өнертабыс осындай мақсат құралдары арсеналын кеңейтеді деген түсінік

келтірілсе жеткілікті;

10) өнертабыстар тобы үшін көрсетілген мәліметтер, оның ішінде техникалық

нәтиже туралы да, әрбір өнертабыс үшін жеке келтіріледі;

11) әрбір микроорганизмдер штаммын, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын

сипаттау кезінде ол түпкі немесе жақын тұқымдас штаммдардан ерекшеленетін белгілері

қосымша көрсетіледі;

12) нуклеотидтер не аминқышқылдарының бірізділігі өнертабыс сипаттамасына

пайдаланған жағдайда, бірізділік тізіліміндегі "SEQ ID NO..." түрінде, егер осындай

мәтін бірізділік тізілімінде пайдаланылса, тиісті бос мәтінді келтіріп нөмірі

көрсетіліп беріледі;

13) белгілі өнім немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша қолдануға жататын

өнертабысты сипаттау кезінде осы белгілі объектінің сипаты және ол сипатталған

ақпарат көзінің библиографиялық мәліметтері келтіріліп, оның белгілі және жаңа

бағыты көрсетіледі; егер өнертабыс жаңа өнімді нақты мақсат бойынша қолдану түрінде

сипатталса, қолданылатын объект пен мақсаттан басқа осындай мақсатты туғызатын оның

қасиеттері туралы мәліметтер келтіріледі.

19. Сипаттаманың "Сызба сұлбаларының және өзге материалдардың тізбесі"

бөлімінде сұлбалар тізбесінен басқа олардың әрқайсысында не бейнеленгеніне қысқаша

сілтеме беріледі. Егер өнертабыс мәнін түсіндіретін өзге материалдар ұсынылса,

олардың мазмұндарына қысқаша түсінік келтіріледі.

20. «Өнертабыстың жүзеге асуы мүмкіндігін растайтын мәліметтер» бөлімінде

өтінім беруші көрсеткен бағытта іске асырумен өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігі

және "Өнертабыстың мәні" бөлімінде көрсетілген техникалық нәтиже алу мүмкіндігі

көрсетіледі.

Мәні жалпы түсінікте айтылған белгіні пайдаланумен сипатталатын атап

айтқанда, функционалдық жинақтау деңгейінде ұсынылған өнертабысты жүзеге асыру

мүмкіндігі осы белгіні іске асыру не оны алу әдістеріне арналған құралдардың өтінім

материалдарында тікелей сипатталуымен немесе осы құралдың белгілігі не оны алу

әдістері көрсетіле отырып расталады.

Өнертабысты сипаттау үшін аралық мәнді түрде айқындалатын сандық белгілерді

пайдалану кезінде осы аралықтағы техникалық нәтиже алу мүмкіндігі көрсетіледі.

21. Құрылғыға жататын өнертабысқа сызба сұлбаларына сілтемемен оның

конструкциясының (статикалық жағдайда) сипаттамасы келтіріледі. Сипаттамадағы

құрылымдық элементтердің цифрлы белгісі олардың сызба сұлбаларындағы цифрлы

белгілеріне толық көлемде сәйкес келуге тиіс;

Құрылғы конструкциясы сипаттамасынан кейін оның әрекеті (жұмысы) немесе сызба

сұлбаларына сілтемемен пайдаланылу тәсілі сипатталады, қажет болған жағдайларда

өзге де түсіндіруші материалдары (эпюра, уақытша диаграмма) келтіріледі;

Егер құрылғыда функционалды деңгейде сипатталған элемент болса, және

сипатталатын нысан бағдарламаланған (күйіне келтірілген) көп функциялды құралдарды

пайдалануды көздесе, онда аталған функция құрылғысы құрамында оған нақты телінген

осындай құралмен атқару мүмкіндігін растайтын мәліметтер ұсынылады. Егер мұндай

мәліметтер қатарында, атап айтқанда, есептеуіш алгоритм келтірілсе, оны блок-тәсіл

түрінде немесе, егер бұл мүмкін болса, тиісті математикалық көрінісінде келтірген

жөн.

22. Затқа жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын

мәліметтер:

1) белгіленген құрылымды химиялық қосылыстарға жататын өнертабыстар үшін

белгілі әдістермен дәлелденген, қосылыстар жасалған құрылымдық формула, физика-

химиялық константалар келтіріледі, және аталған мақсат бойынша өнертабысты

пайдалану мүмкіндігі көрсетіледі. Биологиялық белсенді қосылыстар үшін, сондай-ақ

сандық белсенділік сипат көрсеткіштері және улылығы, ал қажет болған жағдайларда -

таңдалған әрекеттер мен басқа да көрсеткіштер келтіріледі;

2) егер өнертабыс адамдар немесе жануарлардың белгілі бір ауруларын емдеу,

диагностикалау немесе алдын алуға арналған құралға жататын болса, сипаттамада осы

құралдың ықпалын түсіндіретін анықталған факторлар туралы мәліметтер, ал мұндай

мәліметтер болмаған жағдайларда - аталған ауруды емдеуге, диагностикалауға немесе

алдын алуға оның жарамдылығын растайтын сенімді көрсеткіштер келтіріледі;

3) егер жаңа дербес химиялық қосылыстар микроорганизмдер штаммы, өсімдіктер

мен жануарлар жасушаларын пайдалану арқылы алынса, осы штаммның қатысуымен

биосинтез тәсілі туралы мәліметтер, ол жөніндегі көрсеткіштер және оны депозиттеу

туралы мәліметтер келтіріледі;

4) егер өнертабыс жалпы құрылымдық формуламен сипатталған жаңа дербес

химиялық қосылыстар тобына (қатарына) жататын болса, барлық қосылыстар топтарын

(қатарын) алу тәсілінің жалпы схемасын, сондай-ақ нақты қосылыстар тобын (қатарын)

алу мысалын, ал егер топқа (қатарға) түрлі химиялық табиғи радикалдар қосылса, осы

түрлі радикалдармен қосылыстар алу мүмкіндігін растауға жеткілікті мысалдарды

келтіру жолымен алу мүмкіндігі расталады;

5) алынған қосылыстар үшін, сондай-ақ белгілі әдістермен расталған олардың

құрылымдық формулалары, физика-химиялық константалары, химиялық табиғаты әртүрлі

радикалдар бойынша кейбір қосылыстарға қатысты мүмкіндігін растаумен көрсетілген

мақсатын іске асыру мүмкіндігінің дәлелі келтіріледі;

6) егер өнертабыс аралық қосылыстарға жататын болса оның белгілі ақырғы

өнімге ұқсатылуы, не одан нақты мақсатты немесе биологиялық белсенділікті жаңа

ақырғы өнім алу мүмкіндігі көрсетіледі;

7) анықталмаған құрылымды жаңа химиялық қосылыстарға немесе анықталмаған

құрамды қоспа және/немесе құрылымға жататын өнертабыстар үшін осы қосылыстарды

немесе қоспаларды басқаларынан ажыратуға қажетті көрсеткіштер келтіріледі.

Қосылыстар немесе қоспалар алу үшін бастапқы реагенттер туралы мәліметтер, сондай-

ақ өтінім беруші көрсеткен осы қосылыстар немесе қоспалардың, атап айтқанда, осы

мақсатын белгілейтін қасиеттері туралы мәліметтердің мақсатын іске асыру

мүмкіндігін растайтын көрсеткіштер келтіріледі;

8) егер өнертабыс композицияға (қоспа, ерітінді, балқыма, шыны) жататын болса

оның композициялық құрамына кіретін ингредиенттер, олардың сипаты және цифрлық

арақатысы көрсетілген мысалдар келтіріледі. Композиция, егер ол ингредиент ретінде

жаңа заттекке иеленсе, оны алудың тәсілі сипатталады;

9) келтірілген мысалдарда әрбір ингредиенттің мазмұны өнертабыстың аралық

маңызды формуласында көрсетілген шегінде болады (өнертабыс формуласындағы

ингредиенттердің цифрлық арақатысы пайызында (массасы немесе көлемі жөнінде)

мысалда көрсетілген барлық ингредиенттердің жиынтық мазмұны 100%-ға теңеледі).

23. Биотехнологиялық өнімге жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін

растайтын мәліметтер (тірі объектіге):

1) өсімдік немесе жануарға жататын өнертабыстар үшін өсімдіктердің немесе

жануарлардың шығу тегі мен оларды алу тәсілі ашылады, сондай-ақ оны өтінім берілген

мақсатта пайдалану мүмкіндігі және өсімдік немесе жануарда сол пайдалы қасиеттің

бар болуы расталады; өсімдік немесе жануарды сәйкестіруге болатын белгілер

келтіріледі. Осындай талаптар өсімдік немесе жануардың ұрпағына, сондай-ақ олардың

жеке бөліктеріне (элементтеріне) қойылады;

2) егер өсімдік немесе жануарды жасаған кезде оны қандай да бір өнім (заттек)

көмегімен алуға мақсат қойылса, онда сол өнімнің (сол заттектің) рас алынғаны және

қойылған қасиеттердің бар екендігін растайтын мәліметтер келтіріледі. Қажет болған

жағдайда өнімділік деңгейі туралы мәліметтер келтіріледі.

3) микроорганизм штаммасына жататын өнертабыстар үшін номенклатуралық

деректер және штаммның шығу тегі, қоректену ортасының сандық және сапалық құрамдары

туралы деректер (себілетін және ферментациялық), өсіру жағдайлары (температурасы,

рН, үлесті масса ауысымы, жарықтылығы) ферментация уақыты, биосинтез сипаты,

пайдалы (мақсатты) өнімдер, өнімнің шығуы туралы, белсенділік (өнімділік) деңгейі

және оны айқындау (тесттеу) тәсілдері көрсетіледі. Мақсаттық өнімдерді бөліп алу

және тазарту тәсілі ашылады (жаңа мақсаттық өнімдер продуценттері үшін, мысалы,

антибиотиктер, ферменттер, моноклональды антиденелер);

4) микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары консорциумдары үшін

келесі деректер келтіріледі: компоненттер бар-жоғын тексеру әдісі, осы бойынша

селекция жүргізілген бөліну (селекция) және белгілер әдісі, ұзақ өсіру кезіндегі

консорциум тұрақтылығы, бөтен микроорганизмдер залалдарына төзімділік;

5) микроорганизмдер штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларына не

оның пайдаланылатын тәсіліне жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі штамм

алу тәсілінің сипатталуымен расталады, күні өнертабыстың басымдық күнінің алдынан

келетін депозиттеу туралы (депозитарий-коллекция атауы және депозиттелген объектіге

берілген тіркеу нөмірі) мәліметтер ұсынылады;

6) егер микроорганизмдер штаммы кем дегенде патент қызметі мерзіміне

объектінің өмірлік қабілетін қолдауға кепілдік беретін халықаралық немесе

қазақстандық коллекцияға орналастырылса, патент рәсімі мақсаттарына арналған

депозиттеу жүзеге асырылды болып есептеледі.

24. Биотехнологиялық өнімге, атап айтқанда, тірі емес объектіге жататын

өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер:

1) барлық биотехнологиялық өнімдер үшін олардың қызметі немесе белсенділік

түрі, шығу тегі мен оларды алу тәсілі ашылады, және мәлімделген мақсатта пайдалану

мүмкіндігі расталады.

2) құрылымы анықталған немесе жартылай анықталған өнімдер үшін, сонымен қатар

құрылыстың, соның ішінде нуклеин қышқылы (мысалы, гендер, ген фрагменттері) үшін

нуклеотидтердің тізбегі, белоктар, полипептидтер, пептидтер үшін аминқышқылдарының

тізбегі, құрамды, соның ішінде реттейтін және код саласындағы элементтердің,

плазмид, векторлар, генетикалық конструкциялар, ремкомбинаттық және гибридтік

молекулалар үшін сайттар мен маркерлердің бар болуы және орналасу тәртібі

келтіріледі.

3) құрылымы анықталмаған өнімдер үшін оларды теңестіруге болатын, атап

айтқанда басқа белгілі өнімдерден айыратын белгілер жиынтығы келтіріледі.

4) моноклондық антиденелер үшін оларды алу тәсілі, атап айтқанда, антиденені

өңдейтін гибридом туралы, соның ішінде оны депозиттеу туралы куәлік беріледі.

Медициналық және мал дәрігерлік өнімдер үшін улылығы, пирогенділігі, жақпауы немесе

басқа шектілімдер туралы мәліметтер беріледі.

5) егер өнертабыс жалпы құрылымдық элементі (элементтері) бар жаңа өнімдер

тобына жатса, оларды алудың жалпы тәсілін ашу арқылы өнім тобын алу мүмкіндігі,

сондай-ақ топтың нақты қосындыларын алу үлгілері расталады. Атап айтқанда, егер

өнертабыс нуклеотидтері немесе аминоқышқылдарының тізбегі белгіленген нуклеин

қышқылына немесе белокқа (полипептидке, пептидке), сондай-ақ қоспа, делеция немесе

нуклеотидтерді не аминоқышқылдарды алмастыру нәтижесінде пайда болған олардың

нұсқаларына жатса, осындайда пайда болатын қоспалардың, делециялардың

алмастырулардың таралмауы туралы мәліметтер, өнімдері көрсетіле отырып беріледі,

және осындай тәсілмен алынған өнімдер алғашқы өнім сияқты белсенділік пен соған

ұқсас қызмет түрлеріне қабілетті болады.

6) нуклеин қышқылдарының будандық тізбектері үшін будандастыру түрі мен

будандастыру деңгейі (пайызы) көрсетіледі. Бұл ретте будандастыру дәрежесін бағалау

тәсілі ашылады, көзбен будандасатын нақты тізбектердің үлгілері беріледі, және

осындай бірізділіктердің қызметтік ерекшеліктерін растайтын мәліметтер келтіріледі.

7) нуклеин қышқылының, белоктардың, полипептидтер мен пептидтердің

гомологиялық және комплементарлық тізбегі үшін гомология немесе комплементарлықтың

дәрежесі (пайызы) көрсетіледі. Бұл ретте гомология немесе комплементарлықтың

дәрежесін бағалау тәсілі ашылады, аталған дәрежеде алғашқы көзбен гомологиялы

немесе комплементарлы нақты тізбектердің үлгісі беріледі, және осындай

бірізділіктердің қызметтік ерекшеліктерін растайтын мәліметтер келтіріледі.

8) аралық және соңғы өнімді білдіретін өнертабыс тобы үшін аталған аралық

өнімнен қасиеттері мен белсенділік түрі анықталған соңғы өнімді алу тәсілі ашылады.

25. Тәсілге жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын

мәліметтер:

1) тәсілге жататын өнертабыстар үшін мысалдарда материалдық объектіге әрекет

тіркестігі (әдістер, операциялар), сондай-ақ әрекет өткізу жағдайы, нақты режимдер

(температура, қысым), егер бұл қажет болса мұндайда пайдаланылатын құрылғы,

заттектер және штаммдар көрсетіледі. Егер тәсіл басымдық күніне дейінгі белгілі

құралдарды (құрылғы, заттектер және штаммдар) пайдаланумен сипатталса, осы

құралдарды көрсету жеткілікті. Белгісіз құралдарды пайдалану кезінде олардың сипаты

келтіріледі және қажетті жағдайларда графикалық кескіндемесі тіркеледі;

2) тәсілде жаңа заттарды пайдалану кезінде оларды алу тәсілі ашылады;

3) жалпы құрылымдық формуламен сипатталған жаңа химиялық қосылыстар тобын

(қатарын) алу тәсіліне жататын өнертабыстар үшін осы тәсілмен қосылыстар тобын

(қатарын) алу мысалы келтіріледі, ал егер топқа (қатарға) химиялық табиғат бойынша

сан түрлі радикалдар қосылыстары кірсе, осы түрлі радикал қосылыстар алу

мүмкіндігін растауға жеткілікті мысалдар көлемі келтіріледі. Топқа (қатарға)

кіретін қосылыстар алу үшін физика-химиялық сипаттағы белгілі әдістермен расталған

құрылымдық формулалар келтіріледі. Сипаттамада сондай-ақ мақсаты немесе жаңа

қосылыстардың бағыты немесе биологиялық белсенділігі туралы мәліметтер көрсетіледі;

4) анықталмаған құрылымды химиялық қосылыстар немесе анықталмаған құрылымды

және/немесе құрамды қоспалар алу тәсіліне жататын өнертабыстар үшін осы қосылысты

басқаларынан ажыратуға қажетті мәліметтер көрсетіледі. Қосылыстар немесе қоспалар

алу үшін бастапқы реагенттер туралы мәліметтер, сондай-ақ өтінім беруші көрсеткен

осы қосылыстар немесе қоспалар мақсатын, атап айтқанда, осы мақсат ескерілетін

қасиеттер туралы мәліметтер, іске асыру мүмкіндігін растайтын деректер келтіріледі;

5) биотехнологиялық өнімді алу тәсіліне жататын өнертабыс үшін алынған өнім

берілген қасиеттерге шынымен қабілетті екендігі және белгіленген мақсат бойынша

пайдаланатындығы расталады, өнімді теңдестіретін белгілер келтіріледі, тиісті

жағдайларда - құрылымдық формуласы, құрылысы мен құрамының ерекшеліктері, сондай-ақ

өнімді түріне қарай басқа да белгілері беріледі;

6) жалпы құрылымдық элемент (элементтері) бар биотехнологиялық өнім тобын алу

тәсіліне жататын өнертабыстар үшін топтың барлық өнімдерін алу мүмкіндігін

растайтын үлгілер саны келтіріледі, бұл ретте алынған барлық өнімдер

биотехнологиялық белсенділіктің бір түріне қабілетті және сол бір қызметті жүзеге

асыратыны расталады;

7) белгісіз микроорганизмдер штаммы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасын

көбейту тәсілін пайдаланғанда, оларды депозиттеу немесе өнертабысты жүзеге асыруға

жеткілікті штамм немесе жасуша дақылын алу тәсілі туралы мәліметтер келтіріледі;

8) элементі немесе бұйымның өзі анықталмаған құрамнан және құрылымнан

даярланған бұйымды алу тәсіліне жататын өнертабыстар үшін материалдың қасиеттері

және пайдалану сипаттары және/немесе тұтастай бұйым туралы көрсеткіштер

келтіріледі;

9) адамдар немесе жануарлар ауруларын емдеу, диагностикалау немесе алдын алу

тәсіліне жататын өнертабыстар үшін аурулардың этиопатогенезіне ықпал жасайтын

немесе аталған ауруларды емдеу, диагностикалау немесе алдын алу тәсіліне

жарамдылығын растайтын сенімді көрсеткіштер келтіріледі (барабар модельдерге

тәжірибе жасау арқылы немесе басқа жолмен алынған).

26. Жаңа мақсатта қолдануға жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін

растайтын мәліметтерде олардың осы мақсатта іске асырылу мүмкіндігін растайтын

мәліметтер келтіріледі.

27. Өнертабыс формуласының мақсаты және оған қойылатын талаптар.

1) өнертабыс формуласы инновациялық патент немесе патентпен берілетін

құқықтық қорғау көлемін анықтауға арналады;

2) өнертабыс формуласы толығынан сипаттамаға негізделуге тиіс, яғни

өнертабысты оның сипаттамасындағы түсініктермен сипаттауы керек;

3) өнертабыс формуласы анық, дәлелді болу керек, сипаттамаға негізделеді және

сипаттамадағы бар ұғымдармен өнертабысты бейнелеуі керек;

4) өнертабыс формуласы, егер ол өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтижеге

жетуге жеткілікті маңызды белгілерінің жиынтығы болса, оның мәнін көрсеткен болып

танылады;

5) өнертабыс белгілері өнертабыс формуласында оларды ұқсастыру мүмкіндігін,

яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның

біртекті түсінуін қамтамасыз ететіндей болып көрсетіледі;

6) өнертабыс формуласындағы белгі сипатын ақпарат көзіне сілтемемен

алмастыруға болмайды. Белгі сипатын сипаттама немесе өтінім сызбаларына сілтемемен

алмастыруға, оның ұқсастығы туралы талаптарға нұқсан келтірмей белгіге мұндай

сілтемесіз сипаттау мүмкін болмаған жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін. Мұндай

жағдайларда, атап айтқанда, "...сұлбада көрсетілгендей...", "сипаттама...

бөлігінде... сипатталғандай..." деген сөздер пайдаланылуы мүмкін. Сызбаларға

сілтеме сөзбен немесе математикалық тәсілмен сипатталуға келмейтін, орындалу

нысанымен ерекшеленетін объектілерді сипаттау кезінде, сондай-ақ өнертабыс

объектісі қасиеттері тек кестелер және диаграммалар немесе биотехнологиялық өнімдер

көмегімен ғана сипатталуы мүмкін химиялық заттар болып табылатын жағдайларда

пайдаланылуы мүмкін, олардың ауызша мінездемесі қиындау және өнертабыс формуласын

ыбырсытып жібереді. Атап айтқанда, егер өнертабыс сипаттамасы үшін нуклеотидтер

мен/немесе аминоқышқылдар тізбегі пайдаланылса, өнертабыс формуласында тізбектер

тізілімінде олардың мына түрде "SEQ ID NO:" нөміріне немесе тиісті графикалық

материалына сілтеме жасауға болады;

7) өнертабыс белгісін егер ортақ ұғымдағы сипаттамалар өтінім беруші

көрсеткен техникалық нәтиже алуды басқа да белгілер жиынтығымен қамтамасыз етсе,

оны іске асырудың түрлі нысандарын қамтитын ортақ ұғыммен (функциясын, қасиетін

білдіретін) сипаттау орынды;

8) егер мұндай белгі, көрсетілген баламамен жол берілетін кез келген таңдау

кезінде өнертабыстардың басқа да белгілер жиынтығымен бір ғана техникалық нәтиже

алуды қамтамасыз етсе, белгі баламалы түрде көрсетілуі мүмкін;

9) осы объектіні сипаттаудың өзге нысаны қиындық келтірсе және олар жалпыға

белгілі және нақты маңызға ие болса, өнертабыс формуласында өнімдердің,

заттектердің шартты атауларын пайдалануға жол беріледі.

28. Өнертабыс формуласы біртізбекті және көптізбекті болуы және тиісінше бір

немесе бірнеше тармақты құрауы мүмкін.

29. Біртізбекті өнертабыс формуласы оны орындау немесе пайдаланудың жекелеген

жағдайларына қатысты дамыту және/немесе анықтауы жоқ маңызды белгілер жиынтығымен

бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады.

30. Көптізбекті өнертабыс формуласына қойылатын талаптар.

1) көптізбекті формула өнертабысты орындау немесе пайдаланудың жеке

жағдайларына немесе өнертабыстар тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын

дамыту және/немесе анықтаумен бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады;

2) бір өнертабысты сипаттайтын көптізбекті формуланың бір тәуелсіз тармағы

және келесі оған тәуелді тармағы (тармақтары) болады;

3) өнертабыстар тобын сипаттайтын көптізбекті формуланың бірнеше тәуелсіз

тармақтары болады, олардың әрқайсысы өнертабыстар тобының біреуін сипаттайды. Бұл

ретте топтың әрбір өнертабысы тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді тармақтарды

тартумен сипатталуға тиіс;

4) көптізбекті формула тармақтары «1»-ден бастап, мазмұндалу тәртібімен

бірінен соң бірі араб цифрларымен нөмірленуге тиіс.

31. Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде келесі

тәртіп сақталады.

1) жекелеген өнертабыстарды сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте,

формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы

тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталамаған жағдайда ғана жол

беріледі);

2) түрлі өнертабыстар топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді

тармақтар келтірілетін жағдайларды қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты

тәуелсіз тармақтармен топтасады.

32. Формула тармағына қойылатын талаптар.

1) формула тармағы, әдетте, неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін

өнертабыс белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы

басталатын бағыттағы тектік ұғымнан және өнертабысты неғұрлым жақын баламасынан

ажырататын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады;

2) формула тармағын жасау кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң ".......мен

ерекшеленетін" деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі

келтіріледі;

3) формула тармағы бір сөйлеммен мазмұндалады.

33. Өнертабыс формуласы шектеулі және ерекшелік бөлімдері тармақтарына

бөлінбей құрастырылады, егер ол:

1) химиялық қосылыстар;

2) микроорганизмдер штаммдары, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының

көбейтілуі;

3) бұрыннан белгілі өнім немесе тәсілді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді

белгіленген мақсатта қолдану;

4) баламасы жоқ өнертабыс.

34. Формуланың тәуелсіз тармағына қойылатын талаптар.

1) өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана өнертабысқа қатысты

болуға тиіс. Ол өнертабысты құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін айқындайтын

оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және өнертабыс объектісін логикалық анықтау

түрінде көрсетеді;

2) формуланың тәуелсіз пункті бір өнертабысқа жататын деп мойындалмайды, егер

ондағы белгілер жиынтықтылығы белгісі:

бір ғана техникалық нәтиже алуды қамтамасыз етпейтін белгілер баламасы

түрінде көрінсе, не әрқайсысы бірнеше функционалды дербес белгілер құрайтын

белгілердің баламалық түрінде көрінсе (құрылғының торабы немесе бөлшегі; тәсіл

операциясы, заттек, материал, тәсілде қолданылатын айлабұйым; композиция

ингредиенті), оның ішінде қандай да болмасын осындай белгілерге арналған баламаның

таңдауы басқа (басқалар) белгісіне (белгілеріне) жүргізілген таңдауға тәуелді

болса;

әртүрлі объектілерге немесе әрқайсысы көрсетілген ортақ мақсаттағы құралдар

жиынтығын іске асырусыз дербес мақсатты құралдар жиынтығына жататын өнертабыстар

сипаттамасы енетін болса, онда формуланың тәуелсіз тармағы бір өнертабысқа қатысты

болып танылмайды.

35. Формуланың тәуелді тармағына қойылатын талаптар:

1) тармақ тәуелсіз тармақта келтірілген өнертабысты тек оны орындау немесе

пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын өнертабыс белгілері жиынтығының дамуын

және/немесе анықталуын қарастырады;

2) тармақтың шектеулі бөлігі әдетте тәуелсіз тармақта келтірілгенмен

салыстырғанда қысқаша мазмұндалған өнертабыс мақсатын көрсететін тектік ұғымнан

және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ және/немесе тәуелді тармақтан

(тармақтардан) тұрады. Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына бағынысты

болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі;

3) егер жекелеген жағдайларда оны орындау немесе пайдалануда өнертабысты

сипаттау үшін тәуелді тармақ белгілерімен қатар тек тәуелсіз тармақ белгілері қажет

болса, осы тәуелді тармақтың тәуелсізге бағыныстылығы тиісті тәуелді тармақтар

арқылы пайдаланылады;

Егер аталған сипатқа формуланың бір немесе бірнеше тәуелді тармақтарының

белгілері қажет болса, осы тәуелді тармақтың тәуелсіз тармаққа бағыныстылығы тиісті

тәуелді тармақтар арқылы пайдаланылады;

өнертабыстың тәуелді тармақ формуласының сол тармағында сипатталған өнертабыс

белгілері алмастырылмайтындай немесе алып тасталмайтындай баяндалуға тиіс, сондай-

ақ осы Нұсқаулықтың 37-тармағында көрсетілген сипатты жиынтық белгілер кірмеуі

керек;

егер формуланың тәуелді тармағы тәуелсіз тармақ белгілерін алмастыратын

немесе алып тастайтындай мазмұндалса, осы тәуелді тармақ өзі бағынатын тәуелсізбен

бір өнертабысты сипаттайды болып танылуы мүмкін емес.

36. Құрылғыға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері құрылғы белгілері

формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады.

Құрылғының конструкциялық элементін орындауды сипаттау кезінде оның

жылжымалылығын, оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін (мысалы, бекіту

мүмкіндігімен тежеу мүмкіндігі) көрсетуге болады.

37. Заттекке жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері:

1) кез келген текті дербес химиялық қосылыстарды сипаттайтын өнертабыс

формуласына қосылыстың химияда қабылданған номенклатуралардың бірі бойынша атауы

немесе қосылыстың белгісі және оның құрылымдық формуласы енгізіледі (қосылыстың

мақсатын көрсетпеуге болады);

2) анықталмаған құрылымға қосылу үшін өнертабыс формуласына осы қосылыстарды

басқаларынан айыруға қажетті физика-химиялық және өзге сипаттамалар, атап айтқанда,

оны алудың тәсілі енгізіледі;

3) композицияны сипаттайтын өнертабыс формуласына оған кіретін ингредиенттер,

және қажет болған жағдайларда ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілер

енгізіледі;

егер композицияны сипаттайтын формуланың ингредиенттердің сандық мазмұнына

жататын белгілері болса, онда олар мазмұнның (төменгі және жоғарғы) ең аз және ең

көп шегін сипаттайтын кез келген бір маңызды, әдетте, екі маңызды бірлікте

көрінеді;

4) композиция ингредиенттерінің бірінің мазмұны бір маңызда көрсетілуіне

болады, ал қалған ингредиенттер мазмұны - осы жалғыз маңызды қақындағы маңыздар

аралығы түрінде көрінеді;

композиция құрамындағы антибиотиктер, ферменттер, анатоксиндер бірлік мазмұны

композицияның қалған компоненттер бірлігінен өзге бірліктерде көрсетілуі мүмкін;

егер композицияға жататын өнертабыс қосымша ингредиент енгізілуімен

сипатталса, формулаға тиісті ерекшелік белгілерінің алдынан "қосымшасы бар" деген

сөз тіркесі енгізіледі;

мақсаты белсенді бастаумен айқындалатын, ал басқа компоненттері осы

мақсаттағы композицияларда дәстүрлі қолданылатын шеңбердің бейтарап тасушылары

болып табылатын композициялар үшін формулада тек осы белсенді бастау және

композиция құрамындағы оның цифрлық мазмұны, оның ішінде "тиімді саны" нысанында

көрсетуге болады;

мұндай композиция сипатының басқа нұсқасында белсенді бастаудан өзге

"мақсаттық қосымша" жинақты ұғымы нысанында басқа компоненттер (бейтарап тасушылар)

көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда белсенді бастау мен мақсаттық қосымшаның цифрлық

ара қатысы көрсетіледі;

егер өнертабыс белгісі ретінде күрделі құрамды белгілі заттек көрсетілсе,

функциясын немесе осы заттың қасиетін және оның негізін көрсетіп оның арнаулы

атауын пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда өнертабыс сипаттамасында осы

заттек сипатталған ақпарат көзі келтіріледі.

38. Биотехнологиялық өнімге жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері:

1) анықталған немесе жартылай анықталған құрылымды тірі емес объектілерге

жататын өнімдерді сипаттайтын өнертабыс формуласына құрылымдық формула және осындай

өнімдердің құрылысын, атап айтқанда нуклеин қышқылдары (гендер, ген фрагменттері)

үшін нуклеотидтердің тізбегі және белоктар, полипептидтер мен пептидтер үшін

аминоқышқылдардың тізбегін анықтайтын басқа белгілер енгізіледі;

2) құрылымы анықталмаған тірі емес объектілерге жататын өнімдерді сипаттайтын

өнертабыс формуласына аталған өнімдерді теңдестіре алатын, атап айтқанда басқа

белгілі өнімдерден айыратын физика-химиялық және өзге қасиеттерінің жиынтығы

енгізіледі. Осындай белгілерге, мысалы, өнімді алу тәсілінің белгілері жатады.

3) осы екі жағдайда да өнімнің атқаратын қызметі немесе белсенділік түрі

көрсетіледі;

4) өнертабыс формуласының бір тәуелсіз тармағында бір өнертабыс ретінде

бірнеше биотехнологиялық өнімдер келтірілуі мүмкін, егер олар біркелкі қызмет

немесе белсенділік түріне, шығу тегіне және ортақ мәнді құрылымдық элементке

(элементтерге) ие болса. Өнімдердің өнертабыс формуласының бір тармағына бір ғана

белсенділік негізінде бірлесуіне жол берілмейді.

5) тірі объектілерге жататын өнімдерді сипаттайтын өнертабыс формуласына

аталған өнімдерді теңдестіретін, соның ішінде өнімді алу тәсілін, оның шығу тегін,

оның құрамына енетін гендік элементті, пайдалы қасиеттер мен басқа белгілерді

сипаттайтын белгілер енгізіледі;

6) микроорганизм штаммын, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының көбейуін

сипаттайтын өнертабыс формуласына штамм тегінің және түрінің атауы латын тілінде

халықаралық номенклатура талаптарына сәйкес, немесе өсімдіктер немесе жануарлардың

атауы, сондай-ақ ресми коллекция-депозитарийдың аббревиатурасы немесе қысқарған

атауы, депозиттелген объектіге коллекциядан берілген тіркеу нөмірі және штаммның

мақсаты енгізіледі.

39. Тәсілге жататын өнертабыс формуласының ерекшелігі - материалдық

объектінің іс-әрекеттерін сипаттайтын тәсіл белгілерін осы мақсатта сабақты етіс,

ашық рай, үшінші жақта, көпше түрінде (жылытады, дымқылдатады, қыздырады) қолданып

мазмұндайды.

40. Белгілі өнім немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша өнертабыс объектісі

ретінде қолдануға келесі құрылымды формула пайдаланылады: "...ретінде (белгілі

өнім, тәсіл, немесе жаңа өнімнің атауы немесе сипаты) қолдану (қолданылатын

объектінің жаңа мақсаты келтіріледі)".

41. Сызбалар және өзге материалдар:

1) сызбалар және өзге материалдар егер олар өнертабыс мәнін түсіну үшін қажет

болған жағдайда ұсынылады;

2) түсіндіруші материалдар графикалық кескіндемелер (нобай, сурет, графика,

эпюр, осциллограмм), фотосуреттер және кестелер түрінде ресімделуі мүмкін;

3) өнертабысты сызбалармен немесе нобаймен бейнелеу мүмкін болмаған

жағдайларда суреттер ұсынылады;

4) фотосуреттер графикалық кескіндемелерге қосымша ретінде ұсынылады. Айрықша

жағдайларда, мысалы, хирургиялық операциялар жасау кезеңдерін бейнелеу үшін

фотосуреттер түсіндіруші материалдардың негізгі түрі ретінде ұсынылуы мүмкін;

сызбалар, нобайлар және суреттер жеке (жекелеген) парақта (парақтарда)

ұсынылып, оң жақ жоғарғы бұрышында өнертабыстың атауы келтіріледі;

ұсынылған сызбалар мен өзге де материалдар сипаттама мәтінімен келістірілуге

тиіс. Сызбалардағы барлық белгілерге сипаттамада сілтеме болуға тиіс.

42. Реферат өнертабыстар туралы қысқаша ақпарат болып табылады, яғни атауын,

өнертабыс жататын техника саласының сипаттамасын қамтитын өнертабыс сипаттамасының

қысқаша баяндалған мазмұнын құрайды және/немесе егер бұл атауынан анық болмаса,

әрбір тәуелсіз тармағының барлық маңызды белгілері сақталатындай формуланы еркін

баяндау жолымен сипатталатын қол жеткен техникалық деңгейі көрсетілген өнертабыс

мәнінің сипаттамасы кіреді.

Қажет болған жағдайларда рефератқа сызба немесе химиялық формула кіреді.

Рефератқа кірген сызба сипаттамада көрсетілген сызбалардың бір сұлбасымен ұқсас

болған жағдайда реферат мәтіні сияқты дана санымен жеке парақта тапсырылады.

Рефератта қосымша мәліметтер болуы мүмкін, атап айтқанда, формуланың тәуелді

тармақтарының бар-жоғы мен саны, графикалық кескіндемелер, кестелер.

Реферат мәтінінің көлемі - 1000 баспа таңбаға дейін болуға тиіс.

43. Уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдікке сенімхат

келесі талаптарға жауап беруі керек:

1) сенімхат қарапайым жазба нысанында жүргізіледі;

2) сенімхатты өтінім беруші береді (қолын қояды). Заңды тұлға атынан

берілетін сенімхатқа оның басшысы немесе қол қойған адамның лауазымы көрсетіле

отырып, бұған құрылтайшы құжаттарымен уәкілеттік алған өзге тұлғаның қолы қойылып,

осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі;

3) сенімхатта өтінім беруші атынан өкіл жүргізе алатын тапсырылған іс-

әрекеттер нақты көрсетілуге тиіс, сенімхатта оны жүргізетін күні көрсетілуге тиіс,

онсыз заңды болып танылмайды;

4) сенімхатта оның берілген орны көрсетілуге тиіс;

5) сенімхаттың іс-әрекет мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Егер сенімхатта іс-

әрекет мерзімі көрсетілмесе, ол берілген күннен бастап бір жыл бойына күшін

сақтайды. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде іс-әрекет мерзімі көрсетілмей

берілген сенімхаттың іс-әрекет мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша

айқындалады;

6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе

шетелдік заңды тұлғалар берген сенімхат тек уәкілетті органда патенттік сенім

білдірілген өкіл ретінде тіркелген жеке тұлғаға ғана берілуі мүмкін;

7) сенімхат уәкілетті органда тіркелген бірнеше патенттік сенім білдірілген

өкілдердің атына берілуі мүмкін, мұндайда өкілдікті бұлардың кез келгені атқарады.

Егер олардың іс-әрекеттері бір-бірлерімен қайшы келсе, бұл туралы өтінім берушіге

хабарланады, ал атқарылған іс-әрекеттер өтінім беруші мақұлдағанға дейін

тоқтатылады;

8) сенімхат берілген жеке тұлға өкілдік алған іс-әрекеттерді өзі жеке басымен

жүзеге асыруға тиіс. Сенімнің ауысуы сенімхатпен өкілеттілік берілген жағдайда ғана

мүмкін болады.

9) сенімхаттың іс-әрекеті төменгі жағдайларда тоқтатылады:

сенімхат мерзімі біткенде;

сенімхатта қарастырылмаған іс-әрекеттерді жүзеге асырғанда;

сенімхат берген тұлға оны жойған соң;

сенімхат берілген тұлға сенімхат берген тұлға мүддесін қорғаудан бас тартқан

кезде;

атынан сенімхат берілген заңды тұлғаның қызметі тоқтаған кезде;

сенімхат берген тұлға қайтыс болған жағдайда, оны қабілеттіліксіз,

қабілеттілігі шектеулі немесе хабарсыз кеткен болып таныған жағдайда;

атына сенімхат берілген азамат қайтыс болғанда, оны қабілеттіліксіз,

қабілеттілігі шектеулі немесе хабарсыз кеткен болып таныған жағдайда.

44. Сенімхат тоқтатылуымен бірге сенімнің ауысуы да күшін жояды.

Сенімхатты берген тұлға оны тоқтатқан жағдайда ол туралы уәкілетті органға

және сараптама жасау ұйымына хабарлауға міндетті.

5. Өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар

45. Өтінімде адамгершілікке және қоғамдық тәртіпке қайшы келетін ұғымдар,

сызбалар, суреттер, фотосуреттер және өзге де материалдар болмауға тиіс; өнімдер

немесе технологиялық процестер хақында, сондай-ақ басқа тұлғалардың өтінімдері

немесе қорғау құжаттарына менсінбеушілік сөздер, өнертабысқа не осы Нұсқаулықтың

тиісті талаптарына өтінімдер құжаттарын тану үшін қажетті болып табылмайтын

сөздерге немесе мәліметтерге жол берілмейді.

46. Әдебиетте кеңінен қолданылмайтын терминдер мен белгілерді пайдалану

кезінде олардың маңызы алғашқы қолданылу мәтінінде түсіндіріледі;

Өнертабыс формуласында, сипаттамада және оны түсіндіруші материалдарда,

сондай-ақ рефератта стандартталған терминдер мен қысқартулар, ал олар болмаған

жағдайда жалпыға ортақ ғылыми және техникалық әдебиеттерде жалпы қабылданғандары

пайдаланылады;

Барлық шартты белгілер ашық көрсетіледі, сипаттамада және формулада

терминология бірлігі сақталады, яғни сипаттама мәтініндегі және формуладағы бір

белгілер бір атаумен аталынады. Терминология бірлігі талаптары физикалық бірлік

өлшемдеріне және белгілерді пайдалануға да қатысты болады;

Өнертабыс атауында қажет болған жағдайларда латын әліпбиі мен араб сандарының

нышандары болуы мүмкін. Өнертабыс атауында өзге әліпби нышандарын, өнертабыс

атауында арнайы таңбаларды қолдануға жол берілмейді.

Физикалық көлемдер қолданылып жүрген Халықаралық бірліктер жүйесі

бірліктерімен СИ белгіленгені жөн.

47. Репродукциялауға жарамдылық:

1) барлық құжаттар оларды тікелей репродукциялауға боларлықтай етіп

ресімделеді;

2) әрбір парақ аздау бетіндегі жолдарға параллель күйде бір жағынан ғана

пайдаланылады.

48. Өтінім құжаттары жылтыр емес, берік, ақ, тегіс қағазда орындалады.

49. Жеке парақтарға, олардың көлеміне қойылатын талаптар:

1) өтінімнің әрбір құжаты жеке парақта басталады. Парақтың көлемі 210 х 297

мм болады. Сипаттаманы, формуланы, рефератты қамтитын парақ бетінің ең кіші көлемі:

жоғары, оң және төменгі жағы - 20,

сол жағы - 25 мм.

Сызбалардан тұратын парақ бетінің ең кіші көлемі, мм:

жоғары және сол жағы - 25,

оң жағы - 15,

төменгі жағы - 10 мм;

2) фотосурет мөлшері белгіленген өтінім құжаттарының парақтары көлемінен

аспайтындай етіп таңдалады. Шағын көлемді фотосуреттер осы Нұсқаулықтың 1-тм.

мөлшер мен сапа талабына сәйкес қағаз парағына желімделіп беріледі.

50. Өтінімнің әрбір құжатындағы екінші және келесі парақтары араб сандарымен

нөмірленеді.

51. Мәтінді жазуға қойылатын талаптар:

1) құжаттар қара түсті шрифтпен басылады. Сипаттама, формула және реферат

мәтіндері 2,1 мм кем емес бас әріптер биіктігімен арасында екі интервал қалдырып

басылады;

2) графикалық нышандар, латын атаулары, латын және грек әріптері,

математикалық және химиялық формулалар немесе нышандар қара түсті сиямен, пастамен

немесе тушьпен жазылуы мүмкін. Формулаларды баспа түрінде және қолдан жазып

араластыруға жол берілмейді.

52. Сипаттамада, өнертабыс формуласында және реферата химиялық формулалар

қолданылуы мүмкін:

1) құрылымдық химиялық формулаларды жазу кезінде элементтердің жалпыға ортақ

қолданылатын нышандарының қолданылуы және элементтер мен радикалдар арасындағы

байланыстар нақты көрсетілуі қажет;

2) мәтінге енгізу реті бойынша нөмірленетін формулалар пайдаланылуы мүмкін.

Нөмірді әрбір формуладан кейін оң жолақтың шегінде қою ұсынылады.

53. Басылым нысанында берілетін нуклеотидтер және/немесе аминоқышқылдар

тізбегінің тізімі BOИC ST.25 стандартына сәйкес ресімделуі керек.

54. Сипаттамада, өнертабыс формуласы мен рефератта математикалық көрсеткіштер

(формулалар) және нышандар пайдаланылуы мүмкін:

1) математикалық көрсеткіштер нысанын беру регламенттелмейді;

2) математикалық формулалардағы барлық әріптік белгілердің мағыналары

ашылады.

Формулаға түсініктерді бағанмен жазып, әрбір жолдан кейін нүктелі үтір

қойылады. Әріптік белгілердің ашылуы олардың формулада қолданылуы ретімен беріледі;

3) математикалық белгілер: >, <, =, +, - және басқалар тек математикалық

формулада қолданылады, ал мәтінде оларды сөздермен жазу керек (артық, кем, тең);

4) оң өлшемдер арасындағы аралықтарды белгілеу үшін (:) (бастап және дейін)

таңбасын қолдануға болады. Басқадай жағдайларда "бастап" және "дейін" деген

сөздермен жазу керек, температура аралықтарын белгілеу кезінде (...) белгісін

қолданған жөн;

5) пайыздық көрсеткен кезде пайыздың өлшемдік таңбасы (%) саннан кейін

қойылады. Егер өлшем бірнеше болса, онда пайыздық таңба олардың алдынан қойылады

және олардан қос нүктемен бөлінеді;

математикалық формулалардағы тасымалға тек таңба бойынша ғана жол беріледі;

формулалар оларды мәтінге енгізу реті бойынша нөмірленеді. Нөмірді әрбір

формуладан кейін оң жолақтың шегінде қою ұсынылады.

55. Графикалық кескіндемелерге қойылатын талаптар:

1) графикалық кескіндемелер (сызбалар, нобайлар, графиктер, суреттер) ұзын

бойына біркелкі қалыңдықта өшпейтін қара нақты сызықтармен, бояумен және бояусыз

орындалады;

2) кескіндеме көлемі және айқындығы фотографиялық көшірмелеу кезінде барлық

бөлшектерін айыруға боларлықтай таңдап алынады;

3) цифрлар мен әріптерді жақшаға, тырнақшаға, шеңберге алуға болмайды.

Цифрлар мен әріптердің биіктігі 3,2 мм кем таңдалмайды;

4) әрбір графикалық кескіндеме оның түріне қарамастан араб цифрларымен сұлба

ретінде (1-сұлба, 2-сұлба) нөмірлеудің бірыңғай тәртібімен, сипаттама мәтінінде

аталу кезегіне сәйкес нөмірленеді. Егер сипаттама бір сұлбамен ғана берілсе, онда

ол нөмірленбейді;

5) бір парақта бірнеше сұлба орналастырылуы мүмкін, мұндайда олар бір-бірінен

нақты бөлініп тұрады. Егер екі және одан да көп парақтарда орналастырылған сұлбалар

тұтас сұлба бөлшектерін құраса, олар түрлі парақтарда кескінделген кез келген

сұлбалардың қандай да бір бөлігін қалдырып кетпей жинақталуы тиіс;

6) жекелеген сұлбалар парақта немесе парақтарда барынша қанық орналастырылып

және кескіндеме парақтың ұзын жағынан тік орналасқан жағдайда оқылатындай болуы

керек;

7) сызбада тік бұрышты (ортогоналды) проекцияны (әрқилы түрде, кесінділерде

және жармаларда) пайдалану жөн болып табылады; сондай-ақ аксонометрлік проекцияны

пайдалануға да жол беріледі;

8) кесінділер сілтемелік белгілер мен негізгі сызықтарды анық оқуға кедергі

жасамайтындай көлбеу сызбалармен орындалады;

9) сызбадағы әрбір элемент, оны нақты кескіндеуге пропорциялар айырмашылығы

қажет болатын жағдайларды есептемегенде, барлық басқа элементтерге тепе-тең

орындалады;

10) сызбалар "су", "бу", "ашық", "жабық", "А-А" (кесіндіні белгілеу үшін)

деген қажетті сөздерден басқа қандай да болмасын жазбаларсыз орындалады;

11) сызбаларда көлемі көрсетілмейді. Қажет болса олар сипаттамада

келтіріледі;

12) сызбалардағы кескінделген элементтер өнертабыс сипаттамасына сәйкес араб

цифрларымен белгіленеді;

13) бірнеше сұлбаларда ұсынылған бірдей элементтер бірдей цифрмен

белгіленеді. Әртүрлі сұлбаларда ұсынылған әртүрлі элементтерді бір ғана цифрмен

белгілеуге болмайды. Сипаттамада аталмаған белгілер сызбаларда келтірілмейді;

14) егер графикалық кескіндеме нобай түрінде ұсынылса, онда оны орындау

кезінде стандартталған графикалық белгілер қолданылады;

15) сипаттың бір түрінде нобайдың басқа түрдегі жекелеген элементтерді

кескіндеуге болады (мысалы, электрлік нобайда кинематикалық және гидравликалық

сипат). Егер нобай элементтердің графикалық белгілері ретінде тік бұрыштар түрінде

ұсынылса, онда цифрлық белгілерден басқа тік бұрышқа тікелей элемент атауына

жазылады. Егер элементтің графикалық кескіндеме мөлшерлері оған мүмкіндік бермесе,

элемент атауы шығармалы сызықта көрсетуге (қажет болған жағдайда, нобай бетінде

орналасқан сурет астындағы жазу түрінде) болады;

16) сызбалар, тәсімдер, суреттер өнертабыстың сипаттамасы мен формуласында

келтірілмейді.

56. Ақпараттар көздерінің библиографиялық деректері олар бойынша ақпарат көзі

айқындалатындай етіп көрсетіледі.

57. Нуклеотид және/немесе аминоқышқылдар тізбегінің тізілім көшірмесін машина

оқитын нысанда ресімдеу.

Нуклеотид және/немесе аминоқышқылдар тізбегінің тізілім көшірмесін машина

оқитын нысандағы (дискетадағы) көшірмесі басылым нысанындағы тізілімге сайма сай

болуы керек.

Басылып шығарылатын машина оқитын нысандағы тізбектің тізілім көшірмесі бір

файлға, бір электрондық тасымалдағышта орналасуы керек. Электрондық тасымалдағышта

жазылған деректер Windows үшін 1251 немесе MSDOS үшін 866 кодтық беттер пайдаланып

әзірленеді (мәтіндік редактордың көмегімен Windows үшін Word 6 кем емес).

Файлды тығыздау тек, егер де файл өз бетімен ашылатын мұрағат ретінде берілсе

ғана жол беріледі.

Электрондық тасымалдағышта тұрақты жабыстырылған жазба қағаз болуы керек,

онда өтінім берушінің аты, өнертабыстың атауы, жазылған күні, файл жасалған

операциялық жүйе мен мәтіндік редактордың атауы басылып жазылады немесе бас

әріптермен қолдан жазылған жазу болады.

6. Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент алу жөніндегі істерді

жүргізу 58. Өкілді тағайындаған жағдайда:

1) өтінім беру үшін, өтінімді берген соң өтінім бойынша хат жазысу үшін және

өтінімді қараған кезде өз мүдделерін қорғау үшін өтінім беруші өкілді осы

Нұсқаулықтың 43-тармағымен көзделген сенімхат беру арқылы тағайындай алады.

Заңның 36-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде

тұрақты тұратын немесе заңды шетелдік тұлғалар өтінім бойынша іс жүргізуді және

инновациялық патентке немесе патентке байланысты істерді, егер басқа тәртіп

Қазақстан Республикасының халықаралық нөмірімен орнатылмаса, тек уәкілетті органда

тіркелген патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүргізе алады.

Егер аталған тұлғалармен бірге Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлға

немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты жері бар заңды тұлға өтінім

бойынша өтінім беруші болып табылса, бұл ретте Қазақстан Республикасы аумағындағы

мекен-жай көрсетілген жағдайда, өнертабысқа инновациялық патент немесе патентті алу

бойынша істерді жүргізу патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы жүргізілмеуі

мүмкін.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерде

жүрген жеке тұлғалар, өтінім бойынша іс жүргізуге және өнертабысқа инновациялық

патент немесе патент алуға байланысты істерді патенттік сенім білідірілген өкілсіз

Қазақстан Республикасы жерінде хат-хабармен алмасу үшін мекен-жайын көрсеткен

жағдайда жүргізеді.

Басқа өтінім берушілерге өкіл ретінде өтінім берушілердің біреуі, егер олар

бірнешеу болса, өнертабыстың авторы, патенттік сенім білдіруші немесе өзге тұлға

болады.

2) сенімхат өтініммен бірге немесе іс жүргізу барысында беріледі және

өтінімге қоса тіркеледі. Өтінімді бергенге дейін өкіл тағайындалған жағдайда

сенімхат өтінімнің түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей беріледі.

Өкілдің сенімхатпен уәкілетті етілген кез келген іс-әрекеті немесе сараптама

жасау ұйымының оған қатысты іс-әрекеті өтінім берушінің іс-әрекетіне не өтінім

берушіге қатысты салдарға әкеп соғады.

Егер тиісті нысанда ресімделген сенімхат уақытында берілмесе, онда өкілмен

жасалған іс-әрекет заңсыз деп танылып, назарға алынбайды.

Тиісті нысанда ресімделген сенімхат берілгенге дейін өкілмен жасалынған іс-

әрекеттер жарамсыз болып табылады және назарға алынбайды.

3) өтінім беруші немесе оның құқықтың мұрагері сараптама жасау ұйымына

жазбаша өтінім беру арқылы өкілдің тағайындалуын тоқтата алады.

59. Сараптама жасау ұйымымен хат жазысу:

1) хат жазысу өтінім берушімен немесе оның уәкілетті өкілімен әрбір өтінім

бойынша жеке түрде жүргізіледі.

2) материалдар сараптама жасау ұйымына тікелей немесе почта арқылы

жіберіледі.

3) өтінімді берген соң жіберілген материалдарда өтінім берушінің (егер өтінім

берушілер бірнеше адам болса, әрқайсысының қолы қойылады) немесе оның өкілінің

нөмірі мен қолы болуы керек. Егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, өтінімге

ұйым жетекшісінің немесе лауазымын көрсетіп заңды тұлғаның құрылтайшылық

құжаттарымен оған уәкілеттілік берілген уәкіл қолын қояды; қолы осы заңды тұлғаның

мөрімен бекітіледі.

4) өтінімнің нөмірі көрсетілмеген материалдар, егер нөмірді басқа түрде

анықтай алмағанда, қаралмай, қайтарылып беріледі.

5) өтінім бойынша өндіріс үдерісінде жіберілген материалдар Заңмен

белгіленген мерзім ішінде беріледі.

6) сараптама жасау ұйымында іс жүргізу мемлекеттік немесе орыс тілінде

жүргізіледі. Өтінім берушімен өзге тілде берілген материалдарға мемлекеттік немесе

орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.

7) сараптама жасау ұйымына берілген жеткілікті ресімделмеген, оқуға қиын

материалдар қаралмайды. Осындай материалдарды берген тұлғаға тиісті хабарлама

жіберіледі.

8) Өтінім материалдарының факс арқылы жіберілген түпнұсқалары олардың факс

арқылы түскен күнінен бастап бір ай ішінде бұрын келген құжаттарға сәйкес ілеспе

хатпен бірге жіберіледі. Осы талаптардың орындалғанында материалдардың келіп түскен

күні болып олардың факспен келіп түскен күні саналады. Егер материалдардың

түпнұсқалары көрсетілген мерзімнен кейін келіп түссе, немесе факспен келіп түскен

материалдар түпнұсқаға сәйкес келмесе, материалдар олардың түпнұсқалары келіп

түскен күннен саналады, ал факс арқылы келіп түскен материалдардың мазмұны содан

кейін назарға алынбайды. Факс арқылы берілген, өтінімге қатысты материалдар

түспеген болып саналады. Егер факспен келген өтінімнің кейбір материалдары не

олардың бөлігі оқылмаса не алынбаса, тиісті материалдар түпнұсқаның келіп түскен

күнінен бастап саналады. Өтінім беруші оқылмайтын бөлігін алып тастағанда, факс

келіп түскен күннен бастап саналуы мүмкін.

9) құпия белгісі бар материалдар арнайы байланыс түрін пайдалану арқылы

жіберіледі.

60. Өтінім құжаттарына түзетулер мен анықтауларды енгізу:

1) Заңның 21-бабына сәйкес өтінім беруші өтінім бойынша қажетті шешім

қабылдағанға дейін өтінім құжаттарына түзетулер мен анықтаулар енгізе алады.

Өтінімнің құжаттарын түзету мен анықтаулар парақтарды ауыстыру арқылы жүзеге

асырылады. Ауыстырылатын парақтар тиісті құжаттың әрбір данасы үшін мемлекеттік

немесе орыс тілінде немесе құжатты мемлекеттік не орыс тіліндегі аударма арқылы

беріледі және Нұсқаулықтың 45 - 57-тармақтарының талаптарына жауап беруі керек.

Егер өзгерістерді енгізгеннен кейін мәтін парақта жартылай немесе, бұрын бір парақ

болған мәтін одан асып кетсе, онда басқа парақтарды да ауыстыру қажет. Ауыстырылған

парақ беттерін бергенде, ұсынылған ауыстырылатын парақ беттеріне ілеспе хатпен

қысқаша түсініктеме беріледі. Егер өзгерістер өтінім берушінің бастамасымен болса,

түсініктемелер өтінім берушінің хатында беріледі, оған белгіленген мөлшердегі

төлемнің жасалғаны туралы құжат қоса беріледі. Өтінім құжаттарына өтінім берушінің

бастамасы бойынша өтінім түскен күннен бастап екі айдың ішінде жасалынған

өзгертулерге төлем алынбайды.

2) егер түзетулер жаңылыс басылуға, библиографиялық деректерді көрсеткенде

қате жіберуге байланысты болғанда және құжаттың түзетілуі қалпына қайта келтіруге

қатысты ешқандай келеңсіз жағдайларға әкеп соқпаса, өтінім берушінің хатында

парақтарды ауыстырмай түзетулерді енгізу қажеттілігі көрсетіледі.

3) өтінім берушінің, өтінім беруші өкілінің атына қатысты өзгертулер, бұл

ретте ол сол тұлға ретінде қалды, заңды тұлғаның қайта құрылуына байланысты

және/немесе өтінім берушінің мекен-жайы, сондай-ақ инновациялық патент немесе

патент беру өтінімінде көрсетілген хат алысатын мекен-жайға байланысты өзгертулер

өтінім берушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып жүргізіледі, Заңның 21-бабының 2-

тармағына сәйкес өтінім берушінің атын немесе атауын және/немесе оның мекен-жайының

өзгертілгенін растайтын құжат қоса беріледі, және тиісті өзгертулер үшін төлем

жүргізгені туралы құжат беріледі.

4) Қорғау құжатын алу құқығын басқаға беруге байланысты өтінім берушінің

нұсқауларына байланысты немесе өтінім берушінің атауын өзгерту нәтижесіндегі

өзгертулер, сондай-ақ өтінім құжаттарындағы техника сипатындағы қателерді түзету

тиісті төлем жүргізілгенде тиісті Мемлекеттік тізілімде өнертабыстың тіркелу күніне

дейін Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес жасалуы керек.

Егер ұсынылған түзетуден басқа барлығына белгілі әдістерді іске қолдануға

мүмкін болмаса, түзету айқын болып табылады.

61. Өтінімді қараудың кез келген кезеңінде өнертабысты тиісті мемлекеттік

тізімге тіркеу күніне дейін, өтінім беруші өнертабысқа инновациялық патент немесе

патент алу құқығын басқа тұлғаға бере алады.

62. инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінімде көрсетілген

авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару авторлардың құрамын өзгерту болып

танылады.

осы Нұсқаулықтың 12-тармағына сәйкес ресімделген инновациялық патент немесе

патент беру туралы жаңа өтінім беру арқылы авторлардың құрамына өзгерістер

енгізіледі.

инновациялық патент немесе патент беру туралы жаңа өтініммен бірге еркін

түрде жазылған авторлар құрамына тиісті өзгертулер енгізу туралы қолдаухат

өтінімнің нөмірі мен берілген күнін көрсетіп беріледі. Қолдаухатқа өтінім беруші

қол қойып береді және авторлар құрамынан шығарылған жағдайда - шығарылатын автордың

қолы нотариалды куәландырылады (тек ұлттық авторлар мен өтінім бойынша өнертабыс

авторлары, үкімет аралық келісімдердің деректеріне сәйкес). Шығарылатын автордың

нөмірі жеке хатпен өтінімнің тіркелген нөмірі мен күні көрсетіліп ресімделеді;

инновациялық патент немесе патент беру туралы жаңа өтінім берілген күні

авторлардың құрамына енгізілген жағдайда бұрын берілген өтінімде көрсетілген

автордың қолын алу мүмкін болмаса, онда өтінімге келесі тәртіпте ресімделген

жазбаша нөмірі қоса беріледі;

автор қайтыс болған жағдайда немесе оны қайтыс болды болып жариялағанда,

өзгерістерді енгізу нөміріне оның атынан мұрагері қол қояды, ол мұраға өз құқығын

заңды түрде дәлелдеуі керек, мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды

куәландырылған көшірмесін береді;

автор шетелге кеткен жағдайда, өзгерістерді енгізу нөміріне оның атынан

сенімді өкілі қолын қояды, осындай құқықты куәландыратын тиісті түрде ресімделген

құжатты береді. Осындай құжат ретінде патенттік сенім білдірушінің атына

тапсырылған іс-әрекеттің нақты түрлері көрсетілген, Уәкілетті органда тіркелген

сенімхат, немесе Қазақстан Республикасының халықаралық нөмірі тарымен ресмилену

талап етілмеген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде

ремиленген басқа тұлғаға немесе өзара қарым-қатынасында берілген сенімхат бола

алады;

автордың жүрген жері туралы мәліметтің болмаған жағдайында және оларды алуға

мүмкін емес болғанда, ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28-бабына

сәйкес сот шешімі бойынша хабар-ошарсыз кеткен болып танылады, және мүдделі тарап

автордың хабар-ошарсыз кеткенін тану туралы сот шешімінің көшірмесін береді;

авторды іс әрекетке қабілетсіз немесе іс әрекетке қабілеттілігі шектеулі

болып танығанда оның атынан өзгерістер енгізуге нөмірге қамқорлық немесе қорғаушы

белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесін берген қамқоршы немесе қорғаушы қолын

қояды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды

тұлғалар авторлар құрамына өзгерістерді енгізуге құжаттарды уәкілетті органда

тіркелген патенттік сенім білдірушілер арқылы береді, бұл ретте патенттік сенім

білдірушіге берілген сенімхатта аталған іс-әрекеттерді орындауға тапсырма болу

керек.

Өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі ай өткен жағдайда авторлардың

құрамына өзгерістер енгізу, өзгерістерді енгізудің төлемін растайтын құжаттың бар

болғанында жасалады.

Егер құжаттар болмағанда және/немесе берілген құжаттар осы тармақтағы

талаптарға сай болмаса, өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай

ішіндегі мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды жіберу ұсынылады.

Сұралған құжаттарды бермеген жағдайда, жаңа берілген өтінім берілмеген болып

табылады және өзгерістер енгізілмейді, бұл туралы өтінім берушіге хабарлама

жіберіледі.

63. инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінімде бұрын көрсетілген

өтінім берушілердің құрамына қосымша тұлғаны енгізу немесе құрамнан тұлғаны шығару

арқылы өтінім берушілердің құрамын өзгерту немесе жартылай өзгерту болып табылады.

өтінім берушілердің құрамына өзгерістер инновациялық патент немесе патент

беру туралы жаңа өтінім беру арқылы енгізіледі. Өтінім берушілердің құрамындағы

өзгерістері бар жаңа өтінімді бергенде авторлардың қолы міндетті емес.

инновациялық патент немесе патент беру туралы жаңа өтініммен бірге еркін

түрде жазылған өтінім берушілердің құрамына тиісті өзгертулер енгізу туралы өтінім

өтінімнің нөмірі мен берілген күнін көрсетіп беріледі. Өтінімді өтінім беруші

(өтінім берушілер) инновациялық патент немесе патент беру туралы Нұсқаулықтың 12-

тармағымен белгіленген тәртіпте қол қойып береді. Шығарылатын өтінім беруші-жеке

тұлғаның қолы нотариалды куәландырылуы керек (тек ұлттық өтінім берушілер мен

үкіметаралық нөмірлердің деректеріне сәйкес өтінім берушілер үшін).

инновациялық патент немесе патент беру туралы жаңа өтінімде көрсетілген

өтінім берушінің орнын мұрагермен ауыстырғанда, аталған мұрагердің қолы өтінімнің

соңында көрсетіледі, ол өзінің мұрагерлік құқығын заңды түрде дәлелдеуі керек.

егер өнертабысқа инновациялық патент немесе патент алуға жаңа өтініш бергенде

алғашқы өтінімде көрсетілген өтінім берушінің қолын алуға мүмкіндік болмаса,

қолдаухатқа жазбаша келісім қоса беріледі.

автор қайтыс болған жағдайда немесе оны қайтыс болды болып жариялағанда,

өзгерістерді енгізу нөміріне оның атынан мұрагері қол қояды, ол мұраға өз құқығын

заңды түрде дәлелдеуі керек, мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды

куәландырылған көшірмесін береді;

автор шетелге кеткен жағдайда, өзгерістерді енгізу нөміріне оның атынан

сенімді өкілі қолын қояды, осындай құқықты куәландыратын тиісті түрде ресімделген

құжатты береді. Осындай құжат ретінде патенттік сенім білдірушінің атына

тапсырылған іс-әрекеттің нақты түрлері көрсетілген, Уәкілетті органда тіркелген

сенімхат, немесе Қазақстан Республикасының халықаралық нөмірі тарымен ресмилену

талап етілмеген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде

ремиленген басқа тұлғаға немесе өзара қарым-қатынасында берілген сенімхат бола

алады;

автордың жүрген жері туралы мәліметтің болмаған жағдайында және оларды алуға

мүмкін емес болғанда, ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28-бабына

сәйкес сот шешімі бойынша хабар-ошарсыз кеткен болып танылады, және мүдделі тарап

автордың хабар-ошарсыз кеткенін тану туралы сот шешімінің көшірмесін береді;

авторды іс әрекетке қабілетсіз немесе іс әрекетке қабілеттілігі шектеулі

болып танығанда оның атынан өзгерістер енгізуге нөмірге қамқорлық немесе қорғаушы

белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесін берген қамқоршы немесе қорғаушы қолын

қояды.

өтінім берушілердің құрамына өзгерістерді заңды тұлғаның қайта құрылуына

(қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылуға) байланысты енгізгенде, өтінімге және

жаңа өтінімге құқықтың сол түрі бойынша мұрагерлігін растайтын құжатты берген

(бөлінетін баланс немесе тапсыру кесімінен үзінді) оның құқықтық мирасқоры қолын

қояды.

заңды тұлғаның таратылуына байланысты өзгерістер енгізгенде өтінім мен жаңа

өтінімді құқықтың берілгенін растайтын құжатпен тиісті құқыққа ие болған тұлға

қолын қояды.

егер заңды тұлғаны таратқан кезде инновациялық патент немесе патентті алуға

құқы тапсырылмаса немесе таратылған заңды тұлғаның қолын алу мүмкін болмаса, онда

өтінім астына аталған заңды тұлғаның қолы талап етілмейді. Бұл ретте мүдделі тарап

заңды тұлғаның таратылған фактісін дәлелдейтін және тиісті құқықтардың

тапсырылмағаны туралы құжатты береді.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын азаматтар және шетелдік заңды

тұлғалар өтінім берушілердің құрамына өзгерістерді енгізуге құжаттарды Уәкілетті

органда тіркелген патенттік сенім білдірушілер арқылы береді, бұл ретте патенттік

сенім білдірушіге берілген сенімхатта аталған іс-әрекеттерді орындауға тапсырма

болу керек.

егер өтінім түскен күннен бастап екі ай өткен соң өтінім берушілердің

құрамына өзгерістер енгізілсе, инновациялық патент немесе патент беру туралы

өтінімге төлем туралы құжат қоса беріледі.

егер құжаттар болмаса және/немесе берілген құжаттар осы тармақтағы талаптарға

сай болмаса, өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішіндегі

мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды жіберу ұсынылады.

Сұралған құжаттарды бермеген жағдайда, жаңа берілген өтінім берілмеген болып

табылады және өзгерістер енгізілмейді, бұл туралы өтінім берушіге хабарлама

жіберіледі.

64. Өтінім беруші (оның өкілі) берілген өтінім және оған қатысты

материалдармен тікелей сараптама жасау ұйымында танысудың күні мен уақытын келісе

отырып, сондай-ақ өтінімнің, оған қатысты материалдардың немесе олардың

бөліктерінің көшірмесіне сұраным жасау арқылы таныса алады.

65. Заңның 22-бабының 12-тармағына сәйкес өтінім беруші сараптама жасау

ұйымынан сұранымда көрсетілген материалдардың көшірмесін, сараптама жасау ұйымының

қорытындысын немесе Ақпараттық іздестіру туралы есепті сұрай алады. Патенттік

материалдардың көшірмесі өтінім берушінің сұранымы алынған күннен бастап бір айдың

ішінде жіберіледі.

66. Өтінім берушінің қатысуымен өтінімге байланысты мәселелерді қарау

сараптама жасау ұйымының ұсынысы бойынша немесе өтінім берушінің өтінімі бойынша

екі тараптың сол мәселелермен таныс болғанынан кейін жүргізіледі. Сараптама

мәселелері сұранымда көрсетілуі мүмкін, онда қосымша кездесудің мақсатқа сәйкестігі

туралы, өтінім берушінің мәселелері - оны өткізу туралы өтінімі хабарланады.

Сұраным болған жағдайда өтінім беруші оған жауапты үш айлық мерзім ішінде

береді, бұл өтінім берушінің өтінімді қарауға қатыса алу ниетіне байланысты емес.

Өтінімді қараудың күні мен уақыты алдын ала келісіледі. Жағдай өзгергенде,

өтінімді қарауға қатыса алмайтын тарап бұл туралы басқа жаққа дереу хабарлайды.

Егер сараптама жасау ұйымы немесе өтінім беруші бірлескен қарауды мезгілсіз

немесе мақсатсыз болып санаса, сараптама жасау ұйымы немесе өтінім берушінің

өтінімі тиісті дәлелдерді келтіріп қабылдамайды.

Өтінім беруші сараптама жасау ұйымына өзінің қатысуымен өтінімді қарау туралы

өтініммен алдын ала келіспей келгенде оны қабылдамауы мүмкін.

Өтінімді қарауға өтінім беруші немесе өтінім берушінің өкілі, өкілетті тұлға

осы Нұсқаулықтың 58-бабының шарттарын сақтаған жағдайда қатыса алады, жалғыз өтінім

беруші болып табылмайтын тұлға басқа өтінім берушілер болмаған жағдайда тек

өкілдікке сенімхаты бар болғанда ғана қатысады.

Өтінім берушінің қатысуымен өтінімді қарау келіссөздер немесе сараптама

кеңесін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Келіссөздер егер мәселелер сараптамашы және өтінім берушімен тікелей

шешілгенде; Сараптама кеңесі - егер сараптама тарапынан кейбір мамандардың

қатысуымен мәселелерді шешу қажет болғанда жүргізіледі.

Келіссөздер немесе сараптама кеңестерінің нәтижелері бойынша белгілі нысан

бойынша екі дана хаттама жасалады, онда қатысушылар туралы мәліметтер, тараптармен

келтірілген дәлелдер мен ұсыныстар, және бұдан арғы іс жүргізу туралы мәліметтер

болады.

Хаттамада:

өтінім берушімен (оның өкілімен) ұсынылған өнертабыстың формуласының жаңа

редакциясы;

өтінімді қайтарып алу туралы өтінім;

жазбаша түсініктемелерді талап ететін сараптама мәселелері келтіріледі.

Хаттамаға талқылаудың барлық қатысушылары қолын қояды. Бір дана өтінімнің

материалдарына тіркеледі, екіншісі өтінім берушіге (оның өкіліне) беріледі.

Талқыланып жатқан мәселелер бойынша нөмірінің болмаған жағдайында талқылаудың

қатысушыларының ерекше пікірі жазылады. Өтінім берушіге (оның өкіліне) берілетін,

тиісті қорытындысы бар хаттаманың данасы іс жүргізуді тоқтату туралы хабарламаны

немесе сараптама сұранымын ауыстыра алады (өтінімді қайтарып алған жағдайда), бұл

туралы онда тиісті жазба ресімделеді.

Хаттама өтінім берушінің сараптамаға жасаған сұранымына жауап ретінде

беріледі (егер бұл ретте жауап қайтарудың белгіленген мерзімі бұзылмаса). Бұл ретте

хаттамаға тиісті жазба енгізіледі.

Хаттамада келтірілген өзгерістерді өтінімнің құжаттарына енгізу осы

Нұсқаулықтың 60-тармағымен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

67. Егер мерзім "... күннен бастап... ішінде (кешіктірмей) (өткенге дейін)"

сөз тіркестерімен білдірілсе, аталған күннен кейінгі келесі күннен бастап

есептеледі. Мерзімнің аяқталуы мерзімнің соңғы айының тиісті күні аяқталады. Егер

мерзімнің соңғы күні жұмыс емес күніне келсе, мерзімнің аяқталу күні болып одан

кейінгі жұмыс күнінің бірінші күні саналады. Егер мерзімнің аяқталуы сол айдың

ішіндегі тиісті санның жоқ күніне келіп түссе, мерзім сол айдың соңғы күні

аяқталады.

Мерзімнің соңғы күні байланыс ұйымына тапсырылған материалдар уақытында

жіберілген болып саналады.

68. Сұратылған құжаттар мен қосымша материалдарды тапсыру мерзімін ұзарту:

1) Заңның 22-бабының 3 және 8-тармақтары мен 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес

сұралған құжаттар мен қосымша материалдарды өтінім берушімен тапсыру мерзімі тиісті

өтінімді бергенде ұзартылады.

2) аталған мерзім Заңның 22-бабының 13-тармағына сәйкес патент беруге

арналған өтінімді қарағанда оның өтіп кеткен күнінен бастап 12 айдан аспайтын

мерзімге (соның ішінде егер өтінімхат бірнеше рет берілсе де) және инновациялық

патент беруге арналған өтінімді қарағанда оның өтіп күнінен бастап 3 айдан аспайтын

мерзімге сараптама жасау ұйымымен ұзартылады;

3) мерзімді ұзарту туралы қолдаухат еркін нысанда өтінім берушіге сұранымды

жіберген күннен бастап үш ай ішінде немесе Заңның 22-бабының 8-тармағына сәйкес

сараптама жасау ұйымымен оған өтінімді жіберген күннен бастап өтінім берушімен

сұратылған өтінім материалдарына қарсы қойылған көшірмелерді жіберген күннен бастап

екі айдың ішінде жіберіледі.

4) сұратылған материалдарды және қосымша материалдарды тапсыру мерзімін

ұзарту туралы өтінім берушіге хабарлама жасалады.

5) егер өтінімхатты ұсыну мерзімі сақталмаған жағдайда ол

қанағаттандырылмайды және бұл жөнінде өтінім берушіге хабарлама жасалады.

69. Өтінім беруші сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік тізіліміне

өнеркәсіптік меншік объектісі тіркелгенге дейін жіберген өтінімді қайтарып алуына

болады.

70. Өнертабыс өтінімін қайтарып алу туралы өтінім Қазақстан Республикасы

өнертабыстарының мемлекеттік тізіліміне тіркелген күнінен кешіктірілмей берілуі

керек.

Осындай өтінім түскенде, өтінім берушіге белгіленген мерзімде өтінімді

қайтарып алу туралы хабарлама жіберіледі.

өтінім берушіге өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама жіберілген соң, сол

өтінімге қатысты іс жүргізу тоқтатылады.

7. Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған

өтінімдерді қарастыру 71. Келіп түскен өтінім құжаттарын тіркеу келесідей жүзеге асады:

1) сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінімнің құжаттары, егер онда кем

дегенде инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінім болғанда, олардың

келіп түскен күні көрсетіліп тіркеледі.

Өтінім құжаттарының түскені туралы сараптама жасау ұйымымен қойылған

деректері (тіркеу нөмірі және түскен күні) бар өтінімнің бір данасы немесе

хабарлама жіберу арқылы өтінім беруші хабарландырылады.

2) сараптама жасау ұйымының барлық шығыс құжаттары тек бір мекен-жай бойынша

жіберіледі, бұл ретте: егер өтінімнің "хат-хабар жазысуға арналған мекен-жай"

бағанында өтінім берушінің немесе өтінім берушілердің біреуінің мекен-жайынан басқа

мекен-жай көрсетілсе, егер олар бірнеше болса не өтінім берушінің (өтінім

берушілердің) өкілінің мекен-жайы болса, онда хат-хабар өтінім берушінің мекен-

жайына немесе, егер өтінім берушілер бірнешеу болса, - өтінімде бірінші көрсетілген

өтінім берушіге, бұл ретте, егер барлық өтінім берушілер Қазақстан Республикасының

аумағында тұрса немесе жүрсе, онда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын

немесе жүрген, бірінші болып көрсетілген өтінім берушінің атына жіберіледі;

егер өтінімнің "хат-хабар жазысуға арналған мекен-жай" бағаны толтырылмаса,

онда хат-хабар өтінім берушінің мекен-жайына немесе, егер өтінім берушілер бірнешеу

болса, - Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе жүрген өтінімде бірінші

көрсетілген өтінім берушінің атына, егер өтінім берушілердің барлығы Қазақстан

Республикасының аумағында тұрмаса немесе жүрмесе, атына жіберіледі;

3) өтінім құжаттарының мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болмаса,

егер олар өзге тілде берілсе, өтінім берушіге өтінім берген күннен бастап екі ай

ішінде тиісті төлем жасалғаны туралы құжаттың расталғанында аударманы тапсыру

туралы хабарлама жасалады. Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес аталған аударманы

ұсыну мерзімі екі айдан артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін. Белгіленген мерзім

ішінде аударма тапсырылмаған жағдайда, өтінім берілмеген болып танылады және ол

бойынша іс жүргізілмейді.

Өтінімнің тіркелген құжаттары қайтарылуға жатпайды.

Егер құпия емес болып табылатын өнертабыс өтінімін тіркеген соң, онда

мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің бар екені анықталса, онда өтінімді

белгіленген тәртіпте құпияландыру шаралары қолданылады.

72. Егер мәлімделген өнертабыс белгіленген тәртіпте құпиялы болып табылса,

Заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес өнертабысқа құқықтық қорғау берілмеуі туралы

өтінім берушіге хабарлама жасалынады.

73. Берілген өтінімнің төлемін тексеру:

Инновациялық патент немесе өнертабыс патентін беру өтінімдерінің тіркелген

құжаттарында өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжаттың

болуы тексеріледі.

Осындай құжат болмаған жағдайда және белгіленген мөлшерден кем төлем

жасалғанда (Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, жалпы білім

беретін мектептің, кәсіби-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының

оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері), оның мөлшерiн азайту негiздемесiн

растайтын құжаттың болмағанында, өтінім берушіге жоқ құжаттың (құжаттардың)

және/немесе белгіленген мөлшерге дейінгі төлемнің жүргізілгені туралы құжатты

тапсыру туралы хабарлама жасалады, Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес олар өтінім

құжаттарының келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде тапсырылады.

Сонымен қатар төлем жөнiндегi аталған құжаттардың белгiленген мерзiм мен

белгіленген мөлшерде тапсырылмаған жағдайында өтiнiм берiлмеген болып есептеледi

және ол бойынша іс жүргізілмейтіні туралы өтінім берушіге хабарлама жіберіледі.

74. Өтінімнің берілген күнін анықтау:

1) өнертабысқа, өнертабыс сипаттамасы мен сызбаларға, егер сипаттамада оларға

сілтеме болса қорғау құжатын (инновациялық патент немесе патент) беру туралы

өтінімі бар өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні бойынша өтінімнің

берілген күні анықталады.

Егер өтінім келіп түскен күні өтінім ішінде жоғарыда аталған мәліметтер және/немесе

құжаттар болмаса, олардың ең соңғысының келіп түскен күні өтінімнің берілген күні

болып саналады;

2) егер бастапқы келіп түскен құжаттар осы тармақтың 1) тармақшасының

талаптарын қанағаттандырмаса, өтінім берушіге сұраным жіберілген күннен бастап үш

ай ішінде осы кемшіліктерді жою ұсынысы бар сұраным жіберіледі.

3) өтінімдегі кемшіліктердің жойылғанын көрсететін материалдардың келіп

түскенінде, олардың келіп түскен күні өтінімнің берілген күні болып белгіленеді.

4) осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген мерзімде сұралған материалдар

келіп түспеген жағдайда, өтінім берілмеген болып саналады. Өтінім берушіге

өтінімнің берілмеді болып танылғаны туралы хабарлама жіберіледі.

75. Өтінім туралы мәліметтер сараптама жасау ұйымына келіп түскен кезінен

бастап, инновациялық патент немесе патент беру туралы мәліметтердің жарияланымға

дейінгі мерзімді құпия болып саналады және жариялауға жатпайды.

76. Өнертабысқа патент бергенде, шет елдерінде сараптама жасау ұйымына

берілген өтінімге өтінім берушінің өтінімі бойынша сараптама жасау ұйымы бірінші

өтінімнің куәландырылған көшірмесін сараптама жасау ұйымына оның берілген күнінен

бастап үш айдан кейін береді. Сараптама жасау ұйымының рұқсаты бойынша бірінші

өтінімнің куәландырылған көшірмесі көрсетілген мерзімнен бұрын берілуі мүмкін.

Өтінім берушінің бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін белгіленген

мерзімнен бұрын беру туралы қолдаухаты бойынша бірінші өтінімнің куәландырылған

көшірмесі дайындалады.

8. Өтінімнің ресми сараптамасы 77. Өнертабысқа патент беруге арналған өтінімнің ресми сараптамасы

Нұсқаулықтың 74-тармағына сәйкес өтінімнің берілген күні анықталғаннан бастап

жүргізіледі.

78. Өтінімге ресми сараптама жүргізгенде:

өтінімде болуы керек немесе оған осы Нұсқаулықтың 5-тармағының талаптарын

сақтау арқылы қоса берілетін құжаттардың болуы;

Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім беру үшін белгіленген мөлшердегі

тиісті төлемдер;

өтінім құжаттарына белгіленген талаптардың сақталуы, соның ішінде

өнертабыстың мәнін талдамай өнертабыс бірлігінің талаптарын сақтау;

Заңның 36-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайларда өтінім бойынша іс

жүргізу тәртібін сақтау, соның ішінде патенттік сенім білдірушінің өкілеттігін

куәландыратын сенімхаттың болуы және оның дұрыс ресімделуі;

қосымша материалдарды берудің белгіленген тәртібінің Заңның 22-бабының 2-

тармағына сәйкес сақталуы;

өтінім берушімен жүргізілген өнертабыстың ХПЖ бойынша жіктелудің дұрыстығы

(немесе осындай жіктелу жүргізіліп жатса, егер ол жоқ болса) тексеріледі.

79. Егер ресми сараптама үдерісінде өтінім құжаттарының талаптары бұзыла

отырып ресімделгені анықталса, өтінім берушіге анықталған кемшіліктері көрсетілген,

заң сипатындағы қажетті дәлелдерді келтіріп және жетіспейтін немесе түзетілген

құжаттарды осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді

ұсынылған сұраным Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес жіберіледі. Бірінші өтінімнің

(өтінімдердің) жетіспеген көшірмесі (көшірмелері) конвенциялық басымдықты сұратқан

жағдайда сараптама жасау ұйымына өтінімнің келіп түскен күнінен бастап алты ай

ішінде берілуі мүмкін.

Сұраным негіздемелері болып табылатындар:

1) осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарымен көзделген құжаттардың біреуінің

өтінімде болмауы;

2) өкілге сенімхатты ресімдеудің талаптарын бұзу;

3) өтінім құжаттарының даналарын белгіленген мөлшерден кем тапсырғанда;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті

органда патенттік сенім білдірушілер арқылы емес тіркелген шетелдік заңды

тұлғалармен өтінім берілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық

нөмірімен осындай тапсырудың тәртібі белгіленбесе, патенттік сенім білдірушіні

тағайындау қажеттігі;

5) патент беру өтінімінде осы Нұсқаулықпен көзделген қажетті мәліметтердің,

деректемелердің, қолдардың, мөр бедерлемесінің, сондай-ақ өтінімде келтірілген

мәліметтерді нақтылау қажеттілігінің болмауы;

6) төлемге байланысты мәселелерді анықтау қажеттілігі;

7) құжаттарды ресімдегенде тікелей көшірмеге кедергі болатын кемшіліктерді

анықтау (парақ форматы, шеткі мөлшер талаптарын бұзу, баспа сапасы, өтінім

материалдарын оқу қиындығы);

8) егер өнертабыс атауын арнайы атау енгізілсе, Қазақстан Республикасында

қорғалатын үшінші тұлғалардың құқығын бұзуға байланысты мәселелерді айқындау

қажеттілігі;

9) өтінімде жалпыға қол жетімді болып табылмайтын ақпарат көздеріне сілтемесі

болғанда, не ондағы қандай да бір мәліметтерді жариялауға мүмкін емес нұсқаудың

болуы (патент туралы мәліметтерді жариялағанда аты аталғанын қаламаған авторлар

туралы мәліметтерді санамағанда);

10) құқықтық қорғау сұралып отырған өнертабыс объектісінің өнертабыс

формуласында көрсетілмеуі;

11) өнертабыс формуласында объектінің тиісті түрінің белгілерінің орнына тек

оны жүзеге асыру кезінде және/немесе пайдаланғанда орын алғанда пайдалану

көрсеткіштері мен тұтынушы қасиеттері, тиімділігі мен құбылыстары туралы

деректердің болуы;

12) формула тармағын бір сөйлем түрінде мазмұндау туралы осы Нұсқаулықтың 32-

тармағындағы талаптың бұзылуы;

13) теңдестіруді қамтамасыз ететін өнертабыс белгілерінің формуласында

мазмұндау туралы Нұсқаулықтың 25-тармағындағы 5) тармақша талаптарының бұзылуы;

14) оның орындалуы немесе пайдаланылуының жеке жағдайларында қоғамдық

мүдделерге, адамгершілік және моральдік қағидаларға қайшы келетін белгілердің көп

тізбекті өнертабыс формуласындағы тәуелді тармақтарында болуы;

15) осы Нұсқаулықтың 34-тармағындағы талаптардың бұзылуы, оған сәйкес

формуланың тәуелсіз тармағы тек бір өнертабысқа қатысты болу керек;

16) өнертабыс формуласындағы тәуелсіз тармақтың болуы, ол сол формуланың

өзіне тәуелді болатын тармағындағы белгінің (белгілердің) алынып тасталуын немесе

ауыстырылуын болжайды;

17) өтінім құжаттарының бір-біріне сәйкес келмеуі (атап айтқанда, өтінімдегі

өнертабыстың атауы сипаттамадағы атауға сәйкес келмейді; сызбалар өнертабыстың

сипаттамасына сәйкес келмейді);

18) рефератқа қойылған осы Нұсқаулықтың 42-тармағындағы талаптардың бұзылуы;

19) өнертабыс формуласында, сипаттамасында және рефератта жалпы қолданылатын

терминологияның пайдаланылуы туралы және өтінім материалдары мәтінінде терминология

бірлігін сақтау туралы осы Нұсқаулықтың 46-тармағындағы талаптардың бұзылуы;

20) өтінімде сұралған бұрынғы басымдыққа байланысты мәселелерді анықтау

қажеттілігі;

21) мәлімделген өнертабыстың (өнертабыс тобының) мәнді талдауысыз анықталған

сипаттамасына, формуласына және рефератқа қойылған осы Нұсқаулықтың басқа

талаптарының бұзылуы.

Сұранымда бір өнертабысқа немесе бірыңғай жасампаздық ойды білдіретін

өнертабыс тобына жататын нақтыланған сипаттама мен формуланы тапсыруды өтінім

берушіге ұсынылады.

Сұранымға сәйкес енгізілген түзетулері, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы

бойынша жасалған түзетулері бар өтінім берушімен түзетілген құжат Нұсқаулықтың 101-

тармағындағы талаптарды сақтай отыра беріледі.

Сараптаманың сұранымына жасалған жауап оның жіберілген күнінен бастап үш

айдан кешіктірілмей берілуі керек.

Өтінімнің сараптамасы сұранымға жауап алғанша тоқтатыла тұрады.

Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылып отырған құжаттарды немесе

осы Нұсқаулықтың 68-тармағындағы талаптарды сақтай отыра олардың мерзімін ұзарту

туралы өтінімхатты тапсырмаса, өтінім шақырылып алынған болып саналады, бұл туралы

өтінім берушіге хабарлама жіберіледі.

Сараптама жасау ұйымы өтіп кеткен мерзімді қалпына келтірген жағдайда, іс

жүргізу Нұсқаулықтың 69-тармағына сәйкес әрі қарай жалғастырылады.

80. Өтінім мәнін жіктеу.

Өтінім мәнін техниканың сол немесе өзге саласына сәйкестіру мақсатында

сараптама жасау ұйымы мәлімделген өнертабысты ХПЖ-ға сәйкес жіктейді.

Жіктеу:

ресми сараптама жүргізгенде;

ақпараттық іздестіру және/немесе мәні бойынша өтінім сараптамасын жүргізгенде

жүзеге асырылады.

Жіктеу ХПЖ-ның Кіріспесімен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

Жіктеу жүргізгенде мәлімделген өнертабыстың формуласы жіктеу индексін таңдау

үшін негіздеме болып табылады.

Өнертабыстың мәнін толық түсіну үшін сипаттама мен сызбалар қолданылады.

Егер өтінім ХПЖ-ның әр түрлі тақырыптарына жататын бірнеше объектілерді

қамтыса, онда барлық тиісті жіктеу индекстері белгіленеді. Бұл ретте бірінші

индекстің таңдауы өнертабыстың атауымен анықталады.

Ресми сараптама сатысында анықталған жіктеу индекстері өтінімге мәні бойынша

сараптама жүргізгенде өзгертілуі мүмкін.

81. Өтінім берушіге өтінімдер мен түзетілген немесе айқындалған

материалдардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі туралы хабарлама жіберіледі.

1) егер мәлімделген өнертабыстардың мәндік талдауысыз өтінімді қарастыру

нәтижесінде өтінімнің өнертабыс бірлігін бұза отырып берілгені анықталса, өтінім

берушіге бұл туралы хабарлама жасалады және оны жіберген күннен бастап үш айдың

ішінде өнертабыстың қайсысы қаралу керектігін және өтінім материалдарына сәйкесінше

нақтылауды енгізу хабарланады.

Өнертабыстың бірлік талаптарын сақтау өнертабыстың алғашқы формуласына қатысы

бойынша немесе, егер ол өзгертілсе, өтінім берушімен бекітілген тәртіпте ұсынылған

соңғысына қатысы бойынша тексеріледі.

Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде өнертабыстың (немесе бірлік талабына

сай өнертабыс тобын, егер осындай топ мәлімделген өнертабыстардың ішінде болса)

қайсысын қарау керектігін хабарламаса, және нақтыланған құжаттарды тапсырмаса,

сараптама тек формулада бірінші болып көрсетілген өнертабысқа (немесе формулада

бірінші болып көрсетілген, топты құрайтын өнертабыс бірлігінің талаптарына сай

өнертабыстарға) қатысты жүргізіледі.

2) егер қосымша материалдар мәлімделген өнертабыс мәнін толығымен немесе

ішінара өзгертсе және/немесе Нұсқаулықтың 106-тармағымен көзделген талаптарды

сақтамай тапсырылса, сараптама жүргізгенде олардың толығымен немесе тиісті

бөлігінде назарға алынбауы мүмкіндігі туралы өтінім берушіге хабарланады.

Бұл ретте, өтінімнің құжаттарын түзететін немесе нақтылайтын қосымша

материалдар осы Нұсқаулықтың 60-тармағының талаптарын бұзып берілгені анықталса,

өтінім беруші бұл туралы хабарланады.

Өтінім материалдарында сұранымға негіз болатын Нұсқаулықтың өзге талаптарының

бұзылғаны болған жағдайда, осы бұзушылықтар туралы хабарламалар сұранымда

келтіріледі.

82. Егер өтінімде барлық қажетті құжаттар болса және оларға қойылған талаптар

сақталса, өтінім беруші ресми сараптаманың оң нәтижесі туралы хабарландырылады.

9. Өтінімге мәні бойынша сараптама жасау

83. Өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізгенде:

Заңның 20-бабының 2-6-тармақтарына сәйкес өнертабыс басымдығын анықтайды;

Нұсқаулықтың 93-тармағына сәйкес өнертабыстың формуласын тексереді;

қосымша материалдардың тексеріледі, егер осындай құжаттар Заңның 22-

бабының 8-тармағына сәйкес өтінім берушімен тапсырылса;

техника деңгейін анықтау үшін формулада сипатталған өнертабысқа қатысты

ақпараттық іздестіру жүргізіледі;

патент беру не патент беруден бас тарту туралы шешімді немесе өтінімнің қайта

шақырылып алынғаны туралы шешімнің Заңмен бекітілген патент қабілеттілігінің тарына

өнертабыстың сәйкестігін тексеру жүргізу.

84. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталған жағдайда және өтінімге мәні

бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда өтінімге мәні бойынша сараптама

жүргізіледі.

85. Өнертабысқа күн бойынша басымдық Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес

жүргізіледі.

86. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымына жіберген өтінім күнінен ерте күнге

басымдық сұрағанда Заңның 20-бабының 2-6-тармақтарында көрсетілген шарттардың

орындалғандығы тексеріледі.

87. Өтінім берушінің бұрын берілген өтініміне қосымша материалдардың келіп

түскен күні бойынша конвенциялық басымдықты Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес

жүргізіледі және тексеріледі:

өтінімде көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) конвенциялық өтінімді беруге

құқығының болуы;

конвенциялық басымдықты сұрағанда өтінім берушімен мерзімнің сақталуы

(сараптама жасау ұйымына өтінімнің түскен күнінен бастап екі айдан асырмай);

бірінші өтінімнің көшірмесінің болуы және оны тапсыру мерзімін сақтау

(сараптама жасау ұйымына өтінімнің түскен күнінен бастап алты айдан асырмай). Егер

бірінші өтінімдер бірнешеу болса, аталған тар өтінімнің әрбір көшірмесіне қатысты

сақталуы керек;

Бірінші өтінімнің берілген күнін санағанда он екі ай мерзімді өтінім

берушімен сақталуы, осы мерзім ішінде конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына

келіп түсуі керек. Егер өтінім аталған мерзімнен кеш, бірақ оның аяқталған күнінен

бастап екі айға дейін түссе, аталған он екі ай мерзім ішінде өтінім беруге кедергі

болған, оған бағынышты емес жағдайларды өтінім берушімен аталғаны тексеріледі, және

олардың құжатпен расталу қажеттілігі, егер осындай растау жоқ болса, белгіленеді.

88. Сол өтінім берушінің сараптама жасау ұйымына неғұрлым бұрын берiлген

өтінімнің күні бойынша басымдық Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі

және келесі талаптардың сақталуы тексеріледі:

осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім өнертабысқа неғұрлым бұрын

берілген өтінімнің күнінен бастап он екі ай ішінде немесе пайдалы модельге

өтінімнің неғұрлым бұрын берілген күнінен бастап алты ай ішінде келіп түсуі керек;

өтінім берілген өнертабыс келіп түскен күні бойынша басымдық сұралатын

қосымша материалдарда ашылуы керек.

89. Өтінім берушінің алғашқы өтінімінің сараптама жасау ұйымына берген күні

бойынша осы өнертабысын ашатын бөлектенген өтінімі бойынша өнертабыс басымдығы

Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес орнатылады және келесі талаптардың сақталуы

тексеріледі:

осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім өнертабысқа неғұрлым бұрын

берілген өтінімнің күнінен бастап он екі ай ішінде немесе пайдалы модельге

өтінімнің неғұрлым бұрын берілген күнінен бастап алты ай ішінде келіп түсуі керек;

осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім неғұрлым бұрын берілген

өнертабыс немесе пайдалы модельге өтінім сияқты сол өтінім берушімен немесе оның

құқықтық мирасқорымен берілуі керек;

өнертабыс немесе пайдалы модельге неғұрлым бұрын берілген өтінімде

мәлімделген өнертабыс ашылуы керек;

бұрын берілген өтінім бойынша неғұрлым бұрын берілген басымдық сұралмауы

керек.

Бұрын берілген өтінімдердің негізінде басымдықты сұрағанда аталған

талаптардың сақталуы олардың әрбіріне қатысты белгіленеді.

Аталған басымдықты сұрағанда неғұрлым бұрын берілген өтінім (немесе барлық

өтінімдер, егер олар бірнешеу болса) қайтадан шақырылып алынған (алынғандар) болып

саналады, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.

90. Сол өтінім берушінің алғашқы өтінімінің сараптама жасау ұйымына берген

күні бойынша осы өнертабысын ашатын бөлектенген өтінімі бойынша өнертабыс

басымдығын өтінім беруші сұрағанда Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес келесі

талаптардың сақталуы тексеріледі:

бөлектенген өтiнiм сараптама жасау ұйымына өнертабыс немесе пайдалы модельге

бастапқы өтінім бойынша шағым беруге мүмкіндіктері тәмәмдалған (демек өтінім

бойынша іс жүргізуді жалғастыру мүмкіндігі кезеңінде), патент беруден бас тарту

туралы шешімді қабылдағанға дейін, немесе өнертабысқа немесе пайдалы модельге

патент беру туралы шешімді бастапқы өтінім бойынша қабылдаған жағдайда, қорғау

құжатының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде тіркелген күніне дейін

түсуі керек; Бөлектенген өтінім бойынша мәлімделген өнертабыс бастапқы өтінімде, ал

егер өтінім конвенциялық өтінімнен бөлінсе және басымдық оның басымдық күні бойынша

сұралса, онда бірінші өтінімде ашылуы керек.

91. Өтінім берушімен бірнеше басымдықтар сұралған жағдайда, осындай

басымдықтарды сұрау үшін өтінім берушімен көрсетілген негіздемелерге байланысты осы

Нұсқаулықтың 87-90-тармақтарында аталған тиісті талаптардың сақталуы белгіленеді.

Сонымен, формуланың тәуелсіз және тәуелді тармақтарында сипатталған

өнертабысқа қатысты берілген күндері әр түрлі алғашқы екі өтінімнің негізінде әр

түрлі конвенциялық басымдықтар сұралса Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес, осы

Нұсқаулықтың 87-тармағында көрсетілген талаптардың өтінім берушімен сақталуы

белгіленгенде бірінші екі өтінімнің көшірмелері, бірінші екі өтінімнің күндеріне

қатысты он екі айлық мерзімнің сақталуы тексеріледі.

92. Өнертабыс басымдығын белгілеу талаптарын сақталуын тексеру:

1) өнертабыс басымдығын белгілеу талаптарын сақталуын тексергенде, осы

Нұсқаулықтың 88-90-тармақтарына сәйкес басымдықты сұрағанда негіз болған, егер

өтінім қайта шақырылып алынған болып саналса, өтінім берушіге өткізіліп алынған

мерзімді қалпына келтіру қажеттігі туралы хабарланады.

Сұралған басымдықты белгілеу ретінде көрсетілген мерзімді өтінім берушімен

сақталуын тексергенде, Нұсқаулықтың 67-тармағын басшылыққа алу керек.

2) басымдықты сұратуға негіз болатын алдында берілген материалдарға (алдында

берілген өтінімдер, қосымша материалдар) ұсынылған өнертабысты ашумен байланысты

талаптарды өтініш беруші орындаған жағдайда, осы материалдарда (сипаттамасында,

алдында берілген өтінім формуласында, қосымша материалдардың текстілік бөлігінде)

мәлімделген өнертабыстың формуласына қосылған барлық белгілердің көрсетілгендігі

тексеріледі.

3) осы Нұсқаулықтың 87-91-тармақтарында көрсетілген талаптардың өтінім

берушімен сақталғанда мәлімделген өнертабысқа қатысты сұралған басымдық

белгіленеді.

4) өнертабыс басымдығы конвенциялық өтінімнен бөлінген өтінім бойынша

сұралғанда, осы Нұсқаулықтың 90-тармағының талаптары сақталғанда, өнертабыс

басымдығы конвенциялық өтінімнің басымдық күні бойынша белгіленеді. Бұл ретте

бөлектенген өтінімнің берілген күні болып сараптама жасау ұйымына конвенциялық

өтінімнің берілген күні саналады.

5) Нұсқаулықтың 87-91-тармақтарында көрсетілген талаптардың ішінен біреуі

сақталмағанда, Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім

берген күн бойынша өнертабыстың басымдығы белгіленеді (бұл туралы өтінім берушіге

алдын ала хабарлама жасалынады).

Егер аталған талаптар формуланың көптізбекті тармақтарының бірінде

сипатталған өнертабысқа қатысты сақталмаса, сараптама жасау ұйымына өтінім беру

күні бойынша басымдық тек осы өнертабыс үшін белгіленеді.

93. Өнертабыстың формуласын тексеру:

1) ресми сараптама нәтижесі бойынша қарауға қабылданған өнертабыс формуласына

қатысты тексеріс жүргізіледі, ал егер ол ресми сараптама аяқталған соң өтінім

берушімен өзгертілсе - онда осы Нұсқаулықтың 103-тармағында көрсетілген талаптарды

сақтаған жағдайда (қосымша материалдарды тексеру) өзгертілген формулаға қатысты

жүргізіледі. Өтінімге ресми сараптама жүргізген кезде өнертабыс бірлігі талаптары

бұзылғаны анықталған болса және өтінім беруші белгіленген мерзімде қандай өнертабыс

берілген өтінім шектігінде қарауға жататынын хабарлағанда, тексеріс осы

өнертабыстың формуласына қатысты жүргізіледі.

Егер белгіленген мерзім ішінде өтінім берушіден өтінім түспесе, тексеріс

формулада бірінші көрсетілген өнертабысқа қатысты жүргізіледі.

2) өнертабыс формуласын тексергенде мәлімделген өнертабыстың барлық мәнді

белгілерінің болуы анықталады, олардың жиынтығы өтінім берушімен осы Нұсқаулықтың

25-тармағының 4) тармақшасына сәйкес аталған техникалық нәтижені алуға жеткілікті.

Егер мәнді белгі, онсыз техникалық нәтиже (егер өтінім беруші бірнешеу етіп

көрсетсе, нәтижелердің ешқайсысы) алынбайды, өнертабыс формуласының тәуелсіз

тармағына енгізілмесе, бірақ сипаттамада немесе формуланың тәуелсіз тармағында

көрсетілсе, өтінім берушіге формуланың тәуелсіз тармағына осындай белгіні енгізу

ұсынылады. Бұл ретте техникалық нәтижеге жету үшін осындай белгінің қажеттігін

растайтын дәлелдер келтіріледі. Осындай дәлелдер белгілер мен техникалық нәтиже

арасындағы ашық себеп-салдар сипаттамасына немесе мәлімделген өнертабыс

сараптамамен жүргізілген теориялық талдауына негізделе алынады.

Қаралып отырған формуланың тәуелсіз тармағы мәнсіз белгілерді немесе

мәлімделген өнертабыстың орындалуы немесе пайдаланудың тек жеке нысандарын

сипаттайтын белгілерін көрсетсе, өнертабыс формуласының осындай редакцияда сақталу

сәйкестігі туралы пікірі өтінім берушіден сұралады.

3) өнертабыс формуласын тексергенде осы Нұсқаулықтың 27-тармағының 5)

тармақшасының талабы сақталғаны белгіленеді.

Егер аталған талаптың сақталмағаны анықталса (белгі оны сәйкестіруге

мүмкіндік бермейтін ұғымдармен сипатталған), сараптама өтінім берушіден өнертабыс

формуласында белгіге қатысты оның мәндік мазмұнында техника деңгейі негізінде

маманмен түсіну мүмкіндігін растайтын мәліметтерді сұрауға құқылы.

Егер аталған талапты сақтау үшін өнертабыс сипаттамасы негізінде белгіні

түзету қажет болса, өтінім берушіге осындай түзетуді жүргізу ұсынылады.

Егер аталған талап сақталса, бірақ белгінің сипаттамасы үшін қабылданған сол

техника саласына сәйкес емес немесе ескірген терминология қолданылса, өтінім

берушіге өнертабыс формуласына тиісті түзетулерді енгізу ұсынылады.

Егер өтінім беруші өнертабыс формуласын түзетуден бас тартса, онда өтінімді

әрі қарай қарағанда осындай белгі немесе өнертабыс формуласына енгізілген оны

сипаттауға қолданылған ұғымдар назарға алынбайды.

4) егер өнертабыс формуласында жалпы ұғыммен берілген белгі болса, оны

пайдалану заңдылығы белгіленеді.

Осы жалпы ұғымға кіретін, бірақ өтінім берушімен көрсетілген техникалық

нәтижені алуды қамтамасыз етпейтін белгінің осындай жеке нысандарын іске асыру

(басқа да маңызды белгілермен бірге) сараптамамен анықталған жағдайда, өтінім

берушіге тиісті дәлелдер келтіріледі және өнертабыс сипаттамасы негізінде оларды

әшкерелеуді немесе түзетуді ұсынады.

5) егер өтінімде бір тізбекті формула немесе көп тізбекті бір тәуелсіз

тармағы бар формула келтірілсе, онда осындай формуладағы өнертабыстың сипатталғаны

тексеріледі.

Аталған талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда, өтінім берушіге

жіберілетін сұранымда бұл туралы хабарланады және айқындалған жолсыздықтарды жою

үшін формуланы түзету ұсынылады. Бұл ретте түзетілген формуладағы бірлік талаптарын

сақтау қажеттілігі мен өнертабыстың жеке тәуелсіз тармақтарымен бұрын берілмеген

жаңа тәуелсіз тармақтарын түзетілген формуласына енгізген жағдайда қосымша төлем

жүргізу, немесе формуланы түзетуден бас тартқан жағдайда - әрі қарай қаралуға

жататын өнертабыс көрсетіледі.

Егер балама ұғымдар белгісін сипаттау үшін пайдалану тары өтінім берушімен

сақталмағаны аталған қорытынды үшін негіздеме болып табылса, осындай жолсыздық

анықталған нақты балама (өтінім берушімен келтірілген барлық немесе кейбір)

сипаттамалары көрсетілген жолсыздықтың сипаты беріледі.

6) егер өтінім берушімен бірнеше тәуелсіз тармақтары бар көп тізбекті формула

ұсынылса, олардың әрбіріне (оларға тәуелді бағынышты тармақтармен бірге, егер ондай

болса) талдау жүргізіледі.

Бірыңғай шығармашылық ойды құрайтын өнертабыс тобына енгізілген өнертабыстың

көп тізбекті, әрбір тәуелсіз тармағы (оларға тәуелді бағынышты тармақтармен бірге,

егер ондай болса) тек бір ғана өнертабысты сипаттайтын формулаға қатыстылығы

анықталады.

Егер тәуелсіз тармақтарда сипатталған өнертабыстар осы Нұсқаулықтың 11-

тармағында көрсетілгендей өзара бір біріне сәйкес болса, бірыңғай шығармашылық

ойдың бірлігі сақталды болып танылады.

Тәуелсіз тармақтарда сипатталған өнертабыстардың нұсқаларға қатысын

тексергенде, өтінім берушімен көрсетілген өнертабыстардың қызметі мен техникалық

нәтижесі анықталады.

Егер өнертабыс тобының әрбіріне (немесе олардың біреуіне) бірнеше техникалық

нәтиже белгіленсе, ал көрсетілген техникалық нәтижелердің тек кейбіреуіне қатысты

дәл келуі анықталса, техникалық нәтижелердің тура дәл келу талабы сақталды болып

саналады.

7) техникалық нәтиже тұжырымдамасының біреуі қандай да бір ерекше қосымша

нұсқауды енгізген жалпыға бірдей барлық өнертабыстар сипаттамасынан басқа жағдайда

да техникалық нәтиженің сәйкес келу талабы бұзылған жоқ болып танылады. (мысалы,

"үйкелістің төмендеуі" және "жоғары дымқылдықта үйкелістің төмендеуі").

8) өнертабыс бірлігі талабын өтінім берушімен сақталмауы анықталғанда, өтінім

берушіге осы Нұсқаулықтың 81-тармағында келтірілген тәртіп бойынша хабарлама

жіберіледі.

Егер өтінім берушімен тапсырылған өнертабыс формуласын талдау кезінде оның

белгіленген талаптарға сәйкес еместігі, бірақ мәлімделген өнертабыстың патентке

қабілеттілігін тексеруге кедергі болмайтыны анықталғанда, онда өнертабыстың

формуласын түзетуге байланысты барлық сұрақтар осындай формуламен сипатталған

өнертабыстың патентке қабілеттілігі туралы алдын ала қорытындыны алған соң өтінім

берушімен айқындалады.

Өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексеру үшін өтінім берушімен расталған

өзгерістері бар формула қабылданады.

9) егер осы тармақтың 5) тармақшасында айтылғандай бір тізбекті формула

немесе бір тәуелсіз тармағы бар көп тізбекті формула бір ғана емес өнертабысқа

қатысты болса және өтінім беруші формуланы түзетуден бас тартқан жағдайда,

өтінімнің сараптамасы тек өтінім берушімен әрі қарай қарауға жататын өнертабысты

көрсеткен жағдайда ғана жалғастырылады, және патентке қабілеттілігін бағалау тек

осы өнертабысқа қатысты жүргізіледі.

10) осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген тексерісті жүргізгенде осы

тармақтың 9) тармақшасындағы ереже қолданылады.

93. Өнертабыс формуласын тексеру:

1) ресми сараптама нәтижесі бойынша қарауға қабылданған өнертабыс формуласына

қатысты тексеріс жүргізіледі, ал егер ол ресми сараптама аяқталған соң өтінім

берушімен өзгертілсе - онда осы Нұсқаулықтың 103-тармағында көрсетілген талаптарды

сақтаған жағдайда (қосымша материалдарды тексеру) өзгертілген формулаға қатысты

жүргізіледі. Өтінімге ресми сараптама жүргізген кезде өнертабыс бірлігі талаптары

бұзылғаны анықталған болса және өтінім беруші белгіленген мерзімде қандай өнертабыс

берілген өтінім шектігінде қарауға жататынын хабарлағанда, тексеріс осы

өнертабыстың формуласына қатысты жүргізіледі.

Егер белгіленген мерзім ішінде өтінім берушіден өтінім түспесе, тексеріс

формулада бірінші көрсетілген өнертабысқа қатысты жүргізіледі.

2) өнертабыс формуласын тексергенде мәлімделген өнертабыстың барлық мәнді

белгілерінің болуы анықталады, олардың жиынтығы өтінім берушімен осы Нұсқаулықтың

25-тармағының 4) тармақшасына сәйкес аталған техникалық нәтижені алуға жеткілікті.

Егер мәнді белгі, онсыз техникалық нәтиже (егер өтінім беруші бірнешеу етіп

көрсетсе, нәтижелердің ешқайсысы) алынбайды, өнертабыс формуласының тәуелсіз

тармағына енгізілмесе, бірақ сипаттамада немесе формуланың тәуелсіз тармағында

көрсетілсе, өтінім берушіге формуланың тәуелсіз тармағына осындай белгіні енгізу

ұсынылады. Бұл ретте техникалық нәтижеге жету үшін осындай белгінің қажеттігін

растайтын дәлелдер келтіріледі. Осындай дәлелдер белгілер мен техникалық нәтиже

арасындағы ашық себеп-салдар сипаттамасына немесе мәлімделген өнертабыс

сараптамамен жүргізілген теориялық талдауына негізделе алынады.

Қаралып отырған формуланың тәуелсіз тармағы мәнсіз белгілерді немесе

мәлімделген өнертабыстың орындалуы немесе пайдаланудың тек жеке нысандарын

сипаттайтын белгілерін көрсетсе, өнертабыс формуласының осындай редакцияда сақталу

сәйкестігі туралы пікірі өтінім берушіден сұралады.

3) өнертабыс формуласын тексергенде осы Нұсқаулықтың 27-тармағының 5)

тармақшасының талабы сақталғаны белгіленеді.

Егер аталған талаптың сақталмағаны анықталса (белгі оны сәйкестіруге

мүмкіндік бермейтін ұғымдармен сипатталған), сараптама өтінім берушіден өнертабыс

формуласында белгіге қатысты оның мәндік мазмұнында техника деңгейі негізінде

маманмен түсіну мүмкіндігін растайтын мәліметтерді сұрауға құқылы.

Егер аталған талапты сақтау үшін өнертабыс сипаттамасы негізінде белгіні

түзету қажет болса, өтінім берушіге осындай түзетуді жүргізу ұсынылады.

Егер аталған талап сақталса, бірақ белгінің сипаттамасы үшін қабылданған сол

техника саласына сәйкес емес немесе ескірген терминология қолданылса, өтінім

берушіге өнертабыс формуласына тиісті түзетулерді енгізу ұсынылады.

Егер өтінім беруші өнертабыс формуласын түзетуден бас тартса, онда өтінімді

әрі қарай қарағанда осындай белгі немесе өнертабыс формуласына енгізілген оны

сипаттауға қолданылған ұғымдар назарға алынбайды.

4) егер өнертабыс формуласында жалпы ұғыммен берілген белгі болса, оны

пайдалану заңдылығы белгіленеді.

Осы жалпы ұғымға кіретін, бірақ өтінім берушімен көрсетілген техникалық

нәтижені алуды қамтамасыз етпейтін белгінің осындай жеке нысандарын іске асыру

(басқа да маңызды белгілермен бірге) сараптамамен анықталған жағдайда, өтінім

берушіге тиісті дәлелдер келтіріледі және өнертабыс сипаттамасы негізінде оларды

әшкерелеуді немесе түзетуді ұсынады.

5) егер өтінімде бір тізбекті формула немесе көп тізбекті бір тәуелсіз

тармағы бар формула келтірілсе, онда осындай формуладағы өнертабыстың сипатталғаны

тексеріледі.

Аталған талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда, өтінім берушіге

жіберілетін сұранымда бұл туралы хабарланады және айқындалған жолсыздықтарды жою

үшін формуланы түзету ұсынылады. Бұл ретте түзетілген формуладағы бірлік талаптарын

сақтау қажеттілігі мен өнертабыстың жеке тәуелсіз тармақтарымен бұрын берілмеген

жаңа тәуелсіз тармақтарын түзетілген формуласына енгізген жағдайда қосымша төлем

жүргізу, немесе формуланы түзетуден бас тартқан жағдайда - әрі қарай қаралуға

жататын өнертабыс көрсетіледі.

Егер балама ұғымдар белгісін сипаттау үшін пайдалану тары өтінім берушімен

сақталмағаны аталған қорытынды үшін негіздеме болып табылса, осындай жолсыздық

анықталған нақты балама (өтінім берушімен келтірілген барлық немесе кейбір)

сипаттамалары көрсетілген жолсыздықтың сипаты беріледі.

6) егер өтінім берушімен бірнеше тәуелсіз тармақтары бар көп тізбекті формула

ұсынылса, олардың әрбіріне (оларға тәуелді бағынышты тармақтармен бірге, егер ондай

болса) талдау жүргізіледі.

Бірыңғай шығармашылық ойды құрайтын өнертабыс тобына енгізілген өнертабыстың

көп тізбекті, әрбір тәуелсіз тармағы (оларға тәуелді бағынышты тармақтармен бірге,

егер ондай болса) тек бір ғана өнертабысты сипаттайтын формулаға қатыстылығы

анықталады.

Тәуелсіз тармақтарда сипатталған өнертабыстар осы Нұсқаулықтың 11-тармағында

көрсетілгендей өзара бір біріне сәйкес болса, бірыңғай шығармашылық ойдың бірлігі

сақталды болып танылады.

Өнертабыс тобының әрбіріне (немесе олардың біреуіне) бірнеше техникалық

нәтиже белгіленсе, ал көрсетілген техникалық нәтижелердің тек кейбіреуіне қатысты

дәл келуі анықталса, техникалық нәтижелердің тура дәл келу талабы сақталды болып

саналады.

7) техникалық нәтиже тұжырымдамасының біреуі қандай да бір ерекше қосымша

нұсқауды енгізген жалпыға бірдей барлық өнертабыстар сипаттамасынан басқа жағдайда

да техникалық нәтиженің сәйкес келу талабы бұзылған жоқ болып танылады, олардың

біреуінің тұжырымдалуы қосымша қандайда бір өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

8) Өнертабыс бірлігі талабын өтінім берушімен сақталмауы анықталғанда, өтінім

берушіге осы Нұсқаулықтың 81-тармағында келтірілген тәртіп бойынша хабарлама

жіберіледі.

Егер өтінім берушімен тапсырылған өнертабыс формуласын талдау кезінде оның

белгіленген талаптарға сәйкес еместігі, бірақ мәлімделген өнертабыстың патентке

қабілеттілігін тексеруге кедергі болмайтыны анықталғанда, онда өнертабыстың

формуласын түзетуге байланысты барлық сұрақтар осындай формуламен сипатталған

өнертабыстың патентке қабілеттілігі туралы алдын ала қорытындыны алған соң өтінім

берушімен айқындалады.

Өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексеру үшін өтінім берушімен расталған

өзгерістері бар формула қабылданады.

9) егер бір тізбекті формула немесе бір тәуелсіз тармағы бар көп тізбекті

формула бір ғана емес өнертабысқа қатысты болса және өтінім беруші формуланы

түзетуден бас тартқан жағдайда, өтінімнің сараптамасы тек өтінім берушімен әрі

қарай қарауға жататын өнертабысты көрсеткен жағдайда ғана жалғастырылады, және

патентке қабілеттілігін бағалау тек осы өнертабысқа қатысты жүргізіледі.

94. Өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексеру:

1) мәлімделген ұсыныстың патентке қабілеттілігін тексеру Заңның 6-бабының 2-

тармағына сәйкес өнертабыстарға қатыстылығын анықтаудан басталады, демек техникалық

нәтижеге жататын осындай нәтижені алуды ол қамтамасыз етеді ме.

Сонымен қатар мәлімделген ұсыныс 6-баптың 3-тармағына сәйкес патентке

қабілеттілігі танылмаған шешімдер қатарына жатпайтындығы тексеріледі.

Мәлімделген ұсыныс қорғаудан алынып тасталғаны жорамалданғанда, өтінім

берушіге тиісті дәлелдер мазмұндалған сұраным жіберіледі.

Қорғаудан шығарылғаны туралы қорытындысы жасалмаған мәлімделген ұсыныстың

өнеркәсіпте қолдану тарына, жаңашылдыққа және өнертабыстық деңгейіне сәйкестігі

тексеріледі.

2) қаралып жатқан формулада балама ұғым болған жағдайда, патентке

қабілеттілік осындай ұғымдары бар әрбір белгілер жиынтығына қатысты жүргізіледі.

Егер патентке қабілетсіздігі туралы қорытынды аталған жиынтықтардың біреуіне

қатысты алынса, өтінімнің әрі қарай қаралуы Нұсқаулықтың 104-тармағына сәйкес

жүргізіледі.

3) өтінімде көп тізбекті формула (бір немесе бірнеше тәуелсіз тармақтарымен)

болған жағдайда, патентке қабілеттілік ерекшеліктері осы Нұсқаулықтың 98-тармағында

көрсетілген.

4) нақты дереккөзге қатысы бар ақпаратты ашу күні анықталған жағдайда осы

Нұсқаулықтың 120-тармағының талаптары қолданылады.

Мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексергенде, өнертабысқа

қатысты, осы ақпаратты тура немесе жанама алған автормен, өтінім берушімен не кез

келген тұлғамен ашылған, сонымен, егер өнертабысқа өтінім сараптама жасау ұйымына

ақпараттың ашылған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей берілсе өнертабыс мәні

туралы мәліметтер жалпыға қол жетімді болғаны туралы ақпарат көздері техника

деңгейіне енгізілмейді.

Патентке қабілеттілігін тексеру нәтижелері бойынша патент беру туралы немесе

патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

95. Өнеркәсіптік жарамдылығын тексеру:

1) егер өнертабыс өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және

басқа қызмет салаларында қолданыла алса, ол өнеркәсіпте жарамды болып табылады;

2) өнертабысты пайдалану мүмкіндігі анықталғанда, өтінім материалдарындағы

өнертабыстың мәлімделген объектісінің мақсаты көрсетілгені тексеріледі.

Сондай-ақ өтінім материалындағы өнертабыс формуласының кез келген тармағында

сипатталған түрі бойынша өнертабысты жүзеге асыратын құралдар мен әдістердің

сипаттамасы тексеріледі. Өтінім материалдарында осындай мәліметтердің болмағанында,

өнертабыс басымдығының жалпыға қол жетімді болған күніне дейін аталған құралдар мен

әдістер деректемеде сипатталуы мүмкін.

Сонымен қатар, формуланың кез келген тармағы бойынша өнертабысты жүзеге

асырған жағдайда өтінім берушімен көрсетілген мақсатты іске асыру мүмкіндігі

тексеріледі.

3) егер өнертабыстың басымдық күніне барлық аталған талаптардың сақталғаны

анықталғанда, өнертабыстың өнеркәсіпте қолданылу тарына сәйкестігі танылады.

Аталған талаптардың біреуі орындалмаған жағдайда өнертабыстың өнеркәсіпте

қолданылуына сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалады. Бұл жағдайда өтінім

берушіге тиісті дәлелдері келтірілген сұраным және осы дәлелдерге қатысты өз

пікірін айту мен өнертабыс формуласын түзету бойынша ұсыныс жіберіледі (егер

сараптаманың пікірі бойынша, өтінім материалдары осындай түзетуді енгізуге болатын,

соның нәтижесінде аталған қорытынды өзгеруі мүмкін болса). Бұл ретте сұранымда

формуланы түзету бойынша нақты ұсыныстар келтірілуі мүмкін.

4) өнеркәсіптік қолдануға сәйкес емес болып табылған өнертабысқа қатысты

жаңашылдық және шығармашылық деңгейі бойынша тексеріс жүргізілмейді.

96. Жаңашылдықты тексеру:

1) егер өнертабыс техника деңгейі туралы мәліметтерде белгісіз болса, ол жаңа

болып табылады.

Өнертабыстың жаңашылдығын тексеру өнертабыс формуласының тәуелсіз

тармағындағы барлық белгілер жиынтығына қатысты жүргізіледі.

2) басымдығы неғұрлым бұрын берілген күні бар өнертабыс немесе пайдалы

модельге өтінім сол күннен бастап келесі талаптардың жиынтығын орындаған жағдайда

техника деңгейіне енгізіледі:

өтінім Қазақстан Республикасында берілген, соның ішінде халықаралық өтінім,

ол бойынша халықаралық берілген күні анықталады және онда Қазақстан Республикасының

нұсқауы көрсетіледі, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 6-тарауындағы талаптардың орындалуы

сақталған евразиялық өтінім;

Басымдық күнінен бастап техника деңгейіне сондай-ақ Қазақстан Республикасында

патенттелген (соның ішінде сол тұлғамен) барлық өнертабыстар мен пайдалы модельдер

енгізіледі (Қазақстан Республикасының тиісті Мемлекеттік тізілімінде тіркелген).

Басымдықтың бұрын берілген күні бар өтінім сипаттама мен формулаға қатысты

техника деңгейіне енгізіледі. Егер осы күн қаралып жатқан өтінімнің басымдық

күнінен кеш болса, басымдығы ерте берілген өтінім басымдықты анықтауға негіз болған

материалдардың мазмұнына сәйкес келетін мазмұны бөлігіндегі техника деңгейіне

енгізіледі (бірінші өтінім, бұрын берілген өтінім, осы өтінімнің қосымша

материалдары).

Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар және пайдалы модельдер

тек Қазақстан Республикасының тиісті Мемлекеттік тізілімінде өнертабыс немесе

пайдалы моделдің тіркелуі бірге жасалған формулаға қатысты техника деңгейіне

енгізіледі;

3) егер техника деңгейінде қаралып жатқан өнертабыс формуласында барлық

белгілерге тән белгісі бар, соның ішінде мақсаты да бірдей құрал табылса, өнертабыс

жаңашыл талабына сәйкес емес болып табылады.

Егер мәлімделген өнертабыс белгілі өнімге немесе жаңа мақсаттағы тәсілге

қолданылса, онда ол өтінім берушімен көрсетілген мақсат бойынша өнім немесе

тәсілдің қолданылуы мәлім болған ақпарат көзін тапқанда, жаңашыл талабына сәйкес

емес болып табылады.

4) техника деңгейінде ақпарат көзі ретінде басымдығы бұрын берілген өтінімнен

қаралып жатқан өнертабыс мәлім болғанда, өтінім қайта шақырылып алынбаған немесе

қайта шақырылып алынған емес болып саналады.

Қаралып жатқан өнертабыстың өтінім берушісіне осындай өтінімнің бар екендігі

туралы (оның өтінім берушісін көрсетпей және мәнін ашпай) және оның өтінімін

қарауды неғұрлым ерте басымдығы бар өтінім бойынша анықталғанша кейін қалдыру

мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Өтінім беруші өтінімді қарауды кейінге қалдыруға келіспеген жағдайда,

мәлімделген өнертабыстың жаңашыл талабына сәйкес еместігі белгіленеді.

Егер тәуелді тармақтары бар формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған

өнертабыс жаңашыл талабына сәйкес екені анықталса, онда техника деңгейінің талдауы

тәуелді тармақтарға қатысты жүргізілмейді.

Егер тәуелді тармақтары бар формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған

өнертабыс жаңа болып табылмаса, өтінімнің әрі қарай қаралуы Нұсқаулықтың 98-

тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

Тәуелді тармақтары жоқ формуламен сипатталған өнертабыстың жаңашылдығы жоқ

екені анықталғанда, өтінім берушіге сараптаманың дәлелдері келтірілген және осы

дәлелдерге қатысты өз пікірін айту ұсынылған және қажет болғанда - өтінім

материалдарының негізінде өнертабыс формуласын түзету туралы сұраным жіберіледі.

Жаңашыл талабына сәйкес еместігі анықталған өнертабысқа қатысты өнертабыстық

деңгейдің тексерісі жүргізілмейді.

97. Өнертабыстық деңгейді тексеру:

1) егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн

болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады.

2) егер, атап айтқанда, айыратын белгілеріне сәйкес келетін белгілері бар

шешімдер айқындалмаса, немесе осындай шешімдер айқындалған, бірақ айырмашылық

белгілердің өтінім берушімен аталған техникалық нәтижеге ықпалы расталмаса, маман

үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болып табылады.

Аталған талаптардың сақталуын тексеруге мыналар енгізіледі:

осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес ең жақын баламасын анықтау;

формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған мәлімделген өнертабыстың ең жақын

баламасынан айырмашылығы бар белгілерін (ерекше белгілерін) айқындау;

техника деңгейінен қаралып жатқан өнертабыстың ерекше белгілеріне сәйкес

келетін белгілері бар шешімдерді айқындау.

3) өнертабыстық деңгейінің талаптарына сәйкес емес болып танылған

өнертабыстар, атап айтқанда мынаған негізделген:

қосылатынның қандай да бір белгілі бөлігіне (бөліктеріне) қосымша болатын

белгілі құралға, техникалық нәтижеге жету үшін белгілі ереже бойынша (қосылатын),

оған қатысты тек осындай қосымшалардың ықпалы белгіленеді;

белгілі құралдың қандай да бір бөлігін (бөліктерін) басқа белгілі бөлікпен

техникалық нәтижеге жету үшін ауыстыру, оған қатысты осындай ауыстырудың ықпалы

белгіленген;

құралдың (элементтің, әрекеттің) қандай да бір бөлігін оның атқарып отырған

қызметімен бірге алып тастау және бұл ретте әдетте осындай нәтижеге жету (ықшамдау,

массаны, габаритті, материал көлемін кеміту, сенімділікті арттыру, үдеріс ұзақтығын

азайту);

бір типті элементтердің, әрекеттердің құралда болуы ескертілген техникалық

нәтижені күшейту үшін осындай элементтердің, әрекеттердің санын көбейту;

белгілі құралды немесе оның бөлігін (бөліктерін) белгілі материалдан, осы

материалдардың белгілі қасиеттерімен ескерілген техникалық деңгейге жету үшін

орындау;

белгілі ереже, ұсыныстар негізінде таңдауы мен байланысы жүргізілген белгілі

бөліктерден тұратын құралды жасау, және бұл ретте алынатын техникалық нәтиже тек

осы құралдың белгілі бөліктерінің қасиеттерімен және өзара байланысымен

сәйкестелген;

белгілі өнімді немесе тәсілді белгілі мақсат бойынша қолдану, егер осы

мақсатты іске асыру мүмкіндігі оның белгілі қасиеттерімен, құрылымымен,

орындалуымен келісілсе, және осындай қасиеттер, құрылымдар, орындалулар осы

мақсатты іске асыру үшін қажет болса.

Сандық белгілерінің өзгерісіне, осындай белгілердің өзара байланысына не оның

түрінің өзгеруіне негізделген өнертабыстар шығармашылық деңгейге сәйкес емес болып

табылады, егер техникалық нәтижеге олардың әрбірінің ықпал ету дәлелі белгілі болса

және осы белгілердің жаңа мағыналары немесе олардың өзара байланысы белгілі

заңдылықтардан алынғаны мәлім болса.

4) шығармашылық деңгей талабына сәйкес келеді, атап айтқанда:

белгіленген құрылымды жаңа химиялық қосылыстарды (сыныптарды, топтарды) алу

тәсілі;

белгіленген құрылымды белгілі химиялық қосылыстарды (сыныптарды, топтарды)

алу тәсілі, егер ол сол сыныптағы немесе топтағы жаңа қосылыстар реакциясына немесе

сол сынып немесе топ үшін белгілі;

қалай болғанда да белгілі екі ингредиенттен тұратын, қол жеткізу мүмкіндігі

техника деңгейінен шықпайтын (яғни екі ингредиенттің қабілетін көрсететін, бірақ

осы қабілеттердің тым болмаса бірінің сандық көрсеткіштері жеке ингредиент

қабілетінің көрсеткішінен жоғары) синергетикалық әсерді қамтамасыз ететін

композиция;

белгілі қосындылар тобының жалпы құрылымдық формулаға түсетін, бірақ арнайы

алынған немесе зерттелген ретінде түсіндірілмеген және зерттелмеген, бұл ретте осы

топ үшін саны немесе сапасы жағынан жаңа белгілі қабілеттерді көрсететін химиялық

қосылыстар (селективті өнертабыс).

5) техникалық нәтижеге қол жеткізу тетігі мәлімдеме материалдарындағы

өнертабыстық деңгейдің сырттай солай болып көрінетін қарапайымдылығы мен

ашықтығынан, егер мұндай Өнертабыс сәйкес емес ашу ретінде қаралмаса ол техникалық

деңгейден емес, ал тек қана өтінім материалдарынан белгілі болса оның деңгейіне.

6) техникалық нәтижеге мәлімделген өнертабыстың ерекшелік белгілерінің әсер

ету белгілігі бір және бірнеше ақпарат көздерімен растала алады. Техниканың нақты

саласындағы жалпыға мәлім білімге негізделген аргументтерді, қандайда бір ақпарат

көздерін көрсетпей тартуға жол беріледі. Алайда, егер өтінім беруші мұны талап

етпесе, бұл мәлімдемені одан әрі қарау кезінде осындай көздерді көрсету міндетінен

сараптаманы босатпайды.

7) егер осы белгілерге қатысты мұндай нәтижені өтінім беруші белгілемесе

немесе ол көрсеткен техникалық нәтижеге қол жеткізілмейтіні белгіленген жағдайда

техникалық нәтижеге арналған өнертабыстың ерекше белгілерінің әсер ету белгілігін

растау талап етілмейді.

8) егер тәуелді тармақтары бар көп буынды формулада сипатталған мәлімделген

өнертабыс, тәуелсіз тармаққа қатысты өнертабыстық деңгейдің талаптарына сәйкес

болып танылса, формуланың тәуелсіз бөлімдеріне қатысты одан әрі тексеру

жүргізілмейді.

9) егер тәуелсіз тармақтары бар формуланың тәуелсіз тармағы жөніндегі

өнертабыс өнертабыстық деңгейдің талаптарына сәйкес еместігі белгіленсе,

мәлімдемені одан әрі қарау жүргізіледі.

10) егер тәуелді тармақтары жоқ формуламен сипатталған өнертабыстың

өнертабыстық деңгейінің жоқтығы белгіленсе өтінім берушіге тиісті дәлелдерді

баяндалған және осы дәлелдерге қатысты өз пікірін беру ұсынылған сұраным және қажет

болғанда өнертабыстың түзетілген формуласы жіберілуі мүмкін.

98. Көп буынды формуламен сипатталған өнертабыстың патентке қабілеттілігін

тексерудің ерекшеліктері.

1) егер өнертабыс тәуелді тармақтары бар көп буынды формуламен сипатталса,

жаңашылдықтың немесе өнертабыстық деңгейдің болмауынан тәуелді тармаққа қатысты

патентке қабілетсіздігі туралы қорытынды алынса, бұл туралы өтінім берушіге хабар

беріледі және осындай мақсатқа сәйкестілігі расталған жағдайда өнертабыстың

түзетілген формуласын ұсына отырып өтінімді одан әрі қараудың мақсатқа сай екендігі

туралы пікірін айту ұсынылады. Сараптамаға тәуелді тармақтардың мазмұны тәуелсіз

тармаққа енгізілген жағдайда көңіл аударылуы мүмкін ақпарат көздері белгілі болған

жағдайда бұл туралы өтінім берушіге хабар берілуі мүмкін.

2) тәуелді тармақтары бар формуланың тәуелсіз формуласына қатысты

өнертабыстың патентке қабілеттілігі белгіленген жағдайда осы тармақтардағы

өнертабыс белгілерінің сипаттамасы өнертабысты жүзеге асыруға немесе өтінім беруші

көрсеткен тағайындауды іске асыруға кедергі жасамайтыны тексеріледі.

Барлық аталған шарттарға қатысты тексерудің оң нәтижесі кезінде тәуелді

тармақтары бар көп буынды формуламен сипатталған өнертабыс патентке қабілетті болып

танылады және Нұсқаулықтың 103-тармағына сәйкес патент беру туралы қорытынды

шығарылады.

Шарттардың кез-келгеніне қатысты тексерудің теріс нәтижесі кезінде өтінім

берушіге бұл туралы сұранымда хабарланады және сараптаманың қорытындысын жоққа

шығаратын дәлелдер ұсыну не болмаса түзету немесе өнертабыс формуласынан мұндай

тәуелді тармақтарды алып тастау ұсынылады.

3) егер өнертабыстардың тобы мәлімделсе, патентке қабілеттілікті тексеру оған

енетін әрқайсысына қатысты өткізіледі. Топтың патентке қабілеттілігі топтың барлық

өнертабыстары патентке қабілетті болғанда ғана констатацияланады.

Егер топтың барлық өнертабыстары патентке қабілетті емес екендігі белгіленсе,

онда өтінім берушіге бұл туралы хабарланады және келтірілген дәлелдерге қатысты өз

пікірін беру, қажет болғанда формуладан патентке қабілетті емес өнертабыстар

сипатталған тәуелсіз тармақтарды алып тастау, не болмаса бұл тармақтарды түзетілген

түрде беру ұсынылады.

4) егер өтінім беруші жоғарыда баяндалған жағдайларда өнертабыстың

өзгертілген формуласын ұсынса, мәлімдемені одан әрі қарау осы Нұсқаулықтың

ережелеріне сәйкес осы формулада сипатталған өнертабысқа (өнертабыстарға) қатысты

жүргізіледі.

Өтінім беруші сараптаманың қорытындысын жоққа шығаратын дәлелдерді немесе

өзгертілген формуланы ұсынбастан алғашқы формуласы (сараптама жүргізілген

формуласы) бар патент беруді талап еткен жағдайда мәлімдеме одан әрі қаралмайды

және Нұсқаулықтың 104-тармағына сәйкес патент беруден бас тарту туралы қорытынды

шығарылады.

99. Қосымша материалдарға сұрау салу:

1) қосымша материалдарын, оның ішінде өнертабыстың өзгертілген формуласын

сұрау салу егер бұл материалдарсыз шешім қабылдауды қосқанда шын мәнінде

мәлімдемеге сараптама өткізу мүмкін болмағанда өтінім берушіге жіберіледі.

2) сұрау салу үшін, атап айтқанда, мына жағдайлар негіз болып табылады:

төлеудің дұрыстығымен байланысты мәселелерді анықтау қажеттілігі;

осы Нұсқаулықтың 93-тармағына сәйкес оны тексерудің нәтижесі бойынша

өнертабыстың формуласын нақтылау қажеттілігі;

басымдықты белгілеумен, атап айтқанда тұжырымдамалық басымдықты сұрау

салынған кезде бірінші мәлімдемеде мәлімделген өнертабысты ашумен байланысты

мәселелерді шешу қажеттілігі;

осы Нұсқаулықтың 94-тармағына сәйкес мәлімделген өнертабыстың патентке

қажеттілігін тексерумен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі;

мәлімделген өнертабыстың патентке қажеттілігін тексеру нәтижесі бойынша

өнертабыстың формуласын анықтау қажеттілігі;

осы Нұсқаулықтың 100-тармағына сәйкес басымдық күні бірдей өнеркәсіп

меншігінің тепе-тең объектілеріне арналған мәлімдемені қараумен байланысты

мәселелерді шешу қажеттілігі.

Осы Нұсқаулықтың 93-тармағының 9) және 10) тармақшаларына сәйкес қаралған

өнертабыстың (өнертабыстардың) патентке қабілеттілігі белгіленген жағдайда өтінім

берушіге жіберілетін сұрау салуда бұл туралы хабарланады және патентке

қабілеттілігін бағалау өткізілмеген өнертабыстың сипаттамасын одан алып тастау

жолымен немесе осы өнертабысты (осындай өнертабыстың әрқайсысын) тәуелсіз тармаққа

тиісті ақы төлей отырып бөлу жолымен формуланы қайтадан түзету ұсынылады. Бұл ретте

өтінім берушіге белгіленген мерзімде сұрау салынған материалдарды немесе тиісті ақы

төлей отырып көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінімхатты ұсынбаған жағдайда

Заңның 22-бабының 8-тармағына сәйкес мәлімдеме қайтарып алынған болып есептелетіні

туралы хабарланады.

Өтінім беруші сәйкестендірілмеген немесе белгі мәлімдемесінің немесе белгінің

алғашқы материалдарында болмаған сипаттамасы ақпарат көзіне жіберумен ауыстырылған,

патентке қабілеттілігі туралы шешім алынған өнертабысты формулаға қосуды немесе

мәлімдемені бергеннен кейін өтінім беруші ұсынған назарға алынбаған жаңа тәуелсіз

тармақты енгізуді талап еткен жағдайда өтінім берушіге көрсетілген белгіні

және/немесе тармақты қамтымаған формуланы беру ұсынысы бар сұрау салуды жібереді;

бұл ретте өтінім берушіге сонымен қатар сұрау салынған материалды ұсынбаған

жағдайда мәлімдеме қайтарып алынған болып есептелетіні хабарланады.

Өтінім берушіге жіберілетін сұрау салуда шын мәнінде сараптаманы өткізу

(немесе аяқтау) үшін кедергі болған жағдайларды баяндаумен қатар, өтінімді қарау

кезінде, оның ішінде осы Нұсқаулықтың 79-тармағында көрсетілген негіздер бойынша

туындаған барлық мәселелер, ескертулер мен ұсыныстар келтіріледі.

Сұрау салуда келтірілген қандайда-бір мәселе жөніндегі сараптаманың пікірі

техникалық немесе құқықтық сипаттағы аргументтермен бекітіледі. Қажет болғанда

техникалық әдебиетке, Заңның және осы Нұсқаулықтың және басқа да нормативтік

құжаттардың ережелеріне сілтемелер келтіріледі.

Өтінім берушіге маңызды белгінің сипаттамасын нақтылау, формуладан маңызды

емес белгілерді алып тастау формуланы түзетумен байланысты ұсыныстарды жіберу

кезінде осындай түзетудің және одан бас тартудың құқықтық салдарларына назар аудару

мақсатқа сай.

Сұрау салуда ақпарат көзіне сілтеме келтірілген жағдайда оның дереккөзін табу

үшін қажетті барлық библиографиялық мәліметтері, сондай-ақ өтінімді қарау кезінде

назарға алынған мәліметтерді (беті, абзацы, графикалық бейнелер сұлбасының нөмірі)

дереккөзден табу үшін қажетті басқа да мәліметтер көрсетілуі керек.

Мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексерудің нәтижесі бойынша

өнертабыстың формуласын нақтылау қажеттігі сұрау салу үшін негіз болып табылғанда

және формуланы нақтылау сипаттаманы және/немесе сызбаны сәйкесінше түзетуді талап

еткенде өтінім берушіге нақтыланған сипаттаманы және/немесе сызбаны (немесе

ауыстыратын парақтарды) осындай ұсынысты жіберу күнінен бастап үш ай мерзімде беру

ұсынылуы мүмкін.

Осындай ұсыныс сипаттамада және/немесе сызбада кемшіліктер, оның ішінде

сараптама бұрын көрсеткен, бірақ өтінім беруші жоймаған кемшіліктер бар болған

кезде жасалуы мүмкін.

100. Егер формулалардың тәуелсіз тармақтарының мазмұны толығымен сәйкес

келсе, өнертабыстар (немесе өнертабыс және пайдалы модель) ұқсас болып танылады.

Егер қаралып жатқан мәлімдеме бойынша өнертабыстың патентке қабілеттілігі

анықталса, бірақ басқа қайтарып алынған немесе қайтарып алынған болып есептелмейтін

ұқсас өнертабысқа немесе пайдалы модельге арналған, сондай басымдық күні бар өтінім

бар болса, онда өтінімді сараптама жасау ұйымына жіберудің бастапқы күні

дәлелденсе, ал осы күндер өтінім бойынша сәйкес келсе, сараптама жасау ұйымының

бұрынғы тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша патентті беру туралы қорытынды беріледі.

101. Сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша немесе өтінім берушінің

бастамасы бойынша өтінім беруші берген қосымша материалдары тексеруге мыналар

енгізіледі:

1) өтінімнің құжаттарын түзейтін немесе нақтылайтын (яғни олардың мазмұнына

енгізуге жататын) және өтінім берушінің бастамасы бойынша ұсынылған қосымша

материалдар келіп түскен кезде өтінім берушінің осындай материалдарды ұсыну

мерзімін сақтауы және белгіленген мөлшерде тиісті төлемді растайтын құжаттардың бар

болуы тексеріледі.

Көрсетілген қосымша материалдар өтінім келіп түскен күннен екі ай өткеннен

кейін ұсынылған және онымен бірге тиісті төлем ақыны растайтын құжат ұсынылмаған

жағдайда, бұл материалдар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, бұл туралы

өтінім беруші хабарландырылады. Осындай хабарлама өтінім берушіге жіберілетін

сараптаманың кезекті құжатының мазмұнына енгізілуі мүмкін.

2) өтінім беруші сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша берген қосымша

материалдарға қатысты өтінім берушінің белгіленген мерзімдері сақтауы тексеріледі.

Көрсетілген материалдар өтінім берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап

үш ай ішінде берілуі керек.

Өтінім берушінің белгіленген мерзімдерді сақтауын тексеру кезінде

Нұсқаулықтың 67-тармағын басшылыққа алу қажет.

Егер өтінім беруші қосымша материалдарды белгіленген мерзімдерді бұза отырып

ұсынғаны анықталса (және бұл мерзімдер осы Нұсқаулықтың 68-тармағына сәйкес

ұзартылмаса), өтінім қайтарып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім беруші

хабарландырылады.

3) өз бастамасы бойынша немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша

өтінім беруші берген және қарауға қабылданған қосымша материалдар келіп түскен

кезде олар мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертпеуі тексеріледі. Егер қосымша

материалдарда формулаға енгізуге жататын өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ

белгілерді қамтыса, олар мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертуші ретінде

танылады.

Егер белгілер өтінім беруші берген формулада қамтылған жағдайда ғана емес,

сонымен қатар өтінім беруші осындай енгізуге көрсеткенде олар өнертабыстың

формуласына енгізуге жатады болып есептеледі.

Қосымша материалдарда келтірілген және формулаға енгізуге жататын белгілер

егер олар сараптама жасау ұйымына келіп түскен патент беруге арналған өтінімнің

бастапқы материалдарындағы күнде, өнертабыстың бейнеленуі мен сызбасында (егер

сипаттамада оларға сілтеме келтірілген болса) немесе формулада ашылмаса, егер

бастапқы материалдар ұсынылса, белгілер онда болмаған болып саналады.

Егер өтінімнің бастапқы материалдарында өнертабыстың белгісі оны орындаудың

жеке нысандарын ашпай жалпы түсінікпен берілсе, онда орындаудың осындай нысандарын

қосымша материалдарда оны өнертабыстың формуласына енгізілуі тиіс белгіге жатқызып

ұсыну қосымша материалдарды мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертетін тану үшін

негіз болып табылады.

Тек техника деңгейіне, оның ішінде жақын баламасына қатысты сипаттамада

айтылған белгілер өтінімнің бастапқы материалдарында мәлімделген өнертабыстың

белгілеріне жатпайды.

Егер мәлімделген өнертабыс белгілі өнімді немесе амалды жаңа тағайындау

бойынша қолдануға жатқызылса, онда белгілі объектінің сипаттаудағыдан және

формуласындағыдан гөрі басқаны көрсетуді немесе белгілі объектінің сипаттамасы үшін

пайдаланылатын өзге де белгілерді қамтыған қосымша материалдар мағынасын өзгертетін

болып танылады.

Өтінім өнертабыстың тобына қатысты болған жағдайда, осы топтың өнертабысына

қатысты сипаттамада айтылған белгілер өтінімнің бастапқы материалдарында қамтылған

қандай да бір өнертабыс тобының белгілері болып есептеледі.

Бірі басқа топта пайдалану үшін тағайындалған өнертабыстар тобының орны

ерекше. Бұл ретте бастапқы материалдардағы бір өнертабыстың басқасында пайдалану

үшін тағайындалған белгілері, осы басқа өнертабыстың белгілері болып та есептеледі.

Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ мәлімделген өнертабыс туралы мәліметті

қамтыған, формулаға енгізілуі тиіс белгілерге жатпайтын қосымша материалдар

өнертабыстың мағынасын өзгертетін болып есептелмейді. Мұндай мәліметтерге, атап

айтқанда өнертабысты жүзеге асыру тары туралы мәліметтер, өнертабысты іске асыру

мысалдары, қосымша техникалық нәтиже алу мүмкіндігіне, нақтыланған графикалық

материалдарға көрсету туралы жаңа (қосымша) мәліметтер жатқызылуы мүмкін.

Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыстың формуласына енгізуге

жататын белгілермен қоса, сонымен қатар өтінімді қарау үшін қажетті өзге мәліметтер

көрсетілген белгілерді қамтитын бөлікте ғана мағынасын өзгертетін болып танылады.

Өзге мәліметтер сараптаманы өткізу кезінде ескеріледі;

4) өтінім беруші өзгерткен өнертабыстың қосымша материалдарында ұсынылған

формуланы тексеру кезінде өзгерістердің мәлімделген өнертабысқа (өнертабыстарға)

жататындығы анықталады.

Өнертабыстың мақсатын көрсететін бастапқы түрлік түсінікті басқасымен

ауыстырған кезде, егер көрсетілген түсініктер шамалас, бағынысты қатынаста болса

немесе бір-бірін қиып өтсе, яғни олардың көлемі толық немесе бірен-саран ұқсас

болса, формуланың өзгертілуі мәлімделген өнертабысқа жатады болып танылады.

Өнертабыстың формуласын ауыстыру келесі жағдайларда мәлімделген өнертабысқа

жатады:

өнертабыс ретінде мәлімделген объект түрін көрсету ғана өзгерген жағдайда,

егер жаңадан көрсетілген түр бастапқыға қарағанда көп дәрежеде өнертабыстың

бастапқы формуласындағы белгілердің сипатына сәйкес келсе;

басымдық күніне дейін объектіні қолдану туралы мәліметтер көпшілікке қол

жетімді болмауы мәлімделгені анықталса, өнертабыстың бастапқы объектісін "жаңа

мақсат бойынша қолдану", көрсетілген жаңа мақсаттың объектісіне ауыстыру;

басымдық күніне дейін көпшілікке қол жетімді мәліметтерден мәлімделгеннен

мақсатымен ғана ерекшеленетін құралдардың белгілігі анықталса, өнертабыстың

бастапқыда көрсетілген объектісін "жаңа мақсат бойынша қолдану" өнертабыстың

объектісіне ауыстыру.

5) қосымша материалдар өнертабыстың өзгертілген формуласын қамтыған жағдайда,

оған енгізілген өнертабыстың қаралатын формулада ондай ретінде бөлініп алынбаған

бір немесе бірнеше тәуелсіз тармақтарын енгізу формуланың өзгертудің көзделгені

және осындай қосымша материалдармен бірге олардың ұсынылу мерзімдерін ескере

отырып, тиісті төлемді растайтын құжатын ұсынылғаны анықталады.

Көрсетілген құжат қосымша материалдармен бірге ұсынылмаған кезде өтінімді

қарау кезінде формуланың өзгертілуі назарға алынбайды.

Мәлімделген өнертабысқа жатпайтын өнертабыс формуласының өзгертілуі назарға

алынбайды, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.

6) қосымша материалдар мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертетін болып

танылған жағдайда өтінім берушіге (оған жіберілетін сараптама құжатында) қосымша

материалдарға енгізілген мәліметтердің қайсысы сараптаманың осындай шешімі үшін

негіз болғаны хабарланады.

7) өтінім беруші өтінімге қарама-қайшы қойылған материалдардың көшірмелерін

сұратқан жағдайда, қосымша материалдар өтінім берушіге сараптаманың сұрау салуы

жіберілген күннен бастап екі ай ішінде ол сұратқан жағдайда көрсетілген

көшірмелерді өтінім берушіге жіберген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуы мүмкін.

102. Өтінімнің қайта өзгертілуі келесі жағдайларда жүзеге асады:

өнертабысқа арналған өтінім өнертабысқа патент беруге арналған қорытынды

шығарылғанға дейін пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге қайта

өзгертілуі мүмкін.

ӨН-ПМ-1 нысаны бойынша (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша) ұсынылған осындай қайта

өзгерту туралы өтінімхат келіп түскен кезде оны ресімдеудің дұрыстығы тексеріледі,

сондай-ақ оның өнертабысқа патент беру туралы шешім шығарылғанға дейін ұсынылғаны

және өтінімхатқа белгіленген мөлшерде тиісті төлем туралы құжаттың қоса берілгені

анықталады.

Өтінімхат белгіленген талаптарға сәйкес ресімделмеген жағдайда өтінім

берушіге бұл туралы хабарланады.

Қайта өзгерту туралы өтінімхатпен және белгіленген мөлшерде төлем туралы

құжатпен бір уақытта Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімді жасау,

ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ресімделген пайдалы модельге

патент беру туралы өтінім 4 данада ұсынылады.

Өтінімхат патент беру туралы қорытынды шығарылғаннан кейін келіп түскен кезде

өтінім берушіге өтінімді қайта өзгертуге болмайтындығы туралы хабарланады.

Төлем туралы құжат өтінімхатты берумен бірге ұсынылмаған кезде соңғысы

ұсынылмаған болып есептеледі, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.

Қайта өзгертілмеген өтінім, өнертабысқа арналған өтінім болып қалады және

оған қатысты одан әрі Нұсқаулықтың 2-5, 7-10 - бөлімдерінің ережелері қолданылады.

Егер өтінімхат белгіленген талаптарға сәйкес ресімделгені, Заңның 28-

бабының 1-тармағында белгіленген мерзімді сақтай отырып ұсынылғаны және онымен

бірге белгіленген мөлшерде ақы төленгені туралы құжаттың ұсынылғаны анықталса,

өтінім беруші өтінімнің қайта өзгертілгені туралы, сондай-ақ өтінімді одан әрі

қарау Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімді жасау, ресімдеу және қарау

жөніндегі нұсқаулықтың қосымшаларына сәйкес жүргізілетіндігі туралы хабарланады;

өтінімді қайта өзгерту туралы өтінімхат берілген күнге өтінім беруші

өнертабысқа берілген өтінімді түзететін немесе нақтылайтын қосымша материалдарды не

болмаса өнертабыстың өзгертілген формуласын қайта өзгерту туралы өтінімхат

қаралғанға дейін ұсынған жағдайда осы материалдарды тексеру жүргізіледі.

қайтарып алынған немесе қайтарып алынған болып есептелетін өнертабысқа

арналған өтінімдерге қатысты қайта өзгерту жүргізілмейді.

егер қайта өзгерту туралы өтінімхат Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес

қайтарып алынған болып есептелетін өтінім бойынша келіп түссе және өтінімхатпен

бірге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініммен ұсынылса, соңғысы

Заңның 22-бабының 13-тармағына сәйкес қаралады.

өтінім берушіге болған өтінімді қайта өзгерту туралы өтінімхат жіберілгенге

дейін одан оның өтінімхатын берілмеген болып есептеу өтінімі келіп түскен кезде

қайта өзгертілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.

өтінім берушіге өнертабысқа арналған өтінімнің пайдалы модельге арналған

өтінімге қайта өзгертілгені туралы хабарлама жіберілгеннен кейін келіп түскен оның

өтінімді қайта өзгерту туралы өтінімхатты берілмеген болып есептеу туралы өтінімі

өтінімді қайтадан өзгерту үшін негіз болмайды.

103. Егер өтінім сараптамасының нәтижесінде шын мәнінде мәлімделген ұсыныс

өтінім беруші сұраған құқықтық қорғау көлемде заңның 6-бабында белгіленген

өнертабыстың патентке қабілеттілігі тарына сәйкестігі анықталса, Сараптама жасау

ұйымы Заңның 22-бабының 9-тармағына сәйкес өтінім берушімен келісілген өнертабыс

формуласы бар патентті беру туралы қорытынды шығарады.

Сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы өкілетті органға патентті беру туралы

шешім қабылдау үшін жіберіледі, ол туралы (осындай шешім қабылданған жағдайда)

өтінім берушіге хабарланады.

Сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге өкілетті органның патент беру туралы

шешім қабылдағаны туралы хабарландыру хатты жіберген күннен кейін өтінім беруші

сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындығы үшін тиісті ақы

төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

104. Сараптама жасау ұйымы патентті беруден бас тарту туралы қорытындыны мына

жағдайларда шығарады:

1) өтінім беруші ұсынған формуламен көрсетілген, мәлімделген өнертабыстың

патентке қабілеттіліктің тым болмағанда бір талабына сәйкес еместігі белгіленген

кезде;

2) өтінім беруші патент беруден бас тарту үшін себеп болған жағдайлармен ол

танысқаннан кейін мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттілігіне қатысты, бірақ

сараптаманың қорытындысын өзгертпеген дәлелдер ұсынылған жағдайда, қорытындыда

көрсетілген дәлелдердің талдауы келтіріледі;

3) егер бір тәуелсіз өнертабысы және тәуелді тармақтары бар көп буынды

формулада сипатталған, мәлімделген өнертабыс тәуелсіз тармаққа қатысты патентке

қабілеттілік талаптарының біреуіне сәйкес еместігі, өтінім беруші формуланың осы

тармағын түзетуден бас тартуы анықталса;

4) басқа тәуелсіз тармақтары жоқ формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған

өнертабыстың патентке қабілеттілігі белгіленген, ал тәуелсіз тармақтардағы

өнертабыстың сипаттамасы өнертабысты жүзеге асыруға немесе өтінім беруші көрсеткен

мақсатты іске асыруға кедергі жасаған, өтінім беруші осындай тәуелді тармақтарды

түзетуден не болмаса формуладан алып тастаудан бас тартқан жағдайда;

5) формулада бір тәуелсіз тармақ болған және ол сипаттамадағы өнертабыстың

айырықша белгіні енгізбеген, осылайша сипатталған содан кейін өнертабыс, патентке

қабілеттіліктің қандай да бір талабына сәйкес келмеген және өтінім беруші

көрсетілген белгіні формулаға енгізуден бас тартқан жағдайда;

6) егер формулада сипатталған мәлімделген өнертабыстардың бірі патентке

қабілетті еместігі анықталса және өтінім беруші Осы өнертабыстың сипаттамасын

түзетуден немесе формуладан алып тастаудан бас тартса.

Бұл ретте қорытындыда осындай шешім алынған басқа өнертабыстың

(өнертабыстардың) патентке қабілеттілігі расталғанда.

10. Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтінімге сараптама

жүргізу

105. Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтінім сараптамасы осы

Нұсқаулықтың 74-тармағына сәйкес өтінімді беру күні анықталғаннан кейін

Нұсқаулықтың 71 және 73-тармақтарындағы ережелер сақталған кезде жүргізіледі.

Өтінім сараптамасын жүргізу кезінде мыналар тексеріледі:

1) Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген өтінімдегі немесе оған қоса

берілетін құжаттардың бар болуы;

2) белгіленген мөлшерде төлемнің сәйкестігі;

3) өтінім құжаттарына белгіленген талаптардың осы Нұсқаулықтың 12-57-

тармақтарына сәйкес сақталуы;

4) осы Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес өнертабыс бірлігі талаптарының

сақталуы;

5) мәлімделген шешімнің өнертабыс ретінде қорғалатын объектіге қатыстылығы;

6) басымдық күнінің белгіленуі;

7) мәлімделген шешімге локальдық жаңалықтың тексерілуі;

8) мәлімделген шешімнің өнеркәсіптік қолданылуының тексерілуі;

9) патенттік сенім білдірілген өкілдің құзыретін растайтын сенімхаттың бар

болуы мен оның ресімделуінің дұрыстығын қоса алғанда, Заңның 36-бабының 3-

тармағында көзделген жағдайларда өтінім бойынша іс жүргізу тәртібінің сақталуы;

10) осы Нұсқаулықтың 106-тармағына сәйкес қосымша материалдардың тексерілуі;

11) Халықаралық патент сыныптама бойынша арыз берілу жүзеге асырған (немесе

егер ол жоқ болса осындай сыныптау жүргізіледі) өнертабысты сыныптаудың дұрыстығы

тексеріледі.

106. Егер өтінімді сараптау рәсімінде өтінім оның құжаттарына қойылатын

талаптарды бұза отырып, ресімделгені анықталса, өтінім берушіге табылған

кемшіліктер көрсетілген, құқықтық сипаттағы қажетті аргументтер келтірілген және

Заңның 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес Заңда белгіленген мерзімдерде жоқ немесе

түзетілген құжаттарды беру ұсынылған сұрау салу жіберіледі. Бірінші өтінімнің

(өтінімдердің) жоқ көшірмесі (көшірмелері) конвенциялық басымдық сұратылған

жағдайда сараптама жасау ұйымына өтінім келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде

ұсынылуы мүмкін.

Сұрау салу үшін мыналар негіз болып табылады:

1) өтінімде осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарында көзделген ең болмаса бір

құжаттың болмауы;

2) инновациялық патент беру туралы өтінімде осы Нұсқаулықта көзделген қажетті

мәліметтердің, реквизиттердің, қолдардың, мөрдің баспа-таңбасының (ол қажет

болғанда) болмауы;

3) төлеммен байланысты мәселелерді анықтау қажеттігі;

4) құжаттарды ресімдеуде оларды тікелей көшіруге кедергі жасайтын

кемшіліктердің (парақ форматына, жолдардың көлемдеріне қойылатын талаптардың

бұзылуы, өтінім материалдарының оқылуын ауырлататын мөрдің сапасы);

5) егер өнертабыстың атауы арнайы атауларға енгізілсе, Қазақстан

Республикасында қорғалатын тауар белгілеріне арналған үшінші тұлғалар құқықтарының

бұзылу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді анықтау қажеттігі;

6) өтінімде көпшілікке қол жетімді болып табылмайтын көздерге сілтемелердің

не болмаса ондағы мәліметтерді жариялаудың мүмкін еместігіне көрсетудің

(инновациялық патент туралы мәліметті жариялау кезінде авторлар ретінде

көрсетілгісі келмеген авторлар туралы мәліметті қоспағанда) бар болуы;

7) осы Нұсқаулықтың 32-тармағының 3) тармақшасының бір ұсыныс түрінде

формуланың тармағын баяндау туралы талабының бұзылуы;

8) өнертабыс формуласында құқықтық қорғау сұратылған өнертабыс объектісінің

көрсетілмеуі;

9) өнертабыс формуласында объект белгілерінің орнына оның пайдаланушылық

көрсеткіштері мен тұтынушылық қасиеттері, оны жүзеге асыру және/немесе пайдалану

кезінде орын алған әсері мен құбылыстары туралы тиісті мәліметтердің бар болуы;

10) осы Нұсқаулықтың 27-тармағы 5) тармақшасының өнертабыс формуласында

олардың сәйкестендірілу мүмкіндігін қамтамасыз ететін белгілердің баяндалуы туралы

талаптарының бұзылуы;

11) формуланың тәуелсіз тармағы бір өнертабысқа жатуы тиіс осы Нұсқаулықтың

34-тармағы талаптарының бұзылуы;

12) өнертабыс формуласында өзі бағынысты формула тармағының белгісін жоюды

немесе ауыстыруды болжайтын тәуелсіз тармақтың бар болуы;

13) техникалық шешімде "локальдық жаңалықтың" болжалды болмауымен байланысты

мәселелерді анықтау қажеттігі;

14) техникалық шешімде "өнеркәсіптік қолданушылық" атты патентке қабілеттілік

өлшемінің болжалды болмауымен байланысты мәселелерді анықтау қажеттігі.

Өтінім берушіге сауал салуда егер қажет болғанда тиісті қосымша ақы төленген

бірыңғай өнертабыстық ойды құрайтын бір өнертабысқа не болмаса өнертабыс тобына

жататын нақтыланған сипаттаманы және формуланы беру ұсынылуы мүмкін.

Түзетулермен қатар сұрау салуға сәйкес, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы

бойынша енгізілген түзетулері бар өтінім беруші түзеткен құжат Нұсқаулықтың 101-

тармағы сақталып ұсынылады.

Сараптаманың сұрау салуына жауап ол жіберілген күннен бастап үш айдан

кешіктірілмей ұсынылуы керек. Бұл мерзім өтінім берушінің сұрауы бойынша тиісті ақы

төленген жағдайда кемінде үш айға ұзартылуы мүмкін. Өтінім сараптамасы сараптаманың

сұрау салуына жауап алынғанға дейін тоқтатылады.

Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылған материалдарды толық

көлемде немесе Нұсқаулықтың 68-бабының талаптарын сақтай отырып, белгіленген

мерзімді ұзарту туралы өтінімхатты ұсынбаса, өтінім қайтарып алынған болып

есептеледі, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады. Инновациялық патент беруге

арналған өтінім бойынша іс жүргізуді аяқтауға мүмкіндік бермейтін жауапты толық

көлемде ұсынбаған кезде, екінші сұрау салуда өтінім беруші осындай ұсынбаудың

құқықтық салдарлары туралы хабарландырылады. Өтінім беруші өткізіп алған мерзім

қалпына келтіруге жатпайды.

107. Инновациялық патент беруге арналған өтінімді жіктеу осы Нұсқаулықтың 80-

тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

108. Өтінім беруші ұсынған өнертабыс формуласы заңның 22-1-бабының 1-

тармағының негізінде өнертабыс бірлігі талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.

1) егер өтінімде бір буынды немесе бір тәуелсіз тармағы бар көп буынды

формула келтірілсе, осы Нұсқаулықтың 34 және 35-тармақтарына сәйкес осындай

формулада бір өнертабыстың сипатталғаны тексеріледі.

Көрсетілген талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жіберілетін сұрау салуда

өтінім берушіге бұл туралы хабарланады және анықталған тәртіп бұзушылықты жою үшін

формуланы түзету ұсынылады. Бұл ретте сонымен қатар түзетілген формулада бірлік

талаптарын сақтау, ал бас тартылған жағдайда одан әрі қаралуы тиіс формуланы -

өнертабыс нұсқауын түзету қажеттігі көрсетіледі.

Егер көрсетілген шешім үшін өтінім берушінің баламалы түсініктердің

белгілерін сипаттамаға арналған пайдалану тарын сақтамау негіз болып табылса,

осындай бұзушылық белгіленген нақты баламалы сипаттамалар (өтінім беруші келтірген

барлық немесе бірнеше сипаттама) көрсетіле отырып, жіберілген тәртіп бұзушылықтың

сипаты көрсетіледі.

2) егер өтінім беруші бірнеше тәуелсіз тармақтары бар көп буынды формуланы

ұсынса, осы тармақтың 4) тармақшасында баяндалғанға сәйкес олардың әрқайсысына

(оларға бағынысты тәуелді тармақтармен бірге, егер ондай бар болса) талдау

жүргізіледі.

Бір өнертабысты ғана сипаттайтын әр тәуелсіз тармақ (оған бағынысты тәуелді

тармақтармен бірге, егер олар бар болса) көп буынды формулаға қатысты оған

енгізілген өнертабыстың бірыңғай шығармашылық ойды құрайтын өнертабыс тобы болып

табылатыны анықталады.

Егер өнертабыстың тәуелсіз тармақтарында сипатталған өнертабыстар осы

Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілгендей бір-бірімен өзара қатынаста болса

бірыңғай шығармашылық ойдың тары сақталды болып танылады.

Тәуелсіз тармақтарда сипатталған өнертабыстың нұсқаларға дұрыстығын тексеру

кезінде өтінім беруші көрсеткен өнертабыстың мақсаты мен техникалық нәтижелерінің

сәйкестігі анықталады.

Өтінім беруші өнертабыс бірлігінің талаптарын сақтамауы белгіленген кезде

тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде қай өнертабыстың қаралуы

керектігін хабарлау және қажет болғанда өтінім құжаттарына нақтылау енгізу

ұсынылады. Бастапқы өтінімнің құжаттарына енген басқа өнертабыстар басымдығы Заңның

20-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленетін бөлек өтінімдермен ресімделуі мүмкін.

Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде өнертабыстың қайсысын қарау

қажеттігін хабарламаса және нақтыланған құжаттарды ұсынбаса, өтінімді қарау

формулада бірінші болып көрсетілген өнертабысқа ғана, сондай-ақ өнертабыс бірлігін

қанағаттандыратын біріншімен соншалықты байланысты басқа да өнертабыстарға қатысты

жүргізіледі.

3) формуланы тексеру кезінде бір тәуелсіз тармағы бар бір буынды формула

немесе көп буынды формула бір өнертабыстан көбіне жататындығы анықталған және

өтінім беруші формуланы түзетуден бас тартқан жағдайда, өтінім беруші инновациялық

патент беруге арналған сараптама кезінде одан әрі қарауға жататын өнертабысты

көрсеткен кезде ғана өтінім сараптамасының жалғастырылуы мүмкін.

4) егер бірнеше тәуелсіз тармақтары бар көп буынды формуланы тексеру кезінде,

оның Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес бірыңғай шығармашылық оймен біріктірілген

өнертабыс тобын білдірмейтіндігі анықталса, инновациялық патент беруге арналған

өтінімді одан әрі сараптау осы тармақтың 2) тармақшасының ережесіне сәйкес, не

болмаса өтінім беруші формулада бірінші көрсетілген өнертабысқа қатысты нақтыланған

материалдарды ұсынбаған жағдайда өтінім беруші қарау үшін таңдаған өнертабысқа ғана

жүргізіледі.

109. Мәлімделген ұсынысты өнертабыстар болып танылмайтындарға жатқызу Заңның

6-бабының 3-тармағы және осы Нұсқаулықтың 10-тармағы негізінде тексеріледі.

Егер мәлімделген ұсыныс қорғаудан алынып тасталғандарға анық жатқызылмаса,

өтінім берушіге тиісті дәлелдемелер баяндалған сұрау салу жіберіледі.

Өтінім беруші сараптаманың сұрау салуына жауап ұсынбаған, не болмаса

мәлімделген шешім осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес сөзсіз қорғау

қабілетсіздердің қатарына жататыны анықталған жағдайда өтінімді қарау осы

Нұсқаулықтың 119-тармағына сәйкес жүргізіледі.

110. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымына өтінім беру күнінен бұрынғы күн

бойынша басымдылықты сұратқан кезде өтінім берушінің Заңның 20-бабының 2-6-

тармақтарында көрсетілген шарттарды сақтауы тексеріледі және өнертабыстың

басымдылығын белгілеу осы Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

111. Мәлімделген шешімнің өнеркәсіптік қолданылуын тексеру Заңның 22-1-

бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі және осы Нұсқаулықтың 95-тармағының 1)-3)

тармақшаларындағы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Инновациялық патент беруге арналған мәлімделген шешімнің өнеркәсіптік қолдану

тарына сәйкес еместігі анықталған өнертабысқа қатысты локальдық жаңалықты тексеру

жүргізілмейді.

112. Локальдық жаңалықты тексеру:

1) мәлімделген шешімнің локальдық жаңалығы Қазақстан Республикасында

патенттелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, Қазақстан Республикасы қатысушысы

болып табылатын халықаралық шарттардың мәлімделген еуразиялық өтінімдер, қаралып

жатқан өтінімнің басымдық күніне дейінгі сараптама жасау ұйымына берілген басқа

өтінім берушілердің қайтарылмаған өтінімдері негізінде берілген патенттерге қатысты

тексеріледі.

Өнертабыстың локальдық жаңалық тексеруі өнертабыс формуласының тәуелсіз

тармағындағы белгілердің барлық жиынтығына қатысты жүзеге асырылады.

2) Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар (инновациялық патентті

немесе патентті беруге) немесе пайдалы модельдер тек қана тиісті Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік тізілімде тіркелген формулаға қатысты локальдық

жаңалықты тексеру кезінде назарға алынады.

Бұрынғы басымдық күні бар өнертабысқа немесе пайдалы модельге арналған өтінім

локальдық жаңалықты тексеру кезінде мынадай тардың жиынтығын сақтау кезінде

ескеріледі:

өтінім Қазақстан Республикасында берілсе, оның ішінде халықаралық беру күні

белгіленген халықаралық өтінім, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 16-бөлімінің шарттары

сақталған еуразиялық өтінім;

өтінім қайтарып алынбаса және қайтарып алынды болып есептелмесе.

Бұрынғы басымдық күні бар өнертабысқа немесе пайдалы модельге арналған өтінім

осы өтінімдегі сипаттама мен формулаға қатысты локальдық жаңалықты оның берілген

күніне тексеру кезінде ескеріледі. Егер бұл күн қаралып жатқан өтінім күнінен тым

кеш болса, онда бұрынғы басымдылығы бар өтінім басымдықты белгілеу үшін негіз

(бірінші өтінім, бұрын берілген өтінім, осы өтінімге қосымша материалдар) болған

материалдардың мазмұнымен сәйкес келетін оның мазмұны бөлігінде назарға алынады.

Жарияланған еуразиялық өтінімдер жарияланған формулаға/рефератқа және

сипаттамаға қатысты ескеріледі.

3) егер тексеру кезінде тағайындау сипаттамасын қоса алғанда өнертабыстың

қаралып жатқан формуласындағы барлық белгілерге сәйкес белгілер тән құралдар

анықталса, өнертабыс локальдық жаңалығына сәйкес болып есептелмейді.

Егер мәлімделген өнертабыс жаңа мақсат бойынша белгілі өнімді немесе амалды

қолдануға жатса, онда ол өтінім беруші көрсеткен мақсат бойынша сол өнімді немесе

амалды қолдану белгілі болған ақпарат көзі табылған кезде локальдық жаңалық тарына

сәйкес емес танылады.

4) бұрынғы басымдылығы бар өтінім анықталған кезде (ақпарат көзінің локальдық

жаңалығы бойынша қарама-қарсы қойылушы ретінде) өтінімнің қайтарып алынбағаны

анықталады және қайтарып алынған болып есептеледі.

Қаралып жатқан өнертабыстың өтінім берушісі осындай өтінімнің (оның өтінім

берушісі көрсетілмеген және мазмұны ашылмаған) бар екендігі туралы және егер

сараптама жасау ұйымында ол туралы мәлімет жарияланбаған жағдайда оның мазмұнымен

танысу мүмкіндігі туралы хабарландырылады.

Жарияланған өтінімдердің көшірмелері (РСТ және еуразиялық өтінімдер) өтінім

берушіге танысу үшін хабарламамен бірге жіберіледі.

5) егер формуланың тәуелсіз формуласында сипатталған тәуелді тармақтары бар

өнертабыс локальдық жаңалық тарына сәйкес болса, онда тәуелді тармақтарға қатысты

тексеру жүргізілмейді.

6) формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған тәуелді тармақтары бар

өнертабыстың локальдық жаңалыққа сәйкес еместігі анықталған жағдайда өтінім

берушіге бұл туралы хабарланады және өнертабыстың түзетілген формуласы осындай

мақсатқа сай болуды растаған жағдайда өтінімді ұсына отырып, одан әрі қараудың

мақсатқа сай екендігі туралы пікірін айту ұсынылады. Бұл ретте егер сараптамаға

тәуелді тармақтардың мазмұнын тәуелсіз тармақтарға енгізу кезінде назарға алынуы

мүмкін ақпарат көздері белгілі болса, өтінім берушіге бұл туралы хабарлануы мүмкін.

7) өнертабыстың мәлімделген тобының локальдық жаңалығын тексеру өнертабыс

тобына енетін әр топқа қатысты жүргізіледі. Егер топтың өнертабыстарының барлығында

локальдық жаңалықтың болмайтыны анықталса, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады

және келтірілген дәлелдемелерге қатысты өз пікірін беру қажет болғанда формуладан

локалдық жаңалығы жоқ өнертабыс сипатталған тәуелсіз тармақтарды алып тастау, не

болмаса осы тармақтарды түзетілген түрінде беру ұсынылады.

113. Қосымша материалдарды тексеру:

1) өтінімнің құжаттарын түзететін немесе нақтылайтын (яғни олардың мазмұнына

енгізуге жататын) және Заңның 21-бабына сәйкес өтінім берушінің бастамасы бойынша

ұсынылған қосымша құжаттар келіп түскен кезде өтінім берушінің осындай

материалдарды беру мерзімінің сақталуы және белгіленген мөлшердегі төлемді

растайтын құжаттың бар болуы көрсетілген құжаттар өтінім келіп түскен күннен бастап

екі ай өткеннен кейін ұсынылған жағдайда тексеріледі.

2) көрсетілген материалдарды өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай

өткеннен кейін ұсынылған және онымен бірге тиісті төлемді растайтын құжат

ұсынылмаған жағдайда бұл материалдар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, бұл

туралы өтінім берушіге хабарланады. Осындай хабарлама өтінім берушіге жіберілетін

сараптаманың кезекті құжатының мазмұнына енгізілуі мүмкін.

Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша ұсынған қосымша

материалдарға қатысты өтінім берушінің оларды берудің белгіленген мерзімдерін

сақтауы тексеріледі.

Көрсетілген материалдар өтінім берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап

үш ай ішінде берілуі керек.

Өтінім берушінің белгіленген мерзімдерді сақтауын тексеру кезінде

Нұсқаулықтың 67-тармағын басшылыққа алу керек.

3) егер өтінім беруші қосымша материалдарды көрсетілген мерзімдерді (бұл

мерзімдер осы Нұсқаулықтың 68-тармағына сәйкес ұзартылмаса) бұза отырып, өтінім

қайтарып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.

4) өз бастамасы бойынша немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша

өтінім беруші ұсынған қосымша материалдар келіп түскен кезде олардың мәлімделген

өнертабыстың мағынасын өзгертпейтіндігі тексеріледі. Егер қосымша материалдарда

формулаға енгізуге жататын өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болса,

олар мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертуші болып танылады.

Белгілер өтінім беруші берген нақтыланған формулада болған жағдайда ғана

емес, сонымен қатар өтінім беруші осындай енгізуге көрсеткенде де олар өнертабыстың

формуласына енгізуге жататындар болып есептеледі.

Егер белгілер сараптама жасау ұйымына инновациялық патент беруге арналған

өтінім, өнертабыстың бейнеленуі мен сызбалары (егер сипаттамада оларға сілтеме

жасалса) келіп түскен күнде немесе егер ұсынған болса формулада ашылмаса, қосымша

материалдарда келтірілген және формулаға енгізуге жататын олар өтінімнің бастапқы

материалдарында болмаған болып танылады.

Сипаттамада тек қана техникалық деңгейге, оның ішінде жақын баламаға қатысты

айтылған белгілер өтінімнің бастапқы материалдарындағы мәлімделген өнертабыс

белгілеріне жатпайды.

Егер мәлімделген өнертабыс белгілі құрылғыны, амалды, немесе штаммды жаңа

мақсат бойынша қолдануға қатысты болса, онда белгілі объектінің немесе белгілі

объектіні сипаттау үшін пайдаланылатын өзге де белгілерді тағайындау сипаттамасы

мен формуласындағыдан гөрі өзге нұсқауды қамтитын қосымша материалдар мәнін

өзгертетін болып танылады.

Өтінім өнертабыс тобына қатысты болған жағдайда, дәл осы топтың өнертабысына

қатысты сипаттамада айтылған белгілер өтінімнің бастапқы материалдарындағы топтың

қандай да бір өнертабысының белгілері болып есептеледі.

Біреуі басқа өнертабыста пайдалану үшін арналған өнертабыс тобының орны

ерекше. Бұл ретте бастапқы материалдардағы басқа өнертабыста пайдалануға арналған

бір өнертабыс белгілері осы басқа өнертабыстың белгілері де болып есептеледі.

Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ мәлімделген өнертабыс туралы мәліметті

қамтитын, формулаға енгізілуі тиіс белгілерге қатысты емес қосымша материалдар

өнертабыстың мәнін өзгертетін болып есептелмейді. Осындай мәліметтерге өнертабысты

жүзеге асыру тары туралы жаңа (қосымша) мәліметтер, өнертабысты іске асыру

мысалдары, қосымша техникалық нәтиже алу мүмкіндігіне нұсқау, нақтыланған

графикалық материалдар жатқызылуы мүмкін.

Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ өнертабыс формуласына енгізуге жататын

белгілермен қатар, сонымен қатар өтінімді қарау үшін қажетті өзге де мәліметтерді

қамтитын қосымша материалдар көрсетілген белгілерді қамтитын бөлікте ғана мәнін

өзгертетін болып танылады.

Өзге де мәліметтер сараптама жүргізу кезінде ескеріледі;

5) қосымша материалдарда ұсынылған өтінім беруші өзгерткен өнертабыс

формуласын тексеру кезінде өзгерістердің мәлімделген өнертабысқа (өнертабыстарға)

жататындығы анықталады.

Егер көрсетілген түсініктердің мәні мен маңызы, бағынысты қатынаста болса

немесе қиып өтсе, яғни олардың көлемі толық немесе бөліктерінде үйлессе, бірдей

өнертабыстың мақсатын көрсететін бастапқы тектік түсінікті басқа түсінікпен

ауыстыру кезінде формуланың өзгеруі мәлімделген өнертабысқа жатады болып танылады.

Өнертабыс формуласын өзгерту мынадай жағдайларда мәлімделген өнертабысқа

қатысты болып танылады:

егер жаңадан көрсетілген объектінің түрі бастапқыдан гөрі өнертабыстың

бастапқы формуласында немесе алғашқы сипаттамада қамтылған белгілердің сипатына

айтарлықтай сәйкес келсе, өнертабыс ретінде мәлімделген объект түрінің нұсқауын

ғана өзгерту;

кемшіліктер нәтижесінде жаңа тәуелсіз тармақты (немесе осындай бірнеше

тармақты) қалыптастыру;

өнертабыстың бастапқы "жаңа мақсат бойынша қолдану" объектісін көрсетілген

жаңа мақсат объектісіне ауыстыру;

өнертабыстың алғашқыда көрсетілген объектісін өнертабыстың "жаңа мақсат

бойынша қолдану" объектісіне ауыстыру.

Мәлімделген өнертабысқа жатпайтын өнертабыс формуласын өзгерту назарға

алынбайды, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.

Қосымша материалдар мәлімделген өнертабыстың мәнін өзгертетін болып танылған

жағдайда өтінім берушіге (оған жіберілетін кезекті құжатта) қосымша материалдарға

енгізілген қандай мәліметтер сараптаманың осындай шешіміне негіз болғаны

хабарланады.

114. Егер сараптама нәтижесінде өтінім өнертабыс ретінде қорғалатын

объектілерге жататыны, құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі және өтінім

локальдық жаңалық пен өнеркәсіптік қолдануына жауап беретін ұсынысты сипаттайтыны

анықталса, сараптама жасау ұйымының өтінім берушімен келісілген формуласы бар

инновациялық патентке арналған оң қорытындысы шығарылады.

Сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы өкілетті органға инновациялық патент

беру туралы шешім қабылдау үшін жіберіледі, бұл туралы (осындай шешім қабылданған

жағдайда) өтінім берушіге хабарланады.

Сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге өкілетті органның инновациялық патент

беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламаны жіберген күннен бастап, өтінім

беруші сараптама жасау ұйымына инновациялық патент беруге жариялау үшін тиісті

төлемді растайтын құжатты ұсынады.

115. Сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке арналған теріс

қорытындысы шығарылады, егер:

өтінім өнертабыс ретінде қорғалмайтын объектілерге жататын болса;

өтінім беруші ұсынылған формула өтінімнің бастапқы материалдарында болмаған

немесе өнертабыс ретінде айдар ілетін объектіден басқа белгілерді қамтитыны,

сонымен қатар өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтыны немесе оған

қатысты өнертабыс бірлігі талаптарының бұзылуына байланысты қаралмаған ұсыныс

сипаттайтыны туралы хабарландырылғаннан кейін өнертабыстың өзгертілген формуласын

ұсынбаған болса;

өтінім Заңның 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес локальдық жаңалықтың және

өнеркәсіптік қолданудың тарына жауап бермейтін ұсынысты қамтитыны анықталса, өтінім

берушіге сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке арналған теріс қорытындысы

жіберіледі;

Өтінім беруші сараптаманың келтірген дәлелдемелерімен келіспеген жағдайда ол

өкілетті органға сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы жіберілген күннен

бастап алты ай мерзімде оған наразылығын білдіре алады. Аппеляциялық кеңес қарсылық

келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде оны қарауы керек.

116. Сондай басымдық күні бар ұқсас өнертабысқа немесе пайдалы модельге

арналған басқа өтінімнің бар болуы анықталған кезде өнертабысқа арналған өтінімді

қарау ерекшеліктері.

Инновациялық патент беруге өтінім басымдық күні бар ұқсас өнертабысқа немесе

пайдалы модельге берілген басқа өтінім бар болса, онда осы Нұсқаулықтың 103-

тармағында қарастырылған ережелерге сәйкес қаралады.

117.Өтінім беруші өтінімді қайта өзгертуі мүмкін:

1) Заңның 28-бабына сәйкес өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған

өтінім пайдалы модельге арналған өтінімге қайта өзгертілуі мүмкін.

2) ӨН-ПМ-1 нысаны бойынша (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша) ұсынылған осындай қайта

өзгерту туралы өтінімхат келіп түскен кезде оны ресімдеудің дұрыстығы тексеріледі,

сондай-ақ оның өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған сараптама жасау

ұйымының тиісті қорытындысы берілгенге дейін ұсынылғаны анықталады.

3) өтінімхат белгіленген талаптарға сәйкес ресімделмеген жағдайда өтінім

берушіге бұл туралы хабарланады.

4) қайта өзгерту туралы өтінімхатпен және белгіленген мөлшерде төлем туралы

құжатпен бір уақытта Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімді жасау,

ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ресімделген пайдалы модельге

патент беру туралы өтінім 4 данада ұсынылады.

Өтінімхат инновациялық патент беруге арналған сараптама жасау ұйымының тиісті

қорытындысы берілгеннен кейін келіп түскен кезде өтінім берушіге өтінімді қайта

өзгертуге болмайтындығы туралы хабарланады.

Қайта өзгертілмеген өтінім, өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған

өтінім болып қалады және оған қатысты одан әрі осы Нұсқаулықтың 2-5, 7-10

тарауларының ережелері қолданылады.

Егер өтінімхат белгіленген талаптарға сәйкес ресімделгені, Заңның 28-

бабының 1-тармағында белгіленген мерзімді сақтай отырып ұсынылғаны және онымен

бірге белгіленген мөлшерде ақы төленгені туралы құжаттың ұсынылғаны анықталса,

өтінім беруші өтінімнің қайта өзгертілгені туралы, сондай-ақ өтінімді одан әрі

қарау Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімді жасау, ресімдеу және қарау

жөніндегі нұсқаулықтың қосымшаларына сәйкес жүргізілетіндігі туралы хабарланады.

Өтінімді қайта өзгерту туралы өтінімхат берілген күнге өтінім беруші

өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтінімді түзететін немесе

нақтылайтын қосымша материалдарды, оның ішінде өнертабыстың өзгертілген формуласын

қайта өзгерту туралы өтінімхат қаралғанға дейін ұсынған жағдайда осы материалдарды

тексеру Нұсқаулықтың 106-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Қайтарып алынған немесе қайтарып алынған болып есептелетін өнертабысқа

арналған өтінімдерге қатысты қайта өзгерту жүргізілмейді.

Өтінім берушіге болған өтінімді қайта өзгерту туралы өтінімхат жіберілгенге

дейін одан оның өтінімхатын берілмеген болып есептеу өтінімі келіп түскен кезде

қайта өзгертілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.

Өтінім берушіге өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтінімнің

пайдалы модельге арналған өтінімге қайта өзгертілгені туралы хабарлама

жіберілгеннен кейін келіп түскен оның өтінімді қайта өзгерту туралы өтінімхатты

берілмеген болып есептеу туралы өтінімі өтінімді қайтадан өзгерту үшін негіз

болмайды.

5) Заңның 22-1-бабының 8-тармағына сәйкес өтінім беруші инновациялық патент

беруге арналған өтінімді қараудың кез-келген сатысында немесе үшінші тұлғалар

инновациялық патент беру туралы мәлімет жарияланғаннан кейін өтінім берілген күннен

бастап үш жылдан кешіктірмей инновациялық патенттің қолдану мерзімі ұзартылған

жағдайда Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес мәні бойынша сараптама өткізу туралы

өтінімхат бере алады. Өтінімхат Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес ӨН-2 нысаны

бойынша ұсынылады.

11. Ақпараттық іздестіруді жүргізу

118. Ақпараттық іздестіруді жүргізу шарттары мен тәртіптері:

1) Заңның 22-1-бабының 7-тармағына сәйкес өнертабыстың патентке қабілеттігін

бағалау жүргізілуі мүмкін техника деңгейін анықтау үшін ақпараттық іздестіру

жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық іздестіру өтінім берушінің өтінімхаты бойынша

өтінімді қараудың кез-келген сатысында, ал патент иеленушінің немесе үшінші

тұлғалардың өтінімхаты бойынша - инновациялық патент беру туралы мәлімет

жарияланғаннан кейін жүргізіледі. Ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтінімхат осы

Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес ӨН-ПМ-5 нысаны бойынша ұсынылады.

2) мәлімделген ұсыныс түсінікті етіп сипатталмаған немесе өнертабыстар болып

танылмайтын объектілерге жатқызу үшін негіз болған жағдайда, сәйкесінше ақпараттық

іздестіру жүргізу ұзартылады.

Егер өтінім берушіге өтінім жасағаннан кейін мәлімделген ұсыныс ерекшелігінің

жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері сақталса, жоғарыда көрсетілген жағдайларда

ақпараттық іздестіру жүргізілмейді.

3) патент иеленуші үшінші тұлғадан ақпараттық іздестіру жүргізу туралы

өтінімхаттың келіп түскені туралы хабардар етіледі.

4) егер қайтарып алынған немесе қайтарып алынды болып есептелетін өтінім

бойынша ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтінімхат келіп түссе немесе егер

өтінім бойынша ақпараттық іздестіруді жүргізу туралы өтінімхат келіп түскеннен

кейін сараптама жасау нәтижесінде инновациялық патент беруден бас тарту туралы

шешім қабылданса, онда өтінімхат берген өтінім берушіге оны қанағаттандырудың

мүмкін емес екендігі хабарланады.

5) өтінім берушінің, патент иеленушінің немесе үшінші тұлғаның өтінімхаты

бойынша жүргізілген ақпараттық іздестіру аяқталғаннан кейін ол туралы есеп

өтінімхатты берген адамға жіберіледі. Егер ақпараттық іздестіру үшінші тұлға берген

өтінімхат бойынша жүргізілсе, онда ақпараттық іздестіру туралы есеп сонымен қатар

патент иеленушіге жіберіледі.

6) ақпараттық іздестіруді жүргізу туралы өтінімхат келіп түскен күнге балама

өтінімхат берілсе не болмаса ақпараттық іздестіру жүргізіліп болған немесе

жүргізіліп жатқан жағдайда осындай өтінімхат берген адамға көрсетілген жағдайлар

туралы және осы Нұсқаулықтың 122-тармағының 4) тармақшасына сәйкес оған ақпараттық

туралы есептің көшірмесін ұсынудың тары туралы хабарланады.

119. Ақпараттық іздестірудің мәні.

1) ақпараттық іздестіру өнертабыстың формуласы негізінде сипаттама мен

сызбалар (егер осындайлар бар болса) ескеріле отырып, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың

106-тармағына сәйкес өнертабыс формуласының болуы мүмкін өзгерістері ескеріле

отырып жүргізіледі;

2) егер өтінім беруші өтінім құжаттарының түзетілуін, нақтылануын және

өзгертілуін тиісті өтінімхатты беру күніне дейін белгіленген тәртіппен енгізе, олар

ақпараттық іздестіруді жүргізу кезінде ескеріледі.

Егер ақпараттық іздестіруді жүргізу туралы өтінімхат келіп түскен күнге

өтінім беруші белгіленген мерзімде бірлік талаптарының бұзылуы туралы хабарламаға

жауап бермесе, ақпараттық іздестіру формулада бірінші болып көрсетілген өнертабыс

(бірыңғай өнертапқыштық ойды құрайтын өнертабыс тобы) бойынша жүргізіледі.

120. Техника деңгейін айқындау кезінде кез-келген тұлға өзі танысуы не

болмаса оның мазмұны туралы оған заңды түрде хабарлануы мүмкін ақпарат көзінде

қамтылған мәліметтер көпшілікке қол жетімді мәліметтер болып есептеледі.

Техника деңгейіне ақпарат көзін қосуын анықтайтын күн болып табылады:

қорғалатын құжаттарға жарияланған сипаттамалар үшін - оларда көрсетілген

жариялау күні;

отандық баспалар мен бұрынғы КСРО-ның баспалары үшін - оларда көрсетілген

басылымға қол қою күні;

отандық баспалар мен бұрынғы КСРО-ның баспалары үшін - басылымға қол қою күні

көрсетілмеген, сондай-ақ өзге де баспалар үшін - жарыққа шыққан күні, ал оны

анықтау мүмкіндігі болмаған кезде - айдың соңғы күні немесе егер жарыққа шыққан

уақыты сәйкесінше аймен немесе жылмен айқындалатын болса, баспада көрсетілген

жылдың 31 желтоқсаны;

аманатталған қолтаңбалар, мақалалар, шолулар, монографиялар және басқа да

материалдар үшін - оларды аманаттау күні;

ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер, тәжірибелік-конструкторлық

жұмыстарға және ғылыми-техникалық ақпарат органдарындағы басқа да конструкторлық,

технологиялық және жобалық құжаттарға арналған түсіндірме жазбалар үшін - олардың

осы органдарға келіп түскен күні;

нормативтік-техникалық құжаттама үшін - осыған өкілетті органда оның

тіркелген күні;

диссертациялардың материалдары және қолтаңба құқығында басылған

диссертациялардың авторефераттары үшін - олардың кітапханаға келіп түскен күні;

байқауға қабылданған жұмыстар үшін - байқауды өткізуге жататын құжаттармен

расталған олардың таныстыру үшін қалап шығарылған күні;

көзбен шолып қабылданатын ақпарат көздері үшін (плакаттар, модельдер,

бұйымдар) - олардың көрінісі мүмкін болған құжатпен расталған күн;

көрмеде орналастырылған экспонаттар үшін - құжатпен расталған оларды

көрсетудің басталу күні;

ауызша баяндамалар, дәрістер, сөйлейтін сөздер үшін - егер баяндама, дәріс,

сөйлейтін сөз дыбыс жазу аппаратурасымен немесе тиісті іс-шараларды өткізу

ережелерінде көрсетілген күнде қолданыста болған белгіленген тәртіпте

стенографиялық түрде жазылып алынса олардың күні;

радио, теледидар, кино бойынша хабарламалар үшін - егер осындай хабарлама

көрсетілген күнде қолданыста болған белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат тасығышқа

жазылып алынса, оның күні;

техникалық құралды пайдалану нәтижесінде белгілі болған ол туралы мәлімет

үшін - осы мәліметтер көпшілікке қол жетімді болған құжаттармен расталған күні;

Электронды түрде - Интернет арқылы, Интернет желісінен үздік он-лайн кіру

құқығы арқылы және CD мен DVD-ROM дискілері арқылы алынған мәліметтер үшін - не

болмаса көрсетілген электрондық ортаның көмегімен қолайлы болған құжаттардың

жариялану күні, егер ол оларда қойылса не болмаса егер осы күн жоқ болса - ол

құжатпен расталған жағдайда осы электрондық ортаға мәліметтерді орналастыру күні

ақпарат көзінің техника деңгейіне енгізілгенін айқындайтын күн болып табылады.

121. Іздестіру саласын сипаттама ретінде (осы өтінім бойынша техника деңгейін

анықтау үшін ақпарат қарастырылатын ғылым мен техника бөлімдерінің жиынтығы) ХПС

айдарының индекстері пайдаланылады.

Іздестіру саласын айқындау кезінде өнертабыс толығымен және аса жақын

баламадан ерекшеленетін оның функционалдық дербес белгілері осы Нұсқаулықтың 34-

тармағының 2) тармақшасына сәйкес ескеріледі. Егер функционалдық дербес болып

табылмайтын оларға қатысты ерекшелік белгілері бар болса, іздестіру саласын

айқындау кезінде сонымен қатар өнертабыс үшін жалпы және ең жақын баламаның

функционалдық дербес белгілері ескеріледі. Осы белгілерді іздестіру белгілі

объектілерде сияқты, осы объектілердің және оның бөлшектерінің мақсатына қатыссыз

олардың бөлшектерінде де жүргізіледі.

Сараптама жасау ұйымы өзіне мына көлемде ақпараттық ізденістер жүргізуді

қамтамасыз етеді:

Қазақстан Республикасы қорғау құжаттарының ресми бюллетеньдерін;

Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарына арналған сипаттамаларды;

зияткерлік меншік жөніндегі Ресей Федерациясы федеральдық атқарушылық билік

органының, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның патент ведомствосының ресми бюллетеньдерді;

бұрынғы КСРО және Ресей Федерациясының қорғау құжаттарына арналған

сипаттамаларды;

еуразиялық патенттерге арналған сипаттамаларды;

өнертабыстарға Ресей Федерациясының патенттерін, және пайдалы модельдерге

Ресей Федерациясының патенттері мен куәліктерін беруге мәлімделген өтінімдерді;

еуразиялық патенттерді беруге мәлімделген өтінімдерді;

АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Жапонияның (рефераттар

көлемінде орыс және ағылшын тілдерінде), Швейцарияның (француз және неміс

тілдерінде), Австрияның, Австралияның және Канаданың патенттік құжаттамасын,

сондай-ақ Еуропалық патент ведомствосының, ДСМҰ-ның, Африкалық зияткерлік меншік

және Африкалық өнеркәсіптік меншік өңірлік ұйымының патенттік құжаттамасын;

халықаралық ДСМҰ бюросы жариялаған кемінде бес жыл өткенді шолатын патентсіз

әдебиетті тізім бойынша енгізетін көлемде ақпараттық іздестіру жүргізуді қамтамасыз

етеді.

Кез-келген көпшілікке қол жетімді құжаттар ақпараттық іздестірудің көлеміне

енгізілуі мүмкін.

Ақпараттық іздестіруді жүргізу кезінде іздестіру көлеміне мәлімделген

өнертабыстың жаңалығын тексеру мақсатында сонымен бірге олардың ең бұрынғы

басымдылығы жағдайында, Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар берген өнертабысқа

және пайдалы модельге арналған барлық өтінімдер (қайтарып алынғандардан басқа)

енгізіледі.

Ақпараттық іздестіру тоқтатылмайды және аяғына дейін тіпті егер іздестіру

процесінде іздестіру жүргізілетін өнертабыстың барлық белгілеріне ұқсас белгілермен

сипатталатын сол мақсаттағы құрал табылса да толық көлемде жүргізіледі. Іздестіру

процесінде анықталған баламалардың саны ақпаратты анық қайталамаса және қажеті жоқ

қайталаусыз техника деңгейі туралы аса толық және мазмұнды жағдайынан айқындалуы

керек.

122. Ақпараттық іздестіру туралы есеп және іздестірудің нәтижесімен таныстыру

тәртібі:

1) іздестіру туралы есепте:

іздестіру жүргізілген өтінім нөмірі;

сараптама жасау ұйымына өтінімді беру күні;

мәлімделген өнертабысты жіктеу кезінде белгіленген ХПС айдарының

(айдарларының) индексі (индекстері);

ақпараттық іздестіру жүргізілген өнертабыстың атауы;

іздестіру саласын сипаттайтын ХПС айдарының (айдарларының) индексі

(индекстері);

библиографиялық мәліметтер түрінде жүргізілетін құжаттарға, ақпараттық

іздестірудің затына жататын олардың нақты бөлшектеріне арналған сілтемелер. Егер

сілтемелер өнертабыс формуласының барлық тармақтарына жатпаса, оған сәйкес

формуланың тармағы немесе тармақтары көрсетіледі. Өтінім сараптама жасау ұйымына

келіп түскен күннен бұрын, бірақ егер өтінім бойынша ең бұрынғы басымдық сұратылса,

жарияланған құжаттар ерекше белгіленеді;

ақпараттық іздестіруді аяқтау күні көрсетіледі.

2) ол туралы мәліметтер үшінші тұлғалардың танысуы үшін көпшілікке қол

жетімді емес өтінімдердің көшірмелерін қоспағанда іздестіру туралы есепте

көрсетілген құжаттардың көшірмелері тиісті төлем жағдайында беріледі.

3) үшінші тұлғаның өтінімхаты бойынша жүргізілген ақпараттық іздестіру туралы

есеп көшірмесінің бір данасы патент иеленушіге жіберіледі.

4) кез келген адам тиісті төлем төлеген кезде өтінім бойынша жүргізілген

ақпараттық іздестіру туралы есептің көшірмесін ала алады.

5) өтінім берушіге, патент иеленушіге немесе үшінші тұлғаға жіберілетін

ақпараттық есеп туралы есептің даналарынан немесе оның көшірмелерінен осы

Нұсқаулықтың 125-бабының 4) тармақшасына сәйкес іздестіру көлеміне енгізілген

өтінімдердің библиографиялық деректері алынады.

12. Қазақстан Республикасының өнертабыстарын Мемлекеттік тізілімге

тіркеу және инновациялық патент немесе патент беру 123. Инновациялық патентті немесе патентті беру туралы шешімнің негізінде

қорғау құжатын беруге дайындалуы және оның берілгені туралы мәліметтерді жариялауы

үшін тиісті төлемді, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты

ұсынған кезде Қазақстан Республикасы өнертабыстарының тиісті Мемлекеттік тізілімде

(бұдан әрі - Мемтізілім) инновациялық патенттің немесе патенттің оларға тиісті

нөмірлер беріле отырып тіркелгені туралы жазылады.

Бастапқыда инновациялық патент берілген өтінім бойынша патент беру туралы

шешім шығарылған жағдайда және тиісті төлемді растайтын құжаттарды ұсынған кезде

патент Мемлекеттік тізілімде инновациялық патенттегі нөмірмен тіркеледі.

Мемлекеттік тізілімде инновациялық патент немесе патент берілгеннен кейін

олардың құқықтық мәртебесінің барлық өзгерістері тіркеледі.

Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге апелляциялық кеңестің, сот

органдарының шешімдері, уәкілетті органның немесе сараптама жасау ұйымының

хабарламаның және патент иеленушілердің өтінімхаттарының (олардың құқықтық

мирасқорлары немесе өкілдері) негізінде инновациялық патент немесе патент

берілгеннен кейін олардың құқықтық мәртебесінің кейінгі өзгерістері туралы

мәліметтерді енгізеді.

Кез-келген мүдделі тұлға өтінімхат бойынша Мемлекеттік тізілімдегі

инновациялық патент немесе патент бойынша мәліметтерді алуға болады.

124. Инновациялық патент немесе патент және оларды беру тәртібі.

1) Мемтізілімге енгізілген мәліметтер негізінде уәкілетті орган инновациялық

патентті немесе патентті береді (қорғау құжаты).

Қорғау құжаты мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

Қорғау құжатында:

қорғау құжатының нөмірі;

өнертабыстың атауы;

патент иеленуші - жеке тұлғаның тегі, аты мен әкесінің аты (егер ол болса)

және заңды тұлғаның толық атауы, ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша шетелдік патент

иеленушінің елдің, тұрғылықты немесе тұратын жерінің коды;

автор (авторлары) - тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса), ДСМҰ ST.3

стандарты бойынша шетелдік автордың елінің, тұрғылықты жерінің коды;

тіркеу нөмірі және сараптама жасау ұйымына өтінім беру күні;

егер ол өтінім беру күнінен ерекшеленсе, басымдық көрсетіледі.

Қорғау құжатына орыс тілінде және мемлекеттік тілге аударылғанда: "Өзгерістер

енгізу туралы мәліметтер жеке парақта осы инновациялық патентке (немесе патентке)

қосымша түрінде келтіріледі" деген жазу енгізіледі. Қорғау құжаты ресми бюллетеньде

инновациялық патент немесе патент туралы мәліметтерді жариялаумен бір уақытта

беріледі;

2) қорғау құжаты бірнеше адамның атына сұратылған кезде, бір қорғау құжаты

беріледі. Патент иеленуші болып табылмайтын өнертабыс авторына оның авторлығын

растайтын ресми куәлік беріледі.

3) өнертабыстың сипаттамасы бар қорғау құжаты авторлардың куәліктері

комплектіде тапсырысты пошта жіберуші патент иеленушінің заңды мекен-жайына немесе

өкілдің (патенттік сенім білдірілген өкіл) мекен-жайына соңғысына берілген

сенімхатқа сәйкес, не болмаса жазбаша өтінімі бойынша өтінім беруші (патент

иеленуші көрсеткен) - басқа мекен-жайға жіберіледі. Арыз беруші қорғау құжаты

берілгенге дейін уәкілетті органды немесе сараптама жасау ұйымын қорғау құжатын

жіберу үшін тұрғылықты жерінің немесе тұратын жерінің мекен-жайы өзгергені туралы

хабардар етуге міндетті.

Қорғау құжаты:

патент иеленушіге жеке тұлғаға - жеке куәлігін ұсынғанда;

патент иеленушінің өкіліне (жеке немесе заңды тұлға) - қорғау құжатын алуға

берілген сенімхат негізінде берілуі мүмкін.

Қорғау құжаттары мен олардың шетелдік патент иеленуші авторлардың куәліктері

уәкілетті органда тіркелген патенттік сенім білдірілген өкілге тапсырылады.

Егер инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінімді Қазақстан

Республикасының аумағында тұратын немесе келген бірнеше адам бірге берсе, онда

қорғау құжаты мен авторлардың куәліктері бірінші болып көрсетілген патент

иеленушіге тапсырылады немесе жіберіледі.

Егер инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінімді барлығы бірдей

Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын немесе келмеген бірнеше адам бірге

берсе, онда қорғау құжаты мен авторлардың куәліктері бірінші болып көрсетілген

ұлттық патент иеленушіге тапсырылады немесе жіберіледі.

4) қорғау құжатына қатысты кейінгі өзгерістер (тіркелген тар туралы

мәліметтерді қоса алғанда), толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер туралы,

инновациялық патенттің қолдану мерзімін ұзарту және патенттің қолданылуын қалпына

келтіру туралы Мемлекеттік тізілімде жазылғаннан кейін уәкілетті орган қорғау

құжатына арналған қосымшаны береді. Қосымшада орыс және мемлекеттік тілдерінде:

"Осы қосымша инновациялық патенттің (немесе патенттің) ажыратылмайтын бөлігі болып

табылады" деп жазылады. Қорғау құжаттарына қатысты аталған өзгертулерді,

қосымшаларды, анықтамаларды немесе түзетулерді, сондай-ақ инновациялық патент

немесе патент мерзімін ұзартқан жағдайда осы Нұсқаулықтың 13-тармағындағы ережелер

қолданылады.

Қосымша сонымен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

Шетелдік өтінім берушілердің (патент иеленушілердің) өкілдері ұсынатын ресми

құжаттар тиісті құжаттарда апостиль қою жолымен куәландырылады.

5) қорғау құжаты түпнұсқасы жоғалған немесе қолдануға жарамсыз болған

жағдайда патент иеленушінің, оның құқықтық мирасқорының, уәкілетті өкілінің

(патенттік сенім білдірілген өкілінің) өтінімі бойынша патент иеленушінің (құқықтық

мирасқорының) сенімхаты бойынша қорғау құжатының телқұжаты беріледі.

Өтінімді құқықтық мирасқор берген жағдайда өтінімге құқықтық мирасқорлықты

дәлелдейтін құжаттың расталған көшірмесі қоса беріледі. Телқұжат Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік тізілімінде қорғау құжатын беру туралы жазу бар болған

кезде ғана берілуі мүмкін.

Телқұжат онда көрсетілген мәліметтердің құрамы бойынша берілген қорғау

құжатының түпнұсқасына сәйкес келеді, онымен бірдей заң күші бар және қорғау

құжатының тиісті нысаны бойынша "Телқұжатты Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті берді" деген

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазуы бар мөртабан қойыла отырып беріледі.

Телқұжат берілген жағдайда телқұжат беру туралы мәлімет жарияланған күннен бастап,

қорғау құжаты түпнұсқасының заңды күші жоқ болып есептеледі.

125. Инновациялық патентті немесе патентті беру туралы мәліметті жариялау:

1) өнертабысқа инновациялық патент туралы мәліметтерді жариялау ол

Мемлекеттік тізілімде тіркелген жағдайда жүргізіледі.

Өнертабысқа инновациялық патент беру туралы мәліметтер өтінім берілген күннен

бастап он екі ай өткеннен кейін жарияланады. Өтінім беруші ӨН-ПМ-2 нысаны (осы

Нұсқаулыққа 6-қосымша) бойынша ұсынған өтінімхат бойынша инновациялық патент беру

туралы мәліметтер көрсетілген мерзімнен бұрын жариялануы мүмкін.

Өнертабысқа арналған инновациялық патент туралы мәліметтерді жариялау

кезінде, сараптама жасау ұйымы "Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность"

ресми бюллетенінің "Өнертабыстар - Изобретения" бөлімінде мемлекеттік және орыс

тілдерінде мына мәліметтерді жариялайды:

өнертабысқа арналған инновациялық патенттің нөмірін;

ХПС айдарының (айдарларының) индексін (индекстерін);

инновациялық патент берілген өтінімнің нөмірі мен беру күнін;

егер өтінім бойынша сараптама жасау ұйымына өтінім беру күнінен басымдықтың

бұрынғы күні белгіленсе, оның негізінде өнертабыс басымдылығы белгіленген бірінші

өтінімнің нөмірін, беру күнін және ДСМҰ ST.3 стандартына сәйкес елдің кодын (олар

бойынша қосымша материалдардың келіп түскен);

автордың (авторлардың) аты, егер соңғысы (соңғылары) сондай болып аталудан

бас тартпаса;

патент иеленушінің аты немесе атауы;

ДСМҰ SТ.3 стандартына сәйкес патент иеленушінің тұрғылықты жері (тұрған жері)

және өнертабыс авторының (авторларының) тұрғылықты елінің коды (кодтары);

өнертабыстың атауы;

патенттік сенім білдірілген өкілдер туралы мәліметтер.

2) өтінім берілген күннен бастап 18 ай өткеннен кейін өнертабысқа патент беру

туралы мәлімет жарияланады. ӨН-АМ-2 нысаны бойынша (осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға

сәйкес) ұсынылған өтініш иесінің өтінімхаты бойынша патент беру туралы мәліметтер

көрсетілген мерзімнен бұрын жариялануы мүмкін.

Өнертабысқа патент туралы мәліметті жариялағанда сараптама жасаушы ұйым

"Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность" ресми бюллетеннің "Өнертабыстар -

Изобретения" бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде:

өнертабысқа патенттің нөмірін;

ХПС айдарының (айдарларының) индексін (индекстерін);

патент берілген өтінімнің нөмірі мен беру күнін;

егер өтінім бойынша сараптама жасау ұйымына өтінім беру күнінен басымдықтың

бұрынғы күні белгіленсе, оның негізінде өнертабыс басымдылығы белгіленген бірінші

өтінімнің нөмірін, беру күнін және ДСМҰ ST.3 стандартына сәйкес елдің кодын (олар

бойынша қосымша материалдардың келіп түскен);

автордың (авторлардың) аты, егер соңғысы (соңғылары) сондай болып аталудан

бас тартпаса;

патент иеленушінің аты немесе атауы;

ДСМҰ SТ.3 стандартына сәйкес патент иеленушінің тұрғылықты жері (тұрған жері)

және өнертабыс авторының (авторларының) тұрғылықты елінің коды (кодтары);

өнертабыстың атауы;

патенттік сенім білдірілген өкілдер туралы мәліметтер жариялайды.

Автордың жарияланған мәліметтерде атының аталуынан бас тартуы жарияланымның

техникалық дайындығы аяқталғанға дейін келіп түссе қабылданады. Аталған бас тарту

автор арқылы сол күні қайтарылып алуы мүмкін.

Сараптама жасаушы ұйым "Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность" ресми

бюллетеннің "Хабарлама - Извещение" бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде

берілген қорғау құжаттарының құқықтық статусының өзгеруі туралы мәліметтер

жариялайды.

126. Қорғау құжаттарының берілгені жайлы мәліметтер жарияланғаннан соң Заңның

26-бабының 5-тармағына сәйкес сараптама жасаушы ұйым (сипаттама, формула, сызба,

реферат, егер олар болса) өтінім құжаттарын, сонымен қатар қалыптасқан тәртіп

бойынша өтінім беруші ұсынған болса осы құжаттарды түзететін, анықтайтын және

өзгертетін қосымша материалдарды жазбаша өтінімхаттары бойынша кез-келген

қызығушылық танытқан тұлғаға танысу үшін ұсынады.

13. Инновациялық патент пен патентке және Мемлекеттік тізілімге

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

127. Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге және уәкілетті орган қорғау

құжаттарына өзгерістер енгізеді:

Мемлекеттік тізілім жазбаларындағы анық және техникалық қателерді түзету

туралы;

тіркелген қорғау құжатын беру келісім туралы;

тіркелген лицензиялық (сублицензиялық) келісім туралы;

тіркелген лицензиялық (сублицензиялық) келісімнің маңызды шарттарына қатысты

тіркелген өзгерістер туралы;

тіркелген лицензиялық (сублицензиялық) келісімді (мерзімінен бұрын бұзу) бұзу

туралы;

толығымен немесе жартылай заңсыз деп танылған қорғау құжатының күшін жою

туралы;

патент иеленушінің өтінішімен қорғау құжатының қолдану мерзімін тоқтату

туралы;

белгіленген мерзімде қорғау құжатын күшінде сақтау үшін төлем төленбеген

жағдайда қорғау құжатының қолдану мерзімін уақытынан бұрын тоқтату туралы;

патенттің қолдану мерзімін қалпына келтіру туралы;

патент иеленуші заңды тұлғаның атауының ауысуы және/немесе орналасқан

жерінің, хат алмасу мекен-жайының өзгеруі туралы;

патент иеленуші жеке тұлғаның тегінің, атының, автордың әкесі атының өзгеруі

және/немесе орналасқан жерінің, патент иесінің хат алмасу мекен-жайының өзгеруі

туралы;

сот шешімі негізінде өнертабыс авторларына құрамына өзгеріс енгізу туралы.

Авторлар құрамына өзгерістер енгізу деп қорғау құжатында көрсетілген авторлар

құрамына қосу немесе авторлар құрамынан шығаруды айтады.

Авторлар құрамына өзгерістер сот шешімі негізінде авторлар құрамына тиісінше

өзгерістер енгізу жөнінде қорғау құжатының нөмірін, тегін, атын (және әкесінің

атын, егер ол бар болса), қосылып немесе шығарылып жатқан автордың орналасқан жерін

көрсетіп, еркін нысанда өтінімхат беру арқылы енгізіледі.

1. өзгерістер енгізу туралы

2. қорғау құжатының қолдану мерзімін ұзарту туралы;

3. қорғау құжатының телқұжатын беру туралы;

4. қорғау құжатына Қосымшаны беру туралы;

5. қорғау құжатына Қосымшаның телқұжатын беру туралы;

КСРО авторлық куәлігін Қазақстан Республикасының патентіне ауыстыру, сонымен

бірге Мемлекеттік тізілімдегі басқа да кез-келген өзгерістер туралы.

128. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес патент иеленушi өнертабысқа

инновациялық патент және патенттің қолдану мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауы

мүмкiн. Өтiнiмхат ӨН-3 (осы Нұсқаулықтың 6 қосымшалары) тиісті нысаны бойынша

берiледi. Өтiнiмхат инновациялық патент немесе патент қолдану мерзiмi өткенге дейiн

және оны күшiнде ұстап тұрған жағдайда берiлуi мүмкiн. Өтiнiмхатты беру мерзiмi

себептi жағдайлар болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол алты айдан аспауға

тиiс.

Өнертабысқа патенттiң қолдану мерзiмi оған негiз болған жағдайда ұзартылуы

мүмкiн, соған сәйкес осы өнертабысты пайдалануға құзыреттi органның рұқсаты талап

етiледi. Патенттің мерзімін ұзарту туралы өтінімхат ӨН-4 нысаны бойынша ұсынылады

(осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес).

Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес патент иеленушi патентті күшінде сақтау

үшін төлем төленбегендіктен тоқтатылған өнертабысқа патенттің қолдану мерзiмiн

қалпына келтіру туралы өтiнiш жасауы мүмкiн. Өтiнiмхат ӨН-ПМ-3 (осы Нұсқаулықтың 9-

қосымшасына сәйкес) тиісті нысаны бойынша берiледi және патентті күшінде сақтау

үшін төлем төленетін мерзімнің өткен күнінен бастап үш жыл ішінде берілуі тиіс.

Өтінімхатқа Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті ақының төленгендігі

жөнінде құжат тіркеледі.

14. Халықаралық өтінімді қарау және ұсыну

1. Халықаралық өтінім

129. (РСТ) Патенттік кооперация туралы келісімде қарастырылған (бұдан әрі -

Келісім) Қазақстан Республикасында алушы ведомстваның функциясын (бұдан әрі - алушы

ведомство) Келісімді, Нұсқаулықты, Әкімшілік нұсқаулықты (бұдан әрі - Әкімшілік

нұсқаулық), сондай-ақ Заңды және Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, ДЗМҰ

Халықаралық бюросында, сонымен қатар Заңмен және осы Нұсқаулықпен жарияланатын

тиісті басшылықтарға сәйкес сараптама жасау ұйымы орындайды.

130. Халықаралық өтінімді ұсыну:

1) егер, ең болмағанда, өтінім берушілерінің біреуі Қазақстан Республикасының

азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бар немесе тұратын тұлға

болса өнертабысқа халықаралық өтінім жөніндегі құзыретті алушы ведомство, сарапшы

ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы өнеркәсіпті немесе сатушы

кәсіпорынды иеленуші кез-келген тұлға, Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері

бар немесе осы жерде тұрады деп қарастырылады (Шартқа қоса берілген Нұсқаулықтың

18.1(b) ережесі).

Сараптама жасаушы ұйым өтінім берушінің азаматтығына қатысты күмән туындаған

жағдайда, өтінім берушіден Қазақстан Республикасында оның тұратындығын немесе

тұрғылықты жері туралы тиісті фактілерді растайтын құжаттарын сұрауға құқылы.

2) халықаралық өтінім үш данада ұсынылады, олардың әрқайсысы тікелей

көшірмелеуге жарайтын болуы керек.

Алушы ведомствамен, егер қоса берілген Нұсқаулықтың 21.1(с) ережесіне сәйкес

халықаралық өтінім данасының саны төмен мөлшерде ұсынылса, өтінім берушінің

сұранысы бойынша талап етілген халықаралық өтінімдердің көшірмесі дайындалуы

мүмкін.

3) халықаралық өтінім арызы арнайы бланкте немесе компьютерлік басылым

түрінде ұсынылады.

Егер халықаралық өтінім РСТ-ЕАSY бағдарламасын қамтамасыз ете отырып

қолданылып ресімделсе қағаздық жеткізулік халықаралық өтінімге, РСТ-ЕАSY форматында

және txt форматындағы рефератты қамтылған арызы машиналық оқылатын тасығыш

қосымшаланады.

4) қабылдаушы ведомстваға халықаралық өтінім тікелей почта арқылы, сондай-ақ

басқа да құралдармен ұсынылуы мүмкін.

Егер халықаралық өтінім немесе осыған қатысты құжат Келісім Нұсқаулығының

92.4 ережесіне сәйкес сараптама жасаушы ұйымға басқа да бір құрал арқылы жіберілсе,

мысалы, факсимильдік байланыс арқылы, осы құжаттың ұсынылған күні болып, тек қана

өтінім беруші ескертусіз, ескертілген күннен бастап он төрт күннің ішінде сараптама

жасаушы ұйымға түпнұсқаның (және екі көшірмесі) келіп түсуін, осылайша берілген

құжаттың хатпен бірге алдыңғысының берілуін сәйкестендіруді қамтамасыз ететін

орындап, оның сараптама жасаушы ұйымға берілген күнінен бастап есептеледі.

5) Қазақстанда құрылған өнертабысқа халықаралық өтінім қайсы бір шарттардың

сақталғанында беріле алады:

өнертабысқа немесе пайдалы модель патентіне (бұдан әрі - ұлттық өтінім)

Қазақстан Республикасының патентін немесе инновациялық патентін беруге тиісті

өтінім, халықаралық өтінім беруден бұрын сараптама жасаушы ұйымға ұсынылған болса;

сараптама жасаушы ұйым арқылы еуразиялық патент беру үшін тиісті өтінім,

халықаралық өтінім беруден бұрын ұсынылған болса;

халықаралық өтінім арызында Қазақстан Республикасы, өтінім беруші өнертабысқа

немесе пайдалы модель патентіне патент немесе инновациялық патент алуға ниеттенген

мемлекет ретінде көрсетілсе.

6) сараптама жасаушы ұйым, халықаралық өтінімнің РСТ 11(1)-бабының және 14-

бабының талаптарының сәйкестігін тексереді.

Халықаралық өтінім бойынша тексеруді оң нәтижемен өтсе, оның халықаралық

ұсынылған күні белгіленеді.

131. Халықаралық өтінімді салып жіберу:

1) халықаралық ұсынылған күні белгілі болған халықаралық өтінімнің тіркеу

данасын, сараптама жасаушы ұйым ДСМҰ халықаралық бюросына салып жібереді.

2) сараптама жасау ұйымына тіркеу данасын егер халықаралық өтінім берілгенге

дейін еуразиялық өтінім не болмаса ұлттық өтінім берілсе, оны алғаннан кейін,

халықаралық өтінім еуразиялық не болмаса ұлттық өтінім берілген күннен бастап үш ай

өткеннен кейін берілген жағдайда салып жібереді.

3) сараптама жасау ұйымы халықаралық өтінімнің тіркеу данасын мемлекеттік

құпияны құрайтын мәліметтер мазмұнын заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру

жүргізілгеннен кейін көрсетілген мерзімнен бұрын жібереді.

4) халықаралық өтінімнің данасы - "іздестіруге арналған көшірме" осы өтінім

бойынша халықаралық іздестіру жүргізгені үшін тиісті төлем төленген жағдайда

сараптама жасау ұйымы халықаралық өтінімнің өтінімінде көрсетілген Халықаралық

іздестіру органына жібереді.

132. Сараптама жасау ұйымы құзыретті алушы ведомство ретінде халықаралық

өтінімдерді орыс немесе ағылшын тілінде қабылдайды. Егер өтінім беруші Келісімнің

15-бабы мақсаттары үшін халықаралық іздестіру органы ретінде "Зияткерлік меншік,

патенттер және тауар таңбалары жөніндегі Федералдық қызметтің Федералдық өнеркәсіп

меншігі институты" Мемлекеттік мекемесін таңдаса халықаралық өтінім орыс тілінде,

егер Еуропалық патент ұйымын таңдаса ағылшын тілінде беріледі.

133. РСТ өтінімі қабылдаушы ведомство өтінім берушілерге ұсынатын РСТ/RO/101

бланкісінде ресімделеді (Келісімге Нұсқаулықтың 3 және 4-ережелері).

Өтінім беруші халықаралық өтінім құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптар да,

Келісіммен, Келісім Нұсқаулығымен және Әкімшілік нұсқаулығымен реттелген.

134. Алушы ведомствоның өтінім берушімен хат алысуы:

1) Келісім рәсімінде көзделген барлық корреспонденция Қазақстан Республикасы

аумағындағы бір мекен-жайға және бір данада жіберіледі, бұл ретте:

егер РСТ өтінімінде Келісім Нұсқаулығының 3 және 4 ережелерінде көзделген

бағанда агент немесе жалпы өкіл көрсетілсе және оның мекен-жайы жазылып келтірілсе,

онда корреспонденция осы адамның атына және осы мекен-жайға жіберіледі;

егер көрсетілген бағанда хат алмасуға арналған мекен-жай ұсынылса, онда

корреспонденция осы мекен-жай бойынша алушы ведомствоға халықаралық өтінімді беруге

құқылы адамдардың ішінде бірінші болып көрсетілген өтінім берушінің, яғни 90.2(b)

ережесінде көрсетілген жалпы өкілдің атына жіберіледі.

егер көрсетілген баған толытырылмаса, онда корреспонденция алушы ведомствоға

халықаралық өтінімді беруге құқылы адамдардың ішінде өтінімде бірінші болып

ұсынылған өтінім берушінің атына және оның мекен жайына жіберіледі.

2) алушы ведомствоның өтінім берушімен, сондай-ақ өтінім берушінің алушы

ведомствомен хат алмасуы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

135. Халықаралық өтінім туралы кез келген мәліметтер ол жарияланғанға дейін

не болмаса жеке өтінім берушіге (өкілге) не болмаса өтінім берушінің (өкілдің)

жазбаша өтінімі бойынша осы өтінімде көрсетілген адамға ұсынылады.

2. Ұлттық фаза 136. Қазақстан Республикасында көрсетілген және таңдалған ведомствоның

функцияларын Заңның 2-бабына сәйкес сараптама жасау ұйымы бұл ретте осы Келісімді,

Келісім Нұсқаулығын, Заңды және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады, бұнда Келісімнің

және Келісім Нұсқаулығының ережелері Заңның 3-бабына сәйкес басым болады.

137. Ұлттық фазаға аудару шарттары:

1) Қазақстан Республикасының нұсқауы бар халықаралық өтінім оның басымдық

күнінен бастап отыз бір ай өткенге дейін ұлттық фазаға аударылады.

2) өтінім беруші сараптама жасау ұйымына кем дегенде Қазақстан

Республикасының өнертабысына инновациялық патент беру туралы өтінімді, өнертабысына

патент беру туралы өтінімді немесе пайдалы моделіне патент беру туралы өтінімді

мемлекеттік тілге және орыс тілінде не болмаса РСТ өтінімінің егер ол басқа тілде

ұсынылса мемлекеттік тілге немесе орыс тіліндегі аудармасын, сондай-ақ тиісті төлем

туралы құжат ұсынылады.

3) осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген ұлттық фазаға кіру, дәлелді

себептер мен тиісті төлем бар болғанда өтінім берушінің өтінімхаты бойынша бірақ

екі айдан көп емес мерзімге ұзартылуы мүмкін.

4) өтінім берушінің арнайы өтінімі бойынша Келісімнің 23(2) және 40(2)-

баптарына сәйкес ұлттық фаза осы мерзім өткенге дейін басталуы мүмкін.

5) келіп түскен материалдарда өтінім құжаттарының мемлекеттік немесе орыс

тіліндегі аудармасы болмаған кезде, егер олар басқа тілде ұсынса, өтінім беруші оны

белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап ұлттық фазаға кіру үшін екі ай ішінде

ұсыну қажеттігі туралы хабарланады. Аударманы ұсыну мерзімі кемінде екі айға

ұзартылуы мүмкін. Аударма көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде өтінім ұлттық

фазаға кірмеген болып есептеледі, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады. Тіркелген

материалдар қайтарылмайды, іс жүргізу қалпына келтірілмейді.

6) халықаралық өтінімді мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударуға мыналар

енеді:

өнертабыстың сипаттамалары, формуласы (егер Келісімнің 19-бабына сәйкес

өзгертілсе, өзгертілген формуланың ғана аудармасы және өзгерістер түсініктемесінің

аудармасы) сызбаларға қатысты кез-келген мәтін және реферат;

егер халықаралық өтінімде Қазақстан Республикасы таңдалса халықаралық алдын

ала сараптама жасау мақсатында: өнертабыстың сипаттамасы (халықаралық алдын ала

сараптама жасаудың қорытындысына қоса берілген өзгертілген сипаттама), өнертабыстың

формуласы (халықаралық алдына ала сараптама жасаудың қорытындысына қоса берілген

өзгертілген формула), сызбаларға қатысты кез-келген мәтін (халықаралық алдын ала

сараптама жасаудың қорытындысына қоса берілген өзгертілген мәтін) және реферат.

138. Егер халықаралық өтінімде конвенциялық басымдыққа талап болса және ДЗМҰ-

ның Халықаралық бюросы оны алу туралы хабардар етсе, сараптама ұйымы қажет болғанда

ДСМҰ-ның Халықаралық бюросынан басымды құжаттың көшірмесіне сұрау салады. Егер

басымды құжат сараптама жасау ұйымының әдеттегі тілдерінен ерекшеленетін тілде

толтырылса, онда Келісім Нұсқаулығының 17.2 (а) ережесіне сәйкес сараптама жасау

ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім беруші басымды құжаттың аудармасын сұрау салу

жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынады.

139. Халықаралық өтінімді ұлттық фазада қарау Нұсқаулықтың 4-тарауының

ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

140. Патент ұйымына халықаралық патентті беру күні болып оны халықаралық беру

күні есептеледі (Келісімнің 11(3)-бабы).

Осы Нұсқаулықтың 71, 73, 77, 78, 105, 108-117, 120, 121-тармақтарында

көзделген өтінім аудармасын, оны беру төлемін ұсынумен, патент беруге арналған

өтінімді қарау кезінде формальдық сараптаманы жүргізумен және инновациялық патент

беруге арналған байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде сараптама жүргізумен

байланысты әрекеттерді жүзеге асыру кезінде, өтінімді беру күнінен есептелетін

мерзімдер ұлттық фазаның басталу күнінен бастап есептеледі.

Мәні бойынша сараптама жүргізу үшін Нұсқаулықтың 83, 84, 95-101, 105, 106,

107-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Халықаралық өтінім материалдарына түзетулер мен нақтылауларды енгізу мерзімі

Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес ұлттық фаза басталған күннен бастап

есептеледі.

141. Өнертабысқа арналған халықаралық өтінімді пайдалы модельге арналған

өтінімге қайта өзгерту осы Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

15. Еуразиялық өтінімді ұсыну және қарау

142. Сараптама жасау ұйымы Еуразиялық патенттік конвенцияның 15(1) (іі)

бабына және Заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес еуразиялық өтінімді Еуразиялық

патент ведомствосына (бұдан әрі - Еуразиялық ведомство) алумен, тексерумен және

жіберумен байланысты функцияларды орындайды.

143. Еуразиялық өтінімді беру:

1) Еуразиялық патенттік конвенцияның 15(1) (іі) бабына сәйкес егер тым

болмағанда оған өтінім берушілердің біреуі Қазақстан Республикасында тұрып жатса

немесе тұратын жері болса, еуразиялық өтінім сараптама жасау ұйымына берілуі

мүмкін.

Қазақстан Республикасының аумағында бар қолданыстағы өнеркәсіптік немесе

сауда кәсіпорынды иеленуші кез-келген адам Қазақстан Республикасында тұратын немесе

тұратын жері бар ретінде қаралады.

2) Еуразиялық патенттік конвенция қоса берілген Патент нұсқаулығының (бұдан

әрі - Патент нұсқаулығы) 29-ережесіне сәйкес еуразиялық өтінімнің барлық құжаттары

төрт данада беріледі.

3) еуразиялық өтінімге еуразиялық өтінімді формальды белгілері бойынша өтінім

сараптамасы арналған талаптарға сәйкестігі тексеруге тарифтің төленгенін, салып

жіберуді растайтын құжат, сондай-ақ егер еуразиялық өтінімді өтінім берушінің өкілі

берсе, сенімхат қоса беріледі.

4) еуразиялық өтінім орыс тілінде беріледі.

5) еуразиялық өтінімнің басқа құжаттары орыс немесе өзге тілде ұсыныла алады.

Өзге тілде берілген еуразиялық құжаттарға, олардың орыс тіліндегі аудармасы

қоса беріледі;

6) Патент нұсқаулығының 34-ережесіне сәйкес еуразиялық өтінімді алу туралы

мәліметтер оның келіп түскен күні, сараптама жасау ұйымында тіркелген нөмірі,

өнертабыстың атауы мен өтінім берушіге немесе егер оның өкілі тағайындалса, оған

қатысты мәліметтер, сондай-ақ егер еуразиялық өтінімді беру күні анықталса, оны

көрсете отырып, Еуразиялық ведомствоға және өтінім берушіге жіберіледі.

144. Еуразиялық өтінімді беру күнін белгілеу:

1) сараптама жасау ұйымы еуразиялық өтінімді беру күнін, егер осы күні

еуразиялық өтінімде ең болмағанда:

өтінім бойынша еуразиялық патент беру сұратылғаны туралы ескертудің;

өтінім берушіні анықтауға немесе онымен байланысуға мүмкіндік беретін

мәліметтер;

сырттай өнертабыстың сипаттамасы ретінде көрінетін бөлігі анықталса, оны

сараптама жасау ұйымының алған күні бойынша анықтайды.

2) егер осы тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды өтінім беруші

бір уақытта бермесе, еуразиялық өтінімді беру күні соңғысы ұсынған құжаттың

сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні бойынша анықталады.

3) Патент нұсқаулығының 33-ережесіне сәйкес сырттай өнертабыс сипаттамасы

ретінде көрінетін бөліктің орнына беру күнін анықтау мақсаты үшін өнертабыс

сипаттамасы өтінім беруші бұрын берген өтінімге сілтемемен ауыстыру туралы өтінім

ұсынылуы мүмкін. Өтінім орыс тілінде жазылуы және бұрын берілген өтінімнің, осы

өтінім берілген ведомствоның нөмірі және оның берілу күні көрсетілуі керек. Егер

бастапқы немесе бұдан бұрынғы өтінімді басқа тұлға берсе, өтінімге өтінім берушінің

құқықтық мирасқорын растайтын құжат қоса беріледі.

Көрсетілген өтінім бар болған кезде өтінім беруші осындай өтінім қамтылған

еуразиялық өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп түскен күнінен бастап төрт ай

ішінде бастапқы немесе бұдан бұрынғы өтінім немесе тиісті өтінімнің көшірмесі

Еуразиялық ведомствоға ұсынылған жағдайды қоспағанда, бұрын берілген өтінімнің

расталған көшірмесін ұсынуы керек.

4) егер еуразиялық өтінім берілген күн анықталған кезде сараптама ұйымы осы

тармақтың 1) тармақшасына сәйкес ұсынылған өнертабыстың сипатталған бөлігін немесе

еуразиялық өтінімде сілтеме жасалған сызба шамамен жоқ болып есептесе, онда

сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге жоқ материалдарды хабарлама жіберілген күннен

бастап төрт ай мерзімде ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

Өтінім беруші хабарламада көрсетілген материалдарды осы төрт ай мерзім ішінде

ұсынған кезде, олар еуразиялық өтінімге енгізіледі. Бұл ретте өнертабыс

сипаттамасының немесе сызбаның сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні осы

материалдардың келіп түскен күні болып есептеледі.

145. Еуразиялық өтінімді қарау және салып жіберу:

1) сараптама ұйымы Еуразиялық патент конвенциясының 15(1) (іі) бабына сәйкес

келіп түскен еуразиялық өтінімге қатысты:

еуразиялық өтінімді беру күнін анықтау үшін қажетті құжаттардың, сондай-ақ

оған қоса берілетін құжаттардың бар болуын;

еуразиялық өтінім құжаттары нысаны мен мазмұнының Еуразиялық патент

конвенциясының және Патент нұсқаулығының (мәлімделген өнертабыс (өнертабыстар)

мәнінің талдауысыз) талаптарына сәйкестігін тексереді.

2) сараптама жасау ұйымы формальдық белгілермен сәйкестігін тексеру және

салып жіберу үшін белгіленген баж төленген жағдайда Еуразиялық ведомствоға Патент

нұсқаулығы 33-ережесінің талаптарына сәйкестігі белгіленген еуразиялық өтінімнің үш

данасын салып жібереді.

3) егер тексеру рәсімінде еуразиялық өтінім оның құжаттарына қойылатын

талаптарды бұза отырып, ресімделгені анықталса, сараптама жасау ұйымы өтінім

берушіге анықталған кемшіліктерді көрсете отырып және жоқ құжаттарды хабарлама

жіберілген күннен бастап төрт ай ішінде беру ұсынысымен хабарламаны жібереді.

4) егер арыз беруші сұратылған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде

ұсынбаса, еуразиялық өтінім берілмеген болып есептеледі.

Өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.

Еуразиялық ведомство еуразиялық өтінімді салып жіберудің мүмкін еместігі

туралы хабардар етіледі.

5) Патенттік нұсқаулықтың 34(3) ережесіне сәйкес еуразиялық өтінім Еуразиялық

ведомствоға төрт ай ішінде, ал еуропалық өтінім бойынша конвенциялық басымдық

сұратылған жағдайда, еуразиялық өтінімнің немесе өтінімнің негізінде басымдық

сұратылған өтінімдерде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер Заңда белгіленген

тәртіппен анықталмаған кезде сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап бір

ай ішінде жіберіледі.

Еуразиялық өтінімнің төртінші данасы сараптама жасау ұйымында сақталады.

Өтінім берушіге оның еуразиялық өтінімін Еуразиялық ведомствоға жазып

жіберілгені туралы, сондай-ақ Еуразиялық ведомствоға бірыңғай рәсім бажын төлеу

және осы ведомствоға оның төленгенін растайтын құжатты хабарлама жіберілген күннен

бастап үш ай ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабарланады.

6) сараптама жасау ұйымы мен өтінім берушінің арасында келіспеушілік болған

жағдайда еуразиялық өтінім Патенттік нұсқаулықтың 34(3) ережесіне сәйкес Еуразиялық

ұйымға салып жіберіледі.

146. Еуразиялық өтінімді қайта өзгерту және өтінімді қайта өзгертуді

сараптама жасау ұйымында қарау.

1) Еуразиялық патенттік конвенцияның 16-бабына сәйкес Еуразиялық ведомство

патент беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған не болмаса осы шешімге қарсылықты

қанағаттандырудан бас тартылған еуразиялық өтінім Қазақстан Республикасының

өнертабысқа патентін, инновациялық патентін немесе пайдалы модельге патентін беруге

арналған өтінімге қайта өзгертілуі мүмкін.

Өтінім беруші Еуразиялық ведомствоға еуразиялық өтінімді қайта өзгерту туралы

өтінімді тиісті хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткенге дейін беруі керек.

Өтінім беруші Еуразиялық ведомствоға белгіленген бажды төлеген жағдайда

еуразиялық өтінімнің расталған көшірмесі сараптама жасау ұйымына салынып

жіберіледі.

2) сараптама жасау ұйымы Заңға және осы Нұсқаулыққа сәйкес қайта өзгертілген

өтінімді қарауды Еуразиялық ведомстводан еуразиялық өтінімнің расталған көшірмесін

алған күннен бастайды.

3) өтінім берушіге еуразиялық өтінім көшірмесінің келіп түскен фактісі

туралы, сондай-ақ заңда көзделген инновациялық патент, өнертабысқа немесе пайдалы

моделге патент беру туралы өтінімді және белгіленген төлемді растайтын құжатты

ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.

4) осы Нұсқаулықтың осы тармағының (3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды

өтінім беруші хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жіберуі керек.

5) қайта өзгертілген өтінім еуразиялық өтінімдегідей егер ол белгіленсе, сол

күні берілген инновациялық патентті, өнертабысқа патентті немесе пайдалы модельге

патентті беруге арналған өтінім дұрыс ресімделген болып есептеледі.

16. Өтпелі ережелер 147. Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237 "Зияткерлік меншік

мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы" Заңы күшіне енгенге дейін берілген өнертабысқа

Қазақстан Республикасының инновациялық патент және патентін беруге өтінім аталған

Заң күшіне енгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының нормативтік-

құқықтық актілеріне және заңнамасына сәйкес қаралады.

148. Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 2 наурыздағы N 237 "Зияткерлік меншік

мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы" Заңы күшіне енгеннен кейін берілген Қазақстан

Республикасының алдын-ала патенті мен патентін беруге өтінім бойынша Қазақстан

Республикасының өнертабысқа алдын-ала патенті мен патентін беруге өтінімді

Қазақстан Республикасының өнертабысқа инновациялық патенті мен патентін беруге

өтінімге қайта өзгерту туралы сұрау жіберіледі.

Қазақстан Республикасының өнертабысқа алдын-ала патентін және патентін беруге

Қазақстан Республикасының өнертабысқа патент беруге өтінімге қайта өзгерту туралы

өтінімхат бергенде осындай өтінімге белгіленген талаптарға сәйкес сараптама

жүргізіледі.

Мұндай жағдайда өтінім бойынша басымдылық сақталады.

Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде өтінімхат бермесе, онда іс жүргізу

тоқтатылады және өтінім қайтарылып алынған болып саналады.

Қорытынды

149. Заңның 35-бабына сәйкес қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беретін

өтінімдерді қорғау құжаттарын беру үшін қабылдағаны, тіркегені, өнеркәсіптік меншік

объектілеріне сараптама жүргізгені және басқа да қызметтер атқарғаны үшін

сараптамалық ұйым Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы»

Заңының 40-бабына сәйкес ақы төлейді.

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

3-қосымша

Пайдалы модельге патент беруге өтінім құрастыру, ресімдеу және қарау

жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Патент

Заңы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жасалды және пайдалы модельге патент беруге

өтінімді жасау, ресімдеу және қарау қызметін нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта келесідей ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік

меншік құқығы комитеті;

2) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттік монополияға жататын салалардағы

(пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету)

қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;

3) өтінім – пайдалы модельге патент беруге өтінім;

4) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті

қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;

5) халықаралық өтінім – 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент коорперациясы (РСТ)

шартына сәйкес берілген өтінім;

6) еуразиялық өтінім – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразия патент конвенциясына

сәйкес берілген өтінім.

2. Пайдалы модельге патент беруге өтінім құрастыру, ресімдеу және қарау 3. Пайдалы модельге өтінім беруге автор және жұмыс беруші, олардың заңды

мұрагерлері немесе олардың арасындағы келісім бар болған жағдайда бірге аталған

адамдар (бұдан әрі - өтінім беруші) құқылы.

4. Пайдалы модельдің авторы - творчестволық еңбекпен жасаған жеке тұлға мына

жағдайларда:

егер пайдалы модель оның еңбек міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден

алған нақты тапсырмаға байланысты емес жасалса;

егер пайдалы модель оның еңбек міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден

алған нақты тапсырмаға байланысты жасалса, яғни қызметтік болып саналса, бірақ

автор мен жұмыс берушінің арасындағы келісіммен автордың патент алу құқығы

көзделсе;

егер жұмыс беруші сараптама жасау ұйымына қызметтік пайдалы модельдер жасау

туралы оның авторымен хабарлама беру датасынан бастап төрт ай ішінде өтінім

бермесе, өтінімдер беруге басқа адамға құқық бермесе және пайдалы модельдерді құпия

сақтау туралы авторға хабарламаса патентке өтінім беруге және алуға құқығы бар.

5. Өтінім беру құқығын растауға қандай да бір құжаттар талап етілмейді.

6. Өтінім сараптама жасау ұйымына тікелей беріледі немесе почта арқылы

жіберіледі (Заңның 16-бабының 1-тармағы).

7. Өтінім өтініш беруші арқылы тікелей немесе өкілдер, оның ішінде уәкілетті

органда тіркелген сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі.

8. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе

шетелдiк заңды тұлғалар егер басқа тәртіптер Қазақстан Республикасының қатысқан

халықаралық келісімдерінде белгіленбесе патентке өтінім беру және алу жөніндегі іс

жүргізумен байланысты істі уәкiлеттi органда патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер

арқылы жүргізеді (Заңның 36-бабының 3-тармағы).

Егер өтінім бойынша өтініш беруші адамның қатары Қазақстан Республикасында

тұратын жеке тұлға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылады,

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде хат-хабар алмасу үшiн мекен жайын көрсеткен

жағдайда патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң патент алу

жөніндегі істі жүргізуі мүмкін.

9. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде

жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен

жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң,

патентке өтінім беру және алу жөнінде іс жүргізуге байланысты істі жүргізе алады.

3. Пайдалы модельге өтінім 10. Пайдалы модельдерге өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ

олардың құрамдас бөлімдерін (құрылғыларын) құрылымдық орындау жатады.

11. Өтінім бір пайдалы модельге немесе өзара байланысы соншалықты бірыңғай

өнертапқыштық ойды (пайдалы модельдердің тұтастығын талап ету) құрайтын пайдалы

модельдер тобына жатқызылуы тиіс (Заңның 18-бабының 1-тармағы).

12. Егер:

1) пайдалы модель формуласында бір пайдалы модель сипаталған болса;

2) пайдалы модель формуласында мынадай пайдалы модельдер тобы сипатталған

болса:

олардың біреуі екіншісін жасауға арналған болса (мысалы, құрылғы және оны

жасауға арналған құрылғы);

олардың біреуі екіншісін немесе екіншісінде пайдалануға арналған болса;

бір техникалық нәтижеге (нұсқалар) қол жеткізуді қамтамасыз ететін бір

мақсатты бір түрдегі бірнеше құрылғыларға жатқызылған болса тұтастық талабы

сақталған болып танылады.

13. Өтінімде:

1) пайдалы модельдің авторларын және олардың атына патент сұралып отырған

адамдарды, сондай-ақ олардың мекен жайын немесе тұрған жерін көрсетілген патент

беру туралы өтініш;

2) пайдалы модельді жүзеге асыру үшін оны толық, жеткілікті ашатын оның

сипаттамасы;

3) пайдалы модельдің мәнін білдіретін және сипаттауға толық негізделген оның

формуласы;

4) сызбалар;

5) реферат;

6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхат болу керек.

14. Өтінімге қоса берілетін құжаттар:

1) өтінім берудің белгіленген мөлшерде төленгенін растайтын құжат.

Белгіленген төлемнен аз төленген жағдайда (ұлы отан соғысына қатысқандар мен

мүгедектерге, мүгедектреге, жалпы білім беру мектептерде, кәсіптік-техникалық оқу

орындарда, орта техникалық оқу орындарында оқитындарға, жоғары оқу орны

студенттері) құжаттан басқа, Қызмет және жұмыстар үшін тарифке сәйкес оның мөлшерін

азайтудың негізін растайтын құжат ұсынылады. Аталған құжаттар өтініммен бірге

немесе өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Тиісті

төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек.

2) конвенциялық басымдылық сұратылған өтінімге бірінші өтінімнің көшірмесі

қоса беріледі, ол конвенциялық басымдылықтың сараптау ұйымына келіп түскен күнінен

бастап алты айдан кешіктірмей ұсынылады. Егер бірінші өтінімдер бірнешеу болса,

онда осы барлық өтінімдердің көшірмелері қоса беріледі.

Конвенциялық басымдылықты басқа өтініш беруші берген жағдайда бірінші

өтінімге өтініш берушінің бысымдылық құқығын пайдалануға рұқсаты қоса тігіледі.

Бірінші өтінімді берген күннен бастап он екі ай өткеннен соң, бірақ он екі

айлық мерзім өткеннен кейін екі айдан кешіктірмей келіп түскен өтінім бойынша

конвенциялық басымдылықты қайта сұраған жағдайда өтінімге өтініш берушіге қатысты

емес өтінімді көрсетілген он екі айлық мерзімде беруге қарсы келетін жағдайлар

көрсетілген құжат және осы жағдайлардың сараптама жасау ұйымына белгі болғандығын

болжауға негіздер болмаса, онда олардың бар-жоғын растайтын құжат қоса беріледі.

Конвенциялық басымдылықты белгілеу туралы өтініш өтінім берілген кезінде

(патент беру туралы өтініштің тиісті бағанында болады) немесе өтінімнің сарапта

ұйымына келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін.

15. Патент беру туралы өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өзге

құжаттар мемлекеттік, орыс немесе басқа тілдерде ұсынылады. Сәйкесінше төлем

жүргізілген жағдайда Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес бұл мерзім ұзартылуы

мүмкін, бірақ екі айдан көп емес.

Егер өтінімнің өзге құжаттары басқа тілде берілген болса, онда өтінімге

олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініш беруші

аударманы басқа тілдегі құжаттардан тұратын өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп

түскенінен кейін екі ай ішінде ұсыну керек.

Заңның 30-бабының 2-тармағына сәйкес төлем төленген жағдайда бұл мерзім

ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек. Белгіленген мерзімде аударым

ұсынылмаған жағдайда Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім берілмеген болып

есептеледі.

16. Патент беру туралы өтініш төрт данада ұсынылады, пайдалы модельдерді

суреттеу, пайдалы модельдің формуласы, сызбалар мен пайдалы модельдің мәнін

түсінуге қажетті материалдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған

рефераттар үш дана ұсынылады.

Осы құжаттар егер олар басқа тілде жасалған болса, бір данада, олардың

мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы 3 данада ұсынылады.

Өзге құжаттар және егер олар басқа тілде жасалған болса, онда олардың

мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы бір данада ұсынылады.

4. Өтінім құжаттарының мазмұны

17. Өтініш толтыру тәртібі:

1) патент беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) ПМ-1 нысаны бойынша осы

Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес тапсырылады.

Егер қандай да болмасын мәліметтерді тиісті бағандарға сыйғызу мүмкін

болмаса, оларды қосымша парақта өтініштің тиісті бағанына мына нысанда келтіреді:

«өтінішке Қосымшаны қараңыз» («Тіркелген құжаттар тізімі» бағанының тиісті бөлігіне

«Х» таңбасы қойылады);

2) өтініштің «түскен күні» бағандары, оның жоғары бөлігіне орналасқан 21, 22,

85 кодтар астындағы бағандарын өтінім түскеннен кейін сараптама жасау ұйымы

толтырады, оны өтінім беруші толтырмайды;

3) «өтініш» сөзінің тікелей үстіне орналасқан 86 және 87-код астындағы

бағандар Қазақстан Республикасына нұсқайтын халықаралық өтінімдер Қазақстан

Республикасының ұлттық фазасына ауыстырылған жағдайда толтырылады.

86-код астындағы бағандағы тиісті торға «Х» белгісі қойылады және тиісінше

халықаралық өтінімнің алушы ведомство белгілеген тіркеу нөмірі, халықаралық берілу

күні, немесе тіркеу нөмірі және еуразиялық өтінімнің берілген күні келтіріледі.

87-код астындағы бағанда тиісінше халықаралық өтінімнің нөмірі және

халықаралық жарияланған күні көрсетіледі;

4) патент беру туралы өтініш білдірілген бағанда «өтінім берушінің (өтінім

берушілердің) атына» деген сөзден кейін 71-кодтың астында патент сұратылып отырған

өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі,

аты және әкесінің аты (бар болса), оның үстіне тегі атының алдында көрсетіледі

немесе ресми тіркеу туралы құжатқа сәйкес (құжаттық көшірмесі қоса беріледі) заңды

тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы мен толық пошта мекен жайын

қоса отырып, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан орны туралы мәліметтер

келтіріледі. Шетелдік аттар және заңды тұлғалардың атаулары, сондай-ақ мемлекеттік

немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Пайдалы модельдер авторлары

болып табылатын өтінім берушілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер өтініштің

екінші бетіндегі 72-кодтың астындағы бағанда келтіріледі.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын немесе жүрген аттарына патент

сұралатын шетелдік заңды және жеке тұлғалар үшін елінің коды Дүниежүзілік

зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі - ДЗМҰ) SТ.3 стандарты бойынша (егер ол

белгіленсе) көрсетіледі.

Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың

әрқайсысы үшін келтіріледі;

5) басымдықты белгілеу туралы өтінішті қамтитын баған Заңның 20-бабының 2-5-

тармақтарына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бұрынырақ

басымдық сұратылған кезде ғана толтырылады. Мұндай жағдайда «Х» белгісін қоюмен

тиісті торда басымдық сұратуға негізі ескеріліп, негізінде басымдық сұратылып

отырған өтінім нөмірі немесе қосымша материалдар және басымдық сұратылған күні

(өтінім берілген күні немесе оған қосымша материалдар) көрсетіледі.

Егер басымдық бірнеше өтінімдер негізінде сұратылса, барлық өтінімдердің

нөмірлері және тиісті жағдайларда сұратылған басымдықтың бірнеше күні көрсетіледі.

Конвенциялық басымдық сұратылған жағдайда ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша берген елдің

коды көрсетіледі;

6) 54-кодтың астындағы бағанда өтініш берілген пайдалы модельдің (пайдалы

модельдер тобы) атауы келтіріледі, бұл пайдалы модельдің сипаттамасында аталған

атаумен сәйкес келуі тиіс. Пайдалы модельдің атауына арнаулы атау енгізілген

жағдайда тиісті торға «Х» белгісімен Заңның 9-бабының 4-тармағы талаптарының

сақталуы ескеріледі;

7) «хат-хабар жазысуға арналған» бағанда Қазақстан Республикасы аумағындағы

толық пошталық мекен жай және мекен жайдың аты немесе атауы келтіріледі, ол жедел

почталық жеткізілімнің жай талаптарын қанағаттандыруы қажет.

Хат-хабар жазысатын мекен жай ретінде Қазақстан Республикасында тұратын жеке

тұлғаның - өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) тұрғылықты жеріндегі

мекен жайы немесе Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның тұратын жерінің мекен

жайы яғни өтінім беруші (өтінім берушілер) өкілі тұратын жерінің мекен жайы немесе

Қазақстан Республикасы аумағындағы өзге мекен жайы көрсетілуі мүмкін;

Өтініште мұндай хат-хабар жазысатын мекен жай болмаған жағдайда патенттік

сенім белгіленген немесе басқа өкілдердің, егер олар тағайындалған жағдайда тұратын

жері, ал егер басқа Қазақстан Республикасының аумағында мекен жайы болған жағдайда,

өтініш беруші - өтініш берушінің мекен жайы (егер өтініш беруші бірнеше болса –

бірінші осындай мекен жай) туралы бағанда саналады.

«Хат-хабар жазысуға арналған» деген бағанда қосымша телефон мен факс нөмірі

егер олар бар болса көрсетіледі.

8) 74-кодтың астындағы бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің)

өкілдері, оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген

өкілдер) туралы мәліметтер келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өтінім

берілгенге дейін белгіленген жағдайда тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

уәкілетті органда тіркелген нөмірі, тұратын мекен жайы, телефон, факс нөмірі (бар

болса) көрсетіледі. Өзге өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты және

әкесінің аты (бар болса) және заңды тұлға үшін ресми атауы, Қазақстан

Республикасында тұратын мекен жайы (орналасқан орны), телефон, факс нөмірі

көрсетіледі.

Егер өтінім берушілер бірнешеу болса және патенттік сенім белгіленген өкілсіз

беріледі, өкіл ретінде өтінім берушілердің бірі таңдап алынуы мүмкін;

9) өтініштің екінші бетіндегі «қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі»

бағаны тиісті торына «Х» белгісін қою жолымен және даналар саны мен тіркелген

құжаттардың әр данасындағы парақтар саны көрсетіле отырып толтырылады. Түрлері

өтініш нысанында қарастырылмаған («басқа құжат») қоса берілетін құжаттардың нақты

бағыты көрсетіледі;

10) «патентке өтінім беру және алу құқығының пайда болу негізі» бағанына «Х»

белгісін қоюмен патентке өтінім беру және алу үшін тиісті негіз (негіздер)

белгіленеді. Көрсетілген баған өтінім беруші автор немесе өтінім берушілер бірнешеу

болып, олардың құрамы авторлар құрамымен сәйкес келгенде толтырылмайды

11) 72-кодының астындағы бағандарда автор (авторлар) туралы мәліметтер: тегі,

аты және әкесінің аты (бар болса) келтіріледі, 72-кодтың астындағы бағанның

жанындағы бағанда тұрғылықты жерінің толық почталық мекен жайы келтіріледі,

шетелдіктер үшін ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша елдің коды ғана көрсетіледі;

12) 72-кодтың астындағы бағанның оң жағына орналасқан бағанда автор өтінім

беруші болып табылса, немесе егер автор патентке өтінім беру мен алу құқығын өтінім

берушіге берген жағдайда автордың қолы мен күні қойылады.

Өтінім берілгенге дейін автор қайтыс болған жағдайда күні мен мұрагердің қолы

қойылады. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлік құқықты растайтын қандай да болмасын

ресми құжаттар талап етілмейді;

13) 72-кодты бағандар астындағы баған автор (авторлар патент беру туралы

мәліметтер жарияланымы кезінде өзін (өздерін) осылай атамауды өтінген жағдайда ғана

толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезінде атамауды өтінген авторлардың

әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың қолдары келтіріледі;

14) өтініштің жоғарыдағы осы тармақтың 12)-13) тармақшаларда көрсетілген

бағанын толтыру осы бағанмен қарастырылған мәліметтер мен қолдары бар құжаттарды

өтінішпен бір мезгілде тапсырумен алмастырылуы мүмкін;

15) егер өтінім беруші ретінде автор болып табылмайтын тұлға көрсетілсе,

өтініштің «қолы» деген соңғы бағанын күнін көрсете отырып толтыру міндетті.

Өтінішке заңды тұлғаның атынан ұйымның басшысы немесе, заңды тұлғаның

құрылтайшылық құжаттарымен оған уәкілетті адам лауазымын көрсете отырып қолын

қояды, қолы осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу

болса, өтінішке өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.

Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке

патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды;

16) осы тармақтың 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген өтініш бағанындағы

қолдарды қойған адамдардың тегі мен аты-жөні ашып көрсетіледі;

17) өтінішке қатысты кез келген өзге мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша

параққа (өтінішке қосымша) осындай тәртіппен қол қойылады;

18) өтініш пен оған қосымшаларда түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс.

Аталған кемшіліктер болған жағдайда өтінішті немесе оған қосымшаны дұрыс рәсімдеу

талап етіледі.

18. Пайдалы модельдің сипаттамасы пайдалы модельді жүзеге асыру үшін толық,

жеткілікті түрде ашылуға тиіс.

19. Сипаттама пайдалы модельдің атауынан басталады, ал өтінім берілген

пайдалы модель қатысты болатын қолданыстағы 1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық

патенттік сыныптама туралы Страсбург Келісімінің (бұдан әрі - ХПС) қолданылып

жүрген редакциясының айдарын, сондай-ақ осы айдар индексін белгілеген жағдайда және

келесі бөлімдерді қамтиды:

1) пайдалы модельге қатысты болатын техника саласы;

2) техника деңгейі;

3) пайдалы модельдің мәні;

4) сызба сұлбаларының тізбесі;

5) пайдалы модельдерді жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер.

Сипаттама бөлімін қажетті мәліметтері бар (әдеби дереккөзге, бұрын берілген

өтінім сипаттамасына, қорғау құжатына сипаттамаға) көзге сілтеме жасаумен

алмастыруға жол берілмейді.

20. Пайдалы модель атауы, әдетте, оның мақсатын сипаттайды және жеке түрде

қолданылмаған жағдайды есептемегенде жеке түрде қолданылмайды.

Бірі екіншісін даярлауға, пайдалануға арналған пайдалы модельдер тобының

атауында бір өнертабыстың толық атауы және басқасының қысқартылған атауы болады.

Бірі екіншісінде пайдалануға арналған объектілерге жататын пайдалы модельдер

тобының атауында топқа кіретін пайдалы модельдердің толық атауы болады.

Нұсқаларға жататын пайдалы модельдер тобының атауында жақшада «нұсқалар»

сөзімен топтың бір пайдалы модельдің толықтырылған атауы болады.

Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшінші тұлғаның

құқығына нұқсан келтірілмесе, автор пайдалы модельдерді меншік объектісіне өз атын

немесе арнаулы атау беруге құқылы (Заңның 9-бабының 4-тармағы).

Пайдалы модельге өтінімді орыс тілінде берген жағдайда оның атауы мемлекеттік

тілде көрсетілуі тиіс.

21. Сипаттама бөлігінде «пайдалы модельдер жататын техника саласы» пайдалы

модельдерді қолдану саласы көрсетіледі. Егер мұндай салалар бірнешеу болса,

басымдары көрсетіледі.

22. Сипаттама бөлігінде «Техника деңгейі», мәнді белгілерінің жиынтығы

жөнінен пайдалы модельге неғұрлым жақын баламасын (прототипті) бөліп ала отырып,

өтінім берушіге белгілі пайдалы модельдің баламалары туралы мәліметтер көрсетіледі.

23. Пайдалы модельдер баламасы – бұл пайдалы модельдер баламасы ретінде

пайдалы модельдің мәнді белгілерінің жиынтығына ұқсас, белгілер жиынтығымен

сипатталатын пайдалы модельдер басымдығы күніне дейін әлемде жарияланған және

көпшілікке қол жетерліктей болған мәліметтерден белгілі сол мақсаттың құралы.

Пайдалы модельдер ретінде пайдалы модельдер басымдығы күніне дейін Қазақстан

Республикасында мәліметтерден белгілі сол мақсаттың құралы болуы мүмкін.

24. әрбір баламаны сипаттау кезінде өтінім берілген пайдалы модельдің мәнді

белгілеріне ұқсас келетіндерді бөліп ала отырып, баламаны сипаттайтын белгілерді,

оның ашылған ақпарат көзіндегі библиографиялық мәліметтері келтіріледі, сондай-ақ

қажетті техникалық нәтижелерді алуға кедергі келтіретін өтінім берушіге белгілі

себептер көрсетіледі.

25. Пайдалы модельдер тобы сипатталған кезде баламалар туралы мәліметтер

әрбір пайдалы модель үшін жеке келтіріледі.

26. «Пайдалы модельдің мәні» сипаттама бөлігінде пайдалы модельдердің мәнін

ашатын мәліметтерді қамтиды. Пайдалы модельдер мәні пайдалы модельдердің техникалық

нәтижесін (техникалық нәтижелер) қамтамасыз етуге жеткілікті маңызды белгілер

жиынтығында көрсетіледі.

Белгілер, егер қол жеткізілетін техникалық нәтижеге (оның ішінде әр түрлі

белгілердің ықпалы кезінде түрлі техникалық нәтижеге) ықпалын тигізсе, яғни

көрсетілген нәтижемен (нәтижелермен) себеп-салдарлы байланыста болса маңыздыларға

жатады.

27. Техникалық нәтиже пайдалы модель болатын құралдарды өндіру немесе

пайдалану кезінде алынуы мүмкін техникалық тиімділік, қасиет, құбылыс және тағы

басқалар осыған ұқсас сипатын білдіреді.

28. Техникалық нәтиже, атап айтқанда үйкеліс коэффициентін төмендету

(жоғарлату), теңселуді төмендету, сыналанып қалудың алдын алу, жұмыс органының

ортамен байланысын жақсарту, сигнал нысанының бұрмалануын төмендету, сұйықтықтың

сіңуін төмендету, компьютердің тез әрекет етуін арттыруын көрсетуі мүмкін.

29. Алынатын нәтиже, егер, атап айтқанда:

адамның ақыл-ойын қатыстыра отырып, тек ұғыну ерекшелігі нәтижесінде

көрсетілсе;

оған қандай да бір қызметті оған қатысушылар арасындағы келісім негізінде

жүзеге асыру кезінде белгілі бір ретпен немесе белгіленген тәртіпті сақтай отырып

соның арқасында қол жеткізілсе;

егер ол қандай да бір ақпаратты алудан тұрса және оған тек қана -

математикалық әдісті, электрондық есептеу машинасына арналған бағдарламаны немесе

онда пайдаланатын алгоритмді қолдану арқасында қол жеткізілсе;

ол тек қана қандай да бір нысанда кез келген тасушыда ұсынылған мағыналық

мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты болса;

ол қызықты және ойын-сауықты болса техникалық сипатта емес деп табылады.

Егер пайдалы модель ақпарат тасығышқа жататын болса, атап айтқанда машина

оқитын және ақпараттың мазмұнын белгілейтін, жазатын тасығыш белгілерін қатыстыра

отырып, электрондық есептеу машинасына арналған бағдарламаны немесе онда

пайдаланатын алгоритмді қолдану осындай құралдарды алғаш алу міндеті ғана шешілетін

болса, техникалық нәтиже осы мақсатты іске асырумен тұйықталуы мүмкін (осы мақсатты

іске асыратын құрал жасауда және оны арнап көрсету талап етілмейді, тек ұсынылып

отырған пайдалы модель осындай мақсат құралдары арсеналын кеңейтеді деген түсінік

келтірілсе жеткілікті).

30. «Пайдалы модельдің мәні» бөлімінде техникалық нәтижені көрсете отырып,

пайдалы модельді алу кезінде мүмкін болатын өтінім беруші көрсеткен бағыттағы

шешімнің мақсаты толық ашылады.

31. Егер пайдалы модельді нақты орындау нысанында немесе оны пайдалану

кезіндегі ерекше жағдайда қосымша техникалық нәтижелер алу қамтамасыз етілсе оларды

көрсету ұсынылады.

32. «Пайдалы модельдің мәні» бөлігінде пайдалы модельді сипаттайтын барлық

маңызды белгілері келтіріледі, неғұрлым жақын баламаның айырықша ерекшеліктері

айқындалады, мұндайда сұратылған құқықтық қорғау көлемі таралатын барлық жағдайда

техникалық нәтижесін алуды қамтамасыз ететін белгілер жиынтығы және пайдалы

модельді тек жекелеген жағдайларда сипаттайтын, нақтылы орындау нысандарында немесе

оны пайдаланудың ерекше жағдайларындағы белгілері көрсетіледі.

33. Белгі сипатын осы белгі ашылған ақпарат көзіне сілтеме жасап алмастыруға

жол берілмейді.

34. Егер пайдалы модель жасау кезінде тек белгілі бағыттағы техникалық

құралдар арсеналын кеңейту немесе осындай құралдарды алғаш алу міндеті ғана

шешілетін болса, техникалық нәтиже осы мақсатты іске асырумен айқындалуы мүмкін.

Пайдалы модельдер тобы үшін көрсетілген мәліметтер, оның ішінде техникалық

нәтиже туралы да, әрбір өнертабыс үшін жеке келтіріледі.

35. «Сызба сұлбаларының тізбесі» бөлімде сұлбалар тізбесінен басқа олардың

әрқайсысында не бейнеленгеніне қысқаша сілтеме беріледі. Егер пайдалы модельдің

мәнін түсіндіретін өзге материалдар ұсынылса, олардың мазмұндарына қысқаша түсінік

келтіріледі.

36. «Пайдалы модельдерді жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер»

бөлімінде өтінім беруші көрсеткен бағытта іске асыру мүмкіндігі көрсетіледі:

1) құрылғыға жататын пайдалы модельге сызба сұлбаларына сілтемемен оның

конструкциясының (статикалық жағдайда) сипаттамасы келтіріледі. Сипаттамадағы

құрылымдық элементтердің цифрлік белгісі олардың сызба сұлбаларындағы цифрлік

белгілеріне толық көлемде сәйкес келуге тиіс;

2) құрылғы конструкциясы сипаттамасынан кейін оның әрекеті (жұмысы) немесе

сызба сұлбаларына сілтемемен пайдаланылу тәсілі сипатталады;

3) мәні жалпы түсінікте айтылған белгіні пайдаланумен сипатталатын атап

айтқанда, функционалдық жинақтау деңгейінде ұсынылған пайдалы модельді жүзеге асыру

мүмкіндігі осы белгіні іске асыру не оны алу әдістеріне арналған құралдардың өтінім

материалдарында тікелей сипатталуымен немесе осы құралдың белгілігі не оны алу

әдістері көрсетіле отырып расталады.

4) егер құрылғыда функционалды деңгейде сипатталған элемент болса, және

сипатталатын нысан бағдарламаланған (бапталған) көп функциалды құралдарды

пайдалануды көздесе, онда аталған функция құрылғысы құрамында оған нақты телінген

осындай құралмен атқару мүмкіндігін растайтын мәліметтер ұсынылады.

Егер мұндай мәліметтер қатарында, атап айтқанда, есептеуіш алгоритм

келтірілген жағдайда, оны блок-схема түрінде немесе, егер бұл мүмкін болса, тиісті

математикалық көрінісінде келтірген жөн.

5) «Пайдалы модельдің мәні» бөлімінде көрсетілген техникалық нәтиже алуда

пайдалы модельді жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер көрсетіледі.

Пайдалы модельді сипаттау үшін аралық мәнді түрде айқындалатын сандық

белгілерді пайдалану кезінде осы аралықтағы техникалық нәтиже алу мүмкіндігі

көрсетіледі.

6) егер пайдалы модельді жүзеге асыру және іске асыру мүмкіндігі туралы онда

көрсетілген міндетті тек эксперименттік деректер куәландыра алады, пайдалы

модельдік сипаты оны жүзеге асыруға тиісті деректерге мысалдар келтірілуі керек.

Келтірілген мысалдар пайдалы модельге өтінім берушінің қамтыған түсінігін,

белгілерін іске асыруда әр түрлі жеке нысанының ықпалы аталған талаптарды сақтау

туралы жеткілікті болуы тиіс.

37. Пайдалы модельдің мақсаты және оған қойылатын талаптар:

1) пайдалы модельдің формуласы алдын ала патент және патентпен берілетін

құқықтық қорғау көлемін анықтауға арналады;

2) пайдалы модельдің формуласы толығынан сипаттамаға негізделуге тиіс, яғни

пайдалы модельді оның сипаттамасындағы түсініктермен сипаттауы керек;

3) пайдалы модельдің формуласы, егер ол өтінім беруші көрсеткен техникалық

нәтижеге жетуге жеткілікті маңызды белгілерінің жиынтығы болса, оның мәнін

көрсетеді деп танылады;

4) пайдалы модельдің белгілері пайдалы модель формуласында оларды ұқсастыру

мүмкіндігін, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде

маманның біртекті түсінуін қамтамасыз ететіндей болып көрсетіледі;

5) пайдалы модель формуласындағы белгі сипатын ақпарат көзіне сілтемемен

алмастыруға болмайды. Белгі сипатын сипаттама немесе өтінім сызбаларына сілтемемен

алмастыруға, оның ұқсастығы туралы осы тармақтың 4) тармақшасының талаптарына

нұқсан келтірмей белгіге мұндай сілтемесіз сипаттау мүмкін болмаған жағдайларда

ғана жол берілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда мысалы, «сұлбада көрсетілгендей» деген

сөздер пайдаланылуы мүмкін. Сызбаларға сілтемелер атап айтқанда, объектілерді

сипаттау кезінде сөзбен немесе математикалық тәсілмен сипатталуға келмейтін болуы

мүмкін.

6) құрылғыға жататын пайдалы модель формуласының ерекшеліктері құрылғы

белгілері формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады.

Құрылғының құрылымдық элементін орындауды сипаттау кезінде оның жылжымалылығын,

оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін көрсетуге болады.

7) пайдалы модель белгісін егер ортақ ұйымдағы сипаттамалар өтінім беруші

көрсеткен техникалық нәтиже алуды басқа да белгілер жиынтығымен қамтамасыз етсе,

оны іске асырудың түрлі нысандарын қамтитын ортақ ұғыммен (функция, қасиетін

білдіретін) сипаттау орынды.

8) егер мұндай белгі, көрсетілген баламамен жол берілетін кез келген таңдау

кезінде пайдалы модельдердің басқа да белгілер жиынтығымен бір ғана техникалық

нәтиже алуды қамтамасыз етсе, белгі баламалы түрде көрсетілуі мүмкін;

9) пайдалы модельдің формуласында сызбалар келтірілмейді.

10) егер олар жалпыға белгілі және нақты маңызға ие болса, пайдалы модельдер

формуласында материалдардың және тағы басқалар осыны білдіретін шартты атауларын

пайдалануға жол беріледі.

38. Формула біртізбекті және көптізбекті болуы және тиісінше бір немесе

бірнеше тармақты құрауы мүмкін.

Біртізбекті пайдалы модель формуласы оны орындау немесе пайдаланудың

жекелеген жағдайларына қатысты дамыту немесе анықтауы жоқ маңызды белгілер

жиынтығымен бір пайдалы модельді сипаттау үшін қолданылады.

Көптізбекті формула пайдалы модельді орындау немесе пайдаланудың жеке

жағдайларына немесе пайдалы модель тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын

дамыту және/немесе анықтаумен бір пайдалы модельді сипаттау үшін қолданылады.

39. Бір пайдалы модельді сипаттайтын көптізбекті формуланың бір тәуелсіз

тармағы және келесі оған тәуелді тармағы (тармақтары) болады.

40. Пайдалы модельдер тобын сипаттайтын формуланың бірнеше тәуелсіз

тармақтары болады, олардың әрқайсысы пайдалы модельдер тобының біреуін сипаттайды.

Бұл ретте топтың әрбір пайдалы моделі тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді

тармақтарды тартумен сипатталуға тиіс.

41. Көптізбекті формула тармақтары 1-ден бастап, мазмұндалу тәртібімен

бірінен соң бірі араб цифрларымен нөмірленуге тиіс.

42. Пайдалы модельдер тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде

келесі ережелер сақталады:

1) жекелеген пайдалы модельдерді сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте,

формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы

тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталамаған жағдайда ғана жол

беріледі);

2) түрлі пайдалы модельдер топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді

тармақтар келтірілетін жағдайларды қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты

тәуелсіз тармақтармен топтасады.

43. Формула тармағына қойылатын талаптар:

1) формула тармағы, әдетте, неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін

пайдалы модель белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы

басталатын бағыттағы тектік ұйымнан және пайдалы модельді неғұрлым жақын

баламасынан ажырататын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады;

Формула тармағын құрастыру кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң «мен

ерекшеленетін» деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі

келтіріледі;

2) формула тармағы бір сөйлеммен мазмұндалады.

44. Формуланың тәуелсіз тармағына қойылатын талаптар:

1) ол пайдалы модельді құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін айқындайтын

оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және пайдалы модель объектісін логикалық

анықтау түрінде көрінеді.

2) пайдалы формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана пайдалы модельге қатысты

болуға тиіс.

3) егер ондағы белгілер жиынтығы бір ғана техникалық нәтиже алуды қамтамасыз

етпейтін белгілер баламасы түрінде көрінсе, не әрқайсысы бірнеше функционалды

дербес белгілер құрайтын белгілердің баламалық түрінде көрінсе (құрылғының торабы,

бөлшегі және т.б.), оның ішінде қандай да болмасын осындай белгілерге арналған

баламаның таңдауы басқа (басқалар) белгісіне (белгілеріне) жүргізілген таңдауға

тәуелді болса;

аталған жиынтықта оны бары, сондай-ақ жоғына да жол берілетіндей түрде

танылатын белгі енеді (атап айтқанда, «құрылымдық элемент болуы мүмкін» үлгідегі

сөз пайдаланылғанда);

ортақ мақсаттағы құралдар жиынтығы көрсетілген іске асырусыз дербес мақсатты

құралдар жиынтығына жататын әрқайсысы құралдар жиынтығының сипаттамасына енеді.

45. Формуланың тәуелді тармағына қойылатын талаптар:

1) тармақ тәуелсіз тармақта келтірілген пайдалы модельді тек оны орындау

немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын пайдалы модель белгілері

жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады;

2) тармақтың шектеулі бөлігі әдетте тәуелсіз тармақта келтірілгенмен

салыстырғанда қысқаша мазмұндалған пайдалы модель мақсатын көрсететін тектік

ұйымнан және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ және/немесе тәуелді

тармақтан (тармақтардан) тұрады. Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына

бағынысты болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі.

Егер жекелеген жағдайларда оны орындау немесе пайдалануда пайдалы модельді

сипаттау үшін тәуелді тармақ белгілерімен қатар тек тәуелсіз тармақ белгілері қажет

болса, осы тәуелді тармақтың тәуелсізге бағыныстылығы тиісті тәуелді тармақтар

арқылы пайдаланылады.

Егер аталған сипатқа формуланың бір немесе бірнеше тәуелді тармақтарының

белгілері қажет болса, осы тәуелді тармақтың тәуелсіз тармаққа бағыныстылығы тиісті

тәуелді тармақтар арқылы пайдаланылады

3) тармақ ол бағынысты формуланың сол тармағында сипатталған пайдалы модель

белгілері алмастырылмайтындай немесе алып тасталмайтындай баяндалуға тиіс, сондай-

ақ осы Нұсқаулықтың 44-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сипатты жиынтық

белгілер кірмеуі керек;

Егер формуланың тәуелді тармағы тәуелсіз тармақ белгілерін алмастыратын

немесе алып тастайтындай мазмұндалса, осы тәуелді тармақ өзі бағынатын тәуелсізбен

бір пайдалы модельді сипаттайды деп танылуы мүмкін емес.

46. Сызбаларға қойылатын талаптар:

1) пайдалы модельдердің мәнін түсіндіруші материалдар графикалық

кескіндемелер (сызба, сурет, графика, эпюр, осциллограмм және т.б.), фотосуреттер

және кестелер түрінде ресімделуі мүмкін;

2) пайдалы модельдер сызбалармен немесе сызбалармен бейнелеу мүмкін болмаған

жағдайларда суреттер ұсынылады;

3) фотосуреттер графикалық кескіндемелерге қосымша ретінде ұсынылады. Айрықша

жағдайларда, мысалы, хирургиялық операциялар жасау кезеңдерін бейнелеу үшін

фотосуреттер түсіндіруші материалдардың негізгі түрі ретінде ұсынылуы мүмкін;

4) сызбалар, сызбалар және суреттер жеке (жекелеген) парақта (парақтарда)

ұсынылып, оң жақ жоғарғы бұрышында пайдалы модельдің атауы келтіріледі.

47. Рефератқа қойылатын талаптар:

1) реферат пайдалы модельдер туралы ақпарат болып табылады, яғни атауын,

пайдалы модельге жататын техника саласының сипаттамасын қамтитын пайдалы

сипаттамасының қысқаша баяндалған мазмұнын құрайды және/немесе егер бұл атауынан

анық болмаса, әрбір тәуелсіз тармағының барлық маңызды белгілері сақталатындай

формуланы еркін баяндау жолымен сипатталатын қол жеткен техникалық деңгейі

көрсетілген пайдалы модель мәнінің сипаттамасы кіреді;

2) қажет болған жағдайларда рефератқа сызба немесе химиялық формула кіреді.

Рефератқа кірген сызба сипаттамада көрсетілген сызбалардың бір сұлбасымен ұқсас

болған жағдайда реферат мәтіні сияқты дана санымен жеке парақта тапсырылады;

3) рефератта қосымша мәліметтер болуы мүмкін, атап айтқанда, формуланың

тәуелді тармақтарының бар-жоғы мен саны, графикалық кескіндемелер, кестелер.

4) реферат мәтінінің көлемі - 1000 баспа таңбаға дейін болуға тиіс.

48. Уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдікке сенімхат

келесі талаптарға жауап беруге тиіс:

1) сенімхат қарапайым жазба нысанында жүргізіледі және нотариалдық растауды

талап етпейді;

2) сенімхатты өтінім беруші береді (қолын қояды). Заңды тұлға атынан

берілетін сенімхатқа оның басшысы немесе қол қойған адамның лауазымы көрсетіле

отырып, бұған құрылтайшы құжаттарымен уәкілеттік алған өзге тұлғаның қолы қойылып,

осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі;

3) сенімхатта өтінім беруші атынан өкіл жүргізе алатын тапсырылған іс-

әрекеттер нақты көрсетілуге тиіс, сенімхатта оны жүргізетін күні көрсетілуге тиіс,

онсыз заңды деп танылмайды;

4) сенімхатта оның берілген орны көрсетілуге тиіс;

5) сенімхаттың іс-әрекет мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Егер сенімхатта іс-

әрекет мерзімі көрсетілмесе, ол берілген күннен бастап бір жыл бойына күшін

сақтайды. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде іс-әрекет мерзімі көрсетілмей

берілген сенімхаттың іс-әрекет мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша

айқындалады;

6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе

шетелдік заңды тұлғалар берген сенімхат тек уәкілетті органда патенттік сенім

білдірілген өкіл ретінде тіркелген жеке тұлғаға ғана берілуі мүмкін;

7) сенімхат уәкілетті органда тіркелген бірнеше патенттік сенім білдірілген

өкілдердің атына берілуі мүмкін, мұндайда өкілдікті бұлардың кез келгені атқарады.

Егер олардың іс-әрекеттері бір-бірлерімен қайшы келсе, бұл туралы өтінім берушіге

хабарланады, ал атқарылған іс-әрекеттер өтінім беруші мақұлдағанға дейін

тоқтатылады;

8) сенімхат берілген жеке тұлға өкілдік алған іс-әрекеттерді өзі жеке басымен

жүзеге асыруға тиіс. Сенімнің ауысуы сенімхатпен өкілеттілік берілген жағдайда ғана

мүмкін болады. Мұндай жағдайда сараптама жасау ұйымына сенімнің ауысуы тәртібінде

берілген нотариалды расталған сенімхат және оны беруге негізделген сенімхат

тапсырылады. Мұндайда сенімнің ауысуы тәртібінде берілген сенімхаттың іс-әрекет

мерзімі соның негізінде берілген бастапқы сенімхаттың іс-әрекет мерзімінен аспауы

керек;

9) сенімхаттың іс-әрекеті төменгі жағдайларда тоқтатылады:

сенімхат мерзімі біткенде;

сенімхатта қарастырылған іс-әрекеттерді жүзеге асырған соң;

сенімхат берген тұлға оны жойған соң;

сенімхат берілген тұлға бас тартқан кезде;

атынан сенімхат берілген заңды тұлғаның қызметі тоқтаған кезде;

сенімхат берген тұлға өлген жағдайда, оны қабілеттіліксіз, қабілеттілігі

шектеулі немесе хабарсыз кеткен деп таныған жағдайда;

атына сенімхат берілген заңды тұлға жойылғанда;

атына сенімхат берілген азамат өлгенде, оны қабілеттіліксіз, қабілеттілігі

шектеулі немесе хабарсыз кеткен деп таныған жағдайда.

10) сенімхат тоқтатылуымен бірге сенімнің ауысуы да күшін жояды.

Сенімхатты берген тұлға оны тоқтатқан жағдайда ол туралы уәкілетті органға

және сараптама жасау ұйымына хабарлауы керек.

5. Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

49. Өтінімде адамгершілікке және қоғамдық тәртіпке қайшы келетін ұйымдар,

сызбалар, суреттер, фотосуреттер және өзге де материалдар болмауға тиіс; өнімдер

немесе технологиялық процестер хақында, сондай-ақ басқа тұлғалардың өтінімдері

немесе қорғау құжаттарына менсінбеушілік өздер, пайдалы модельге немесе осы

Нұсқаулықтың тиісті талаптарына өтінімдер құжаттарын тану үшін қажетті болып

табылмайтын сөздерге немесе мәліметтер.

50. Пайдалы модель формуласында, сипаттамада және оны түсіндіруші

материалдарда, сондай-ақ рефератта стандартталған терминдер мен қысқартулар, ал

олар болмаған жағдайда жалпыға ортақ ғылыми және техникалық әдебиеттерде жалпы

қабылданғандары пайдаланылады.

әдебиетте кеңінен қолданылмайтын терминдер мен белгілерді пайдалану кезінде

олардың маңызы алғашқы қолданылу мәтінінде түсіндіріледі;

Ғылыми-техникалық әдебиетке қатысты ғылыми емес түсінік беретін терминдерді

қолдануға жол берілмейді.

Барлық шартты белгілер ашық көрсетіледі, сипаттамада және формулада

терминология бірлігі сақталады, яғни сипаттама мәтініндегі және формуладағы бір

белгілер бір атаумен аталынады. Терминология бірлігі талаптары физикалық бірлік

өлшемдеріне және шартты белгілерді пайдалануға да қатысты болады.

Пайдалы модель атауында қажет болған жағдайларда латын әліпбиі мен араб

әліпбиі нышандары болуы мүмкін. Пайдалы модель атауында өзге әліпби нышандарын,

пайдалы модельдер атауында арнайы таңбаларды қолдануға жол берілмейді.

Физикалық көлемдер қолданылып жүрген Халықаралық бірліктер жүйесі

бірліктерімен белгіленгені жөн.

51. Барлық құжаттар оларды тікелей репродукциялауға боларлықтай көшірмелері

шексіз етіп ресімделеді.

Парақтың кіші жағына параллель орналасқан әрбір парақ бір жағынан ғана

пайдаланылады.

52. Өтінім құжаттары тығыз, ақ, тегіс, жылтырамайтын қағазда орындалады.

53. Өтінімнің әрбір құжаты жеке парақта басталады. Парақтың көлемі 210 х 297

мм Сипаттаманы, формуланы, рефератты қамтитын парақ бетінің ең кіші көлемі:

жоғарғы, оң және төменгі жақтары – 20,

сол жағы – 25,

Сызбалардан тұратын парақ бетінің ең кіші көлемі, мм:

жоғарғы және сол жақтары - 25,

оң жағы – 15,

төменгі жағы – 10.

Фотосурет мөлшері белгіленген өтінім құжаттарының парақтары көлемінен

аспайтындай етіп таңдалады. Шағын көлемді фотосуреттер белгіленген талаптар сақтала

отырып, қағаз парағына желімделіп беріледі.

54. Өтінімнің әрбір құжатындағы екінші және келесі парақтары араб цифрларымен

нөмірленеді.

55. Мәтінді жазуға қойылатын талаптар:

1) құжаттар қара түсті қарыптармен басылады. Сипаттама, формула және реферат

мәтіндері 2,1 мм кем емес бас әріптер биіктігімен арасында екі интервал қалдырып

басылады;

2) графикалық нышандар, латын атаулары, латын және грек әріптері,

математикалық және химиялық формулалар немесе нышандар қара түсті сиямен, пастамен

немесе тушьпен жазылуы мүмкін. Формулаларды баспа түрінде және қолдан жазып

араластыруға жол берілмейді.

56. Сипаттамада, өнертабыс формуласы мен рефератта математикалық көрсеткіштер

(формулалар) және символдар пайдаланылуы мүмкін, бұл ретте:

Математикалық көрсеткіштер нысанын беру регламенттелмейді. Математикалық

формулалардағы барлық әріптік белгілердің мағыналары ашылады. Формулаға

түсініктерді бағанмен жазып, әрбір жолдан кейін нүктелі үтір қойылады. Әріптік

белгілердің ашылуы олардың формулада қолданылуы ретімен беріледі.

Сипаттамада математикалық белгілер мынадай түрде қолданылады:

1) >, <, =, +, - және басқа математикалық белгілер математикалық формулаларда

ғана қолданылады, ал мәтінде оларды сөздермен жазған жөн (артық, кем, тең).

2) оң өлшемдер арасындағы аралықтарды белгілеу үшін (-) (бастап және дейін)

таңбасын қолдануға болады. Басқадай жағдайларда «бастап» және «дейін» деген

сөздермен жазу керек, температура аралықтарын белгілеу кезінде (…) белгісін

қолданған жөн;

3) пайыздық көрсеткен кезде пайыздық өлшемдік таңбасы (%) саннан кейін

қойылады. Егер өлшем бірнеше болса, онда пайыздық таңба олардың алдынан қойылады

және олардан қос нүктемен бөлінеді;

4) математикалық формулалардағы тасымалға тек таңба бойынша ғана жол

беріледі;

5) формулалар оларды мәтінге енгізу реті бойынша нөмірленеді. Нөмірді әрбір

формуладан кейін оң жолақтың шегінде қою ұсынылады.

57. Графикалық кескіндемелерге қойылатын талаптар:

1) сызбалар, түсімдер, графиктер, суреттер және тағы басқалар ұзын бойына

біркелкі қалыңдықта өшпейтін қара нақты сызықтармен, сиясыз және бояусыз

орындалады;

2) кескіндеме көлемі және айқындығы 2/3-ке дейінгі мөлшерде сызықтық

кішірейте отырып, фотографиялық көшірмелеу кезінде барлық бөлшектерін айыруға

боларлықтай етіп таңдап алынады;

3) цифрлар мен әріптерді жақшаға, тырнақшаға, шеңберге алуға болмайды.

Цифрлар мен әріптердің биіктігі 3,2 мм кем таңдалмайды. Цифрлық және әріптік

белгілер айқын орындалады, олардың сызықтарының қалыңдығы кескіндеме сызықтарының

қалыңдығына сәйкес келеді;

4) әрбір графикалық кескіндеме оның түріне қарамастан араб цифрларымен сұлба

ретінде (1-сұлба, 2-сұлба және тағы басқа) нөмірлеудің бірыңғай тәртібімен,

сипаттама мәтінінде аталу кезегіне сәйкес нөмірленеді;

Егер сипаттама бір сұлбамен түсіндірілсе, ол нөмірленбейді;

5) бір парақта бірнеше сұлба орналастырылуы мүмкін, мұндайда олар бір-бірінен

нақты бөлініп тұрады. Егер екі және одан да көп парақтарда орналастырылған сұлбалар

тұтас сұлба бөлшектерін құраса, олар түрлі парақтарда кескінделген кез келген

сұлбалардың қандай да бір бөлігін қалдырып кетпей жинақталуы тиіс.

Жекелеген сұлбалар парақта немесе парақтарда барынша қанық орналастырылып

және кескіндеме парақтың ұзын жағынан тік орналасқан жағдайда оқылатындай болуы

керек;

6) сызбада тік бұрышты (ортогоналды) проекцияны (әрқилы түрде, кесінділерде

және жармаларда) пайдалану жөн болып табылады; сондай-ақ аксонометрлік проекцияны

пайдалануға да жол беріледі;

7) кесінділер сілтемелік белгілер мен негізгі сызықтарды анық оқуға кедергі

жасамайтындай көлбеу сызбалармен орындалады;

8) сызбадағы әрбір элемент, оны нақты кескіндеуге пропорциялар айырмашылығы

қажет болатын жағдайларды есептемегенде, барлық басқа элементтерге тепе-тең

орындалады;

9) сызбалар «су», «бу», «ашық», «жабық», «А-А» (кесіндіні белгілеу үшін) және

тағы басқалар қажетті сөздерден басқа қандай да болмасын жазбаларсыз орындалады;

10) сызбаларда көлемі көрсетілмейді. Қажет болса олар сипаттамада

келтіріледі;

11) сызбалардағы кескінделген элементтер пайдалы модель сипаттамасына сәйкес

араб цифрларымен белгіленеді.

Бірнеше сұлбаларда ұсынылған бірдей элементтер бірдей цифрмен белгіленеді.

Әртүрлі сұлбаларда ұсынылған әртүрлі элементтерді бір ғана цифрмен белгілеуге

болмайды.

Сипаттамада аталмаған белгілер сызбаларда келтірілмейді;

12) егер графикалық кескіндеме түсім түрінде ұсынылса, онда оны орындау

кезінде стандартталған шартты графикалық белгілер қолданылады. Түсімнің бір түрінде

түсімнің басқа түрдегі жекелеген элементтерді кескіндеуге болады (мысалы, электрлік

түсімде - кинематикалық және гидравликалық түсімді).

Егер түсім элементтердің графикалық белгілері ретінде тік бұрыштар түрінде

ұсынылса, онда цифрлық белгілерден басқа тік бұрышқа тікелей элемент атауына

жазылады. Егер элементтің графикалық кескіндеме мөлшерлері оған мүмкіндік бермесе,

элемент атауы шығармалы сызықта көрсетуге (қажет болған жағдайда, түсім бетінде

орналасқан сурет астындағы жазу түрінде) болады;

13) сызбалар, түсімдер, суреттер пайдалы модельдің сипаттамасы мен

формуласында келтірілмейді.

58. Ақпараттар көздерінің библиографиялық деректері олар бойынша ақпарат көзі

айқындалатындай етіп көрсетіледі.

6. Пайдалы модельге патент алу жөніндегі істерді жүргізу

59. Өтінім беру үшін, өтінім бергеннен кейін ол бойынша іс жүргізуді және

өтінімді қарау кезінде өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін өтінім беруші осы

Нұсқаулықтың 48-тармағына сәйкес сенімхат бере отырып, өкіл тағайындауы мүмкін.

Сенімхат өтініммен бірге немесе іс жүргізу процесінде ұсынылады және өтінімге

қоса тігіледі.

Өкілді өтінім бергенге дейін тағайындаған жағдайда сенімхат өтініш түскен

күннен бастап екі айдан кешіктірмей ұсынылады.

Сенімхат бойынша әрекетке уәкілетті өкілдің кез-келген әрекеті немесе

уәкілетті органның және сараптама жасау ұйымының оған қатысты кез-келген әрекеті

қандай салдарлар иеленсе, өтінім берушінің немесе өтінім берушіге қатысты да сондай

салдарлар болады.

Тиісті түрде ресімделген сенімхат берілгенге дейін өкіл жасаған іс-әрекет

жарамсыз деп саналады және ескерілмейді.

Өтінім беруші немесе оның құқығын иеленуші сараптама жасау ұйымына жазбаша

өтініш беру арқылы өкіл тағайындауды жоя алады.

60. Хат-хабарды өтінім беруші немесе оған уәкілетті оның өкілі әр өтінімге

жеке жүргізеді. Материалдар сараптама жасау ұйымына тікелей немесе пошта арқылы

ұсынылады.

Өтінім берілгеннен кейін жіберілген материалдарда оның нөмірі және өтінім

берушінің немесе оның өкілінің қолы болу керек. Егер өтінім беруші заңды тұлға

болып табылса, оның атынан берілетін материалдарға заңды тұлғаның атынан ұйымның

басшысы немесе заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен оған уәкілетті адам

лауазымын көрсете отырып қолын қояды, қолы осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.

Материалдар факспен берілуі мүмкін. Бұған дейін факспен жіберілген

материалдарды бірегейлендіретін факспен берілген материалдардың түпнұсқалары олар

факспен берілген күннен бастап бір ай ішінде ілеспе хатпен бірге табыс етілуі

керек.

Осы шарт сақталған жағдайда материалдарды факспен берген күн олардың түскен

күні болып есептеледі.

Егер материалдардың түпнұсқалары аталған мерзім өткеннен кейін түссе немесе

факспен түскен материалдар ұсынылған түпнұсқалармен бірегей болмаса, түпнұсқалар

табыс етілген күн материалдардың түскен күні болып есептеледі, ал факспен түскен

материалдардың мазмұны бұдан әрі назарға алынбайды.

Факспен берілген материалдар түпнұсқалары табыс етілгенге дейін ұсынылған

болып есептелмейді.

Егер факспен берілген қандай да бір материалдар немесе оның бөлігі оқылмайтын

болса немесе алынбаған жағдайда түпнұсқалар табыс етілген күн тиісті материалдар

берілген күн болып есепетеледі. Материалдардың өтінім беруші оқылмайтын бөлігін

алған кезде оқылатын бөліктері факспен алынған күнмен есептелуі мүмкін.

Өтінімнің нөмірі көрсетілмеген материалдар нөмірді жанамалап анықтау мүмкін

болмаса қаралмай кері қайтарылады;

Өтінім бойынша өндіріс процесінде жіберілген материалдар Заңда белгіленген

мерзімде ұсынылады.

Сараптама жасау өндірісі мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлінде жүргізіледі.

Өтінім беруші өзге тілде беретін материалдарға олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе

орыс тiлiндегi аудармасын қоса тапсырады. Аударма белгiленген мерзiмде табыс

етiлгенге дейін өзге тілде берілген материалдар назарға алынбайды, бұл туралы

өтінім беруші хабарландырылады.

Сараптама жасау ұйымына оқылуы қиын, кемшіліктермен ресімделіп жіберілген

материалдар қаралмайды. Мұндай материалдарды ұсынған адамға тиісті хабарлама

жіберіледі.

Құпия белгісі бар материалдар арнайы байланыс пайдаланыла отырып жіберіледі.

61. Өтiнiм берушiнiң өтiнiм құжаттарына осы өтiнiм бойынша тиiстi шешiм

қабылданғанға дейiн мәлiмделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен

нақтылаулар енгізуге құқығы бар.

Өтінім құжаттарына түзетулер мен нақтылаулар енгізу парақтарды ауыстыруға

беру жолымен жүзеге асырылады. Ауыстырылатын парақтар тиісті құжаттың мемлекеттік

немесе орыс тіліндегі немесе мемлекеттік және орыс тіліндегі құжат аудармасының

әрбір данасы үшін ұсынылады және осы Нұсқаулықтың 49-58-тармақтарының талаптарын

қанағаттандыруы тиіс.

Ілеспе хатта ауыстырылатын парақтарға ұсынылатын өзгерістердің қысқаша

түсініктемесі беріледі. Егер өзерістер өтінім берушінің бастамасы бойынша

енгізілсе, түсініктеме өтінім берушінің хатында баяндалады. Өзгерістер енгізілгені

үшін белгіленген мөлшерде төлем төленгенін растайтын құжат қоса беріледі. Өтінім

құжатына өтінім берушінің бастамасымен өтінім табыс етілген күннен бастап екі ай

ішінде өзгерістер енгізілсе, ол үшін ақы төлемейді. Егер түзетулер библиографиялық

деректерде көрсетілгендердің кесірінен қате басылса және құжатты түзету тікелей

көшірмелеу кезінде айқындығына кері әсерін тигізбесе түзетулер енгізу қажеттігі

ауыстыру парақтары табыс етілмей-ақ өтінім берушінің хатында жазылуы мүмкін.

Өтінім берушінің, өтінім беруші өкілінің атын көрсетуге қатысты өзгерістер

егер ол бұрынғы адам болып қалса, оның мекенжайы немесе хат алмасуға арналған

мекенжайы, өтінім берушінің атауының өзгеруi нәтижесiндегi өзгерiстер, сондай-ақ

өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi (оның ішінде анық түзетулер)

түзету Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес пайдалы модельді тиiстi Мемлекеттiк

тiзiлiмде тiркеген күнге дейiн жасалуы мүмкін. Егер өзгерту өтінім берушінің

атауына қатысты болса және заңды тұлғаны қайта құру нәтижесі болып табылса, бұл

туралы уәкілетті орган толтырған белгіленген тәртіппен ресімделген және осы қайта

құру болғанын растайтын құжаттың көшірмесі хатқа қоса беріледі. Егер жалпыға таныс

білімдерден маман үшін ұсынылған түзетулерден басқа ештеме қолдану мүмкін емес

болса, түзету анық болып табылады.

62. Пайдалы модельді Мемлекеттік тізілімде тіркеу күніне дейінгі өтінімнің

кез келген сатысында өтінім беруші патент алу құқығын бере алады. Өтінім беруші

патент алуға жазбаша нысанда келісілген уәкілетті органда мемлекеттік тіркелген

келісімшарт бойынша өзге адамға патент алу құқығын бере алады. Құжаттарды ресімдеу

және шарттарды тіркеу тәртіптеріне өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқық

беру туралы шарттарды тіркеу талаптары қойылады, сондай-ақ құқықтық мирасқор

пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы жаңа өтінішті қоса

береді.

63. Авторлар құрамына өзгерістер енгізу:

1) патент беру туралы өтініште көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе

құрамнан шығару авторлардың құрамына өзгеріс енгізу болып танылады.

2) авторлардың құрамына өзгерістер осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес

ресімделген патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі.

3) патент беру туралы жаңа өтінішке қоса өтінім нөмірі мен берген күні

көрсетіле отырылып, авторлардың құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін

нысанда жазылған өтінімхат ұсынылады. Өтінімхатқа өтінім беруші қол қоюы керек және

авторлардың құрамынан шығарылған жағдайда нотариалды расталған шығарылатын автордың

(ұлттық авторларға және үкіметаралық келісімге сәйкес берілген өтінім бойынша

өнертапқыш авторларының ғана) қолы қажет. Шығарылатын автордың келісімі өтінім

нөмірі мен түскен күні көрсетіле отырып, жеке хатпен ресімделуі мүмкін.

4) егер авторлар құрамына патент беру туралы жаңа өтінішті беру мерзіміне

бұған дейін берілген өтініште аталған автордың қолын алу мүмкін болмаған жағдайда,

өтінімхатқа мынадай тәртіппен ресімделген жазбаша келісім қоса беріледі:

егер автор өлген жағдайда немесе ол өлген деп танылса оның атынан өзгерістер

енгізуге мұрагер қол қояды, ол мұрагерлікке құқық беру туралы куәліктің нотариалды

расталған көшірмесін ұсына отырып, өзінің мұрагерлігіне құқығы бар екендігін заңды

түрде айғақтауы қажет;

автор шетелде болған жағдайда сенім білдірілген адам осындай құқығын

куәландыратын тиісті түрде ресімделген құжаттты ұсынады. Мұндай құжат патенттік

сенім білдірілген өкілдің атына тапсырылатын іс-әрекеттерді нақты көрсете отырып,

уәкілетті органда тіркелген сенімхат немесе заңдастыру Қазақстан Республикасының

халықаралық шарттарының немесе өзара шарттардың күшімен қажет етілмейтін

жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде заңдастырылған,

басқа адамға берілген сенімхат болуы мүмкін;

автордың болу орны туралы мәліметтер болмаған және оларды алу мүмкін болмаған

жағдайда ол сот арқылы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 28-бабына сәйкес

хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы мүмкін және мүдделі тарап авторды хабар-ошарсыз

кеткен деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады, ол мәні бойынша мәселені

шешу кезінде назарға алынады;

авторы өз ісіне жауап бере алмайтын немесе мүмкіндігі шектеулі деп танылған

жағдайда асырап алушы немесе асыраушысы асырап алған немесе асыраушысы деп белгілеу

туралы сот шешімінің көшірмесін ұсына отырып, оның атынан өзгерістер енгізуге

келісімге қол қояды.

5) Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын азаматтар мен шетелдік заңды

тұлғалар уәкілетті органда тіркелген сенім білдірілген өкілдер арқылы авторлардың

құрамына өзгерістер енгізуге құжаттар береді, бұл ретте сенім білдірілген өкілдің

атына берілген сенімхат аталған іс-әрекеттерді орындауға тапсырманы құрауы тиіс.

6) өзгерістер енгізуге ақы төлегенін растайтын құжат болған жағдайда

авторлардың құрамына өзгерістер енгізіледі;

7) осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған

жағдайда немесе ұсынылған құжаттар осы тармақтардың талаптарын қанағаттандырмаса

өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап, үш ай мерзімде жетіспейтін

немесе түзетілген құжаттарды беру ұсынылады. Сұралған құжаттарды ұсынбаған жағдайда

жаңа өтініш берілмеген болып есептеледі және өзгерістер енгізілмейді, бұл туралы

өтінім беруші хабарландырылады.

64. Өтінім берушілердің құрамына өзгерістер енгізу:

1) өтінім берушілердің құрамын өзгерту құрамына қосымша адамды қосу немесе

патент беру туралы өтініште бұған дейін аталған өтінім берушілердің құрамынан

адамды шығару жолымен өтінім берушілердің құрамын жартылай өзгерту болып танылады;

2) өтінім берушілердің құрамын өзгерту осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес

ресімделген патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі. Өтінім

берушілердің құрамына өзгертулері бар жаңа өтініш берген жағдайда жаңа өтініште

авторлардың қолдары міндетті емес;

3) патент беру туралы жаңа өтінішке қоса өтінім нөмірі мен тіркелген күні

көрсетіле отырылып, өтінім берушілердің құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы

қолмен жазылған өтінімхат ұсынылады. Өтінімхатқа осы Нұсқаулықтың 17-тармағында

белгіленген тәртіппен патент беру туралы алғашқы өтініште аталған өтінім беруші

(өтінім берушілер) қол қоюы қажет. Шығарылатын өтінім берушінің-жеке тұлғаның

(ұлттық өтінім берушілерге және үкіметаралық келісімге сәйкес берілген өтінім

бойынша өтінім берушілерге ғана) қолы нотариалды расталуы тиіс;

4) егер патент беру туралы өтініште аталған өлген өтінім берушіні

өтінімхатпен мұрагерге ауыстырған жағдайда аталған мұрагердің қолы қажет, ол

мұрагерлікке құқық беру туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін ұсына

отырып, өзінің мұрагерлікке құқығы бар екендігін заңды түрде дәлелдеуі қажет;

5) алғашқы өтініште аталған өтінім берушінің-жеке тұлғаның қолын алу мүмкін

болмаған жағдайда осы Нұсқаулықтың 63-тармағының 4) тармақшасы қолданылады;

6) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру)

салдарынан өтінім берушінің құрамына өзгерістер енгізген жағдайда өтінімхат пен

жаңа өтінішке аталған құқық түрі бойынша құқықтық мирасқор растайтын құжатты ұсына

отырып, қол қояды (бөлу балансынан немесе алу-беру актісінен көшірме).

7) заңды тұлғаны жою салдарынан өзгерістер енгізілген кезде қолдаухат пен

жаңа өтінішті беру құқығы фактісін растайтын құжатты ұсына отырып, тиісті құқықтар

көшкен адам қол қояды.

8) егер заңды тұлғаны жою кезінде патент алу құқығы берілмесе немесе жойылған

заңды тұлғаның қолын алу мүмкін болмаса, өтінімхатқа аталған заңды тұлға үшін қол

қою қажет емес. Бұл ретте мүдделі тарап заңды тұлғаның жойылған фактісін растайтын

құжатты ұсынады.

9) өзгерістер енгізуге ақы төлегенін растайтын құжат болған жағдайда

авторлардың құрамына өзгерістер енгізіледі;

10) осы тармақтың 2) - 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған

жағдайда және/немесе ұсынылған құжаттар осы тармақтардың талаптарын

қанағаттандырмаса өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап, үш ай

мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беру ұсынылады.

Сұралған құжаттарды ұсынбаған жағдайда жаңа өтініш берілмеген болып

есептеледі және өзгерістер енгізілмейді, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.

65. Өтінім беруші (оның өкілі) алдын ала танысу күні мен уақытын келісе

отырып, сараптама жасау ұйымында да өтінім мен оған қатысты материалдардың немесе

оның бөліктерінің көшірмелерін сұрату арқылы да өзі берген өтініммен және оған

қатысты материалдармен таныса алады.

66. Өтінім берушінің қатысуымен өтінімге байланысты мәселелерді қарау

сараптама жасау ұйымының ұсынымы немесе өтінім берушінің өтініші бойынша екі тарап

осы мәселелермен таныстырылғаннан кейін өткізіледі. Сараптама мәселелері кездесудің

мақсатқа сай екендігі хабарлана отырып, сұрау салуда, өтінім берушінің мәселелері –

оны өткізу туралы өтініште мазмұндалуы мүмкін.

Сұрау салынған жағдайда оның жауабы өтінім беруші өтінімді қарауға қатысуға

ниет білдіргеніне я білдірмегеніне қарамастан Заңда белгіленген мерзімде ұсынылады.

Өтінімді қарау мерзімі мен уақыты алдын ала келісіледі. Мән-жай өзгерген

жағдайда тағайындалған уақытта өтінімді қарауға қатыса алмайтын тарап бұл туралы

тез арада басқа тарапты хабарландырады.

Егер сараптама жасау ұйымы немесе өтінім беруші өтінімді бірге қарау ертерек

немесе мақсатқа лайық емес деп санаса, сараптама жасау ұйымының ұсынысы немесе

өтінім берушінің өтініші тиісті дәлелдер жүргізумен бас тартылуы мүмкін.

Өтінім беруші сараптама жасау ұйымына келгенде оның өтінішін оның қатысуымен

қарау туралы өтінішін қанағаттандыру жөнінде алдын ала келісілмеген жағдайда бас

тартылуы мүмкін.

Өтінішті қарауға осы Нұсқаулықтың 59-тармағының шарттарын сақтай отырып,

осындай уәкілеттік берілген өтінім берушінің өкілі қатысуы мүмкін.

Жалғыз өтінім беруші болып табылмайтын адам өкілдікке сенімхаты бар жағдайда

ғана басқа өтінім берушілер болмаған кезде өтінімді қарауға қатыса алады.

Өтінімді өтінім берушінің қатысуымен қарау келіссөздер жүргізу немесе

сараптама мәжілісінде қарау жолымен жүзеге асырылады.

Келіссөздер егер тікелей сарапшы мен өтінім беруші мәселені шешкен кезде

жүргізіледі; сараптама мәжілісі – егер мәселені шешу үшін сараптама тарабынан

бірқатар мамандардың қатысуы қажет болғанда жүргізіледі.

Келіссөздер немесе сараптама мәжілісі нәтижесі бойынша белгіленген нысанда

екі данада хаттама толтырылады, онда қатысқандар туралы мәліметтер, тараптар

жүргізген дәлелдер мен ұсыныстар және одан әрі іс жүргізу туралы шешімдер жазылады.

Хаттамада:

өтініш беруші (оның өкілі) ұсынған пайдалы модель формуласының жаңа

редакциясы;

өтінімді кері қайтарып алу өтініші;

жазбаша түсініктерді тағы сол сияқты талаптарды сараптама мәселелері

келтірілуі мүмкін.

Хаттамаға қарауға қатысқан адамдардың бәрі қол қояды. Бір данасы өтінім

материалдарына тігіледі, басқасы өтінім берушіге (оның өкіліне) беріледі.

Талқыланған мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда хаттамада қарауға

қатысқандардың ерекше пікірлері жазылуы мүмкін. Хаттаманың тиісті шешімдерді

құрайтын өтінім берушіге (оның өкіліне) берілетін данасын іс жүргізуді немесе

сараптама сұранысын тоқтату туралы хабарлама (өтінім қайтарылып алынған жағдайда)

ауыстыруы мүмкін, бұл туралы онда тиісті жазба ресімделеді.

Хаттаманы өтінім берушінің сараптама сұранысына жауабы (егер жауап беру үшін

белгіленген мерзімдер бұзылмаған болса) ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте хаттамаға

тиісті жазба жазылады.

67. Мерзімдерді есептеу келесідей жүргізіледі:

1) патент алу жөніндегі рәсімдік әрекеттер жасау үшін мерзімдер әрекет

жасауға кететін уақыт кезеңімен айқындалады.

2) байланыс ұйымына мерзімнің соңғы күні өткізілген материалдар мерзімінде

жіберілген болып есептеледі.

68. Сұралған материалдарды ұсыну мерзімін ұзарту:

1) Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім берушінің сұралған

материалдарды ұсыну мерзімі тиісті өтінімхат берілген кезде ұзартылуы мүмкін.

Аталған мерзімді сараптама жасау ұйымы мерзімі аяқталған күннен бастап 12

айдан аспайтын мерзімге (оның ішінде егер өтінімхат бірнеше рет берілген жағдайда)

ұзарта алады.

69. Өтінімхатқа мерзімді ұзартуға белгіленген мөлшерде төлем төленгенін

растайтын құжат табыс етіледі. Егер мұндай құжат табыс етілмесе, өтінімхат

берілмеген болып есептеледі.

мерзімді ұзарту туралы өтінімхат өтінім беруші сұранысты жіберген күннен

бастап үш ай ішінде еркін нысанда табыс етіледі.

сұралған материалдарды ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінім берушіге

хабарланады.

өтінімхатты табыс ету мерзімі сақталмаған жағдайда ол қанағаттандырылмайды,

бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады.

70. Өтінімді келесі жағдайларда кері қайтарып алуға болады:

1) Өтінім беруші өтінімді кері қайтарып алуға құқылы (Заңның 27-бабы).

Кері қайтарып алу туралы өтініш еркін нысанда пайдалы модель Қазақстан

Республикасының пайдалы модельдерді Мемлекеттік тізілімде тіркеген күнге дейін

берілуі мүмкін.

Мұндай өтініш келіп түскен кезде өтінім берушіге белгіленген мерзімде кері

қайтарып алу туралы хабарлама жіберіледі.

2) Өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарламаны өтінім берушіге жібергеннен

кейін осы өтінімге қатысты іс жүргізу тоқтатылады.

Кері қайтарылып алынған өтінімнің құқықтық салдарлары болмайды, яғни онымен

ешқандай заңды мәні бар әрекеттер бұдан кейін жасалмайды (мұндай өтінімге сараптама

жүргізілмейді, патент берілмейді, өнертабысқа өтінімге айнала алмайды) және одан

әрі өтінім берушінің осы өтінім бойынша негізделуге құқығы жоқ (атап айтқанда,

келесі өтінім берген кезде кері қайтарып алған өтінімнің түскен мерзімі немесе оған

қосымша материалдардың түскен күні бойынша басымдық танытуға болмайды); кері

қайтарып алынған өтінім өнертабыс өтінімдеріне сараптама процесіндегі техника және

олардың жаңалығы тексерілген кезде пайдалы модельдер деңгейіне қосылмайды.

Осы өтінішті назарға алу туралы хабарламаны өтінім берушіге жібергеннен кейін

келіп түскен өтінімді кері қайтарып алу туралы өтінім берушінің өтінішін жарамсыз

деп тану туралы оның өтініші жоғарыда 2) тармақшада атап өткен өтінімді кері

қайтарып алу нәтижелерін жоюға негіз болмайды.

Осы тармақтың 2) тармақшасындағы ережелер сондай-ақ кері қайтарып алынған деп

саналатын өтінімдерге қатысты да қолданылады.

7. Пайдалы модельге патент беруге өтінімдерді қарау

71. Егер келіп түскен материалдар ең болмаса оның құжаттарының (өтініш,

пайдалы модельді сипаттау, пайдалы модельдің формуласы, сызбалар) бірін құраса,

олардың келіп түскен күні қойыла отырып, тіркеледі.

Өтінімге сараптама жасау ұйымының жеті саннан тұратын (алғашқы төрт сан

өтінімді берген жылы, қалған үшеуі – аталған жыл сериясындағы өтінімнің реттік

нөмірін білдіреді) тіркеу нөмірі қойылады, нүкте арқылы күзет объектісі – пайдалы

модельдің түрін сипаттайтын 2 бақылау саны қойылады.

Өтінім материалдарының түскен фактісі туралы сараптама жасау ұйымының

реквизиттері (тіркеу нөмірі, түскен күні) қойылған өтініштің бір данасын өтінім

берушіге жіберу немесе хабарлама беру арқылы өтінім беруші хабарландырылады.

сараптама жасау ұйымынан шығатын барлық шығыс хат-хабарлар тек бір мекенжайға

жіберіледі, бұл ретте:

Егер өтініштің «хат алмасуға арналған» бағанында хат алмасу үшін өтінім

берушінің немесе олар бірнеше болса, өтінім берушілердің біреуінің немесе өтінім

беруші (өтінім берушілердің) өкілінің мекенжайынан өзге мекенжай көрсетілсе, хат-

хабар осы мекенжайға өтінім берушінің атына немесе егер өтінім беруішілер бірнеше

болса, өтініште бірінші аталған өтінім берушінің атына, ал егер өтінім берушілердің

барлығы бірдей Қазақстан Республикасының аумағында тұрмаса немесе орналаспаған

болса, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан бірінші

аталған өтінім берушінің атына жіберіледі;

Егер өтініштің «хат алмасуға арналған» бағаны толтырылмаса, хат-хабарлар

өтінім берушінің мекенжайына, егер өтінім берушілер бірнешеу болса, бірінші өтінім

берген адамның немесе өтінім берушілердің барлығы бірдей Қазақстан Республикасының

аумағында тұрмаса немесе орналаспаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында

тұратын немесе орналасқан бірінші өтінім берушінің атына жіберіледі;

егер құжаттар басқа тілде ұсынылып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі

аудармасы жоқ болса, өтініш беруші өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде

аударманы ұсыну қажеттігі туралы хабардар етіледі. Заңның 16-бабының 2-тармағына

сәйкес аталған аударманы өткізу мерзімі екі айға дейін ұзартылуы мүмкін. Сондай-ақ

өтініш беруші аударманы көрсетілген мерзімдерде ұсынбаса, өтінім берілді деп

саналмайды және ол бойынша іс жүргізу қалпына келтірілмейді.

Тіркелген өтінім материалдары қайтарылмайды.

Егер құпия пайдалы модельге өтінім болып табылмайтын өтінімді тіркегеннен

кейін оның мемлекеттік құпияны құрайтын өтінім екені анықталса, өтінімді құпиялауға

белгіленген тәртіпте шаралар қабылданады.

72. Тіркелген өтінім материалдардағы белгіленген мөлшердегі өтінімді беру

төлемін растайтын құжаттың бар-жоғы тексеріледі. Осындай құжат немесе белгіленген

мөлшерден аз төленген жағдайда оның мөлшерін азайтуға негіз болуын растайтын құжат

жоқ болған кезде өтініш берушіге жоқ құжатты (құжаттарды) және/немесе белгіленген

мөлшерге дейінгі қосымша төлем туралы құжатты Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес

өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде немесе екі айдан аспайтын мерзімде

тиісті төлем шарты болған кезде ұсыну қажеттігі хабардар етіледі.

Сондай-ақ өтініш беруші төлемі туралы көрсетілген құжаттарды белгіленген

мерзімде және белгіленген мөлшерде ұсынбаса, онда өтінім берілмеген болып

саналатындығы туралы хабардар етіледі.

73. Өтінім туралы мәлімет патентті беру туралы мәліметтерді жариялауға

дейінгі сараптама жасау ұйымына келіп түскен кезден бастап құпия болып саналады

және заңсыз түрде жариялауға жатпайды.

74. Шетелдерде өтінім сараптама жасау ұйымына берілген пайдалы модельдік

патенттеу кезінде өтініш берушінің өтініші бойынша сараптама жасау ұйымы бірінші

өтінімнің қол қойылған көшірмесін өтінімді сараптама жасау ұйымына бергеннен кейін

кемінде үш айдан соң сараптама жасау ұйымына береді. Өтініш берушінің өтінішіне

тиісті төлемі туралы құжат қоса берілуі тиіс. Бірінші өтінімнің қол қойылған

көшірмесі көрсетілген мерзімнен бұрын берілуі мүмкін. Бұл үшін өтініш беруші

бірінші өтінімнің қол қойылған көшірмесін беру туралы өтінімхатты өз қолымен жазып,

сараптама жасау ұйымына көрсетілген мерзімнен бұрын ұсынуы тиіс.

8. Пайдалы модельге патентті беруге өтінімді сараптау 75. Сараптама осы Нұсқаулықтың 71-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркеуден

өткен өтінім бойынша жүргізіледі.

76. Өтінім беру күні болып оның сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні

саналады, онда берілген материалдар мыналар болады:

өтініш беруші туралы мәліметтер (тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса)

немесе өтініш берушінің ресми атауы) көрсетілген арыз;

пайдалы модель сипаттамасы;

пайдалы модель формуласы;

сызбалар.

2) егер сараптама жасау ұйымы өтінім келіп түскен күні жоғарыда көрсетілген

мәліметтер және/немесе құжаттар болмаса, сараптама жасау ұйымы бұл туралы өтініш

берушіні хабардар етеді және осы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде

жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) тапсыруды ұсынады. Сұрау салынған құжаттар

(мәліметтер) келіп түскен күннен бастап датасы қойылады, бұл туралы өтініш берушіні

хабардар етеді. Өтініш беруші сұрау салынған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген

мерзімде тапсырмаса, өтінім берілмеген болып саналады, бұл туралы өтініш берушіге

тиісті хабарлама жіберіледі.

77. Өтінім сараптамасы кезінде мыналар тексеріледі:

өтінімде мазмұндалуы тиіс немесе оған қоса берілетін құжаттардың осы

Нұсқаулықтың 13, 14-тармақтарына сәйкес болуы;

төлемнің белгіленген мөлшерге сәйкестігі;

өтінім құжаттарына осы Нұсқаулықтың 17-58-тармақтарына сәйкес қойылатын

талаптардың сақталуы;

патенттік өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың ресімделуін және дұрыстығын

қоса алғанда Заңның 36-бабының 3-тармағында көзделген өтінім бойынша іс жүргізу

тәртібінің сақталуы;

осы Нұсқаулықтың 8, 10-тармақтарына сәйкес пайдалы модель ретінде күзетуге

жататын объектілерге ұсынысқа өтінім берілді ме;

осы Нұсқаулықтың 11, 12-тармақтарына сәйкес пайдалы модель бірлігі

талаптарының сақталуы;

берілген қосымша материалдар ұсынылған пайдалы модельдің мазмұнын өзгертпей

ме (егер ол ұсынылса) және осы Нұсқаулықтың 84-тармағына сәйкес оларды ұсынудың

белгіленген тәртібі сақталған ба;

өтініш беруші жүзеге асырған пайдалы модельдің халықаралық патенттік

классификация бойынша топтасуының дұрыстығы (немесе осындай топтасу жасала ма);

өтінімді сараптама жасау ұйымына беру күніне қарағанда ерте басымдықты

сұратудың негізділігі;

78. Егер сараптама барысында өтінім оның құжаттарына қойылған талаптарды

бұзуға ресімделген болса немесе өтінім пайдалы модельді күзету объектісіне берілген

болса, өтініш берушіге құқықтық сипаттағы аргументтерді келтіріп, жоқ немесе

түзетілген құжаттарды жіберген күннен бастап үш ай ішінде беруді (Заңның 23-

бабының 2-тармағы) ұсына отырып, табылған кемшіліктерді көрсетіп, сұрау салынады.

Конвенцияланған басымдықты сұратқан жағдайда бірінші өтінімнің (өтінімдердің)

көшірмесі (көшірмелері) жоқ болып шықса, ол өтінім келіп түскен күннен бастап алты

ай ішінде сараптама жасау ұйымына ұсынылуы мүмкін.

Сұрау салуға мыналар негіз болып табылады:

өтінімде осы Нұсқаулықтың 13, 14-тармақтарында көзделген құжаттардың біреуі

болмаса;

осы Нұсқаулықтың 8, 10-тармақтары талаптарының бұзылуы;

өкілге сенімхат ресімдеуде талаптардың бұзылуы;

аз белгіленген даналар санындағы өтінім құжаттарын ұсыну;

Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын жеке тұлғалардың өтінім беруі

немесе уәкілетті орган патенті арқылы тіркемеген шетелдік заңды тұлғалардың

Қазақстан Республикасының халықаралық келісімінде осындай өтінім беру тәртібі

қойылмаған болса;

өтініште осы Нұсқаулықта көзделген деректемелердің, қолдың, мөр таңбаның

патентін беру туралы, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау

қажеттілігін көрсетпесе;

төлемге байланысты мәселелерді анықтау қажеттігі;

қайта жасауға, жариялауға, сақтауға және/немесе олармен мүдделі тұлғаларды

таныстыру мүмкіндігін тудырмауға (парақтардың форматына, ақ шеттердің мөлшерлеріне,

өтінім материалдарының оқылуы қиындық тудыратын жарияланым сапасы талаптарының

бұзылуы) кедергі келтіретін құжаттарды ресімдеуде кемшіліктерді анықтау;

егер пайдалы модель атауына арнайы атау қосылған болса, Қазақстан

Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзу

мүмкіндігімен байланысты мәселелерді түсіндіру қажеттігі;

осы Нұсқаулықта көзделген пайдалы модельді сипаттауда құрылымдық тараулардың

жоқ болуы (егер мәліметтер белгілі бір тарауда баяндалуы тиіс болып, басқа тарауда

келтірілсе, сұрау салу жіберілмейді), сондай-ақ сипаттауда немесе пайдалы модель

формуласында ақпарат дереккөзіне жіберу белгісімен ауыстырылса;

өтінімде жалпытүсінікті болып табылмайтын дереккөздерге сілтеменің, не

болмаса оларда сол мәліметтерді жариялау мүмкіндігіне нұсқаулардың болуы (патент

туралы осындай мәліметтерді жариялау кезінде көрсетуді қаламаған авторлар туралы

мәліметтерді есептемегенде);

пайдалы модель формуласы тармағын баяндау туралы бір ұсыныс түрінде осы

Нұсқаулықтың 43-тармағының 2-тармақшасы талаптарының бұзылуы;

пайдалы модельді белгілеуде құқықтық күзет сұратылатын алғашқы ұғым

формуласының жоқ болуы;

формулада пайдалы модель белгілерінің орнына оның пайдалану көрсеткіштері

туралы деректер мен тұтыну сапаларының, әсерлері мен құбылыстарының болуы;

сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдалы модель формуласында

баяндау туралы осы Нұсқаулықтың 37-тармағының 4-тармақшасы талаптарының бұзылуы;

пайдалы модельдің көптізбекті формуласының тәуелді тармақтарында оны

орындаған немесе қолданған тиісті жағдайларда қоғамдық мүдделерге, адамгершілік

және мораль қағидаларына қарсы келетін белгілердің бар болуы;

формуланың байланысты тармағы бір ғана пайдалы модельге қатысты осы

Нұсқаулықтың 44-тармағы талаптарының бұзылуы;

формула тармағының белгісін (белгілерін) алып тастау немесе ауыстыру

болжалған байланысты тармақтың пайдалы модель формуласында болуы;

өтінім құжаттарының бір-біріне сәйкес келмеуі (ішінара, өтініште келтірілген

пайдалы модель атауының сипаттамада келтірілген атаумен сәйкес келмейді; пайдалы

модель сипаттамасында пайдалы модель формуласында көрсетілген белгілер болмайды;

пайдалы модель формуласында «Пайдалы модель мазмұнын» сипаттау тарауында тапсырушы

көрсеткен белгі болмайды; сызбалар пайдалы модель сипаттамасына сәйкес келмейді);

баяндамаға осы Нұсқаулықтың 47-тармағы талаптарының бұзылуы;

осы Нұсқаулықтың 50-тармағына сәйкес пайдалы модель формуласында және жалпы

қабылдау терминологиясы баяндамасында, өтінім материалдары мәтінінде терминология

бірлігін сақтау, пайдалану туралы сипаттама талаптарының бұзылуы;

бір белгінің нақты сипаттамасын сипаттауда үйлесетін формулада жаңылыс

көрсетілген белгінің («ерекше», «арнайы», «жақсартылған») болуы;

белгілер формуласында пайдалы модель объектісі болып табылатын қондырғыдағы

ауызша, бейнелеу немесе аралас сипаттағы белгілердің болуы. Бұл ретте өтініш

берушіге осындай белгілердің сәйкес келу немесе олардың қондырғымен бірдей

тауарларға арналған немесе қызмет көрсету түрлеріне, не болмаса тауарлардың шығу

орындарының атауына сәйкес және пайдалы модельді пайдаланған жағдайда патентті

алушы мен тауарлық белгінің (қызмет көрсету белгісінің) иесі құқықтарының қайшы

келуінің басқа адамдар тіркеген немесе тіркеуі мүмкін тауар белгілерімен (қызмет

көрсету белгілерімен) араласу деңгейіне дейін ұқсас болу мүмкіндігі хабарланады;

жалпы түрде сипатталған белгінің жеткіліктілігін растайтын мәліметтерді

сипаттауда өтініш беруші көрсеткен техникалық нәтижені алу үшін пайдалы модель

формуласының байланысты тармағына енгізілген қалған белгілермен жиынтығында жоқ

болуы;

өтінімде ерте сұратылған басымдықты белгілеумен байланысты мәселелерді

түсіндіру қажеттігі;

пайдалы модель формуласын сипаттаудың және осы Нұсқаулықтың басқа да

талаптарын бұзушылықтың болуы;

Сұрау салуда өтініш берушіге бір пайдалы модельге жататын нақты сипаттаманы

және формуланы не болмаса бірыңғай өнер тапқыштық ойды құрайтын пайдалы модель

тобын ұсынуы мүмкін;

Тапсырушының түзетілген құжаттары, сұрау салуға сәйкес, сонымен қатар өтініш

берушінің бастамасы бойынша енгізілген түзетулер осы Нұсқаулықтың 84-тармағының

шарттарын сақтай отырып ұсынылады.

Сараптаманың сұрау салуына жауап оны жіберген күннен бастап үш айдан

кешіктірмей ұсынылуы тиіс. Бұл мерзім өтініш бойынша, тиісті төлем жасалған

жағдайда өтініш иесіне Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес 12 айға дейін ұзартылуы

мүмкін. Өтінімге сараптама сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатылады.

Егер өтінім иесі белгіленген мерзімде сұралатын материалдарды толық көлемде

немесе осы Нұсқаулықтың 66-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, оларды

ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ұсынымды ұсынбаса, өтінім кері қайтарылып алынған

болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады. Сараптама жасау ұйымымен

жіберіп алынған мерзімді қалпына келтірген жағдайда осы Нұсқаулықтың 69-тармағына

сәйкес іс жүргізу жалғастырылуы мүмкін.

79. Өтінім мәнін техниканың белгілі бір саласына жатқызу мақсатында сараптама

жасау ұйымы мәлімделген пайдалы модельдерді ХПК-ға сәйкес классификациялайды.

Классификациялау өтінімге сараптама жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

Классификациялау ХПК енгізумен белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Классификациялау кезінде классификациялық индексті таңдау үшін мәлімделген

пайдалы модель формуласы негіз болып табылады. Пайдалы модельді одан да толығырақ

классификациялау үшін суреттемелер мен сызулар пайдаланылады. Егер өтінім ХПК әр

түрлі айдарларына жататын бірнеше объектіні қамтыса, барлық тиісті классификациялық

индекстер белгіленеді. Бұл ретте бірінші индексті таңдау пайдалы модельдің атауымен

айқындалады.

80. Өтінімнің және қосымша материалдардың белгіленген талаптарға сәйкес

келмейтіні туралы хабарлама келесі жағдайларда жіберіледі:

1) егер мәлімделген пайдалы модельдердің мәніне талдау жүргізілмей, өтінімді

қарау нәтижесінде осы Нұсқаулықтың 11, 12-тармақтарына сәйкес өтінім пайдалы

модельдің бірыңғай талаптарын бұза отырып, берілгені анықталса, өтінім иесіне бұл

туралы хабарлама жіберіледі және оның жіберілген күнінен бастап үш ай ішінде

пайдалы модельдердің қайсысы қаралуы керек екенін хабарлау және қажет болғанда

өтінім материалдарына нақтылау енгізу ұсынылады.

Пайдалы модельдің бірыңғай талаптарының сақталуы пайдалы модельдің бастапқы

формуласына қатысы бойынша немесе, егер ол өзгерген болса, - өтінім иесі

белгіленген тәртіппен ұсынған соңғы формулаға қатысы бойынша тексеріледі.

Егер өтінім иесі пайдалы модельдердің қайсысын (немесе бірыңғайлық

талаптарына сай келетін пайдалы модель топтарына, егер ұсынылған пайдалы

модельдердің ішінде осындай топтар болса) қарау қажет екенін белгіленген мерзімде

хабарламаса және нақтыланған құжаттарды ұсынбаса, сараптама тек формулада бірінші

болып көрсетілген пайдалы модельге (немесе пайдалы модельдің бірыңғай талаптарына

жауап беретін топты құрайтын формулада бірінші болып көрсетілген мәлімделген

пайдалы модельдерге) ғана қатысты жүргізіледі.

2) егер қосымша материалдар жалпы немесе ішінара мәлімделген пайдалы

модельдің мәнін өзгертетін болса және/немесе осы Нұсқаулықтың 82-тармағында

көзделген талаптар сақталмай ұсынылған болса, өтінім иесі сараптама кезінде олар

жалпы немесе тиісті бөлігінде назарға алынуы мүмкін еместігі туралы

хабарландырылады.

Қосымша материалдар, өтінімді түзететін немесе нақтылайтын құжаттар осы

Нұсқаулықтың 61-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылғаны анықталған жағдайда

өтінім иесі бұл туралы хабардар етіледі.

Көрсетілген тәртіп бұзушылықтар туралы өтінім иесі негіздер болған жағдайда

жіберілетін сұрау салумен де хабардар етілуі мүмкін.

81. Өтінімге сараптама жасау нәтижесінде ол пайдалы модельдер ретінде

қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысқа ресімделгені анықталса, өтінім иесіне

патент беруден бас тарту туралы қорытынды жіберіледі.

Мәлімделген ұсыныс жалпы алғанда формуланың тармағында сипатталған түрінде

осы Нұсқаулықтың 10-тармағында келтірілген ұсыныстар тізбесіне кіретін болса,

немесе осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген объектілерге жатпайтын болса, онда

пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жатады деп танылмайды.

Егер мәлімделген объект көптізбекті формулада сипатталса және тәуелді

тармақтың мазмұны осы объектінің қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль

қағидаларына қайшылығын білдірсе, мұндай объект те пайдалы модель болып танылмайды.

Формуланың қандай бір тармағында сипатталған объект жоғарыда баяндалғанды

ескере отырып, пайдалы модель болып танылмайтын жағдайда өтінім иесіне патент

беруден бас тарту туралы қорытынды үшін негіз болуы мүмкін дәлелдерді баяндап,

қажет болса, тиісті ақпарат көздеріне сілтеме жасала отырып, және пайдалы модель

формуласын растап, келтірілген дәлелдерді жоққа шығару немесе тиісті тармақты

түзетіп немесе алып тастап, пайдалы модель формуласын өзгерту ұсынылып, сұрау салу

жіберіледі.

Егер өз жауабында өтінім иесі сараптама дәлелдерін жоққа шығармаса және сұрау

салуда ұсынылған өзгерістерді формулаға енгізбесе, патент беруден бас тарту туралы

қорытынды шығарылады.

Бұл ретте қорытындыда формуланың басқа тармақтарында сипатталған (егер бұл

сараптама процесінде анқталған болса) ұсыныстардың принциптік қорғау қабілеті атап

өтілуі мүмкін.

2) патент беруден бас тарту туралы қорытындыда келтірілген дәлелдермен

келіспеген жағдайда қорытынды жіберілген күннен бастап үш айдың ішінде уәкілетті

органның апелляциялық кеңесіне келіспеушілік білдіру туралы өтінім иесінің құқығы

қосымша хабарланады.

81. Пайдалы модельдің басымдығын анықтау:

1) пайдалы модельдің басымдығы өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні

бойынша анықталады.

2) басымдық Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясына (бұдан

әрі – Париж конвенциясы) қатысушы мемлекетте, сондай-ақ онда көзделген халықаралық

және өңірлік ұйымдарда (конвенциялық басымдық) бірінші өтінім берілген күн бойынша

анықталуы мүмкін. Өтінім иесі конвенциялық басымдықты сұраған жағдайда мынадай

талаптарды сақтауы тексеріледі:

конвенциялық өтінімнің сараптама жасау ұйымына өтінім иесінің Париж

конвенциясына мүше мемлекетте бірінші өтінімін беруі, егер оның құқықтық

мұрагерінің бірінші өтінім берілген күннен бастап он екі ай ішінде беруі.

Көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ егер өтінім иесіне тәуелді емес

жағдайлар бойынша оның сақталуы мүмкін болмаған жағдайда кемінде екі айға

ұзартылады. Егер өтінім көрсетілген екі айдың ішінде берілген болса, мұндай

жағдайлардың аталғаны тексеріледі, егер аталған болса, осы жағдайлар болғанын құжат

түрінде растау қажеттілігі белгіленеді;

өтінім иесі сараптама жасау ұйымына өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі

ай өткенге дейін конвенциялық басымдық құқығымен пайдалану ниеті туралы көрсетті

ме;

сараптама жасау ұйымына өтінімнің келіп түскен күнінен бастап алты ай өткенге

дейін бірінші өтінімнің расталған көшірмесін сараптама жасау ұйымына ұсыну.

3) бұрын берілген өтінімге қосымша материалдардың келіп түскен күні бойынша

басымдық белгілеу.

Бұрын берілген өтінімге қосымша материалдардың келіп түскен күні бойынша

пайдалы модельдің басымдығын өтінім иесі сұратқан жағдайда Заңның 20-бабының 3-

тармағына сәйкес мынадай талаптарды сақтағаны тексеріледі:

мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп танылуына байланысты

қосымша материалдарды назарға алу үшін қабылдаудың мүмкін еместігі туралы сараптама

жасау ұйымының хабарламасын өтінім иесіне жіберген күннен бастап үш ай ішінде

бірінші өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің мұндай басымдық сұралатын

өтінімді сараптама жасау ұйымына беру. Қосымша материалдардың өтінімнің мәнін

өзгертеді деп тану туралы қорытынды өтінімді сараптама кеңесінде қарау нәтижесінде

алынса және хаттамада бекітілсе, хаттамаға қол қойылған күн көрсетілген хабарламаны

өтінім иесіне жіберу күні болып есептеледі;

басымдық сұрау үшін негіз болып табылатын қосымша материалдар берілген өтінім

басымдық сұралып отырған өтінімді беру күнінен бастап кері қайтарылып алынбаса

немесе кері қайтарылып алынды деп танылмаған болса.

4) өтінім иесі сараптамалық ұйымнан бұдан бұрын берілген өтінімінің берілген

күні бойынша басымдық белгілеуді сұраған жағдайда мынадай талаптарды сақтағаны

тексеріледі:

өнертабысқа бұрын берілген өтінімді беру күнінен бастап 12 ай ішінде немесе

пайдалы модельге бұрын берілген өтінімде беру күнінен бастап алты ай ішінде бұрын

берілген өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің мұндай басымдық сұралатын

өтінімді сараптама жасау ұйымына беруі.

бұрын берілген өтінім бойынша осы өтінімді бергеннен гөрі бұрын берілген

өтінімде өнертабыстың немесе пайдалы модельдің басымдығы сұралмаған;

бұрын берілген өтінім кері қайтарылып алынбаса және мұндай басымдық сұралған

өтінімді берген күнге дейін кері қайтарылып алынды деп танылмаған.

Бұрын бірнеше рет берілген өтінімдердің негізінде басымдық сұралмаған

жағдайда көрсетілген талаптар олардың әрқайсысы бойынша сақталған болуы керек.

Көрсетілген басымдық сұралған өтінімді беру кезінде бұдан бұрынғы өтінім кері

қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады.

5) бөлінген өтінім бойынша өтінім иесі басымдық сұраған жағдайда мынадай

талаптардың орындалғаны тексеріледі (Заңның 20-бабының 5-тармағы):

осы өтінім иесінің бастапқы өтінімінде бөлінген өтінімнің пайдалы моделінің

мәні ашылды ма;

бастапқы өтінім бойынша патент беруден бас тарту туралы сараптама жасау

ұйымының қорытындысы шығарылғанға дейін өтінім иесінің немесе оның құқықтық

мұрагерінің сараптама жасау ұйымына бөлінген өтінім беруі, патент беру туралы

уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін көрсетілген өтінім бойынша сараптама жасау

ұйымы патент беру туралы қорытынды шығарған жағдайда қарсылық білдіру мүмкіндігі;

бастапқы өтінім кері қайтарылып алынбаған және бөлінген өтінім берілген күнге

дейін кері қайтарылып алынған деп есептейді;

Көрсетілген талаптар сақталған жағдайда пайдалы модель басымдығы бастапқы

өтінім берліген күн бойынша белгіленеді, ал бастапқы өтінім бойынша басымдық құқығы

болған жағдайда – осы басымдықтың күні бойынша белгіленеді. Егер бастапқы өтінім

конвенциялық болып табылса, егер өтінім иесінің тиісті өтініші болса, сараптама

жасау ұйымына конвенциялық өтінімді беру күні бөлінген өтінімді беру күні болып

табылады.

6) өтінім иесі бірнеше басымдық сұраған жағдайда өтінім иесі көрсеткен

басымдықтар сұрау үшін негіздерге қарай осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында

санамаланған талаптардың сақталуы тексеріледі.

Атап айтқанда, егер пайдалы модель формуласының тәуелсіз тармақтарының

бірінде сипатталған пайдалы модель үшін осы өтінім иесінің бұрын берілген өтінімін

беру күні бойынша басымдық сұралса осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес, ал басқа

тәуелсіз тармақта сипатталған пайдалы модельге қатысты – осы өтінімге қосымша

материалдардың келіп түскен күні бойынша басымдық сұралса осы тармақтың 3)

тармақшасына сәйкес, онда көрсетілген пайдалы модельдердің әрқайсысына қатысты

тиісті тармақта келтірілген талаптар сақталуы тиіс немесе тәуелсіз және тәуелді

тармақтарда сипатталған пайдалы модельге қатысты (Заңның 20-бабының 2-тармағы)

берілген күні әр түрлі алғашқы екі өтінімдер негізінде түрлі конвенциялық

басымдықтар сұралса, онда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген талаптарды

өтінім иесі сақтағаны анықтау кезінде алғашқы екі өтінімнің көшірмелерінің бар-

жоғы, алғашқы өтінімдерді беру күніне қатысты он екі айлық мерзімнің сақталғаны

тексеріледі.

Егер өтінім иесі бірнеше басымдық сұраған кезде пайдалы модельдің көптізбекті

формауласының тармақтары бойынша күндері қойылмаған болса, өтінім иесіне сұралатын

басымдықтың күндері формуланың қандай тармақтарына сәйкес келетінін көрсету

ұсынылады, бұл ретте өтінім иесіне тиісті мәліметтер ұсынбаған жағдайда формуланың

барлық тармақтарына қатысты басымдық ең кешірек күнмен белгіленетіні туралы

хабарланады.

7) пайдалы модельдің басымдығын белгілеу талаптарын сақтауын тексеру кезінде

осы тармақтың 3)-5) тармақшаларына сәйкес соның негізінде басымдық сұралатын өтінім

немесе мұндай сұрауға негіз болып табылатын қосымша материалдар берілген өтінім

қайтырылып алынған немесе қайтырылып алынған деп есептеле ме, жоқ па анықталады.

Егер өтінім қайтырылып алынған деп есептелсе, өтінім иесі осы Нұсқаулықтың 69-

тармағына сәйкес өтікізіп алынған мерзімді қалпына келтіру қажеттігі туралы

хабарланады.

Сұралған басымдықты белгілеу шарты ретінде көрсетілген мерзімдерді өтінім

иесінің сақтауын тексеру кезінде осы нұсқаулықтың 67-тармағын басшылыққа алған жөн.

Өтінім иесінің басымдық сұрау үшін негіз болып табылатын бұрын берілген

материалдарда (бұрын берілген өтінімде, қосымша материалдарда) өтінім берілген

пайдалы модельді ашумен байланысты талапты сақтауын анықтау кезінде материалдарда

(сипаттамада, бұрын берілген өтінімнің формуласында, қосымша материалдардың

мәтіндік бөлігінде) сұралған пайдалы модельдің формуласына енгізілген барлық

белгілердің енгізілгені тексеріледі.

Осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында көрсетілген талаптарды өтінім иесі

сақтаған жағдайда өтінім берілген өнертабысқа сұралған басымдық белгіленеді.

Пайдалы модельге басымдық конвенциялық өтінімнен бөлінген өтінім бойынша

сұралған жағдайда осы тармақтың 5) тармағының талаптары сақталғанда пайдалы

модельдің басымдығы конвенциялық өтінімнің басымдық күні бойынша белгіленеді. Бұл

ретте бөлінген өтінімді беру күні болып конвенциялық өтінімді сараптама жасау

ұйымына берген күн есептеледі.

Өтінім иесі осы тармақтың 2)-6) тармақшаларында көрсетілген талаптардың

біреуін сақтамаған жағдайда пайдалы модельдің басымдығы Заңның 20-бабының 1-

тармағына сәйкес өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні бойынша (бұл туралы

өтінім иесіне алдын ала хабарлап) белгіленеді.

Егер көптізбекті формуланың тармақтарының бірінде сипатталған пайдалы

модельге қатысты көрсетілген талаптар сақталмаған болса, өтінімді сараптама жасау

ұйымына берген күн бойынша басымдық тек осы пайдалы модель үшін ғана белгіленеді.

83. Қосымша материалдарды тексеру:

1) өтінім иесі өтінім құжаттарына осы өтінім бойынша патент беру туралы

немесе патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін өтінім берілген

пайдалы модельдің мәнін өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгізуге құқылы.

Өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай өткенге дейін өтінімді түзететін

немесе нақтылайтын (яғни олардың мазмұнына енгізілуі тиіс) қосымша материалдар

ұсынылған жағдайда көрсетілген өзгерістер өтінім иесінің бастамасы бойынша

енгізілгенге жататындығын тексеру қажет, егер оған жататын болса, көрсетілген

құжаттармен бірге белгіленген тәртіппен төлем төленгенін растайтын құжат

ұсынылғанын тексеру керек. Көрсетілген төлем туралы құжат ұсынылмаған жағдайда бұл

материалдар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, бұл туралы өтінім иесі

хабарландырылады. Мұндай хабарлама өтінім иесіне жіберілетін кезекті сараптама

құжатының мазмұнына енгізілуі мүмкін.

Өтінім құжаттарын өзгерту өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілгендерге

жататындығы туралы мәселені шешу кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет:

өтінім иесі сараптаманың қандай да бір жазбаша хабарламасын, оның ішінде

сұрау салуды алғаннан кейін де, мұндай хабарламаны алғанда да ол ұсынған өтінім

құжатының өзгерістері өтінім құжатын дайындау кезінде жол берілген оған қойылатын

талаптарды жоюға бағытталса, өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілген деп

есептелмейді;

өтінім иесінің сараптаманың қандай да бір хабарламасын алғаннан кейін оның

ұсынған өтінімінің құжаттары, оның ішінде сұрау салуы бұл өзгерістер мұндай

өзгерістер жазбаша сараптама хабарламасының мазмұнымен байланысты болса, өтінім

иесінің бастамасы бойынша енгізілген деп есептелмейді.

Қандай да бір сараптама, оның ішінде сұрау салудың хабарламасын алғаннан

кейін де, мұндай хабарламаны алмағанда да өтінім иесі ұсынған құжаттарының барлық

өзге өзгерістері өтінім иесінің бастамасы бойынша құжаттарды өзгерту болып

табылады.

2) сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім иесі берген қосымша

материалдарға қатысты өтінім иесінің оларды ұсынудың белгіленген мерзімдерін

сақтауы тексеріледі.

Көрсетілген материалдар өтінім иесіне сұрау салу жіберілген күннен бастап үш

ай ішінде ұсынылуы керек.

Өтінім иесінің белгіленген мерзімдерді сақтауын тексеру кезінде осы

Нұсқаулықтың 67-тармағын басшылыққа алған жөн.

Өтінім иесі қосымша материалдарды көрсетілген мерзімдерді бұза отырып, бұл

мерзімдер осы Нұсқаулықтың 66-тармағына сәйкес ұзартылмаған болса, ұсынғаны

анықталса, өтінім қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне

хабарланады.

3) өз бастамасы бойынша немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша

өтінім иесі ұсынған және қарау үшін қабылданған қосымша материалдар келіп түскенде

олар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертпей ме деген мәселе тексеріледі.

Қосымша материалдарда формулаға енгізуге жататын өтінімнің бастапқы материалдарында

жоқ белгілерді қамтыса, олар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін

болып танылады.

Белгілер өтінім иесі ұсынған нақтыланған формулада болса ғана емес, сонымен

қатар өтінім иесі мұндай енгізуді көрсетсе де, пайдалы модель формуласына енгізуге

жатады деп есептеледі.

Қосымша материалдарда бар және формулаға енгізілуге жататын белгілер

формулада немесе өтінімдегі сипаттамада патент беру туралы өтініш, сиапаттама,

пайдалы модель формуласы және сызу сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні

болмаса, өтінімнің бастапқы материалдарында болмаған деп танылады.

Егер өтінімнің батапқы материалдарында пайдалы модель белгісі оны орындаудың

жеке нысандарын ашпай, жалпы түсінікпен берліген болса, онда қосымша материалдарда

оны пайдалы модель формуласына енгізуге жататын белгіге жатқыза отырып, мұндай

нысанды орындауды қосымша материалдарда ұсыну қосымша материалдарды өтінім берілген

пайдалы модельдің мәнін өзгертетін деп тану үшін негіз болып табылады.

Сипаттамада техника деңгейіне, оның ішінде жақын аналогына да қатысты атап

өтілген белгілер өтінімнің бастапқы материалдарында бар өтінім берілген пайдалы

модельдің белгілеріне жатпайды.

Өтінім пайдалы модельдер тобына жатқан жағдайда өтінімнің бастапқы

материалдарындағы топтың қандай да бір пайдалы моделінің белгілері деп топтың осы

пайдалы моделіне қатысты ғана сипаттамасында атап өтілген белгілер есептеледі.

Бұған біреуі басқасында пайдалану үшін арналған пайдалы модельдер тобы

кірмейді. Басқасында пайдалануға арналған бір пайдалы модельдің бастапқы

материалдарында бар белгілер, осы басқа пайдалы модель белгілері болып саналады.

Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ өтінім берілген пайдалы модель

мәліметтерін қамтитын, формулаға енгізілуі тиіс белгілерге жатпайтын қосымша

материалдар пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болып есептелмейді. Мұндай

мәліметтерге, атап айтқанда, пайдалы модельді жүзеге асыру шарттары туралы жаңа

(қосымша) мәліметтер, пайдалы модельді іске асыру мысалдары, қосымша техникалық

нәтиже алу мүмкіндігіне нұсқау, нақтыланған графикалық материалдар жатқызылуы

мүмкін. Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілермен қатар пайдалы модель

формуласына енгізілуі тиіс қосымша материалдар, сондай-ақ өтінімді қарау үшін

қажетті өзге де мәліметтер көрсетілген белгілері бар бөлігінде ғана мәнді

өзгертетін болып танылады. Өзге мәліметтер сараптама жүргізу кезінде ескеріледі.

4) өтінім иесі өзгерткен, қосымша материалдарда ұсынылған пайдалы модель

формуласын тексеру кезінде өзгерістердің өтінім берілген пайдалы модельге (пайдалы

модельдерге) жататындығы тексеріледі.

Пайдалы модельдің мақсатын көрсететін бастапқы алғашқы мәнін басқа мәнге

өзгерту кезінде формуланы өзгерту егер көрсетілген түсініктердің мәндері әр түрлі

болса, бағыну немесе қиылысу қатынасында болса, өтінім берілген пайдалы модельге

жатады, яғни олардың көлемі толық немесе ішінара сәйкес келеді деп саналады.

Пайдалы модель формуласын өзгерту осы Нұсқаулықтың 78-тармағының 2)

тармақшасындағы 18, 19-абзацтарында көрсетілген кемшіліктерді жою нәтижесінде жаңа

тәуелсіз тармақ (немесе бірнеше осындай тармақ) қалыптасқан жағдайда өтінім

берілген пайдалы модельге жатады деп танылады.

Өзгертілген формула формулаға тәуелсіз қосымша тармақ енгізілсе, өзге пайдалы

модельді қамтиды деп танылады.

Өтінім берілген пайдалы модельге жатпайтын пайдалы модель формуласын өзгерту

назарға алынбайды, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады.

5) қосымша материалдар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп

танылған жағдайда өтінім иесіне қосымша материалдарға енгізілген мәліметтердің

қайсысы сараптаманың мұндай қорытынды шығаруына негіз болғаны туралы хабарланады

(оған жіберілген сараптаманың кезекті құжатында).

6) факс бойынша келіп түскен материалдарға қатысты осы Нұсқаулықтың 60-

тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады.

84. Заңның 28-бабына сәйкес пайдалы модельге өтінімді өтiнiш жасау арқылы

пайдалы өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертілуі мүмкін. Көрсетілген қайта өзгерту

пайдалы модельге өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы тиісті қорытынды шығарғанға

дейін мүмкін болады.

Қайта өзгерту туралы өтініш түскеннен кейін оның ресімделуінің дұрыстығы

тексеріледі, сондай-ақ пайдалы модельге патент беру туралы қорытынды шығарылғанға

дейін берілді ме және белгіленген мөлшерде төлем төлеу туралы құжат өтінішке қоса

берілді ме, сол тексеріледі.

Өтініш белгіленген талаптарға сәйкес ресімделмеген жағдайда өтінім иесіне бұл

туралы хабарланады.

Қайта өзгерту туралы өтінішпен және белігленген мөлшерде төлем төлеу туралы

құжатпен бірге Инновациялық патентке немесе өнертабысқа патент беруге өтінім жасау,

беру және қарау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ресімделген өнертабысқа патент

(инновациялық патент) беру туралы өтініш 4 данада ұсынылады.

Өтініш келіп түскен соң пайдалы модельге өтінім бойынша тиісті қорытынды

шығарылғаннан кейін өтінім иесіне өтінімді қайта өзгерту болмайтыны туралы

хабарланады.

Қайта өзгертілмеген өтінім пайдалы модельге өтінім болып қала береді және

оған қатысты бұдан әрі осы Нұсқаулықтың ережелері қолданылады. Бұл ретте бірінші

өтінімнің басымдығы мен берілген күні сақталады.

Егер өтініш белгіленген талаптарға сәйкес Заңның 28-бабының 2-тармағына

сәйкес мерзімдерді сақтай отырып ресімделгені туралы құжат ұсынылғаны анықталса,

өтінім иесі өтінімнің өзгертілгені туралы, сондай-ақ өтінімді одан әрі қарау

Инновациялық патентке немесе өнертабысқа патент беруге өтінім жасау, беру және

қарау жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес жүргізілетіні туралы хабарланады.

Егер қайта өзгерту туралы өтініш қайтарылып алынған деп есептелетін өтінім

бойынша келіп түскен болса және өтінішпен бірге өткізіліп алынған мерзімді қалпына

келтіру туралы өтініш білдірілген болса, ол Заңның 23-бабының 2-тармағына және осы

Нұсқаулықтың 69-тармағына сәйкес қаралады.

Өтінімді қайта өзгерту туралы өтініш берілген күні өтінімді нақтылайтын

немесе түзететін қосымша материалдар не пайдалы модельдің өзгертілген формуласы

ұсынылған жағдайда қайта өзгерту туралы өтініш қаралғанға дейін осы материалдарды

осы Нұсқаулықтың 84-тармағына сәйкес тексеру жүргізіледі.

Қайтарылып алынған немесе қайтарылып алынған деп есептелетін пайдалы

модельдерге өтінімдерге қатысты қайта өзгерту жүргізілмейді.

Өтінім иесіне өтінімнің қайта өзгертілуі болғаны туралы хабарлама жібергенге

дейін одан қайта өзгерту туралы өтініш берілмеді деп есептеу туралы өтініш келіп

түскен жағдайда қайта өзгерту болмады деп есептеледі, бұл туралы өтінім иесі

хабарландырылады.

Пайдалы модельге өтінім өнертабысқа патент беруге өтінім болып қайта

өзгертілгені туралы өтінім иесіне хабарлама жіберілгеннен кейін қайта өзгерту

туралы өтінішті берілмеген деп есептеу туралы өтінім иесінің өтініші өтінімді

қайтадан қайта өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

85. Патент беру туралы қорытынды келесі жағдайларда шығарылады:

1) егер сараптама нәтижесінде өтінімде барлық қажетті құжаттардың бар екені,

осы Нұсқаулықта белгіленген оған қойылатын талаптар сақталғаны және өтінім берілген

ұсыныс пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жататыны анықталса, өтінім

иесі ұсынған формуламен пайдалы модельге патент беру туралы қорытынды шығарылады.

Сараптама жасау ұйымының қорытындысы патент беру туралы шешім қабылдау үшін

уәкілетті органға жіберіледі бұл туралы (мұндай шешім қабылданған жағдайда) өтінім

иесіне хабарланады.

Өтінім иесі уәкілетті органның патент беруге шешім шығарылғандығы туралы

хабарлама алғанан кейін үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжатты

уәкілетті органға ұсынады.

2) патент беру туралы қорытынды өтінім берілген пайдалы модельдің Заңның 7-

бабының 1-тармағында белгіленген патент қабілеттігі талаптарына сәйкестігі

тексерілмей қабылданады.

3) егер пайдалы модельге өтінімді сараптау процесінде басымдық күні сондай

иелігіндегі өнертабысқа немесе пайдалы модельге қайтарылмаған немесе қайтарылған

деп есептелмейтін басқа өтінім бар екені анықталса, онда оны сараптама жасау

ұйымына ертерек жіберілген күні дәлелденген өтінім бойынша қорытынды беріледі, ал

күндері сәйкес келген жағдайда – сараптама жасау ұйымының ертерек тіркеу нөмірі бар

өтінім бойынша беріледі.

4) Заңның 29 және 33-баптарында көзделген жағдайларда пайдалы модельдің

патент қабілеттілігі талаптарына сәйкестігі туралы мәселе қаралғанда мыналар

ескеріледі:

Егер техника деңгейінде пайдалы модель сол мақсаттағы белгісіз құрал

мақсатының сипаттамасын қоса алғанда, пайдалы модельдің формуласының тәуелсіз

тармағында келтірілген барлық елеулі белгілер (соңғыларға осы Нұсқаулықтың 37-

тармағы 4) тармақшасының талаптарын қанағаттандырмайтын белгілер жатпайды, себебі

оларға қатысты қол жеткізілетін техникалық нәтижеге әсері белгіленуі мүмкін емес)

тән болса, патентпен қорғалатын пайдалы модель «жаңалық» талабына сәйкес деп

есептеледі.

Техниканың деңгейі туралы мәліметтер сол мақсаттағы құралдар туралы әлемде

жарияланған пайдалы моделі басымдығының күніне дейін жалпы қолжетімді болған

мәліметтер кіреді, бұл өтінім берілген пайдалы модель, оларды Қазақстан

Республикасында оларды қолдану туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа тұлғалар пайдалы

модельдерге және өнертабыстарға өтінім берген және патенттелгенде Қазақстан

Республикасында бұрынырақ басымдық беріледі.

Басқа тұлғалар берген өтінімдер деп өтінім иелерінің құрамы осы өтінім

иелерінің құрамынан айырмашылығы бар өтінімдер деп түсініледі;

Техника деңгейіне өтінім берушілер қайтарып алған өтінімдер, сондай-ақ

қайтарып алынған деп есептелетін өтінімдер енгізілмейді;

Техника деңгейіне еуразиялық өтінімдер, сондай-ақ Патенттік кооперация туралы

Келісім нұсқаулығының 4.9 (а) ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының нұсқауымен

халықаралық өтінімдер енгізіледі;

Өтінім техника деңгейіне осы өтінімдегі өтінім, сипаттама, формула және

сызулар (өнертабысқа өтінім үшін – егер сипаттамада оларға сілтемелер болған

жағдайда ғана) келіп түскен күндегі сипаттама мен формулаға қатысты енгізіледі.

Егер бұл күн қаралатын өтінімнің басымдығы күнінен кешірек болса, ерте басымдығы

бар өтінім басымдық белгілеу үшін негіз болатын материалдардың мазмұнына сәйкес

келетін оның мазмұны бөлігіндегі техника деңгейіне енгізіледі (бірінші өтінім,

бұрын берілген өтінім, осы өтінімге қосымша материалдар);

Қазақстан Республикасында патенттелген (оның ішінде осы тұлға) өнертабыстар

мен пайдалы модельдер (яғни тиісті Мемлекеттік тізілімдерде тіркелген) тиісті

Мемлекеттік тізілімде өнертабыс немесе пайдалы модельді тіркеу жүргізілген

формулаға қатысты ғана техника деңгейіне енгізіледі.

Патентпен қорғалатын пайдалы модель мынадай талаптар орындалған жағдайда

«өнеркәсіптік пайдалану» талабына сәйкес деп есептеледі:

оның негізінде патент берілген өтінімде өнеркәсіп құралы немесе тұтыну бұйымы

немесе олардың құрамдас бөлігі ретінде пайдалы модельдің мақсаты нақты көрсетілсе

немесе осы мақсат осы Нұсқаулықтың 19-тармағында жазылғандай, пайдалы модельдің

атауынан немесе осы Нұсқаулықтың 37-тармағында көрсетілгендей пайдалы модель

формуласынан мақсаты тура болса;

пайдалы модельді формуланың әрбір тармағына сәйкес орындау кезінде осы

Нұсқаулықтың 37-тармағы 4) тармақшасының талаптарын қанағаттандырмайтын белгілерді

есептемегенде көрсетілген мақсат іс жүзінде іске асырылса;

басымдық күніне белгілі немесе өтінімде сипатталған (өтінім түскен күннен

бұрын басымдық анықталған жағдайда – оның негізінде басымдық белгіленген өтінімде

де, материалдар да) формуланың кез-келген тармағында сипатталған түрінде пайдалы

модельді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құралдар мен әдістер.

9. Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерін мемлекеттік тізілімде

тіркеу және патент беру 86. Патент беру туралы шешімнің негізінде және патент беруге және оның

берілгені туралы мәліметтерді жариялауға дайындық үшін тиісті төлем расталған,

сондай-ақ берілгені үшін мемлекеттік баж төленген жағдайда пайдалы модельді

сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік пайдалы модельдер

тізілімінде тіркеп, тиісті реттік нөмір береді және мәліметтерді енгізу күнін

көрсетеді.

Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге патент берілгеннен кейін оның

құқықтық мәртебесінің кейінгі өзгерістері туралы апелляциялық кеңестің, сот

органдарының шешімдері негізінде, уәкілетті органның немесе сараптама жасау

ұйымының хабарламалары және патент иелерінің (олардың құқықтық мирақорлары немесе

өкілдерінің) өтініштері негізінде мәліметтер енгізіп отырады.

87. Патент және оны беру тәртібі:

1) Мемлекеттік тізілімге енгізілген мәліметтердің негізінде уәкілетті орган

патент береді.

Патент мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

Патентте:

патенттің нөмірі;

пайдалы модельдің атауы;

патент иесі – жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және

заңды тұлғаның толық атауы, тұратын елінің коды, және ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша

шетелдік патент иесінің тұратын жері;

авторы (авторлары) – тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);

тіркеу нөмірі және өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні;

егер өтінімді берген күннен айырмашылығы болса, басымдығы көрсетіледі.

Патентте мемлекеттік және орыс тілдерінде «Өзгерістер енгізілгені туралы

мәліметтер осы патентке қосымша түрінде жеке парақта келтіріледі» деген жазба

жасалады;

Патент берілгенде бір мезгілде уәкілетті органның ресми бюллетенінде патент

туралы мәлімет жарияланады;

Аттарына патент сұралатын адамдар біренешу болса, бір патент беріледі.

Патент иесі болып табылмайтын пайдалы модель авторына оның авторлығын

растайтын ресми куәлік беріледі.

пайдалы модель сипатталған патент және авторлардың куәліктері жиынтықта

патент иесінің заңды мекен жайына немесе өкілдің (патенттік сенім білдірілген

адамның) мекен жайына оған берілген сенімхатқа немесе жазбаша өтініші бойынша

өтінім иесі (патент иесі) көрсеткен басқа да мекен жайға тапсырыспен почта

жіберілімі арқылы жолданады. Өтінім иесі патент берілгенге дейін патент жіберу үшін

уәкілетті органға немесе сараптама жасау ұйымына тұрғылықты мекен жайының немесе

тұратын жерінің өзгергені туралы хабарлауға міндетті.

Патент иесіне патент тапсырылған кезде жеке адам үшін жеке куәлігі немесе

патент алу үшін заңды тұлғаның сенімхаты болуы керек. Патент және шетелдік патент

иелерінің авторлары куәліктері уәкілетті органда тіркелген патент сенім білдірілген

адамға табысталады.

Егер патент беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе

сонда тұратын бірнеше адам бірге берсе, онда патент және оның авторларының

куәліктері бірінші болып көрсетілген патент иесіне тапсырылады немесе жіберіледі.

Егер патент беру туралы өтінішті бірге тұрмайтын немесе Қазақстан

Республикасының аумағында болмайтын бірнеше адам берген болса, онда патент пен оның

авторларына куәлік бірінші болып көрсетілген ұлттық патент иесіне тапсырылады

немесе жіберіледі.

патентке қатысты кейінгі (тіркелген шарттар туралы мәліметтерді қоса алғанда)

толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер, патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту

және оның әрекетін қалпына келтіру туралы өзгерістер туралы Мемлекеттік тізілімде

жазба жасалғаннан кейін уәкілетті орган патентке қосымша береді, Қосымшада «Осы

Қосымша патенттің ажырамас бөлігі болып табылады» деген жазба жасалады, Қосымша

мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

Атауына және патент иесінің мекен жайына өзгерістер тиісті өзгерістерді

растайтын құжатты (мысалы, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің

көшірмесі) және төлем туралы құжатты қоса бере отырып, қорғау құжатының нөмірі

көрсетілген жазбаша өтініш бойынша жүргізіледі.

Шетелдік өтінім иелерінің (патент иелерінің) өкілдері ұсынған ресми құжаттар

тиісті құжаттарда апостиль қою жолымен куәландырылады.

патенттің түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз күйге келтірілген жағдайда

патент иесінің, патент иесінің сенімхаты бойынша оның құқықтық мирасқорының,

уәкілетті өкілінің (патенттік сенімді адамының) өтініші бойынша және тиісті төлем

расталғанда оның телнұсқасы беріледі.

Құқықтық мирасқор өтініш берген жағдайда өтінішке құқықтық мирасқор екенін

растайтын құжаттың расталған көшірмесі қоса беріледі. Телқұжат Мемлекеттік

тізілімде патент беру туралы жазба болғанда ғана берілуі мүмкін.

Телқұжат онда көрсетілетін мәліметтердің құрамы бойынша берілген патенттің

тұпнұсқасына сәйкес келеді, бірдей заңдық күші болады және мемлекеттік және орыс

тілдерінде «Телқұжатты Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің Зияткерлік

меншік құқығы комитеті берген» деген мөртаңба басыла отырып, патенттің тиісті

нысаны бойынша беріледі.

88. Пайдалы модельге патент туралы мәліметтерді жариялау ол Мемлекеттік

тізілімде тіркелген жағдайда ғана жүргізіледі.

Өтініш берілген күннен бастап он екі ай өткеннен кейін патент беру туралы

мәліметтер жарияланған жағдайда сараптама жасау ұйымы «Өнеркәсіп меншігі –

Промышленная собственность» ресми бюллетенінде «Пайдалы модельдер – Полезные

модели» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді жариялайды:

пайдалы модельге патенттің нөмірі;

ХПК айдарының (айдарларының) индексі;

ол бойынша патент берілген өтінімнің нөмірі мен берілген күні;

егер өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күннен өтінім бойынша

басымдықтың бұрын күні белгіленген болса, оның негізінде пайдалы модель басымдығы

белгіленген бірінші өтінімнің нөмірі, берілген күні, ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес

коды;

автор (авторлар) ретінде өзінің көрсетілуінен бас тартпаса, оның (олардың)

аты;

патент иесінің аты немесе атауы;

ДЗМҰ ST.3 стандартына сәйкес пайдалы модель авторының (авторларының) тұратын

елінің коды (кодтары) және патент иесінің тұрғылықты жері (болатын жері);

патенттік сенім білдірілген өкілдер туралы мәліметтер,

пайдалы модельдің атауы;

пайдалы модельдің формуласы (өтініш берілген тілде);

сызба (графикалық материал).

Өтінім иесінің ӨН-ПМ-2 нысаны бойынша ұсынылған өтінімхаты бойынша сараптама

жасау ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялай алады.

Патент беру туралы мәліметтерде автор ретінде көрсетілуден бас тарту

жариялауға техникалық дайындық аяқталғанға дейін келіп түссе, мұндай мәліметтерді

жариялау кезінде ескеріледі. Аталған бас тарту осы мерзімде автормен қайтарылып

алынуы мүмкін.

Сараптама жасау ұйымы «Өнеркәсіп меншігі – Промышленная собсвенность» ресми

бюллетенінде «Хабарлама - Извещения» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде

берілген патенттердің құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер туралы мәліметтер

жариялайды. Құпия пайдалы модельдерге патенттер беру туралы мәліметтер

жарияланбайды.

89. Жарияланғаннан кейін өтінім материалдарымен танысу.

Патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін сараптама жасау ұйымы

өтінімнің құжаттарын (сипаттама, формула, сызулар, реферат), сондай-ақ өтінім иесі

белгіленген қалыптасқан тәртіппен ұсынған болса осы құжаттарды түзететін,

нақтылайтын және өзгертетін қосымша материалдарды кез келген тұлғаға жазбаша өтініш

бойынша танысу мақсаты үшін ұсынады.

10. Патентке өзгерістер енгізу

90. Патентке мынадай өзгерістер енгізіледі:

1) заңды тұлға патент иесінің атауына және/немесе тұрғылықты мекен жайына -

автордың тегіне, атына (егер бар болса, әкесінің атына), патент иесі – жеке адамның

және/немесе патент иесінің тұрғылықты мекен жайына;

Өзгерістер тиісті өзгерістер енгізу туралы еркін түрде патент нөмірі, заңды

тұлғаның ресми атауы, тегі, аты. (егер бар болса әкесінің аты), тұратын мекен жайы

және/немесе тұрғылықты мекен жайы көрсетілген өтініш беру жолымен енгізіледі.

Өтінімхатқа патент иесі (патент иелері) қол қоюы керек.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және/немесе тарату салдарынан патент иесінің

(патент иелерінің) атауына өзгерістер енгізу кезінде өтінішке Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес қол қойылады және беріледі. Бұл ретте мүдделі

тарап тиісті өзгерістерді растайтын (қайта ұйымдастыру кезінде) және/немесе заңды

тұлғаны тарату фактісін және тиісті құқықтарды берудің болмайтынын дәлелдейтін

құжаттарды ұсынады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтар және

шетелдік заңды тұлғалар өзгерістер енгізуге құжаттарды қазақстан Республикасының

патенттік сенімділері арқылы береді, бұл ретте патенттік сенімдінің атына берілген

сенімхатта көрсетілген әрекеттерді орындауға тапсырмалар болуы керек. Өтінімхатқа

өзгерістер енгізгені үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.

Егер құжаттар болмаса және/немесе ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес

болмаса, патент иесіне хабарлама жіберілген күннен бастап екі ай ішінде жоқ немесе

талаптарға сәйкес ресімделген құжаттарды ұсыну тапсырылады.

Сұралған құжаттарды ұсынбаған жағдайда белгіленген мерзімдерде өтініш

берілмеген болып есептеледі, өзгерістер енгізуі жүргізілмейді, бұл туралы патент

иесі хабарландырылады.

2) пайдалы модель авторларының құрамына сот шешімінің негізінде өзгерістер

енгізіледі. Авторлар құрамының өзгеруі деп құрамына енгізу немесе қорғау құжатында

көрсетілген авторды алып тастау түсініледі.

Авторлар құрамына өзгерістер авторлар құрамына тиісті өзгерістер енгізу

туралы еркін түрде жазылған өтініш беру жолымен сот шешімінің негізінде енгізіледі,

өтініште патенттің нөмірі, енгізілетін немесе алынып тасталатын автордың тегі, аты,

(егер бар болса, әкесінің аты) тұратын мекен жайы көрсетіледі.

3) патентке құқық өзге тұлғаға ауысқан жағдайда өзгерістер енгізу (патентке

құқықты берушіден басқа) патент нөмірі көрсетіліп және төлем туралы құжат қоса

беріліп, құқықтық мирасқордың өтініші бойынша жүргізіледі. өтініште құқықтық

мирасқор туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Өтінішке патент құқығының ауысуын

растайтын құжаттардың куәландырылған көшірмелері қоса берілуі керек.

91. Патенттің қолдану мерзiмiн ұзарту, қалпына келтіру:

1) патент иеленушi патенттің қолдану мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауы

мүмкiн (Заңның 5-бабының 3-тармағы). Өтiнiмхат ПМ-2 (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы)

тиісті нысаны бойынша берiледi. Өтiнiмхат патент қолдану мерзiмi өткенге дейiн және

оны күшiнде ұстап тұрған жағдайда берiлуi мүмкiн. Өтiнiмхатты беру мерзiмi себептi

жағдайлар болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс.

Өтінімхатқа тиісті ақының төленгендігі жөнінде құжат тіркеледі;

2) Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес патент иеленушi патентті күшінде

сақтау үшін төлем төленбегендіктен тоқтатылған патенттің қолдану мерзiмiн қалпына

келтіру туралы өтiнiш жасауы мүмкiн. Өтiнiмхат ӨН-ПМ-3 тиісті нысаны бойынша

берiледi және патентті күшінде сақтау үшін төлем төленетін мерзімнің өткен күнінен

бастап үш жыл ішінде берілуі тиіс. Өтінімхатқа тиісті ақының төленгендігі жөнінде

құжат тіркеледі.

11. Ақпараттық іздестіру жүргізу

92. Ақпараттық іздестіруді жүргізу шарттары:

1) өтінім иесінің өтініші бойынша өтінімді қараудың кез-келген сатысында, ал

патент иесінің немесе үшінші тұлғаның өтініші бойынша – пайдалы модельге патент

беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін тиісті төлем жасалған жағдайда

ақпараттық іздестіру жүргізілуі мүмкін (Заңның 23-бабының 4-тармағы). Ақпараттық

іздестіру жүргізу туралы өтінімхат уәкілеттік орган қалыптастырған ӨН-ПМ-4 нысаны

бойынша ұсынылады.

2) егер өтінім берілген ұсыныс оны түсіну мүмкін болмайтындай сиаптталса

немесе оны Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы модель деп танылмайтын

объектілерге жатқызу үшін негіздер болса, осыған байланысты өтінім иесіне жүгіну

қажет болса, ақпараттық іздестіру жүргізу тиісінше ұзартылады.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда егер өтінім иесіне жүгінгеннен кейін өтініш

берілген ұсыныстың жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері сақталған болса, ақпараттық

іздестіру жүргізілмейді.

3) патент иесі үшінші тұлғадан ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш

түскені туралы хабарландырылады.

4) егер ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш қайтарып алынған немесе

қайтарып алған деп есептелетін өтінім бойынша түссе немесе егер өтінім бойынша

ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш түскеннен кейін патент беруден бас тарту

туралы шешім қабылданса, өтініш берген өтінім иесіне оны қанағаттандыру мүмкін

еместігі туралы хабарланады.

5) өтінім иесінің, патент иесінің немесе үшінші тұлғаның өтініші бойынша

ақпараттық іздестіру аяқталғаннан кейін ол туралы есеп өтініш берген тұлғаға

жіберіледі. Егер ақпараттық іздестіру үшінші тұлға берген өтініш бойынша

жүргізілген болса, онда ақпараттық іздестіру туралы есеп патент иесіне де

жіберіледі.

6) ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш келіп түскен күні осындай

өтініш келіп түскен жағдайда немесе ақпараттық іздестіру жүргізіліп қойса немесе

жүргізіліп жатса, мұндай өтініш берген тұлғаға көрсетілген жағдайлар туралы және

ақпараттық іздестіру туралы есептің көшірмесін беру шарттары туралы осы

Нұсқаулықтың 96-тармағының 4) тармақшасына сәйкес хабарланады.

93. Ақпараттық іздестіру мәні:

1) ақпараттық іздестіру сипаттама мен сызулар, сондай-ақ пайдалы модельдің

жол берілуі мүмкін өзгерістерін есепке ала отырып, пайдалы модельдің формуласы

негізінде осы нұсқаулықтың 84-тармағына сәйкес жүргізіледі.

2) өтінім құжаттарын түзетулер, нақтылаулар және өзгертулер егер оларды

өтінім иесі белгіленген тәртіппен тиісті өтініш беру күніне дейін енгізген болса,

ақпараттық іздестіру жүргізу кезінде ескеріледі.

Егер ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш келіп түскен күнге өтінім

иесі бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарламаға белгіленген мерзімде жауап

бермесе, ақпараттық іздестіру формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модель

(біртұтас өнертабыс мәнін құрайтын пайдалы модельдер тобы) бойынша жүргізіледі.

Басқа пайдалы модельдер бойынша ақпараттық іздестіру қосымша төлем жасалған

жағдайда жүргізілуі мүмкін, бұл туралы сараптама жасау ұйымы ақпараттық іздестіру

жүргізу туралы өтініш берген адамға хабарлайды.

94. Техника деңгейін анықтау кезінде ақпарат көзінде бар, кез-келген адам

таныса алатын немесе оның мазмұны туралы заңды түрде хабарлануы мүмкін мәліметтер

жалпыға қол жетімді болып есептеледі. Ақпарат көзін техника деңгейіне енгізуді

анықтайтын күн болып:

қорғау құжаттарына жарияланған сипаттамалар үшін – оларда көрсетілген

жарияланған күні;

отандық баспа басылымдары мен бұрынғы КСРО баспа басылымдары үшін – оларда

көрсетілген баспасөзге жазылу күні;

баспасөзге жазылу күні көрсетілмеген отандық баспа басылымдары мен бұрынғы

КСРО баспа басылымдары үшін, сондай-ақ өзге баспа басылымдары үшін – олардың

жарыққа шыққан күні, оны анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда егер жарыққа шыққан

уақыты тек айымен немесе жылымен ғана анықталса – айдың соңғы күні немесе басылымда

көрсетілген жылдың 31 желтоқсаны;

мақалалардың, шолулардың, монографиялардың және басқа да материалдардың

сақтауға берілген қолжазбалары үшін – оларды сақтауға берілген күн;

ғылыми-техникалық ақпарат органдарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары,

тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға түсіндірме жазбалар және басқа

конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамалар туралы есептер үшін –

олардың осы органдарға түскен күні;

нормативтік-құқықтық құжаттама үшін – оның осыған уәкілетті органда тіркелген

күні;

диссертациялардың және қолжазба құқығында шығарылған диссертациялардың

авторефераттарының материалдары үшін – олардың кітапханаға түскен күні;

конкурсқа қабылданған жұмыстар үшін – конкурс өткізуге қатысты құжаттармен

расталған танысу үшін олардың қойылған күні;

қарап қабылданатын ақпарат көздері үшін (плакаттар, модельдер, бұйымдар және

тағы басқа) – оларды шолу мүмкін болған құжатпен расталған күн;

көрмеге қойылған экспонаттар үшін – оларды көрсетуді бастаудың құжатпен

расталған күні;

ауызша баяндамалар, дәрістер, сөйленген сөздер үшін – егер олар дыбыс жазатын

аппаратурамен жазылып алынса немесе тиісті іс-шаралар өткізудің көрсетілген күні

қолданыстағы ережесінде белгіленген тәртіппен стенографиялық тәсілмен жазылып

алынса, баяндама, дәріс, сөз сөйлеу күні;

радио, телевидение хабарлары, кино үшін – егер олар көрсетілген күні

қолданыста болған белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат тасымалдаушыда бекітілген

болса, мұндай хабарлама күні;

пайдалану нәтижесінде белгілі болған техникалық құрал туралы мәліметтер үшін

– мәліметтер жалпыға қолжетімді болған күннен бастап құжатпен расталған күн болып

табылады.

2) интернет арқылы, он-лайн арқылы Интернеттен, CD және DVD-ROM дискілерінен

электрондық түрде алынған мәліметтер үшін - егер оларда көрсетілген болса,

көрсетілген электрондық орта көмегімен қолжетімді болған құжаттарды жариялау күні

немесе, егер күні көрсетілмесе, құжатпен расталған жағдайда мәліметтердің осы

электрондық ортаға орналастырылған күні.

95. Іздестіру аумағы және көлемі:

1) іздестіру аумағының сипаттамасы ретінде (осы өтінім бойынша техника

деңгейін анықтау үшін ақпарат қаралатын ғылым мен техника бөлімдерінің жиынтығы)

ХПК айдарларының индекстері пайдаланылады.

Іздестіру аумағын анықтау кезінде жалпы пайдалы модель объектісі және оның

функциялық дербес белгілері осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 1) тармақшасына сәйкес

ең жақын баламасынан айырмашылықтары ескеріледі. Іздестіру аумағын белгілеу кезінде

сондай-ақ егер функциялық жағынан дербес болып табылмайтын оған қатысты ерекшелік

белгілері болса, пайдалы модель және ең жақын аналогы үшін ортақ белгілер

ескеріледі. Бұл белгілерді іздеу белгілі объектілерде де, осы объектілер мен оның

бөліктеріне қатыссыз бөліктерде де жүргізіледі.

2) сараптама жасау ұйымы мыналар кіретін көлемде ақпараттық іздестіру

жүргізуді қамтамасыз етеді:

Қазақстан Республикасы қорғау құжаттарының ресми бюллетеньдері:

Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарына сипаттама;

еуразиялық патенттерге сипаттама;

еуразиялық патенттер беруге жарияланған өтінімдер;

Ресей Федерациясының және бұрынғы КСРО қорғау құжаттарының ресми

бюллетеньдері;

Ресей Федерациясының және бұрынғы КСРО қорғау құжаттарына сипаттама;

өнертабыстар мен патенттерге Ресей Федерациясының патенттерін және пайдалы

модельге Ресей Федерациясының куәліктерін беруге жарияланған өтінімдер;

АҚШ, Ұлыбритания, Германия, ГФР, Франция, Жапония (орыс және ағылшын

тілдеріндегі рефераттар көлемінде), Швейцария (француз және неміс тілдерінде),

Австрия, Австралия және Канада, сондай-ақ Еуразиялық патенттік ведомство, ДЗМҰ,

Африка зияткерлік меншік ұйымының және Африка өңірлік өнеркәсіптік меншік ұйымының

патенттік құжаттамасы;

өткенді шолумен кемінде бес жыл болған ДЗМҰ Халықаралық бюросы жариялаған

тізім бойынша патенттік емес әдебиет.

Кез-келген жалпыға қолжетімді құжат ақпараттық іздестіру көлеміне енгізілуі

мүмкін.

3) ақпараттық іздестіру жүргізу кезінде өтінім берілген пайдалы модельдің

жаңалығын тексеру мақсатында іздестіру көлеміне сондай-ақ олардың ертерек басымдығы

болған жағдайда Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар берген өнертабыстар мен

пайдалы модельдерге барлық өтінімдер (қайтарып алынғандарынан басқа) және Қазақстан

Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер енгізілуі мүмкін.

4) егер іздестіру процесінде сол мақсаттағы, іздестіру жүргізіліп отырған

пайдалы модельге қатысты пайдалы модельдің барлық белгілерімен бірдей белгілермен

сипатталатын құрал табылған жағдайда да ақпараттық іздестіру тоқтатылмайды және

толық көлемде аяғына дейін жүргізіледі. Іздестіру барысында анықталған аналогтардың

саны ең толық және айқын қайталаусыз және ақпаратты қажетсіз қайталауды болдырмай,

техника деңгейі туралы толық және мазмұндысынан анықталуы тиіс.

96. Ақпараттық іздестіру туралы есеп және іздестіру нәтижелерімен танысу:

1) іздестіру туралы есепте:

іздестіру жүргізілген өтінімнің нөмірі:

өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн;

өтінім берілген пайдалы модельді классификациялау кезінде белгіленген ХПК

айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);

ақпараттық ізденіс жүргізілген пайдалы модельдер атауы;

ізденіс аумағын сипаттайтын ХПК айдарының (айдарларының) индексі

(индекстері);

библиографиялық деректер түрінде ақпараттық іздестіру мәніне қатысты

құжаттарға, олардың нақты бөліктеріне сілтемелер. Егер сілтеме пайдалы модель

формуласының барлық тармақтарына қатысты болмаса, оған формуланың тиісті тармағы

немесе тармақтары көрсетіледі. Егер өтінім бойынша ең ертерек басымдық сұралған

болса, сараптама жасау ұйымына өтінім түскен күннен бұрын, бірақ басымдық күнінен

кеш түскен жариялаған құжаттар ерекше белгіге алынады;

ақпараттық іздестіру аяқталған күн;

2) үшінші тұлғаның өтініші бойынша жүргізілген ақпарттық іздестіру туралы

есептің көшірмесінің бір данасы патент иесіне жіберіледі;

3) ақпараттық іздестіру туралы есептің өтінім иесіне, патент иесіне немесе

үшінші тұлғаға жіберілетін даналарынан немесе олардың көшірмелерінен осы

Нұсқаулықтың 96-тармағының 3) тармақшасына сәйкес іздестіру көлеміне енгізілген

өтінімдердің библиографиялық деректері алынады.

12. Халықаралық өтінімді беру және оны қарау тәртібі

97. Патенттік кооперация туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-бабына

сәйкес сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасында алушы ведомствоның

функцияларын Патенттік кооперация туралы Келісімнің нұсқаулығын (бұдан әрі –

Келісімге нұсқаулық), Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес әкімшілік

нұсқаулықты (бұдан әрі - әкімшілік нұсқаулық), басшылыққа ала отырып, Халықаралық

ДЗМҰ бюросы жариялайтын құжаттарға, Заңға және осы Нұсқаулыққа сәйкес тиісті түрде

орындайды. Келісімнің 43-бабының негізінде заңнамасы пайдалы модельдерге қорғау

құжаттарын беруді көздейтін кез-келген көрсетілген немесе таңдап алынған мемлекетке

қатысты өтінім иесі осы мемлекетке қатысты оның халықаралық өтінімінде пайдалы

модельді қорғау сұралатынын көрсете алады.

98. Халықаралық өтінімді беру:

1) егер өтінім иелерінің ең болмағанда бірі Қазақстан Республикасының азаматы

болып табылса немесе Қазақстан Республикасында тұрса, сараптама жасау ұйымы

өтінімге қатысты алушы құзыретті ведомство болып табылады. Қазақстан

Республикасында жұмыс істейтін өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорнына иелік ететін

кез-келген тұлға Қазақстан Республикасында тұратын немесе болатын тұлға ретінде

қаралады.

2) халықаралық өтінім сараптама жасау ұйымына орыс немесе ағылшын тілдерінде

беріледі.

3) халықаралық өтінім үш данада беріледі, олардың әрқайсысы тікелей

репродукциялау үшін жарамды болуы керек.

Егер халықаралық өтінім аз данада берілсе, Келісім нұсқаулығының 21.1 (с)

ережесіне сәйкес өтінім иесінің өтініші бойынша халықаралық өтінімнің талап

етілетін санының көшірмесін өтінім иесі белгіленген тарифті төлеген жағдайда алушы

ведомство дайындауы мүмкін.

4) халықаралық өтінімнің өтініші арнайы бланкіде немесе компьютерлік тәсілмен

басып шығарылған түрде беріледі. Егер халықаралық өтінім РСТ-EASY бағдарламалық

қамтуын пайдалана отырып ресімделген болса, халықаралық өтінімге қағаздағы түрде

РСТ-EASY форматында өтініш бар машина оқитын тасымалдаушы және txt форматында

реферат қоса беріледі.

5) Қазақстан Республикасында құрылған пайдалы модельді қорғау сұралған

халықаралық өтінім мына талаптардың бірі орындалған жағдайда:

халықаралық өтінім берілгенге дейін сараптама жасау ұйымына Қазақстан

Республикасының инновациялық патентін, өнертабысқа патентін немесе пайдалы модельге

патентін беруге тиісті өтінім (бұдан әрі – ұлттық өтінім) берілген болса;

халықаралық өтінім берілгенге дейін сараптама жасау ұйымы арқылы еуразиялық

патент беруге тиісті өтінім берілген болса;

халықаралық өтінімнің өтінішінде өтінім иесі патент алуға ниет еткен мемлекет

ретінде Қазақстан Республикасы көрсетілген болса берілуі мүмкін.

6) сараптама жасау ұйымы халықаралық өтінімнің Келісімнің 11 (1) және 14-

бабының талаптарына сәйкестігін тексереді. Тексеруден оң нәтижелермен өткен

халықаралық өтінім бойынша оны халықаралық беру күні белгіленеді.

99. Халықаралық өтінімді қайта жіберу:

1) халықаралық беру күні белгіленген халықаралық өтінімнің тіркеу данасын

сараптама жасау ұйымы ДЗМҰ халықаралық бюросына жібереді.

2) халықаралық өтінімді алғаннан кейін егер ол берілгенге дейін еуропалық

өтінім немесе ұлттық өтінім берілген болса, еуразиялық өтінім немесе ұлттық өтінім

берілген күннен бастап үш ай өткеннен кейін халықаралық өтінім берілген жағдайда

сараптама жасау ұйымы тіркеу данасын қайта жібереді.

3) егер осы ереженің 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнен бұрын берілген

болса, егер ол өтінім иесі патент алуға ниет білдірген мемлекет ретінде қазақстан

Республикасын көрсеткен болса, не еуразиялық патентті көрсетсе, сараптама жасау

ұйымы алдыңғы ұлттық өтінім берген күнге сәйкес үш ай мерзім өткен соң халықаралық

өтінімнің тіркеу данасын қайта жібереді.

Сараптама жасау ұйымы тіркеу нөмірін көрсетілген мерзімнен бұрын, бірақ

алдыңғы ұлттық өтінімге не еуразиялық өтінімге сәйкес мемлекеттік құпияны құрайтын

мәліметтерге заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру жүргізгеннен кейін қайта

жібере алады.

4) халықаралық өтінім данасы - өтінім иесі тиісті баж салығын («іздестіруге

арналған тариф») төлеген жағдайда «іздестіруге арналған көшірме» халықаралық өтінім

өтінішінде көрсетілген Халықаралық іздестіру органына жіберіледі.

5) РСТ өтініші алушы ведомствоның өтінім иесіне ұсынатын РСТ/RO/10

бланкісінде ресімделеді (Келісім нұсқаулығының 3 және 4 ережесі).

Өтінім иесінің халықаралық өтінім құжаттарын ресімдеуіне қойылатын талаптар

Келісіммен, Келісім нұсқаулығымен және әкімшілік нұсқаулықпен реттелген.

100. Хат-хабар алмасу:

1) Келісім рәсімімен көзделген барлық хат-хабарлар Қазақстан Республикасының

аумағындағы бір мекен жайға және бір данада жіберіледі, бұл ретте:

егер РСТ өтінішінде, Келісім нұсқаулығының 3 және 4 ережесінде көзделген

бағанда алдын ала жазылғандай агент немесе ортақ өкіл және оның мекен жайы

көрсетілсе, онда хат-хабар осы адамның атына және сол мекен жайға жіберіледі;

егер көрсетілген бағанда хат алмасу үшін мекен жай берілсе, онда хат-хабар

осы мекен жайға алушы ведомствоға халықаралық өтінім беруге құқылы адамдардың

ішінен өтініште бірінші болып көрсетілген адамға, яғни 90.2 (b) ережесі бойынша

ортақ өкілдің атына жіберіледі.

егер көрсетілген баған толтырылмаса, онда хат-хабар алушы ведомствоға

халықаралық өтінім беруге құқылы адамдардың ішінен өтініште бірінші болып

көрсетілген адамға және оның мекен жайына жіберіледі.

2) алушы ведомствоның өтінім иесінің, сондай-ақ өтінім иесінің алушы

ведомствомен хат алмасуы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

101. Халықаралық өтінім жарияланғанға дейін ол туралы кез-келген мәлімет тек

өтінім иесінің өзіне (өкіліне) не өтінім иесінің жазбаша өтініші бойынша осы

өтініште көрсетілген адамға (өкілге) ғана беріледі.

13. Ұлттық фаза

102. Келісімнің 2-бабының мәні бойынша көрсетілген және таңдап алынған

ведомствоның функцияларын Қазақстан Республикасында сараптама жасау ұйымы

орындайды, бұл ретте ол Келісімді, Келісім нұсқаулығын, әкімшілік нұсқаулықты, ДЗМҰ

Халықаралық бюросы жариялайтын құжаттарды, сондай-ақ Келісімде көзделген

жағдайларда Заңды және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.

103. Халықаралық өтінімді сараптама жасау ұйымына қараудың ұлттық фазасына

ауыстыру:

1) оған қатысты Келісімнің 11 (1) бабына сәйкес халықаралық беру күні

белгіленген, Келісімнің 24-бабына сай алынып қойылмаған және алынып қойылды деп

есептелмейтін, сондай-ақ әрекеті Қазақстан Республикасына қатысты сақталған өтінім

иесі пайдалы модельге патент алуға ниет білдірген мемлекет ретінде Қазақстан

Республикасын көрсеткен халықаралық өтінім Заңға сәйкес сараптама жасау ұйымында

қаралуы мүмкін (бұдан әрі – ұлттық фаза).

2) сараптама жасау ұйымында халықаралық өтінімді қараудың басталған күні

ретінде Заңға сәйкес Келісімнің 11 (1) бабында көрсетілген халықаралық өтінімнің

басымдық күнінен бастап отыз бір ай өткен күн қаралады.

3) халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру үшін өтінім иесіне халықаралық

өтінімнің басымдық күнінен отыз бір ай өткенге дейін сараптама жасау ұйымына ең кем

дегенде орыс тілінде халықаралық өтінімге өтініш немесе басқа тілде жазылған

халықаралық өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын ұсыну,

сондай-ақ белгіленген төлемді төлеу керек.

Халықаралық өтінімдегі өтінішті мемлекеттік немесе орыс тіліне аударудың

орнына пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш

ұсынуға болады.

Ұлттық фазаға кірудің көрсетілген мерзімі дәлелді себептер және тиісті төлем

болған жағдайда өтінім иесінің өтінімхаты бойынша кемінде екі айға ұзартылуы

мүмкін.

4) халықаралық өтінім өтінішінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі

аудармасына халықаралық өтінім сипаттамасының, пайдалы модель формуласының,

сызуларға және рефератқа қатысты кез-келген мәтіннің мемлекеттік немесе орыс тіліне

аудармасы өтінімді халықаралық беру күнінде қандай болса, сол түрде ұсынылуы керек.

Егер өтінім иесі Келісімнің 19-бабына сәйкес өзгертілген формуласы бар

халықаралық өтінімді қараудың ұлттық фазасына ауыстырса, өтінім иесі өтінім иесі

енгізген өзгерістерге қатысты түсініктемелерді мемлекеттік немесе орыс тіліне

аудара отырып, пайдалы модельдің өзгертілген формуласының мемлекеттік немесе орыс

тіліне аудармасын ұсынуы қажет.

Егер өтінім иесі Келісімнің 34(2)(b) бабына сәйкес енгізілген пайдалы модель

формуласын, халықаралық өтінімнің сипаттамалары мен сызуларын өзгертулерді ескере

отырып, халықаралық өтінімді қараудың ұлттық фазасына ауыстырса, өтінім иесі

Халықаралық алдын ала сараптау органы қабылдаған енгізілген өзгерістерді ескере

отырып, халықаралық өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынуы

керек.

Келіп түскен материалдарда құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі

аудармасы болмаса, егер олар басқа тілде ұсынылса, өтінім иесіне ұлттық фазаға кіру

үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап екі ай ішінде оны ұсыну қажеттігі

туралы хабарландырылады. Аударманы ұсыну мерзімі тиісті төлем болған жағдайда

кемінде екі айға ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзімде аударма ұсынылмаған

жағдайда өтінім ұлттық фаза енбеген болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне

хабарланады. Тіркелген құжаттар қайтарылмайды, іс жүргізу қалпына келтірілмейді.

104. Ұлттық фазаға ауыстырылған халықаралық өтінімді сараптама жасау ұйымында

қарау:

1) Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы халықаралық

өтінімде сұралған басымдық күнінен отыз бір ай өткеннен кейін халықаралық өтінімді

өтінім иесі кем дегенде халықаралық өтінімдегі өтінішті орыс тілінде немесе

мемлекеттік не орыс тіліндегі аудармасын не пайдалы модельге Қазақстан

Республикасының патентін беру туралы өтініш ұсынған жағдайда қарауды бастайды.

2) өтінім иесінің өтініші бойынша халықаралық өтінімді қарау белгіленген

мерзімнен ерте басталуы мүмкін.

Егер халықаралық өтінімді белгіленген мерзімнен ерте қарауды бастау туралы

өтінішті өтінім иесі оның халықаралық жариялану күніне дейін берген болса,

мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге оған қатысты халықаралық беру

күні белгіленген халықаралық өтінімнің алушы ведомство тіркеген көшірмесін ұсынуы

керек.

3) осы Нұсқаулыққа сәйкес ұлттық фазаға ауыстырылатын халықаралық өтінім

құжаттарының келіп түсу фактісі туралы өтінім иесіне хабарлама жіберіліп, оған

сараптама жасау ұйымы берген өтінімнің тіркеу нөмірі мен құжаттардың келіп түскен

күні хабарланады.

Белгіленген мерзім өтіп кеткен соң түскен құжаттар өтінім иесі белгіленген

мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерін растаған жағдайда және тиісті төлем

жасалғанда қарау үшін қабылдануы мүмкін.

105. Халықаралық өтінімге сараптама жасау:

1) Келісімнің 11(3) бабына сәйкес көрсетілген немесе таңдап алынған ведомство

ретінде сараптама жасау ұйымына халықаралық өтінімді беру күні ретінде оның

халықаралық берілген күні қаралады.

2) сараптама жүргізу кезінде Келісімнің 21(1) бабына сәйкес халықаралық

өтінімнің нысаны мен мазмұнына (оның ішінде пайдалы модельдің бірлігіне қатысты)

Келісімде және Келісім нұсқаулығында көзделген талаптар қойылады.

3) сараптама жүргізу кезінде:

осы Нұсқаулықта ресімдеуге қойылатын талаптар көрсетілген құжаттардың болуы;

төлемдердің белгіленген мөлшерге сәйкестігі;

өтініште көрсетілген мәліметтердің халықаралық өтінімнің жарияланымында

көрсетілген библиографиялық деректерге сәйкестігі;

өтінім иесінің атауы туралы, авторлар туралы, сондай-ақ сұралатын басымдық

туралы мәліметтердің өзгергені жайлы құжаттардың болуы;

қосымша құжаттарды ұсынудың белгіленген тәртібі сақталған ба;

ХПК бойынша пайдалы модель классификациясының дұрыстығы;

қажет болған жағдайда өкілдікке сенімхаттың болуы және оның белгіленген

талаптарға сәйкестігі;

пайдалы модельдің басымдығын сұрау үшін негіздердің болуы тексеріледі.

Келісім нұсқаулығының 17(2)(а) ережесіне сәйкес сараптама жасау ұйымы ДЗМҰ

Халықаралық бюросынан бірінші өтінімнің көшірмесіне сұрау сала алады. Егер ол басқа

тілде жасалған болса, бірінші өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі

аудармасын сараптама жасау ұйымы өтінім иесінен сұрата алады;

халықаралық іздестіру және/немесе халықаралық алдын ала сараптаманың

қорытындысының болуы тексеріледі.

Егер халықаралық іздестіру туралы есепте және/немесе халықаралық алдын ала

сараптама қорытындысында бірыңғай пайдалы модель талаптарын бұзу туралы дәлелдер

болса және олардың негізділігі белгіленсе, онда егер халықаралық өтінімнің қандай

да бір бөліктері бойынша халықаралық іздестіру туралы есеп жасалмаса немесе РСТ

17(3)(b) және 34(3)(b) баптарында көрсетілген қосымша салықтарды төлемеуі

салдарынан халықаралық алдын ала сараптама жүргізілмесе, халықаралық өтінімнің

көрсетілген бөліктері өтінім иесі белгіленген төлем төлеген жағдайда қарау үшін

қабылдануы мүмкін.

Белгіленген төлем төленбеген жағдайда қарау үшін тек халықаралық өтінімнің

халықаралық іздестіру туралы есеп жасалған және/немесе халықаралық алдын ала

сараптама жүргізілген бөліктері ғана қабылданады.

4) егер халықаралық өтінімді сараптамадан өткізу процесінде өтінім оның

құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделген болса, онда өтінім иесіне

оны алған күннен бастап екі ай мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну

туралы ұсыныспен сұрау салу жіберіледі.

5) егер пайдалы модельге қатысты Келісім нұсқаулығының 13-ережесіне сәйкес

бірыңғай талаптың бұзылғаны анықталса, онда РСТ 27 (4) бабына сәйкес осы

Нұсқаулықтың 11, 12-тармақтарына сай бірыңғай талаптарға сәйкестігіне тексеру

жүзеге асырылады.

Егер тексеру нәтижесі осы Нұсқаулықтың 11, 12-тармақтарына сәйкес оң болса,

өтінім иесіне тексеру нәтижелері туралы, сондай-ақ оның халықаралық өтініміне

Келісім нұсқаулығында көзделген талаптарды қолдануды талап ету құқығы туралы

хабарланады.

Егер өтінім иесі Келісімнің және Келісім нұсқаулығының талаптарын қолдану

туралы талап етсе, онда ақырғы қорытынды өтінім иесі келтірген дәлелдерді ескере

отырып, осы Нұсқаулыққа сәйкес пайдалы модель бірыңғайлығына талаптардың

сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша жасалады.

106. Егер халықаралық өтінімді өтінім иесі қараудың ұлттық фазасына

ауыстырса, ДЗМҰ Халықаралық бюросы жариялаған РСТ 19-бабына сәйкес пайдалы модель

формуласының өзгерістерін ескере отырып, халықаралық өтініммен бірге немесе оған

қосымшамен бірге, және/немесе РСТ 34-бабына сәйкес халықаралық алдын ала сараптама

органы қабылдаған формуланың, сипаттаманың, сызудың өзгерістерін ескере отырып,

халықаралық берілген күніндегі материалдар бұл өзгерістер халықаралық өтінімнің

бастапқы материалдарының шеңберінен шыға ма деген мәселе тексеріледі.

Өтінім иесі халықаралық өтінімге енгізген өзгерістерді қараудың ұлттық

фазасында тексеру (атап айтқанда сараптама жасау ұйымына халықаралық өтінімнің

мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса ұсына отырып) Заңның 23-бабына

және осы Нұсқаулықтың 84-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Халықаралық өтінімге енгізілген өзгерістердің болуын тексеру кезінде, қажет

болған жағдайда өтінім иесінен халықаралық өтінімді берген күнге ондағы құжаттардың

орыс тіліндегі аудармасын ұсыну сұралуы мүмкін.

Қосымша материалдарды тексеру кезінде осы Нұсқаулықтың 104-тармағына сәйкес

халықаралық өтінімді қараудың ұлттық фазасындағы бастапқы материалдар деп

халықаралық берілген күні халықаралық өтінімде болған материалдар есептеледі.

107. Халықаралық өтінімнің құжаттарын тексеру оң нәтиже берген жағдайда

өтінім иесіне пайдалы модельге патент беру туралы шешім жіберіледі.

108. Сараптама жасау ұйымы Келісімнің 30(2)(а) бабына сәйкес өтінім

халықаралық жарияланған күннен кейін үшінші тұлғаға не өтінім иесінің өтініші

немесе рұқсаты бойынша көрсетілген мерзімнен бұрын халықаралық өтінім туралы

мәлімет ұсынады. РСТ 30(2)(b) бабына сәйкес сараптама жасау ұйымы кез-келген

уақытта өтінім иесінің өтінішінсіз немесе рұқсатынсыз үшінші тұлғаға алушы

ведомство, өтініш иесінің аты, халықаралық беру күні, халықаралық өтінімнің нөмірі

және пайдалы модельдің атауы туралы мәліметтер хабарлай алады.

Қорытынды

109. Заңның 35-бабына сәйкес қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беретін

өтінімдерді қорғау құжаттарын беру үшін қабылдағаны, тіркегені, өнеркәсіптік меншік

объектілеріне сараптама жүргізгені және басқа да қызметтер атқарғаны үшін

сараптамалық ұйым Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы»

Заңының 40-бабына сәйкес ақы төлейді.

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрінің м.а.

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

4-қосымша

Тауар таңбасына, қызмет көрсету таңбасына өтiнiмдi құрастыру, ресiмдеу

және қарау жөнiндегi нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар

шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан

Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және тауар таңбасын,

қызмет көрсету таңбасын тiркеуге арналған өтiнiмдi құрастыру рәсімін, оны ресiмдеу

және қарау рәсімін, сондай-ақ тауар таңбасына, қызмет көрсету таңбасына куәлiктi

беру рәсімін нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта мынадай түсiнiктер пайдаланылады:

1) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) - Заңға

сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдердің

күшiне сәйкес тiркелмей қорғалатын, заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын

(қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бiртектi тауарларынан

(қызметтерін) айыру үшiн қызмет ететiн белгiлер;

2) ұжымдық тауар таңбасы - бұл қауымдастықтардың (одағының) немесе өзге де

заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлер бiрлестiктерінiң (бұдан әрi -

бiрлестiк) бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар, олар шығаратын

немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы;

3) жалпыға танымал тауар таңбасы - тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген

белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық

келiсiмдерге сәйкес, мүдделi тұлғалардың айғақтарына негiзделген құзыреттi органның

немесе соттың шешiмiмен жалпыға бiрдей деп танылған тауар таңбасы;

4) тауар шығарылған жердiң атауы - өндiрiстегi негiзгi қасиеттерi оны

шығаратын жерiмен, соның iшiнде ерекше табиғи жағдайларымен және (немесе) адам

факторларымен байланысты тауарды белгiлеу үшiн пайдаланылатын географиялық

көрсеткiш;

5) өтiнiш берушi - тауар таңбасын тiркеуге өтiнiм берген жеке немесе заңды

тұлға;

6) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополия саласына кiретiн (тауар

таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау

саласында қызмет көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволық

бағынысты ұйымы;

7) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан

Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

8) тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасы (бұдан әрi - ТҚХС) -

1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданып, кейiннен өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлген сыныптама;

9) Мадрид келiсiмi – кейіннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген

Таңбаларды халықаралық тiркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуiрдегi Мадрид келiсiмi.

10) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) – зияткерлік

меншік саласындағы мемлекеттердің халықаралық саясаты мен ынтымақтастығын

қамтамасыз етуші және реттеуші халықаралық ұйым.

2-тарау. Тауар таңбасына, қызмет көрсету таңбасына өтiнiмдi құрастыру

және ресiмдеу 3. Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы

ретiнде сөздiк бейнелеудi, әрiптi, цифрлi, көлемдi және өзге де белгiлерi немесе

осы тектес амалдар бiр тұлғаның тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғаның бiртектес

тауарлары мен қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн аралас үлгiлерi тiркелуi

мүмкiн.

Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде

тiркелуi мүмкiн.

Сөздiк белгiлерге сөздер; сөздiк сипатқа ие дыбыс тiркестерi; сөз тiркестерi;

сөйлемдер; тiлдiң басқа да бiрлiктерi, сондай-ақ олардың тiркестерi жатады.

Бейнелеу белгiлерiне жазықтықтағы графикалық бейнелер, соның iшiнде әр түрлi

тiршiлiктiң, заттардың, өзге де объектiлердiң, фигуралардың бейнелерi, көркем

орындалған шрифтiк элементтер, сондай-ақ жоғарыда аталған элементтердiң әр түрлi

композициялары жатады.

Көлемдiк белгiлерiне нысаны бiрегей және ерекше тауар функциясымен

байланыспайтын үш өлшемдi объектiлер жатады.

Аралас түрлер белгiлерiне сөздiк, бейнелеу, көлемдік элементтерiнiң әр

түрлері жатады.

Заңның 5-бабында көзделген өзге белгiлерге дыбыстық белгiлер жатады.

4. Өтiнiм сараптама жасау ұйымына берiледi немесе пошта не факсимильдi

байланыс арқылы жiберiледi. Егер өтiнiм факсимильдi байланыс арқылы берiлсе, ол

факс арқылы келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қағаз түріндегі

түпнұсқасымен расталуы қажет. Егер өтiнiм құжаттары сараптама жасау ұйымына

көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп түссе немесе факс арқылы ұсынылғандардан

ерекшеленетiн мәлiметтердi қамтыса, онда олардың түпнұсқалары келiп түскен күн

құжаттардың келiп түскен күнi болып есептелiнедi.

Өтiнiм сараптама ұйымына үш данадан берiледi.

5. Өтiнiм осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес ТТ-1 нысанындағы бланкiде

ұсынылады және ол бiр тауар таңбасына тиiстi болады, онда мыналар:

1) егер өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге берiлсе, онда ұжымдық тауар

таңбасын қорғауын сұратылуын көрсетедi;

2) заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, тегi, әкесiнiң аты

(егер болса), сондай-ақ пошта индексi және елдiң атауы, телефон нөмiрi, сондай-ақ

факс нөмiрi мен электрондық пошта адресi (егер олар бар болса) көрсетiлген мекен-

жайы немесе тұрғылықты жерi;

3) заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеуi туралы

(Қазақстан Республикасының өтiнiм берушiлерi үшiн) мәлiметi;

4) егер өкiл немесе патенттiк сенiмдi өкiл тағайындалған болса, оның аты,

тегi, әкесiнiң аты (егер олар бар болса) немесе атауы, сондай-ақ пошта индексiн

қоса алғандағы хат алмасуға арналған мекен-жайы, телефон нөмiрi, факс нөмiрi мен

электрондық поштаның мекен-жайын (егер ол бар болса);

5) ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша өтiнiмдi беру күнi, елдiң коды және Заңның 10-

бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын өтiнiм нөмiрiн;

6) егер Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес көрмелiк басымдық сұратылса,

тауар таңбасы ретiнде мәлiмделген белгiсi бар объектiнi ресми танымал халықаралық

көрмеге қойып ашық көрсетудiң басталған күнiн;

7) бланкiде төртбұрышпен белгiленген жерде орналастырылатын мәлiмделген

белгiнi;

8) егер қалыпты шрифтпен орындалған белгi мәлiмделсе, тауар таңбасын

қорғаудың стандартты шрифтiк орындалуын сұратылуының көрсетуiн;

9) егер белгi басқа тiлде ұсынылған болса, онда сөз белгiсiнiң аудармасы,

яғни транслитерацияны;

10) егер көлемдiк белгi мәлiмделсе, көлемдiк тауар таңбасын қорғаудың

сұратылуына көрсету;

11) егер түстегi белгi мәлiмделсе, түрлi-түстi орындаудағы қорғаудың

сұратылуын көрсетуiн;

12) тауарларды (қызмет көрсетулердi) сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн дәл

терминдермен белгiленген ТҚХС-тың сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбасына

тiркеу сұратылған тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзiмiн;

13) төленген төлемдер туралы мәлiметтерiн;

14) Қазақстан Республикасындағы бұрын тiркелгендігін (егер олар болса)

көрсетуiн;

15) мәлiмделген белгiнi тiркеу үшiншi тұлғаның авторлық құқықтарын

бұзбайтындығын көрсетуiн;

16) өтiнiм берушiнiң немесе оның патенттiк сенiмдi өкiлiнiң қолын қамтуы

керек.

Егер өтiнiм заңды тұлғаның атынан берiлсе, лауазымы және қол қойған адамның

аты-жөнi көрсетiлген уәкiлеттi лауазымды тұлға;

егер өтiнiмдi жеке кәсiпкер берсе, өтiнiм берушi;

егер өтiнiм патенттiк сенiмдi өкiл арқылы берiлсе, патенттiк сенiмдi өкiл

өтiнiмге қол қояды.

Өтiнiм Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Мадрид келiсiмiнде

көрсетiлген нысан бойынша ұсынылуы мүмкiн.

Тiркелген өтiнiм қайтарып берілмейді.

6. Өтiнiмге мыналар қоса беріледі:

1) мәлiмделетiн белгiнiң он бес репродукциясы. Мәлiмделетiн белгi 8х8

сантиметр (бұдан әрі - см) форматымен ұсынылады. Тауар таңбаларының этикеткалары

мен ерекше түрлерi егер 20х20 см мөлшерден аспаса, олар толық көлемде ұсыныла

алады. Көрсетiлген мөлшерлер асқан жағдайда бейнелеу кiшiрейтiлген түрде ұсынылуы

керек.

Бейнелеу анық, контрастты болып тұруы, репродукциялау үшiн жарамды болуы

керек.

Тiркеуге мәлiмделетiн белгiнiң бейнесi тауар таңбасына тiркеу сұратылған

түсте немесе түс үйлесiмiнде ұсынылады. Өтiнiмде түстер немесе түс үйлесiмi

көрсетiлуі тиiс, түстi кескiндемелер қосымша берiледi, бiрақ оны ұсыну мерзiмi

өтiнiм берген күннен бiр айдан аспау керек.

Егер көлемдi тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегi

бейнелеуден басқа, мәлiмделетiн белгi туралы түсiнiктiң толықтығын қамтамасыз

ететiн ракустардағы көлемдi тауар таңбасының әр түрлi бейнелерi ұсынылуы мүмкiн.

Егер дыбыстық тауар белгiсiнiң қорғалуы сұратылса, онда өтiнiмге оның ноталық

жазбасы және фонограмма қоса берiледi. Егер тiркеуге музыкалық шығарманың бөлiгi

мәлiмделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;

2) мәлiмделетiн белгiнiң сипаттамасын қамтитын белгiнi суреттеу (егер өтiнiм

берушi оның мағыналық маңызын түсiндiрудi қажет деп санаған жағдайда) және құрамдас

элементтердi көрсету, белгiнiң мағыналық маңызы жалпы алғанда және/немесе оның

элементтерi.

Суреттеу-мәлiмделетiн белгiнiң мәнiн идентификациясын түсiндiру үшiн қызмет

етедi;

3) сараптама жасау ұйымының қызметіне төленетін төлемдi растайтын құжат.

Төлем өтiнiм беру кезiнде немесе өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай iшiнде

төленуi мүмкiн. Төлем туралы құжаттар белгiленген мерзiмде ұсынылмаған кезде өтiнiм

берiлмеген болып танылады;

4) егер ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге өтiнiм берiлсе, Заңның

8-бабының 2-тармағына сәйкес қауымдастыққа немесе өзге де бiрлестiкке

қатысушылардың ұжымдық тауар таңбасын пайдалануы туралы келiсiм. Келiсiмде осы

бiрлестiктiң атауы, тауар таңбасын пайдалану құқығы бар кәсiп орындардың орналасқан

мекен-жайы көрсетiлген, олардың тiзiмi, ұжымдық тауар таңбасын тiркеудiң мақсаты,

ұжымдық тауар таңбасын тiркелетiн тауарлардың (қызметтердің) тiзiмi мен бiрыңғай

сапалық немесе өзге де жалпы сипаттамалары, оны пайдалану шарттары мен оны

пайдалануды бақылау тәртiбi;

5) тауар таңбасын тiркеу бойынша уәкiлеттi органмен немесе сараптама жасау

ұйымымен өкiл арқылы iс жүргiзген жағдайда өтiнiммен бiрге немесе iс жүргiзу

процесiнде ұсынылатын сенiмхаттың болуы тиіс, ол сараптама ұйымына келіп түскен

күннен бастап екі айдан кешіктірілмей берілуі тиіс және өтiнiмнiң құжаттарына

тiгiледi.

6) егер конвенциялық басымдық сұратылса, бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған

көшiрмесi және оның қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасы қажет. Көшiрме

конвенциялық өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап үш айдан

кешiктiрiлмей ұсынылады.

Конвенциялық басымдықты белгiлеу туралы өтiнiш өтiнiмдi беру кезiнде немесе

өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап екi ай iшiнде ұсынылуы

мүмкiн;

7) егер көрмелiк басымдық сұратылса, көрменiң халықаралық мәртебесiн, оның

өткiзу, тауар таңбасы ретiнде мәлiмделген белгiсi бар көрмеге қою объектiсiнiң

уақыты мен орнын көрсете отырып, көрмелiк басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын

куәландырылған құжат қажет.

Құжат көрменiң әкiмшiлiгімен немесе ұйымдастыру комитетiмен және өтiнiм

сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей

ұсынылады.

Құжат көрменiң халықаралық дәрежесiн растауы және оның өткiзiлетiн уақыты мен

орны туралы мәлiметтi, тауар таңбасы ретiнде мәлiмделген белгiсi бар көрмеге қою

объектiсiнiң атауын қамтуы керек;

8) тауар таңбасында мемлекеттiк рәмiздердiң, елтаңбаның, тудың және

эмблемалардың элементтерiн, халықаралық үкiметаралық ұйымдардың қысқартылған және

толық атауларын; ресми, бақылау, кепiлдiк және таңбалық белгiлердi, мөрлердi,

марапаттар мен басқа да ерекшелiк белгiлерiн пайдалануға рұқсат беру;

9) заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы

куәлiктiң көшiрмесi (Қазақстан Республикасының өтiнiм берушiлерi үшiн);

10) егер тауар таңбасы ретiнде тiркеуге мерзiмдi баспасөздiң атауы

мәлiмделсе, бұқаралық ақпарат құралының есепке қойылғандығы туралы куәлiктiң

көшiрмесi (Қазақстан Республикасының өтiнiм берушiлерi үшiн).

Нұсқаулықтың осы тармағында көрсетiлген құжаттар, сондай-ақ өтiнiмнiң

мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi аудармалары өтiнiм келiп түскен күннен бастап

екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы керек. Тиiстi құжаттар белгiленген мерзiмде келiп

түспесе, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

Осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған

көшiрмесi, сондай-ақ осы тармақтың 7) тармақшасына сәйкес көрмелiк басымдықты

сұратудың заңдылығын растайтын құжат өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен

күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы керек.

3. Алдын ала сараптама жасау

7. Алдын ала сараптама жасау барысында ұсынылған өтiнiм құжаттарының және

оларда қамтылған мәлiметтердiң жинақтылығы мен осы Нұсқаулықта белгiленген

талаптарға сәйкестiгi анықталады. Өтiнiм беру төлемi осы Нұсқаулықтың 7-тармағы 3)

тармақшасына сәйкес тексерiледi. Тауарлардың және қызметтердiң тiзбесiн тексеру мен

түзету ТҚХС-тың қолданыстағы редакциясына сәйкес жүргiзiледi.

Алдын ала сараптама өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап

екi ай iшiнде жүргiзiледi. Өтiнiм берушiге сұрау жiберiлген кезде бұл мерзiм

ұзартылады. Өтiнiм факс арқылы келiп түскен кезде алдын ала сараптама жасауды

жүргiзу мерзiмi өтiнiмнiң түпнұсқасы келiп түскен күннен бастап есептеледi.

Алдын ала сараптама жасаудың нәтижелерi бойынша оның аяқталған сәтiнен бастап

он күн iшiнде өтiнiм берушi не болмаса өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы, не

болмаса өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарландырылады.

8. Өтiнiмдi қарауға қабылдау туралы хабарлама өтiнiм осы Нұсқаулықтың 2-

тарауында белгiленген талаптарға толық сәйкес болған жағдайда жiберiледi және

мынадай мәлiметтер қамтылады:

өтiнiмнiң нөмiрi, оның берiлген күнi;

өтiнiм берушiнiң аты-жөні немесе атауы;

мәлiмделген белгiнiң бейнесi;

ТҚХС-тың сыныптарын көрсету;

басымдық сұратылған кезде - басымдық күнi, конвенциялық басымдық сұратылған

өтiнiмдер үшiн бiрiншi өтiнiмнiң нөмiрi, оның берiлген күнi мен ДЗМҰ ST.3 стандарты

бойынша елдiң коды.

9. Өтiнiлетiн кескiндеменi тiркеуге және тауарлар мен қызметтердің тiзбесiн,

өтiнiм берушiнiң аты-жөнiн/атауын атап отырып, тауар таңбасы тiркеу туралы

өтiнiшiнiң түскен күнi немесе соңғысының түскен күнi, егер олар бiруақытта

берiлмеген болмаса, тауар таңбасын тiркеуге арналған өтiнiмдi беру күнi болып

танылады.

10. Егер алдын ала сараптама жасау сатысында өтiнiм осы Нұсқаулықта

белгiленген оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып, ресiмделгенi

анықталса, өтiнiм берушiге орын алған олқылықтар көрсетiлген және жеткiлiксiз

немесе түзетiлген мәлiметтердi және/немесе құжаттарды сұрау жiберiлген күннен

бастап үш ай iшiнде беру ұсынылған сұрау жiберiледi.

11. Сараптаманың сұрауына жауап оның жiберiлген күнiнен бастап үш айдан

кешiктiрiлмей ұсынылуы керек. Бұл мерзiм өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша алты

айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Сұратылған құжаттар сараптама талаптарын

қанағаттандырмаса өтiнiм берушiге қайта сұрау жiберiлуi мүмкiн. Өтiнiм бойынша

алдын ала сараптама сұрауға жауап келгенге дейiн тоқтатылады.

Сұратылған мәлiметтер және (немесе) сараптаманың талаптарын қанағаттандыратын

құжаттар дер кезiнде ұсынылған жағдайда өтiнiм берушiге өтiнiмнiң берiлген күнiн

белгiлей отырып, өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы хабарлама жiберiледi.

12. Сараптаманың сұрауына жауап болмаған кезде және өтініш беруші белгіленген

жауап беру мерзімін бұзса, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi, ол туралы

өтiнiм берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап төрт ай өткеннен кейiн өтінімді

қараудан бас тартылғандығы жөнінде хабарландырылады.

13. Сараптама жасау ұйымы өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тарту туралы

хабарламаны өтiнiм берушiге өтiнiмде осы Нұсқаулықта көзделген мәлiметтер мен

өтiнiмге қоса берiлетiн құжаттар болмаған жағдайда, оның iшiнде өтiнiмдi беру

төлемiнiң дер кезiнде төленгенiн және өкiл арқылы iс жүргiзген кезде сенiмхаттың

бар болуын растайтын құжат сұрау салу жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде

ұсынылмаған жағдайда жiберiледi.

4. Толық сараптама

14. Мәлiмделген белгiнiң толық сараптамасы қарауға қабылданған өтiнiмдер

бойынша алдын ала сараптама аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.

15. Толық сараптама жүргiзу барысында, алдын ала сараптама жасау сатысында

тексеру жүргiзiлгендердi қоспағанда, мәлімделген белгінің Заңның 6, 7-баптарында

белгіленген талаптарға, сондай-ақ өтiнiм құжаттарының осы Нұсқаулықтың 6-тармағында

көзделген өтiнiмнiң мазмұны мен ресiмделуiне және оған қоса берiлетiн құжаттарға

қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.

Толық сараптама өтiнiм берiлген күннен бастап он екi ай iшiнде жүргiзiледi.

Өтiнiм берушiге сұрау жiберілсе, онда өтiнiм сараптамасы сұрауға жауап алынғанға

дейiн тоқтатыла тұрады.

Егер мәлiмделген белгiге сараптама жасау барысында оған ұқсас немесе араласу

дәрежесiне дейiн бірдей және бұрынғы басымдығы бар басқа белгi анықталса, онда осы

өтiнiм бойынша iс-жүргiзу бұрын басымдығы бар өтiнiм бойынша шешiм қабылдағанға

дейiн тоқтатыла тұрады.

Толық сараптама нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы мәлiмделген белгiнi тауар

таңбасы ретiнде тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

Егер сараптаманың нәтижесiнде белгi Заңның 6 және 7-баптарында белгiленген

талаптардың ең болмағанда бiреуiне сәйкестiгi анықталса, сараптама жасау ұйымы

тауар таңбасын тiркеуден бас тарту туралы сараптамалық қорытынды шығарады.

Сараптамалық қорытындының негiзiнде уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмі iшiнде

мәлiмделген белгiнi тауар таңбасы ретiнде тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы

шешiм қабылдайды.

16. Мәлiмделген белгi Заңның 6 және 7-баптарында белгiленген талаптарына

сәйкес болған кезде сараптама жасау ұйымы тауар таңбасын тiркеу туралы шешiмдi

қабылдайды.

Егер мәлiмделген белгi тек ұсынылған тауар тiзбесi бөлiгiнде ғана белгiленген

талаптарға сәйкес келсе, тауардың осы бөлiгiне қатысты тауар таңбасын тiркеу туралы

шешiм шығарылады.

Егер тауар таңбасы Заңның 6-бабының 1-тармағында көрсетiлген белгiлердi

қамтыса және олар басым жағдайға ие болмаса - дискламациямен дербес құқықтық қорғау

берiлмейтiн элементтер көрсетiле отырып, шешiм шығарылады.

Тауар белгiсiн тiркеу мүмкiндiгi туралы сараптама қорытындысы мынадай

мәлiметтердi қамтиды:

тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгi;

тауар таңбасы иесінiң атауы немесе аты, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң

коды;

өтiнiмнiң нөмiрi;

берiлген күнi;

егер конвенциялық басымдық сұратылатын болса, негiзiнде конвенциялық басымдық

белгiленген өтiнiмнiң нөмiрi, берiлген күнi және берген елдiң коды;

егер көрмелiк басымдық сұратылса, көрмелiк басымдықтың күнi;

ТҚХС-тың сыныптамасы бойынша топтастырылған тауарлар мен қызметтердiң

тiзбесi;

қорғаудан шығарылған элементтер;

егер ұжымдық тауар таңбасы тiркелсе, тауар таңбасының ұжымдық болып

табылатындығын көрсету;

егер тауар таңбасы түсте тiркелген болса, түстi немесе түс үйлесiмiн көрсету.

17. Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына қарсылық оның жiберiлген

күнiнен бастап үш ай iшiнде қабылданады. Қарсылықты ұсыну мерзiмi өтiнiм берушiнiң

өтiнiшi бойынша алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.

18. Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына арналған қарсылықты

қарағаннан кейiн, уәкiлеттi орган тауар таңбасын тiркеу немесе тiркеуден бас тарту

туралы шешiм шығарады.

19. Тауар таңбасының тiркеуге жол бермейтін абсолюттiк негiздер бойынша

тексерiс Заңның 6-бабының ережелерi негiзiнде жүргiзiледi.

20. Тұтынушының ойында шындыққа үйлеспейтiн тауардың белгiлi бiр сапасы, оны

әзiрлеушi немесе шығарылған жерi туралы түсiнiктi туындататын белгiлер жалған

немесе тауарға немесе оны әзiрлеушiге қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін

белгiлер болып танылады.

Белгі элементтерiнiң ең болмағанда бiреуi жалған немесе жаңылыстыруы мүмкін

болып табылса, белгi жалған немесе адастыратын болып танылады.

21. Өтiнiм берушiнiң тұратын жерiне қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін

географиялық атаулар не болмаса географиялық атауларды бiлдiретiн белгiлер, сондай-

ақ егер бiр иеленушiнiң атына атауды тiркеу үшiншi тұлғалардың құқығын шеттейтiн

жағдайда тауар белгiлерi ретiнде тiркелмейдi.

Тауар шығарылған немесе сатылған және әзiрлеушiнiң тұратын жерге көрсету

ретiнде қабылдануы мүмкiн тек қана географиялық атаулардан тұратын белгiлер

тiркелмейдi.

Егер тауар шығарылған жерді көрсететін болып қабылдануы мүмкiн географиялық

атау мәлiмделген белгiнiң құрамына енсе, тiркеу оны қорғалмайтын элемент ретiнде

көрсете отырып, жүргiзiледi.

Егер тiркеуге тауар шығарылған немесе сатылған және әзiрлеушiнiң тұратын

жерін көрсететiн атағы онша жайылмаған географиялық атау мәлiмделсе, бiрақ ақпарат

көздерiнде ол туралы мәлiмет болмаса, онда осы географиялық атауға құқықтық қорғау

беріледі.

22. Әдепсiз мазмұндағы, адамгершiлiкке қарсы сипаттағы, адамның қадiр-

қасиетiн, ұлттық немесе дiни сенiмiн қорлайтын белгiлер қоғамдық мүддеге,

адамгершiлiк қағидаларына және моральға қарсы болып танылады.

Егер мәлiмделген белгi осы Нұсқаулықтың 22, 23-тармақтарында және осы

тармақтың 1 бөлігінде көрсетiлген белгiлердiң ең болмағанда бiреуiн оның

элементтерi ретiнде қамтыса немесе тек қана Заңның 6-бабының 1-тармағында

көрсетiлген белгiлерден тұрса, онда сараптама оны тауар таңбасы ретiнде тiркеудiң

мүмкiн еместiгi туралы қорытынды жасайды.

Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген белгiлер тауар таңбасында тиiстi

құзыреттi органдардың немесе иеленушiлердiң келiсiмiмен, егер онда басым жағдайды

иеленбесе қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылады.

23. Зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтарды бұрынғы иеленушiлермен

белгiнiң ұқсастығы мен сәйкестiгiн тексеру Заңның 7-бабының 1 және 2-тармақтарының

негiзiнде жүзеге асырылады.

Барлық элементтерiнде бiр-бiрiне дәл келетiн белгiлер ұқсас болып танылады.

24. Сараптама жаңашылдыққа iздестiру нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.

Iздестiру:

Қазақстан Республикасында бұрын тiркелген тауар таңбалары және бұрынғы

басымдығы бар тауар таңбалары ретiнде тiркеуге мәлiмделген белгiлерi арасында;

жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбалары арасында;

бұрын тiркелген және тiркеуге басымдық күнiне дейiн мәлiмделген тауар

шығарылған жердiң атаулары арасында;

бұрын тiркелген не болмаса сараптама жасау ұйымына үшiншi тұлғалардың атына

тiркеуге мәлiмделген, бұрынғы басымдығы бар өнеркәсiп үлгiлерi арасында жүзеге

асырылады.

Iздестiру кезiнде үшiншi тұлғалардың халықаралық келісімдердің күшiне сәйкес

Қазақстанда тiркелмей қорғалатын тауар таңбалары ескерiледi.

25. Ұқсастық пен бірдейлікке тексеру кезiнде мына әрекеттер жүзеге асырылады:

ұқсас және бірдей белгiлердi iздестiру жүргiзiледi;

мәлiмделген және анықталған белгiлердiң бірдейлік дәрежесi айқындалады;

мәлiмделген тауарлардың анықталған ұқсас және бірдей белгiлер тiркелген

(мәлiмделген) тауарлардың бiртектестiгi айқындалады.

Бұл ретте Заңның 17-бабына сәйкес тiркеу iс-әрекетi тоқтатылған күннен бастап

бiр жыл мерзiм аяқталмаған тауар таңбалары, сондай-ақ тiркеуден бас тартылған және

шешiмдi қорғау мерзiмi аяқталмаған тауар таңбалары назарға алынады.

Құрамдас белгiлер құрамдас белгiлердің құрамына енетiн құрамдас белгiлердiң

жалпы және белгiлердің түрлерiнiң бірдейлігіне зерттеледi.

Сөз белгiлерiнiң бірдейлiгi:

сөз белгiлерiмен;

құрамына сөз элементтерi енетiн құрамдас белгiлермен салыстыру жолымен

айқындалады.

Сөз белгiлерiнiң үйлестiгi олардың фонетикасы (дыбыстық үйлестiк), графикасы

(көзбен көру үйлестiгi) және семантикасы (мәнi бойынша үйлестiк) жоспары бойынша

айқындалады.

Мынадай белгiлердiң:

буын санының;

дыбысталуы бойынша жақын және дәл келетiн әрiптер мен дыбыстардың болуының;

белгiнi құрайтын дыбыстардың жақындығының;

дәл келетiн буындардың болуы және олардың орналасуының;

белгi құрамындағы дәл келетiн дыбыс тiркестерiнiң орнының;

дауысты дыбыстар құрамының жақындығының;

дауыссыз дыбыстар құрамының жақындығының;

белгiлердiң дәл келетiн бөлiктерiнiң сипатының;

бiр белгiнiң басқа белгiге кiруiнiң;

екпiн және тағы басқаларының негiзiнде дыбыстық (фонетикалық) бірдейлік

айқындалады.

Бұл сипаттамалар жеке алғандағы кез келгенi сияқты дыбыстық бейненi құру

кезiнде және тұтынушының қабылдауы кезiнде олардың бiлдiретiн мағынасына байланысты

әр түрлi тiркестерде де ескерiле алады.

Сөз белгiлерiнiң графикалық (көзбен шолу) үйлестiгi мыналардың:

жалпы көргендегі әсерiнiң;

шрифт түрiнiң;

жазылу амалының, оның iшiнде әрiптер мен алфавит орналасуының;

түстiң және түс үйлесiмдiгiнiң негiзiнде анықталады.

Iздестiру сөз және сөздiк сипаты бар графикалық белгiлер арасында жүзеге

асырылады.

Мағыналық (семантикалық) бірдейлік тауар таңбасын қазақстандық тұтынушының

қабылдауы ескерiле отырып:

түсiнiктiң, ойдың қатар келуi;

түсiнiктiң, ойдың қарама-қайшылығы сияқты өлшемдерi бойынша айқындалады.

Логикалық екпiн түсетiн және дербес мағынасы бар белгiлер элементтерiнен

бiреуiнiң дәл келуi ескерiледi.

Бейнелеу және көлемдi белгiлердiң үйлестiгi, атап айтқанда мынадай

белгiлердiң негiзiнде айқындалады:

сыртқы пiшiнi;

симметрияның болуы немесе болмауы;

бейненiң түрi мен сипаты;

түс үйлесiмi.

26. Түс пен түс үйлесiмi тауар таңбасының жалғыз белгiлерi бола алмайды, тек

оның мәндi қосымша белгiлерi болып есептеле алады.

27. Тауарлардың бiртектестiгiн анықтау тұтынушыда бұл тауарлардың бiр

өндiрушiге қатысты екендiгi туралы ойдың туындау мүмкiндiгiн айқындау мақсатында

жүзеге асырылады.

Бiр текке (түрге) жататын олардың ұқсас немесе үйлес белгiлерiн таңбалау

кезiнде тұтынушыда олардың бiр өндiрушiге тиiстiлiгi туралы түсiнiктi туындатуы

мүмкiн бiр функцияны атқаратын тауарлар бiртектес тауарлар болып табылады.

Тауарлардың бiртектестiгi мынадай белгiлердiң негiзiнде айқындалады: тегi

(түрi), мақсаты, сату шарттары, тұтынушылар шеңберi.

Тауарлардың бiртектестiгiн айқындау кезiнде өтiнiмдегi тауарлар тiзбесiн

ұқсас немесе бірдей тауар таңбалары тiркелген немесе мәлiмделген тауарлар

тiзбесiмен салыстырылады.

Тауарлар ТҚХС-тың бiр сыныбына жатқызылғанның негiзiнде оларды бірдей ретiнде

бағалауға болмайды, әр түрлi сыныптарға жатқызылуы олардың бiртектестiгiнiң дәлелi

бола алмайды.

Заңның 7-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тауар белгiсiмен

араласу дәрежесiне дейiн ұқсас бiртектi тауарлар белгiсiн тiркеу, құқық иеленушiнiң

келiсiмiмен жүргiзiледi.

28. Мәлiмделген белгi немесе оның элементтерi мыналардың:

бұрын тіркелген авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында

белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары

мен олардың фрагменттерiн;

осы адамдардың жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн,

есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен

факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы

тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, оларды қайталамай ма екендігiн

айқындау мақсатында сараптама барысында өтiнiм берушiге сұрау жiберiледі.

Сұрауға жауап болмаған кезде сараптама мәлiмделген белгiнi тауар таңбасы

ретiнде тiркеудiң мүмкiн еместiгi туралы қорытынды жасайды.

Белгiнiң Заңның 7-бабының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарына

сәйкестiгiн тексеру сараптама жүргiзу барысында көпшiлiк қол жеткiзген болып

табылатын мәлiметтер көлемiнен шыға отырып, жүзеге асырылады.

29. Тауар таңбаларында авторлық және бiр-бiрiмен байланысты құқықтарды,

жалпыға мәлiм адамдардың аттарын, тектерiн, лақап аттарын, портреттерiн және өзге

белгiлердi жеке мүлiктiк емес құқықтарды бұзуды болдырмас үшiн осы адамдардың не

болмаса олардың құқықтық мирасқорларының жазбаша келiсiмiмен ғана пайдалануға

болады.

Егер осы белгiлер Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігі

болып табылса, оларды тауар таңбасы ретiнде пайдалануға құзыретті органның

рұқсатының болуы мiндеттi.

Тауар таңбасы ретiнде тектi пайдалану кезiнде соңғыны телефон анықтамасында

20-дан астам рет ескеру жеке мүлiктiк емес құқықтардың бұзылмауы болып табылады.

30. Егер өнеркәсiптiк үлгiлердi өндiретiн белгiлер Қазақстан Республикасында

өнеркәсiптiк үлгiлер ретiнде қорғалатын болса, үшiншi тұлғалардың атына не болмаса

үшiншi тұлғалардың атынан сараптама жасау ұйымына бұрынғы басымдығы бар

өнеркәсiптiк үлгiге арналған ұқсас өтiнiм берiлсе, олар тауар таңбалары ретiнде

тiркелмейдi.

Iздестiру Қазақстан Республикасында мәлiмделген және тiркелген өнеркәсiптiк

үлгiлердiң қоры бойынша жүргiзiледi.

31. Қазақстанда үшiншi тұлғалардың атына тауар шығарылған жердiң атауларымен

тiркелген ұқсас не болмаса араласу дәрежесiне дейiн бірдей белгiлер тауарлардың кез

келген сыныптарына қатысты тiркелмейдi. Iздестiру Қазақстан Республикасында

тiркелген тауар шығарылған жерлер атауларының қоры бойынша жүргiзiледi.

32. Белгiленген тәртiппен тiркелген сертификаттық белгiлер, сапаға сәйкестiк

белгiлерi тауар таңбалары ретiнде тiркеуге жатпайды.

33. Тиiстi әрекеттердiң төлемiн тексеру алдын ала және толық сараптама

барысында:

төлемдi растайтын құжаттың бар-жоғын тексеру;

төлем сомасын тексеру;

төлемдi растайтын құжаттағы реквизиттердiң дұрыстығын тексеру жолымен жүзеге

асырылады.

Толық сараптама жүргiзгенi үшiн төлемдi растайтын құжат өтiнiмдi қарауға

қабылдау туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей

ұсынылады.

Төлемдi растайтын құжат болмаған немесе мерзiмiнде келiп түспеген кезде

өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi, бұл туралы өтiнiм берушi жазбаша нысанда

хабарландырылады.

Өтiнiмдi бергенi үшiн төленген соманың жетiспеушiлiгi анықталған кезде өтiнiм

берушiге қосымша төлем төлеу қажеттілігі туралы тиiстi сұрау жiберiледi.

5. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тiркеу

34. Тауар таңбасын тiркеу туралы шешiмнiң негiзiнде және мемлекеттiк баж

төлемi расталған кезде сараптама жасау ұйымы тауар таңбасын (бұдан әрi -

Мемлекеттiк тiзiлiм) оған реттiк нөмiр (бұдан әрi - тiркеу нөмiрi) бере отырып және

мәлiметтердiң енгiзiлген күнiн (бұдан әрi - тiркеу күнi) көрсете отырып, Қазақстан

Республикасының қорғалатын Тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының, тауар

шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркейдi.

Мемлекеттiк тiзiлiмге тауар таңбасын тiркеу кезiнде мынадай мәлiметтер:

тауар таңбасын тiркеу күні мен нөмiрi (куәлiктiң нөмiрi);

тауар таңбасының кескiнi;

ТҚХС-тың индексi;

иеленушiнің тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса), заңды тұлғаның толық

атауы және елдiң коды көрсетiлген оның тұрғылықты жерiнiң немесе тұратын жерiнiң

мекен-жайы;

өтiнiмнiң нөмiрi және сараптама жасау ұйымына берiлген күнi;

тауар таңбасы тiркелген тауарлар мен қызметтердiң тiзбесi;

елi, нөмiрi және егер конвенциялық басымдық анықталса, бiрiншi өтiнiмнiң

берiлген күнi;

хат алмасуға арналған мекен-жайы;

өкiл туралы мәлiмет (патенттiк сенiмдi өкiл туралы);

куәлiктiң берiлгенi туралы мәлiметтi жариялау күнi және ресми бюллетеннiң

нөмiрi;

тауар таңбасын тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтер енгiзiледi.

Көрсетiлген мәлiметтердi енгiзу олардың алдында тиiстi ИНИД (ДЗМҰ-ның

стандарты бойынша) коды қойыла отырып, қоса берiледi және жариялау кезiнде

пайдаланылады. Елдiң коды тиiстi ДЗМҰ-ның стандартына сәйкес қойылады.

35. Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттiк тiзiлiмге уәкiлеттi органның,

апелляциялық кеңестің, сот органдарының шешiмдерi және иеленушiлердiң (олардың

құқықтық мирасқорларының немесе өкiлдерiнiң) өтiнiшхаттары (өтiнiштерi) негiзiнде

тауар таңбасын тiркеудiң құқықтық мәртебесiнiң кейiнгi өзгерiстерi мен

толықтырулары туралы мынадай:

қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы тiркелген шарт туралы;

тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы тiркелген лицензиялық шарт

туралы;

тауар таңбасының толық және/немесе бөлiгiн тiркеуге жарамсыз деп танылуы

туралы;

ашық лицензияға құқықтың ұсынылуы туралы;

иеленушiнiң бастамасы бойынша тауар таңбасын тiркеу әрекетiнiң тоқтатылуы

туралы;

тауар таңбасын тiркеу әрекетi мерзiмiнiң ұзартылуы туралы;

иеленушi атауының оның қайта құрылуына (құқықтық мирасқорлығына) байланысты

өзгертiлуi туралы және/немесе оның тұратын жерi мекен-жайының өзгертiлуi туралы;

иеленушi тегiнiң, атының, әкесi атының (егер ол болса) өзгеруi туралы

және/немесе тұрғылықты жерi мекен-жайының өзгертiлуi туралы;

хат алмасуға арналған мекен-жайдың өзгертiлуi туралы;

анық және техникалық қателiктердiң түзетiлуi туралы, сондай-ақ тауар таңбасын

тiркеуге қатысты басқа да өзгерiстер туралы мәлiметтердi енгiзедi.

36. Заңының 3-бабына сәйкес уәкiлеттi орган тауар таңбасына арналған куәлiктi

бередi. Куәлiк мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толтырылады және оның иесінің заңды

мекен-жайына немесе өкiлге (патенттiк сенiмдi өкiлге) берiлген сенiмхатқа сәйкес не

болмаса өтiнiш бойынша (жазбаша түрде) өтiнiм берушi (иеленушi) көрсеткен өзге

мекен-жайға тапсырысты пошта арқылы жiберiледi. Өтiнiм берушi куәлiк берiлгенге

дейiн уәкiлеттi органға немесе сараптама жасау органына тұрғылықты жерiнiң немесе

тұратын жерiнiң (заңды мекен-жайының) мекен-жайының өзгеруi туралы хабарлауға

мiндеттi.

Тауар таңбасын тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерiстер (тiркелген шарттар туралы

мәлiметтi қосқандағы), толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер туралы және тауар

таңбасын тiркеу әрекетiнiң ұзартылуы туралы Мемлекеттiк тiзiлiмде жазылғаннан кейiн

уәкiлеттi орган куәлiктiң айырылмас бөлiгi болып табылатын Куәлiкке қосымшаны

бередi. Қосымша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толтырылады.

37. Мемлекеттiк тiзiлiмге және куәлiкке иеленушiнiң - заңды тұлғаның атауына

және/немесе тұратын жерiнiң мекен-жайына, иеленушiнiң - жеке тұлғаның тегiнiң,

атының, (және әкесiнiң атының, егер ол өзгертiлсе) және/немесе иеленушiнiң

тұрғылықты жерiнiң мекен-жайының өзгертiлуi туралы өзгеруi туралы өзгерiстер

енгiзiледi.

Өзгерiстер тиiстi өзгерiстердi енгiзу туралы куәлiктiң нөмiрi, заңды тұлғаның

ресми атауы, тегi, аты, (және әкесiнiң атын, егер болса) тұрғылықты жерiнiң

және/немесе тұратын жерiнiң мекен-жайы көрсетiле отырып, өтiнiшхатты беру жолымен

енгiзiледi. Өтiнiш хатқа иеленушi немесе сенiмхат бойынша оның патенттiк сенiмдi

өкiлi қол қоюы керек.

Иеленушiнiң атауына заңды тұлғаны қайта құру және/немесе тарату салдарынан

өзгерiстер енгiзу кезiнде өтiнiшхатқа қол қойылады және Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес берiледi. Бұл ретте мүдделi тарап тиiстi өзгерiстердi (қайта

құру кезiнде) растайтын және/немесе заңды тұлғаның таратылу фактiсiн дәлелдейтiн

құжаттарды ұсынады.

Шетелдiк өтiнiм берушiнiң (иеленушiнiң) өкiлдерi ұсынатын ресми құжаттар

тиiстi елдің апостилдi қою жолымен куәландырылады.

Егер құжаттар болмаса және/немесе ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес

келмесе, иеленушiге хабарлама жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде оларды ұсыну

қажет екендігі айтылады.

Сұратылған құжаттар белгiленген мерзiмде ұсынылмаған кезде, өтiнiшхат

берiлмеген болып есептеледi, өзгерiстер енгiзiлмейдi, бұл туралы иеленушi

хабарландырылады.

Тауар таңбасына құқық өзге тұлғаға берілген жағдайында (тауар таңбасына

арналған құқықты беруден басқа) өзгерiстер тауар таңбасы құқықтық мирасқорының

куәлiктiң нөмiрi көрсетiлген өтiнiшхаты бойынша енгiзiледi. Өтiнiшхатта құқықтық

мирасқор туралы мәлiметтер көрсетiледі және тауар таңбасына құқықтың өзгеге

берілуін растайтын құжаттардың куәландырылған көшiрмелерi қоса берiлуi керек.

Тауар таңбасына құқық өзгеге берілген жағдайда өзгерiстер Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес енгiзiледi.

38. Өтiнiмдегi немесе тауар таңбасын иеленушi ұсынған басқа да құжаттағы,

Мемлекеттiк тiзiлiмде және (немесе) мәлiметтерде көрсетiлген, бюллетенде

жарияланған қателiктер тауар таңбасын иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша түзетiледi.

39. Тауар таңбаларын тiркеуге қатысты, Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген

мәлiметтер, сондай-ақ тiркеуге қатысты одан кейiнгi барлық өзгерiстер ресми

бюллетенде жарияланады.

40. Мүдделi тұлғалардың өтiнiшхаты бойынша сараптама жасау ұйымы Мемлекеттiк

тiзiлiмнен үзiндiнi ұсынады.

6. Қорытынды ережелер

41. Заңның 45-бабына сәйкес сараптама ұйымының осы Заңда көзделген, тауар

таңбасын тiркеуге өтiнiмдер, тауар шығарылған жерлердiң атауларын пайдалану құқығын

тiркеуге және беруге өтiнiмдер қабылдауды, сараптама жүргiзудi және оларға

қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер туындататын өзге де iс-әрекеттердi қамтитын

iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн сараптама ұйымы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына ақы алады.

Тауар таңбасына өтiнiмдi

құрастыру, ресiмдеу және қарау

жөнiндегi нұсқаулығына

Қосымша

ТТ-1 нысаны

Келіп түскен күні Берілген күні өтінім №

Тауар таңбасын тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет

Ө Т І Н І М министрлігінің Зияткерлік меншік

құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік

меншік институты» Республикалық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына

010000‚ Астана қаласы‚ сол жағалау,

Министрліктер үйі, Орынбор көшесі,

8 № В 13 подъезд, № 4 корпус

Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету таңбасы) ретiнде ұсынылған

белгiнiң тiркелуi сұралады

[MISSING IMAGE: , ]ұжымдық тауар

таңбасы

Ұйымдастыру - құқықтық қалпын белгiлеп, өтiнiш

берушiнiң толық атауы (егер өтiнiш берушi - жеке

тұлға болса, аты-жөнi және әкесiнiң аты)*.

ДЗМҰ ST.3 Стандарт бойынша

елдiң коды (егер белгiлi

болса)

Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер

(Қазақстан Республикасының өтiнiш берушiлерiне)

Өтiнiш берушiнiң мекен-жайы**, телефоны, телефаксi, E-mail

Патенттік сенiмдi өкiлi немесе басқа өкiлi

Хат алмасуға мекен-жайы (адресаттың белгiлеп, толық пошталық мекен-жайы),

телефоны, телефаксi, E-mail

Ерте берiлген өтiнiм (өтiнiмдер) бойынша конвенциялық басымдығы сұралады

Бiрiншi өтiнiм нөмiрi

Сұралатын

басымдық

күнi

ST.3 стандарт бойынша

елдiң коды

көрмелiк басымдығы сұралады Ашық көрсетiлiмнiң басталу күнi

Мәлiмденген белгi:

_______________________

| | Стандартты шрифтық орындаудағы

| | тауар таңбасы

| | Транслитерациясы

| | Аудармасы

| | Көлемдi тауар таңбасы

| | Түстiк орындаудағы тауар белгiсi

| | Түстердi атау

|_______________________|

* Қазақстан Республикасының өтнiшi берушiлерiне қазақ және орыс тiлдерiнде

толтырылады

Шетел өтiнiш берушiлерi үшiн латын әрiптерiмен қазақ (немесе орыс)

транслитерациясында,

** шетел өтiнiш берушiлерiне латын әрiптерiмен керегiн белгiлеу керек

ТҚХС сыныптары бойынша топталған, тауар белгiсiн қорғауға сұралатын, тауарлар

мен қызметтер

Мәлiмденген белгi Қазақстанда бұдан ерте тiркеуден өткен.

Тiркеу N _______

________________________________________________________________

Қосымша құжаттар тiзбесi:

Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк тiркеуiн растайтын

құжат

[MISSING IMAGE: , ] Мәлiмденген белгiнiң кескiнi: ақ-қара ____ данасында, түстi

_____ данасында

Белгiнi суреттеу

Тауарлар/қызметтердің тiзбесi (егер бланкiге сыймаса)

Өтiнiш берушiлер тiзбесi (егер бiрнешеу болса)

Төлем туралы құжат: шоты/төлем қағазы N _________ жылғы

Сенiмхат

Ерте берiлген өтiнiмнiң (дер) куәландырылған көшiрмесi

Ерте берiлген өтiнiмнiң көшiрмесi

Ұжымдық белгi туралы келiсiм

басқа да құжаттар (атап өту), соның iшiнде белгiленбегендер ____

барлығы _______________________________________

________________________________________________________________

Осымен, мәлiмденген белгiнi тiркеуге беруi, басқа тұлғалардың

зияткерлiк меншiктiң құқықтарын бұзбайтынын растаймын.

Қолы

Лауазымы (Аты-жөні)

М.О

Күнi

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрінің м.а.

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

5-қосымша

Тауар шығарылған жерлердің атауы мен тауар шығарылған жерлердің атауын

пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, рәсімдеу және қарастыру

жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету

таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына(бұдан әрі -

Заң) сәйкес әзірленді және тауардың шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығын

ресімдеу мен беру өтінімді жасауын нақтылайды, ресімдеу және қарайды, сондай-ақ

тауардың шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығына куәлік берудің ретін

белгілейді.

2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) тауар шығарылған жердің атауы - бұл ерекше қасиеттері тек қана немесе

негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам

факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық

көрсеткіш;

2) өтініш беруші - тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге

және беруге өтінім берген, жеке немесе заңды тұлға;

3) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда

(тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің

атауларын, қорғау саласында қызмет көрсету) қызметтің жүзеге асыратын, уәкілетті

органға ведомстволық бағынысты ұйым;

4) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан

Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

5) Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі ТҚХС) - 1957

жылғы 15 маусымдағы Ницца келісімімен қабылданған, кейіннен өзгерістер мен

толықтырулар енгізілген сыныптама;

6) Дүниежүзілік Зияткерлік меншік Ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) – Зияткерлік

меншік саласында елдің ынтымақтастықты және халықаралық саясатты реттейтін және

қамтамасыз ететін халықаралық ұйым.

2. Тауар шығарылған жерлердің атауына өтінімді жасау және ресімдеу

3. Табиғи және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға

байланысты осы географиялық объектіде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және

тауарлар өндіретін жеке немесе заңды тұлғаларға тауар шығарылған жерлердің атауын

пайдалануға ерекше құқығы бар.

4. Тауар шығарылған жерлердің атауы мен тауар шығарылған жерлердің атауын

пайдалану құқығына берілетін өтінім сараптама жасау ұйымына тікелей немесе почта не

факсимильдік байланыс арқылы жіберіледі.

Егер өтінім факсимильдік байланыс арқылы жіберілсе, ол факспен келіп түскен

күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қағаз көзіндегі түпнұсқамен расталуға тиіс.

Осы талаптар сақталған жағдайында, факс арқылы келіп түскен күні өтінімнің келіп

түскен күні болып саналады. Егер өтінім құжаттары көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен

кейін келіп түссе немесе факс арқылы берілгеннен оның айырмашылығы болса, бұл жерде

құжаттар олардың түпнұсқасының келіп түскен күнінен бастап тіркеледі.

5. Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінім мен оған қоса

берілетін құжаттар егер басқа тілде тапсырылса, онда олар мемлекеттік немесе орыс

тілдеріндегі аудармасы болуға тиіс. Аударма өтінімнің келіп түскен күнінен бастап

екі айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.

6. Өтінім үш данада беріледі.

3. Өтінімге қойылатын талаптар

7. Өтінім тауар шығарылған жердің бір атауына қатысты болуы керек және:

1) өтінім берушіні (өтініш берушілерді), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан

жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, атауға сараптама жүргізу және

(немесе) атауға құқық беру туралы өтінішті;

2) мәлімделген белгіні;

3) тауардың түрін;

4) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;

5) тауар өндірілген жердің нұсқамасын (географиялық объектінің шекарасы)

қамтуға тиіс.

Сараптама жасау ұйымы өтінімде қажетті мәліметтердің болмаған жағдайында,

өтініш берушіге өтінімді қараудан бас тартуын хабарлайды.

8. Өтінімге:

1) Қазақстан Республикасының өтінім берушілеріне:

құзыретті органдардың өтінім берушінің аталған географиялық объектіде тұрып

жатқаны және ерекше қасиеттері сол географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен

және (немесе) адам факторларымен байланысты тауар шығаратыны туралы қорытындысы.

Аталған географиялық объектіде, тауар шығарушы және өндірісінің нақты

тұрғылықты мекен-жайы жергілікті атқарушы органның қорытындысымен расталады.

Егер өтінім жеке тұлғамен берілсе, жеке кәсіпкерліктің және заңды тұлғаның

мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттар қосымша берілуі тиіс.

2) шетел өтінім берушілеріне:

мәлімделген тауар шыққан жер атауын тауар шығарылған елде пайдалану жөніндегі

шетелдік өтінім берушінің құқығын растайтын құжат. Мәлімделген тауар шыққан жер

атауын тауар шығарылған елде пайдалану жөніндегі шетелдік өтінім берушінің құқығын

растайтын құжат ретінде, белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған көшірмесі немесе

түпнұсқадағы, тауардың шыққан жер атауын пайдалануға құқық беретін куәлік

(сертификат) ұсынылуы мүмкін.

3) іс жүргізу өкілі арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхат қоса тіркелуге

тиіс.

4) сараптама ұйымының қызмет ақысын растайтын құжат.

Барлық аталған құжаттар өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей

ұсынылу тиіс.

Аталған мерзімде тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, өтінім қабылданбай

және ол бойынша іс жүргізу жүргізілмейді, бұл туралы өтінім беруші жазбаша түрде

хабардар етіледі.

Өтінім нөмірі жазылмаған құжаттар қараусыз қайтарылады.

9. Өтінім НМ-1 нысаны бойынша бланкте беріледі (осы Нұсқаулықтың 1-

қосымшасы).

"Өтінім" сөзінің үстінде орналасқан бағандар Сараптама жасау ұйымымен

толтырылады.

Егер қандай да бір мәліметтерді толығымен тиісті бағандарға орналастыруға

мүмкін болмаса, оларды сол нысан бойынша қосымша парақта жазып өткізеді.

10. Өтінім бағаналары ДЖЗҰ кодына сәйкес толтырылады:

Өтінімнің 711-кодының бағанында мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа сәйкес

заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, есімі, әкесінің есімі (егер

болса) көрсетіледі.

Дүниежүзілік Зияткерлік меншік Ұйымының SТ.3 стандарты (ДЗМҰ SТ.3 стандарты)

бойынша мемлекет коды көрсетіледі.

711-кодының бағанынан кейінгі өтінім бағанында өтінім берушінің толық почта

мекен-жайы (заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері),

сондай-ақ телефон, телекс, факс нөмірлері көрсетіледі.

Өтінімнің 750-кодының бағанында хат алмасу үшін, адресаттың мекен-жайы, есімі

немесе атауы көрсетіледі. Хат алмасудың мекен-жайы ретінде Қазақстан

Республикасындағы өкілдің мекен-жайы да көрсетіледі.

Өтінімнің 740-кодының бағанында тек өтінім беруші өкілді белгіленгенде, соның

ішінде патенттік сенім білдірушіні тағайындаған жағдайда толтырылады, онда ол

туралы мәлімет беріледі: тегі, аты, әкесінің аты (егер болса).

11. Өтінімнің 540-кодының бағанында географиялық объекті атауын немесе сол

атаудың тауар көрсеткіші түрімен үйлесуін көрсететін мәлімделген белгі көрсетіледі.

Тауар шыққан жердің атауы ретінде елдердің, елді мекендердің, жерлердің,

соның ішінде олардың тарихи атаулары, сондай-ақ басқа географиялық объектілердің

атаулары тіркелу мүмкін.

Мәлімделген белгі тауар көрсеткіші түрінің (тегінің) қосымша көрсеткіші болуы

мүмкін, бірақ ол дербес құқықтық қорғаудың мәні болып табылмайды.

Мәлімделген белгі тауар шығарылған жердің атауы ретінде тек осы географиялық

объектіде қасиеттері тура және ең бастысы географиялық ортаға, соның ішінде бір

уақытта табиғи жағдайлар мен (немесе) адамдық факторға байланысты тауарларды

белгілеу үшін пайдаланған жағдайда тіркеледі.

12. Тауарлар шығарылған жерлердің атауы ретінде тіркеуден бас тарту:

1) географиялық көрсеткіштер болып табылатын немесе оларды қамтитын белгілер

тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкін;

2) тауар шығарылған нақты жерді үстірт түрде көрсететін, бірақ тауар басқа

аумақтан шығарылғаны туралы қате түсінік беретін белгілер;

3) тауар шығарылған жермен байланысты емес және Қазақстан Республикасында

белгілі түрдегі тауарлар белгісі ретінде жалпыға ортақ қолданысқа енген белгілер

тіркелмейді.

13. Тауар шыққан жер атауына қатысты, тауар түрін атаған кезде ТҚХС-қа сәйкес

терминология қолданылады. Бұл жерде өтінім беруші, сол географиялық объектіге тән

табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен (ерекше немесе негізінен)

байланысты пайда болған ерекше қасиеттері бар нақты шығарылатын тауарларды атауға

тиіс.

14. Сипаттамада, басқа жерлердегі ұқсас тауарлардан осы тауарды айқындайтын,

географиялық объекті атауына қатысты тауарлардың сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың

сипаттамасы, аталған жерге, табиғи жағдайлармен және адамдық факторларға қатысты

ерекше қасиеттерінің объективті тәуелділігін көрсетеді.

Тауар сипаты жалпы қолданыстағы арнайы (тауар жүргізуші, техникалық)

терминологияға сәйкес дұрыс және нақты болу тиіс.

Сипаттама, тауарды дәстүрлі әдіспен әзірлейтін, тиісті климаттық, геологиялық

және (немесе) басқа да табиғи жағдайлар, адамдарға (ұжымдар) тиісті, бастапқы

шикізаттың аталған географиялық объектіде бар болуына, соның ішінде ақпараттық

сипатта болу тиіс.

15. "тауар шығарылған жері" өтінім бағанында тауардың шығарылған жердің атауы

ретінде танылатын атауы, географиялық объектінің шекарасы туралы мәліметтер, сондай

ақ тауардың нақты шығарылған жері туралы мәліметтер көрсетіледі. Жердің шекаралары

нақты және бір мағыналы белгіленуі тиіс.

16. Өтінімнің "Қосымша берілетін құжаттар" бағанын толтырған кезде X белгісі

қойылады, және тиісті клеткаларда қосымша берілетін құжаттардың әр данасында қанша

бет және даналар саны жазылады. Өтінімде қаралмаған, қосымша берілетін құжаттарға

"басқа құжат" бағанасы нақты көрсетілген.

17. Өтінімнің "Қол қою" бағанына қол қойылған кезде барлық жағдайларында күні

жазылу тиіс.

Заңды тұлға атынан өтінімге қолды, ұйым басшысы немесе лауазымын көрсете

отырып, құрылтайшы құжаттарға уәкілетті тұлға қояды. Қолға мөр қойылады.

Егер өтінім жеке кәсіпкермен берілсе, қолды өтінім беруші қояды.

Патенттік сенімді өкіл арқылы берілген өтінімге, қолды патенттік сенімді

қояды.

Қол, қол қоюшының тегі, аты-жөнімен айырылып оқылады.

Өтінімде қосымша парақтар болған жағдайында, оларға да сол тәртіпте қол

қойылады.

4. Өтінім бойынша іс жүргізу

18. Өтінімге өзгерістерді, толықтыруларды, түзетулерді оның мәнін өзгертпей

және сұратылған қорғаудың көлемін кеңейтпей енгізу өтінімді беру күнінен бастап екі

айдан кешіктірілмей берілген өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша

жүргізіледі.

Негіз бойынша өтініштер жөнінде өтінімді ауыстыратындарға өзгерістер,

толықтырулар және түзетулер енгізілмейді.

19. Өтінім берушінің өтініші бойынша өтінімге түзетулер енгізіледі.

20. Сараптама жасау ұйымына жауап қайтарудың белгіленген мерзімнен

кешіктірілмей, сұрау салуға жауабын ұзарту өтініш берушінің өтініші негізінде

жүзеге асырылады. Сұрау салуға жауабын ұсынылуын ұзартудың максималды мерзімі алты

ай болып табылады.

21. Тауардың шыққан жер атауын пайдалану құқығына куәлікті беруге, қарсылық

білдіруге, өтініш берушімен өткізілген сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімі,

себептерін көрсете отырып, өткізілген мерзімнен екі айдан кешіктірілмей, өтініш

берушінің өтініші негізінде қалпына келтірілуі мүмкін.

22. Заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес, өтініш берушінің сұрауы бойынша

сараптаманың әр этапында өтінімді шақыртып алуға мүмкіндігі бар. Кері қайтарылған

өтінімдер бойынша маңызды заңды әрекеттер жүргізілмейді.

5. Сараптаманы жүргізу тәртібі

23. Сараптама өтінім берген күннен бастап алты ай ішінде жүргізіледі.

Сараптама барысында, осы нұсқаулықпен белгіленген талаптарға, өтінім мазмұнына және

қажетті құжаттардың бар болуына тексеріледі, мәлімденген белгіні Заңның 26 және 27-

баптарына сәйкестігіне талдау жасалады.

24. Сараптама қорытындысы бойынша уәкілетті орган, тауар шығарылған жер

атауын тіркеу және (немесе) оны пайдалану құқығын беру туралы шешімін немесе тауар

шығарылған жер атауын тіркеуден және (немесе) оны пайдалану құқығын беруден бас

тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.

25. Сараптаманы жүргізу барысында төмендегілер тексеріледі:

мәлімделген белгінің Заңның 26, 27 және 29-баптарымен қаралған, талаптарға

сәйкестігі;

егер мәлімделген белгі тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркелген

жағдайында, тауар шығарылған жерлердің атауы ҚР мемлекеттік тізілімідегі (бұдан әрі

– мемлекеттік тізілім) мәліметтерге, сәйкес тауардың ерекше қасиеттерінің

сипаттамасы;

географиялық объектіге ие атау, тауар шығарылған жердің атауы ретінде өтінім

беріледі мәлімделген белгі географиялық объектінің ресми қазіргі атауына немесе

оның ресми тарихи атауына;

өтінімде белгіленген шекараларда, нақты сол жерде, тауардың шыққан атауы

ретінде аталатын атауы, географиялық объектінің орналасуын растайтын мәліметтерді;

Егер географиялық объектінің атауы өзінің тауардың нақты шыққан жерін және

оның ерекше қасиеттерінің бастапқы қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, белгілі

түрдің тауар шығарылған жерімен байланысты емес, географиялық атауы ретінде

қарастырылады.

26. Мәліметтердің барын белгілейтін құзыретті органдар қорытындыларының

мазмұнын тексеруін растайды:

тауар шығарылған жердің атауы ретінде аталатын мекенде өтініш берушінің

табылуын;

тауар шығарылған жердің атауы ретінде аталатын, өтінімде аталатын мекен

аймағында, өтініш берушімен тауар өндірісін;

өтінімде аталған, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам

факторларымен географиялық объектіге тән өтінімде аталған, ерекше қасиеттері тек

қана немесе негізінен анықталатын, өтініш берушіде ерекше қасиеттері бар тауардың

бар екендігін.

27. Егер тізілімде тауар шығарылған жердің атауы тіркеуден өтсе, сараптама

жасау ұйымы, Тізілімде аталған, тауар және оның қасиеттерінің шығарылған жердің

атауына қатысты салыстырмалы талдау жасайды.

Тізілімге енгізілген атауына, объектідегі тауар қасиеттеріне, географиялық

атауына қатысты, тауардың сапалы және/немесе басқа да сипаттарының сәйкес келмеген

жағдайда, мәлімделген белгіге тауар шығарылған жердің атауы пайдалану құқығын

беруге және/немесе тіркеуден бас тартылады.

28.Осы Нұсқаулықпен белгіленген талаптарының және өтінімге қосымша берілетін

құжаттарын сараптама кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, өтінім берушіге

сұрау салу күннен бастап үш ай ішінде, жетіспеген және түзетілген құжаттар мен

мәліметтерді ұсыну ұсынысымен және анықталған бұзушылықтары көрсетілген, өтінім

жіберіледі.

29. Сұрау салуға келесі негіздемелер жатады:

тиісті төлем туралы толық емес және мүлдем төленбеген мәліметтері:

дұрыс төленбеген жағдайда;

өкілге берілген, сенімхаттың мүлдем болмауы немесе қате рәсімделуі;

мәлімденген белгіні анықтау;

тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге

сұралатын, тауар түрін анықтау;

тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге

сұралатын, тауар өндірісінің жерін анықтау;

өтінімде аталған, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасын анықтау;

осы Нұсқаулықтың 8-тармағында аталған және құзыретті органдардың

қорытындысының мазмұнындағы мәліметтерді, сондай-ақ өтінімде анықталған объектіге

қатысты, табиғи жағдайлар мен адамдық факторлардан тауардың ерекше қасиеттері тек

қана немесе негізінен бар екендігін растайтын мәліметтерді анықтауға негіз болып

табылады.

6. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру және (немесе)

тіркеу туралы шешімі

30. Сараптама қорытындылары негізінде құзыретті орган тауар шығарылған жердің

атауын тіркеу туралы немесе онымен пайдалану құқығын беруге шешім қабылдайды.

31. Мәлімденген белгі, өтінімнің басқа да материалдарының және оған қосымша

берілетін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган

тауар шығарылған жердің атауына пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеу туралы

шешімін қабылдайды.

32. Тауар шығарылған жер атауы мемлекеттік тізілімде тіркеуден өткен

жағдайда, сондай-ақ өтінім материалдарының осы Нұсқаулық талаптарының 8-тармағына,

соның ішінде осы Нұсқаулықтың белгіленген талаптарына сәйкес келген жағдайда,

осыған дейін тіркеуден өткен тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру

туралы шешімін қабылдайды.

33. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру және (немесе)

тіркеу туралы шешімінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі:

пайдалану құқығын беру қатысындағы белгіге, тауар шығарылған жердің атауы

ретінде тіркелетін;

тауар шығарылған жер атауына пайдалану құқығы берілетін, тұлға туралы

мәліметтер;

өтінімнің түскен күні;

тауар түрі;

тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы берілетін және/немесе

тіркелетін, тауардың ерекше қасиеттерін сипаттау.

7. Тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын беру және/немесе

тіркеуден бас тарту туралы шешімі 34. Егер сараптама кезінде мәлімденген белгі, Заңның 27 және 29-баптарымен

белгіленген талаптарына сәйкес жауап бермесе, сондай ақ өтінім және оған қосымша

берілген құжаттар осы Нұсқаулықтың талаптарына қайшы толтырылған жағдайда,

құзыретті орган тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден бас тарту

туралы шешім қабылдайды.

35. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және беруден бас

тарту туралы шешімінде тіркеуден бас тарту себептері көрсетіледі.

36. Өтінім беруші тіркеуден бас тарту шешімі жіберілген күннен бастап үш ай

ішінде Заңның 31-бабы 2-тармағы негізінде сараптама жасау ұйымына сараптаманың

шешімін қайта қарау туралы өтінішімен дәлелді қарсылық ұсыну құқылы.

37. Сараптаманың қайталама шығарылған шешімімен келіспеген жағдайда, өтінім

беруші Заңның 12-бабының 5-тармағымен қаралған тәртіпте қарсылық білдіру құқығы

бар.

8. Тауар шығарылған жер атауы және тауар шығарылған жер атауын пайдалану

құқығын беру туралы мәліметтерді тіркеу

38. Сараптама жасау ұйымы куәлік алуға дайындығы және мемлекеттік баждың

тиісті төлемі расталғаны және тіркеу туралы шешімінің негізінде, Қазақстан

Республикасы шығарылған жер атаулары Мемлекеттік тізілімде (бұдан әрі - мемлекеттік

тізілім) нөмірленіп (бұдан әрі - тіркеу нөмірі) және мәліметтерді енгізу күнін

көрсетіп (бұдан әрі - тіркеу күні), шыққан жер атауын пайдалану құқығын беру туралы

мәліметтері және шығарылған жер атауын тіркейді.

39. Мемлекеттік тізілімге тауар шығарылған жер атауы, тауар шығарылған жер

атауының нөмірі мен тіркеу күні, тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы, тауар

шығарылған жер атауы пайдалану құқығының барлық иелері және олардың мекен-жайы

туралы, сондай-ақ аталған мәліметтердің өзгерістерімен өтінімдердің күні мен нөмірі

енгізіледі.

40. Заңның 33-бабына сәйкес уәкілетті орган куәлікті беруін жүргізеді. Куәлік

орыс және мемлекеттік тілде толтырылады. Куәлік иесінің заңды және берілген

сенімхатқа сәйкес өкілдің (патенттік сенімді өкілдер) мекен - жайына, немесе өтініш

берушімен (жазбаша түрде) өтініші бойынша көрсетілген басқа да мекен - жайға

тапсырысты пошталық жіберіліммен жіберіледі.

41. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесі Заңның 33-бабының 2-

тармағына сәйкес тіркеу туралы барлық мәліметтердің өзгерілуі туралы ескертуге

міндетті. Сараптама жасау ұйымы өзгерістер туралы жазбаны мемлекеттік тізілім мен

куәлікке енгізеді.

42. Тіркеуге қатысты мемлекеттік тізілімге енгізілген басқа да өзгерістер

туралы, құзыретті орган куәліктің ажырағысыз бөлігі болып табылатын, Қосымшаны

береді. Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде де толтырылады.

43. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тіркеуге

қатысты, мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады.

9. Ереже қорытындысы 44. Заңның 45-бабына сәйкес, осы Заңмен ескерiлген іс-әрекеттірдің сарапшылық

ұйымымен жүзеге асыруға, тауар таңбаларын тіркеуіне өтінім беруін, тауар шығарылған

жер атауын тіркеуі мен пайдалану құқығына өтінім беруін, сараптама жүргізу және

өзге де іс-әрекеттер қосқанда, тудыратын құқықтар және олардың қатысушыларға

арналған мiндеттер «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» ҚР заңының 40-бабына сәйкес

сараптама ұйымы ақылы төлем төленеді.

Тауар шығарылған жерлердің атауы

мен тауар шығарылған жерлердің

атауын пайдалану құқығына

берілетін өтінімді жасау, рәсімдеу

және қарастыру нұсқаулығына

Қосымша

ТШЖА-1 нысаны

Түскен күні (210)

Өтінім N (220) Берілген күні

Тауар шығарылған жерлердің атауын

пайдалану құқығын тіркеу

және/немесе беру

ӨТІНІШІ

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі

Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті

Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қ., Сол

жақ жағалау, N 35 көше, Министрліктер үйі, 8

үй, № 13 В кіреберіс, № 4 корпус

Төмендегі құжаттарды ұсынып, өтінімге көрсетілген белгіні тауардың шығарылған

жердің атауы ретінде тіркеуін және онымен пайдалану құқығын беруін сұраймыз.

(731) Өтініш беруші: ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды

(ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы, оның

мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның аты-жөні)

Өтініш берушінің толық мекен-жайы

Телефоны Факсі E-mail

(750) Хат алмасу мекен-жайы (толық пошталық мекен-жайы, аты-жөні немесе

адресаттың атауы)

Телефоны Факсі E-mail

(740) Сенімді патент өкілі (аты-жөні, тіркеу нөмірі немесе өтініш берушінің басқа

өкілі)

(540) Мәлімденген белгі (бас әріптермен толтыру)

Тауар түрі немесе нақты тауар

Тауардың ерекше белгілерін суреттеу

Тауардың шығарылған (өндірілген) жердің орны (географиялық нысанның шекараларын

белгілеу)

Қосымша берілетін құжаттар тізбесі

парақтар

саны

1 дана

Даналар саны

өтінімді беруге төлем туралы құжат

құзыретті органдардың қорытындысы

өтінімге қосымша берілетін

құжаттарды орыс тіліне аударымы

өкіл уәкілеттігін куәландыратын

сенімхат

басқа да құжаттар (көрсету)

Барлық парақ саны

Қолы

Лауазымы (Аты-жөні)

Мөр

Күні

Өтініш берушінің (егер заңды тұлға болса, мөрмен бекітіледі) немесе сенімді

патент өкілінің колы және күні

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрінің м.а.

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

6-қосымша

Қазақстан Республикасында Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға

мәлiм деп тану жөнiндегi ереже

1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар

шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан

Республикасының Заңы (бұдан әрi - Заң) 3-бабының 2-тармағы 2-1) тармақшасына сәйкес

әзiрлендi және Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi 1883 жылғы 20 наурыздағы

Париж конвенциясының (бұдан әрi - Париж конвенциясы) 6 bis және 10 bis баптарына

орай Қазақстан Республикасында тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын (бұдан әрi -

тауар таңбасы) жалпыға мәлiм деп танудың тәртiбiн белгiлейдi.

2. Осы Ереженің мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген

немесе таңбаларды халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмiне орай қорғалатын тауар

таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауар таңбасы ретiнде құқықтық

қорғаусыз пайдаланылатын, бiрақ белсендi пайдаланылуы нәтижесiнде Қазақстан

Республикасында халықтың тиiстi топтары арасында кең мәлiм болған белгi жалпыға

мәлiм тауар таңбасы деп танылуы мүмкiн.

3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы

жөнiндегi комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган) тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп

тану жөнiндегi уәкілеттi орган болып табылады.

2. Тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы өтiнiм 4. Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өтініші бойынша Қазақстан Республикасында

жалпыға мәлім тауар таңбасы деп Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген немесе

халықаралық келісімдерге сәйкес қорғалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында

құқықтық қорғаусыз тауар таңбасы ретінде пайдаланылатын, бірақ осы тұлғаның

белсенді пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында кең танымалдыққа ие болған

белгілер танылады.

5. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуы тиіс және онда:

тауарды жалпыға мәлiм деп тану туралы өтiнiштің;

тауар таңбасы иесiнiң аты немесе атауы;

оның тұрғылықты жерiнiң немесе орналасқан жерiнiң мекен-жайы;

хат жазысу үшiн мекен-жайы;

тауар таңбасын құқықтық қорғау жөнінде, оның iшiнде Қазақстан Республикасында

құқықтық қорғау туралы деректер;

өтiнiш берушiнiң пiкiрi бойынша таңба жалпыға мәлiм болған күннiң көрсетілуі;

тауар таңбасының бейнесі;

өтiнiш берушiнiң пiкiрi бойынша таңба жалпыға мәлiм болып танылған тауарлар

мен қызметтердің тiзбесi болуы қажет.

6. Өтiнiмге:

1) тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын мәлiмет;

2) тауар таңбасының 8х8 сантиметр көлемiндегi бес дана бейнесi;

3) өтiнiм өкiл арқылы берiлген жағдайда, сенiмхат;

4) мемлекеттік баж ақысын растайтын құжат қоса тiркеледi.

Мемлекеттік баж салығын төлегендігін растайтын құжат уәкілетті органға

жалпыға мәлім деп танылған тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) сертификат

берілгенге дейін ұсынылады.

Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тапсыру жөнінде

мерзімді создыру туралы өтініш бермеген жағдайда, іс жүргізу тоқтатылады және

өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі.

7. Тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын мәлiметте тұтынушыларға

сауал қоюдың нәтижелерi болуы тиiс. Тұтынушыларға сауал қоюды Қазақстан

Республикасының аумағында мамандандырылған тәуелсiз ұйым жүргiзедi. Сауал қою

Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының кемiнде алты

iрi елдi мекендерiн қамтуы тиiс. Сауал қойылғандардың жалпы саны үш мың адамнан кем

болмауға тиiс. Бұл ретте бiр елдi мекендегi сауал қойылғандардың саны бес жүз

адамнан кем болмауға тиiс. Сауал қойылғандардың ең көп саны шектелмейдi. Сауал қою

тұтынушылардың тиiстi топтарының арасында жүргiзiледi. Халық тұтынатын тауарлар

үшiн сауал қою «орташа» тұтынушылардың арасында (жынысы, жасы, бiлiм белгiлерi,

әлеуметтiк және материалдық жағдайы бойынша), сондай-ақ өнеркәсiп пен сауданың

тиiстi салаларының мамандары арасында жүргiзiледi. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы

тауарлар үшiн сауал қою өнiмнiң осы түрiнiң тұтынушылары болып табылатын

өндiрiстiң, сауданың немесе өзге де iскер топтар мамандарының арасында жүргiзiледi.

Тұтынушыға сауал қоюды жүргiзген кезде одан тауар таңбасының өзiне мәлiм екендiгi,

осы тауар таңбасы туралы тұтынушының қай жерде және қашан бiлгенi, осы таңбаның

қандай тауарлар үшін пайдаланылатыны және өзiнiң осы тауарлардың тұтынушысы болып

табылатыны не табылмайтыны туралы деректер алынуға тиiс.

Сауал қоюдың нәтижелерiнен бөлек, тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiгiн

растайтын мәлiметтердің ішінде:

тауар таңбасын Қазақстан Республикасының аумағында интенсивті түрде пайдалану

туралы (нақты аумақты қамту, пайдалану мерзiмдерi);

тауар таңбасын пайдалану тәсiлдерi туралы;

тауарларды осы тауар таңбасымен сатудың көлемi және өткiзу арналары туралы;

осы тауар таңбалары бар тауарларды тұтынушылардың жылдық орташа саны туралы;

тауар таңбасының құны туралы;

жылдық қаржылық есептерге сәйкес тауар таңбасы жарнамасының интенсивтілігі

(бұқаралық ақпарат құралдарында, көрмелерде, жәрмеңкелерде) және жарнамаға

жұмсалған шығындар туралы;

таңбаның бастапқы немесе кейiннен пайда болған айырым қабiлеттiлiгiнiң

дәрежесi туралы (бастапқыда айырым қабiлеттiлiгi әлсiз болған таңбалар ұзақ және

интенсивтi пайдаланылу нәтижесiнде айырымға қабiлеттiлiктiң жоғары дәрежесiне ие

бола алады);

осындай немесе осыған ұқсас таңбаны үшiншi тұлғаның пайдалануы жөнінде,

осындай пайдаланудың сипаты мен дәрежесi туралы;

лицензиаттардың, өндiрушiлердiң, дистрибьюторлардың, импортқа шығарушылардың,

сатушылардың саны туралы;

тауар таңбасының жергiлiктi, аймақтық, көршi мемлекеттерде, әлемге мәлiм болу

дәрежесi туралы;

тауар таңбасының шетелдерде тiркелуiнiң болуы туралы;

өзге де мәлiметтер болуы мүмкiн.

8. Тауар таңбасының бейнесi көшiрiп-көбейту үшiн жарамды болуға тиiс. Тауар

таңбасының бейнесi ретiнде этикетка ұсынылуы мүмкiн. Егер бейне көлемдi (үш

өлшемдi) болса, таңбаның жалпы түрінiң бейнесi, сондай-ақ ол туралы толық түсiнiк

беретiн басқа да қажеттi түрлерінің бейнесi ұсынылады. Бейне тауар таңбасына

жалпыға мәлiмдiгi сұралатылып отырған бояулы түсте немесе бояулы түс үйлесiмiнде

ұсынылады.

3. Өтiнiмдi сараптау және ол туралы мәлiмет жариялау

9. Уәкілетті орган өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай iшiнде осы Ереженің 5

және 6-тармақтарында белгiленген қажеттi құжаттардың бар-жоғын тексередi, өтiнiш

берушiге өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы хабарлайды және ол туралы

мәлiметтердi таныстыру мен үшiншi тұлғалар тарапынан болуы ықтимал қарсылықтар үшiн

жариялайды.

Жарияланған күннен бастап үш ай өткенде уәкілетті орган алты ай ішінде

өтiнiмдi қоса берiлiп отырған таңбаның жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын барлық

материалдарды талдай отырып қарайды. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімі өтілген

сон алты ай мерзім ішінде өтінімді қарастырады. Қажет болған жағдайда өтiнiш

берушiден таңбаның Қазақстан Республикасында жалпыға мәлiмдiлiгiн растайтын қосымша

мәлiмет сұратылуы мүмкiн.

Өтiнiмдi қарау аяқталғанға дейiн өтiнiш берушi өтiнiм материалдарын түзете,

толықтыра және нақтылай алады.

Үшiншi тұлғаның тарапынан қарсылық болған жағдайда өтiнiш берушiге тиiстi

хабарлама жiберiледi, өтiнiш берушi оған өзінің пiкiрiн өтiнiмдi қарау нәтижесi

бойынша қорытынды шығарылғанға дейiн ұсына алады.

10. Өтiнiмдi қарау нәтижесi бойынша уәкілетті орган тауар таңбасының иесiне

жiберiлетiн, тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы не ондай деп танудан бас

тарту туралы шешiм қабылдайды.

Тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы шешiмде:

жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының тiркеу нөмiрi;

таңбаның жалпыға мәлiм деп танылған күні;

жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының бейнесi;

оның иесiнiң аты немесе атауы, оның тұрған жерi немесе тұрғылықты жерi;

жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасының тауарлар мен қызметтерінің

тiзбесi қамтылуы тиiс.

Тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп танудан бас тарту туралы шешiм, егер:

өтiнiш берушi ұсынған мәлiмет тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн растамаса

немесе тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiлiгiн тану үшiн жеткiлiксiз болса;

өзiнiң тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тануға өтiнiш берген күннен неғұрлым

ертерек басымдығы бар, қорғалатын немесе бiр тектес тауарларға қатысты өзге

тұлғаның атына тиесілі өтiнiш берушiнiң тауар таңбасымен аралас дәрежеге дейiн

бiрдей немесе ұқсас тауар таңбалары болса шығарылады.

4. Қазақстан Республикасында жалпыға мәлiм тауар таңбаларын Мемлекеттiк

тiзiлiмге енгiзу және олар туралы мәлiметтерді жариялау 11. Жалпыға мәлiм деп танылған тауар таңбасы Қазақстан Республикасында

жалпыға мәлiм тауар таңбаларының Мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi – Мемлекеттік

тiзiлiм) енгiзiледi.

Уәкілетті орган мемлекеттік жалпыға мәлiм тауар таңбасының иесiне он жыл

iшiнде қолданыста болатын, ЖМТТ-1 үлгiсінде сертификат бередi. Сертификаттың

қолданылу мерзiмi оның иесiнiң өтiнiшi бойынша және өтiнiш берген сәттегi тауар

таңбасының жалпыға мәлiмдiгiн растайтын мәлiмет ұсынған жағдайда әрбiр он жыл сайын

ұзартылып отырады.

12. Тауар таңбасын Қазақстан Республикасында жалпыға мәлiм деп тану туралы,

сертификаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiмет бюллетеньде жарияланады.

13. Жалпыға мәлiм тауар таңбаларына құқықтық қорғау:

1) тiркеудiң қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты;

2) үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша тауар таңбасының жалпыға мәлiмдiк

мәртебесiн жоғалтуына байланысты;

3) тауар таңбасын жалпыға мәлiм деп тану туралы шешiмi жойылған жағдайында

тоқтатылады;

4) соттың күшіне енген шешіміне байланысты.

Жалпыға мәлiм тауар таңбасын құқықтық қорғау тоқтатылғаны туралы мәлiмет

Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiледi және ресми бюллетеньде жарияланады.

Қазақстан Республикасында

Тауар таңбасын (қызмет

көрсету таңбасын) жалпыға

мәлiм деп тану жөнiндегi

ережеге қосымша

ЖМТТ-1

(191) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ КОМИТЕТІ

(121) ТАУАР ТАҢБАСЫН ЖАЛПЫҒА МӘЛІМ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ

СЕРТИФИКАТ

(111) № ______

(730) Тауар таңбасы иесінің атауы мен орналасқан жері:

(511) ТҚХС сыныптары

(151) Жалпыға мәлiм тауар таңбаларының Мемлекеттiк

тiзiлiмiнде тіркелген

(152) Тауар таңбасының жалпыға мәлім деп танылған

күні

(181) Сертификаттың қолданылу мерзімінің аяқталу

күні

Сертификаттың әрекеті Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралады.

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

Зияткерлік меншік құқығы

комитетінің төрағасы Аты-жөні

_________________________________________________________________

Енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер осы сертификатқа

қосымша ретінде жеке парақта көрсетіледі

(510) Тауарлар және/немесе қызметтердің тізімі:

(591) Тауар таңбасының түстерін көрсету:

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрінің м.а.

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

7-қосымша

Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық,

сублицензиялық шарттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Патент

заңының 14-бабының 1-4-тармақтарына және 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары,

қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2, 3-тармақтарына, 1999 жылғы 13

шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының 18, 19, 20-баптарына, 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралды микросхемалар

топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-

бабына сәйкес әзірленді және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған

лицензиялық шарттарды және сублицензиялық шарттарды тiркеудiң процедурасын

нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер,

өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары, селекциялық

жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы;

2) қорғау құжаттары - өнертабысқа алдын ала патент (2007 жылғы 2 наурыздағы №

237 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы қабылданғанға дейін берілген), өнертабысқа, өнеркәсіптік

үлгіге, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке патент; инновациялық патент; тауар

таңбасына немесе қызмет көрсету таңбасына, интегралдық микросхемалар топологиясына

куәлік;

3) лицензиар - қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқығы бар

және оны басқа тұлғаларға пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың тарабы;

4) лицензиат - қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісіне пайдалану құқығын

алатын лицензиялық шарттың тарабы;

5) сублицензиар - қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға

сублицензия беру құқығына ие сублицензиялық шарттың тарабы;

6) сублицензиат - тіркелген сублицензиялық шарттың негізінде қорғалатын

өнеркәсіптік меншік объектісіне пайдалану құқығын алған тұлға;

7) лицензиялық шарт - өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқықты иеленуші

(лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін

белгілі бір үлгіде уақытша пайдалану құқығын бередi;

8) сублицензиялық шарт - лицензиаттың басқа тұлғаға (сублицензиатқа)

өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгілі бір үлгіде пайдалану құқығына арналған

айрықша емес сублицензияны беруi туралы шарт;

9) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан

Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

10) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы

(өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге

асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы ұйым.

3. Лицензиялық шарт, сублицензиялық шарт (бұдан әрі – Шарт) соған қатысты

шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ерекше құқық күшiнде болатын мерзiм

iшiндегi кез келген уақытта жасалуы мүмкiн.

Сублицензиялық шарт лицензиялық шартпен көзделген жағдайларда ғана жасалуы

мүмкiн.

4. Шарт жазбаша нысанда жасалады және уәкілетті органда мiндеттi түрде

тiркелуге тиiс.

5. Шарттарды тiркеу уәкілетті орган жүргiзетін сараптама нәтижелерi бойынша

жүзеге асырылады.

Шарт уәкілетті органда тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.

6. Сублицензиялық шарттарды сараптау және тіркеу барысында, егер Қазақстан

Республикасы заңнамаларында өзгеше көзделмесе, лицензиялық шарттарды тiркеу туралы

нұсқаулық қолданылады.

7. Шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ, бұл кедергілерді жоюға болатын

негіздер:

1) соған қатысты Шарт жасалатын, қорғау құжатының қолданылуын тоқтату, бірақ

оны қалпына келтіру мүмкіндігі болады;

2) өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға арналған лицензияны беруге

кедергі келтіретін, бұрын жасалған шарттар бойынша қабылданған міндеттемелердің

болуы;

3) шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына және ратификацияланған

халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы;

4) құжаттар пакеті толық емес немесе тапсырылған құжаттар Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына жауап бермейді.

8. Шарттарды тіркеуден бас тарту негіздемелері:

1) соған қатысты Шарт жасалатын және қалпына келтіру мүмкіндігі болмайтын

қорғау құжаттарының қолданылуын тоқтату;

2) осы Нұсқаулықтың 11-тармағымен көзделген барлық қажетті материалдар мен

мәліметтерді үш айлық мерзімде бермеу;

3) тараптарда Шарт жасасуға қажетті құқықтардың жоқтығы;

4) лицензиялық шартта лицензиаттың сублицензиялық шартты тіркеуге

өкілеттілігінің жоқтығы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың

жоқтығы.

2. Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу

9. Шартты тіркеу үшін уәкілетті органға: осы Нұсқаулықтың 1, 2-

қосымшаларына сәйкес өтініш ұсынылады.

Өтiнiш бiр шартқа қатысты болуы тиiс.

10. Өтiнiштi шарт тараптарының бiрi не олардың мұрагерлерi немесе құқықтық

мирасқорлары, не өкілмен немесе патенттік сенім білдірушімен беріледі.

Шарттағы тараптардың бірінің атынан берілген өтінішке басшы немесе лауазымы

көрсетілген заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарына сәйкес уәкілетті басқа тұлға қол

қояды.

11. Өтінішке қоса беріледі:

1) титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт дана түпнұсқалары. Шарттың

әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба

жасалған қағаз пломбасымен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе оған

уәкілетті етілген екі тарап тұлғаларының қолдары қойылады.

Материалдарды тіркеуге тапсыру келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап алты

айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады

Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері

ұсынылуы мүмкін;

2) өтінішті патенттік сенім білдіруші немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда

- сенімхат;

3) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

4) ұлттық өтінім берушілер шарттарды жасасу және оған лицензиар

(сублицензиар) атқарушы орган басшысының қолын қою құзырлығын беру мәселесі

жөніндегі лицензиар (сублицензиар) (құрылтайшылар немесе акционерлердің жалпы

жиналысы) басқару органының шешімін қоса береді;

Өтiнiшке қоса берілетін құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде

ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс

транслитерациясымен көрсетiлуі тиiс. Егер құжаттар өзге тілде берілсе, нотариалдық

куәландырылған, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы өтінішке қоса беріледі.

12. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе

шетелдiк заңды тұлғалар, уәкілетті органға шарт құжаттарын өз атынан берген

жағдайда, шарттарды тiркеуге байланысты құқықты Қазақстан Республикасының тiркелген

патенттiк сенiм бiлдiрушiлерi арқылы жүзеге асырады.

Уақытша одан тысқары жерлерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары

Қазақстан Республикасының шегiнде хат жазуға арналған мекен-жайын көрсеткен

жағдайда, шарттарды тiркеуге байланысты құқықты патенттiк сенiм бiлдiрушілерсіз

жүргiзе алады.

13. Уәкілетті органнан қорғау құжаттарының қолданылуы жөнінде сұраным келіп

түскен соң сараптама жасау ұйымы сұраным келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс

күні ішінде қорғау құжатының қолданылуы жөнінде толық ақпаратты береді.

Қаралуға қабылданған шарт материалдары бойынша уәкілетті органмен 30 (отыз)

жұмыс күні ішінде сараптама жүргізіледі, соның барысында Қазақстан Республикасының

зияткерлік меншік саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес шарт құжаттарына

зерттеу жүргізіледі.

14. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеген немесе

Шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын, осы Нұсқаулықтың 11-

тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, өтініш берушіге жіберілген күннен

бастап үш ай ішінде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беруге немесе қажетті

өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынысы бар сұраным жіберіледі. Бұл жағдайда

осы Нұсқаулықтың 13-тармағында көрсетілген сараптаманы жүргізу мерзімі жетіспейтін

немесе түзетілген құжаттарды өткізген күннен бастап есептеледі.

Осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, уәкілетті

орган тіркеуден бас тартудың себептерін көрсете отырып дәлелді қорытынды жасайды,

ондай негіздер болмаған жағдайда оң қорытынды шығарады.

15. Шартты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жөніндегі шешім уәкілетті

органмен қабылданады.

Уәкілетті орган шартты тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда

қаралып отырған шарт бойынша құжаттар жиынтығы тiркеуден бас тарту туралы шешiммен

бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша қайтарылады.

16. Шартты тіркеу туралы шешім қабылданған соң уәкілетті орган:

1) соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң қорғау

құжатына қосымшаны ресiмдейдi. Тауар таңбаларын немесе өнертабысқа патенттік

кооперация жөніндегі шарт (РСТ) өтінімі бойынша берілген еуразиялық патенттi,

патенттi халықаралық тiркеуге қатысты жасалған шарт үшiн аталған iс-қимыл

жүргiзiлмейдi;

2) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн, тiркеу нөмiрiн көрсете отырып,

оның тiркелгенi туралы мөртабан соғады;

3) тiркелген шарттардың Тiзiлiмiне (бұдан әрі – Тізілім) шарт туралы

мәлiметтердi енгізедi;

4) өтiнiште хат жазысу үшiн көрсетiлген мекенжай бойынша Шарттың тiркелген

екi данасын және қорғау құжатына қосымшаны жiбередi;

5) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін Шарттың бақылау данасын

қорытындысымен қоса сараптама жасау ұйымына жолдайды.

Шарттың үшiншi және төртiншi данасы тиісті уәкілетті орган мен сараптама

жасау ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.

18. Тіркелген шарттар бойынша сараптама жасау ұйымы бюллетеньде тіркелген

шарттар туралы мәліметтерді жариялайды, жеке алғанда:

шарттың тіркелген нөмірі мен күні;

шарт тараптарының атауы немесе толық мәліметтері;

шарттың мәні;

шарттың қолданылу мерзімі;

шарттың қолданылу аумағы.

19. Тіркелген Шартқа енгізілетін, шарт объектісіне қатысы жоқ өзгерістер

немесе толықтырулар сараптау, тіркеуден өтуге жатады және Тізілімге енгізіледі.

Тіркелген лицензиялық шартқа, сублицензиялық шартқа өзгерістер немесе

толықтыруларды енгізу туралы өтініш уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 3, 4-

қосымшаларына сәйкес нысан бойынша беріледі.

20. Өтінішке қоса беріледі:

1) титулдық парақпен жабдықталған, шарттың екі тарабымен қол қойылған,

енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар тізбесінен тұратын, төрт данадағы

қосымша келісім. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген

парақтардың саны туралы жазба жасалған қағаз пломбасымен бекітіледі, мөр

бедерлемесі және екі тараптың немесе оған уәкілетті етілген екі тарап тұлғаларының

қолдары қойылады. Шарттың әрбір парағы екі тараппен немесе екі тараптың уәкілетті

өкілдерімен дәйектелуі (қол қойылуы) тиіс;

2) өтінішті патенттік сенім білдіруші немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда

- сенімхат;

3) мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат;

21. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу өтініші мен қоса берілетін

құжаттарды ресімдегенде және бергенде, сондай-ақ тіркелген шартқа енгізілетін

өзгерістер мен толықтыруларды сараптау мен тіркеу тәртібіне осы Нұсқаулықтың 12-20

тармақтарымен белгіленген ережелер қолданылады.

4. Қорытынды ережелер

22. Кез келген тұлға тiркелген лицензиялық шарттар және сублицензиялық

шарттар Тiзiлiмiнен тiркелген шарттар туралы мәлiметке қатысты көшiрменi ашық

жариялау үшiн ала алады.

Лицензиялық шарт мәтiнiмен үшiншi тұлғаны таныстыруға, сондай-ақ одан көшiрме

алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.

23. Шартты сараптау мен тiркеудiң барлық сатыларында, ашық жариялау үшiн

белгiленген мәлiметтердi қоспағанда, шарт жасасудың мазмұны мен шарттарына қатысты

мәлiметтердiң құпиялылығы қамтамасыз етiледi.

Өнеркәсіптік меншік объектілерін

пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық

шарттарды тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа

1-қосымша

Л-1 нысаны

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

Зияткерлік меншік

құқығы комитеті

Лицензиялық шартты тіркеу туралы

ӨТІНІШ

1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты

лицензиялық шартты тіркеуді сұраймын.

2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі

(нөмірлері) ______________________________________________

2-бағанда орын аз болса, белгі қойыңыз және жалғастыру парағында

қажетті ақпаратты келтіріңіз.

3. Лицензиар (лицензиарлар)

_________________________________________________________________

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы

Мекенжайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) мен телефондары

_________________________________________________________________

Лицензиарлар бірнеше болса, белгі қойыңыз және жалғастыру парағында

қажетті ақпаратты келтіріңіз.

4. Лицензиат (лицензиаттар) _______________________________

Жеке тұлғаның тегі,аты,әкесінің аты

немесе заңды тұлғаның атауы

Мекен-жайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) мен телефондары

_________________________________________________________________

Лицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз және жалғастыру

парағында қажетті ақпаратты, соның ішінде олардың әрбіреуінің

мекенжайы мен телефонын көрсетіп келтіріңіз.

5. Өтініш берушінің патенттік сенім білдірушісі немесе өзге өкілі

___________________________________________________________

Мекен-жайлары (соның ішінде пошта индексі мен елдің атауы) мен телефондары

_____________________________________________________

6. Лицензияның түрі _______________________________________

7. Лицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерін ескере отырып,

тапсырылатын құқықтардың көлемі _________________________

8. Хат алмасудың мекен-жайлары ____________________________

9. Қосымшалар:

Тіркелетін шарт ___ парақта (NN қосымшалары _____ парақта) _____

данада;

Патенттік сенім білдірушінің немесе өзге уәкілетті өкілдің құзырлығын

растайтын сенімхат;

Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;

Жалғастыру парақтары;

Басқа құжат (көрсетіңіз)

_________________________________________________________________

Өтініш беруші __________________________________ М.О.

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Күні 20___ жылдың «____» ______________

Өнеркәсіптік меншік объектілерін

пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық

шарттарды тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа

2-қосымша

Л-2 нысаны

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

Зияткерлік меншік

құқығы комитеті

Сублицензиялық шартты тіркеу туралы

ӨТІНІШ

1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты

сублицензиялық шартты тіркеуді сұраймын.

2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі

(нөмірлері) ______________________________________________

2-бағанда орын аз болса, белгі қойыңыз және жалғастыру парағында

қажетті ақпаратты келтіріңіз.

3. Сублицензиар (сублицензиарлар)

_________________________________________________________________

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы

Мекен-жайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) мен телефондары

_________________________________________________________________

Лицензиарлар бірнеше болса, белгі қойыңыз және жалғастыру

парағында қажетті ақпаратты келтіріңіз.

4. Сублицензиат (сублицензиаттар) _________________________

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

немесе заңды тұлғаның атауы

Мекен-жайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) мен телефондары

_________________________________________________________________

Лицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз және жалғастыру

парағында қажетті ақпаратты, соның ішінде олардың

әрбіреуінің мекенжайы мен телефонын көрсетіп келтіріңіз.

5. Өтініш берушінің патенттік сенім білдірушісі немесе өзге өкілі

___________________________________________________________

Мекен-жайлары (соның ішінде пошта индексі мен елдің атауы) мен телефондары

_____________________________________________________

6. Лицензияның түрі _______________________________________

7. Лицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерін ескере отырып,

тапсырылатын құқықтардың көлемі _________________________

8. Хат алмасудың мекен-жайлары ____________________________

9. Қосымшалар:

Тіркелетін шарт ___ парақта (NN қосымшалары _____ парақта) _____

данада;

Патенттік сенім білдірушінің немесе өзге уәкілетті өкілдің құзырлығын

растайтын сенімхат;

Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;

Жалғастыру парақтары;

Басқа құжат (көрсетіңіз) _______________________________

Өтініш беруші __________________________________ М.О.

лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Күні 20___ жылдың «____» ______________

Өнеркәсіптік меншік объектілерін

пайдалануға лицензиялық, сублицензиялық

шарттарды тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа

3-қосымша

Л-3 нысаны

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

Зияткерлік меншік

құқығы комитеті

Тіркелген лицензиялық шартқа

өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы

ӨТІНІШ 1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты

тіркелген лицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді сұраймын.

2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі

(нөмірлері) ______________________________________________

2-бағанда орын аз болса, белгі қойыңыз және жалғастыру парағында

қажетті ақпаратты келтіріңіз.

3. Лицензиар (лицензиарлар) _______________________________

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің

аты немесе заңды тұлғаның атауы

Мекен-жайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) мен телефондары

_________________________________________________________________

Лицензиарлар бірнеше болса, белгі қойыңыз және жалғастыру парағында

қажетті ақпаратты келтіріңіз.

4. Лицензиат (лицензиаттар) _______________________________

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

немесе заңды тұлғаның атауы

Мекен-жайлары (пошта индексі мен елдің атауын қоса) мен телефондары

_________________________________________________________________

Лицензиаттар бірнеше болса, белгі қойыңыз және жалғастыру парағында

қажетті ақпаратты, соның ішінде олардың әрбіреуінің мекенжайы мен телефонын

көрсетіп келтіріңіз.

5. Өтініш берушінің патенттік сенім білдірушісі немесе өзге өкілі

___________________________________________________________

Мекен-жайлары (соның ішінде пошта индексі мен елдің атауы) мен телефондары

_____________________________________________________

6. Лицензияның түрі _______________________________________

7. Лицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерін ескере отырып,

тапсырылатын құқықтардың көлемі _________________________

8. Хат алмасудың мекен-жайлары

_________________________________________________________________

9. Қосымшалар:

Тіркелетін шарт ___ парақта (NN