عن الملكية الفكرية التدريب في مجال الملكية الفكرية إذكاء الاحترام للملكية الفكرية التوعية بالملكية الفكرية الملكية الفكرية لفائدة… الملكية الفكرية و… الملكية الفكرية في… معلومات البراءات والتكنولوجيا معلومات العلامات التجارية معلومات التصاميم الصناعية معلومات المؤشرات الجغرافية معلومات الأصناف النباتية (الأوبوف) القوانين والمعاهدات والأحكام القضائية المتعلقة بالملكية الفكرية مراجع الملكية الفكرية تقارير الملكية الفكرية حماية البراءات حماية العلامات التجارية حماية التصاميم الصناعية حماية المؤشرات الجغرافية حماية الأصناف النباتية (الأوبوف) تسوية المنازعات المتعلقة بالملكية الفكرية حلول الأعمال التجارية لمكاتب الملكية الفكرية دفع ثمن خدمات الملكية الفكرية هيئات صنع القرار والتفاوض التعاون التنموي دعم الابتكار الشراكات بين القطاعين العام والخاص أدوات وخدمات الذكاء الاصطناعي المنظمة العمل مع الويبو المساءلة البراءات العلامات التجارية التصاميم الصناعية المؤشرات الجغرافية حق المؤلف الأسرار التجارية أكاديمية الويبو الندوات وحلقات العمل إنفاذ الملكية الفكرية WIPO ALERT إذكاء الوعي اليوم العالمي للملكية الفكرية مجلة الويبو دراسات حالة وقصص ناجحة في مجال الملكية الفكرية أخبار الملكية الفكرية جوائز الويبو الأعمال الجامعات الشعوب الأصلية الأجهزة القضائية الموارد الوراثية والمعارف التقليدية وأشكال التعبير الثقافي التقليدي الاقتصاد المساواة بين الجنسين الصحة العالمية تغير المناخ سياسة المنافسة أهداف التنمية المستدامة التكنولوجيات الحدودية التطبيقات المحمولة الرياضة السياحة ركن البراءات تحليلات البراءات التصنيف الدولي للبراءات أَردي – البحث لأغراض الابتكار أَردي – البحث لأغراض الابتكار قاعدة البيانات العالمية للعلامات مرصد مدريد قاعدة بيانات المادة 6(ثالثاً) تصنيف نيس تصنيف فيينا قاعدة البيانات العالمية للتصاميم نشرة التصاميم الدولية قاعدة بيانات Hague Express تصنيف لوكارنو قاعدة بيانات Lisbon Express قاعدة البيانات العالمية للعلامات الخاصة بالمؤشرات الجغرافية قاعدة بيانات الأصناف النباتية (PLUTO) قاعدة بيانات الأجناس والأنواع (GENIE) المعاهدات التي تديرها الويبو ويبو لكس - القوانين والمعاهدات والأحكام القضائية المتعلقة بالملكية الفكرية معايير الويبو إحصاءات الملكية الفكرية ويبو بورل (المصطلحات) منشورات الويبو البيانات القطرية الخاصة بالملكية الفكرية مركز الويبو للمعارف الاتجاهات التكنولوجية للويبو مؤشر الابتكار العالمي التقرير العالمي للملكية الفكرية معاهدة التعاون بشأن البراءات – نظام البراءات الدولي ePCT بودابست – نظام الإيداع الدولي للكائنات الدقيقة مدريد – النظام الدولي للعلامات التجارية eMadrid الحماية بموجب المادة 6(ثالثاً) (الشعارات الشرفية، الأعلام، شعارات الدول) لاهاي – النظام الدولي للتصاميم eHague لشبونة – النظام الدولي لتسميات المنشأ والمؤشرات الجغرافية eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange الوساطة التحكيم قرارات الخبراء المنازعات المتعلقة بأسماء الحقول نظام النفاذ المركزي إلى نتائج البحث والفحص (CASE) خدمة النفاذ الرقمي (DAS) WIPO Pay الحساب الجاري لدى الويبو جمعيات الويبو اللجان الدائمة الجدول الزمني للاجتماعات WIPO Webcast وثائق الويبو الرسمية أجندة التنمية المساعدة التقنية مؤسسات التدريب في مجال الملكية الفكرية الدعم المتعلق بكوفيد-19 الاستراتيجيات الوطنية للملكية الفكرية المساعدة في مجالي السياسة والتشريع محور التعاون مراكز دعم التكنولوجيا والابتكار نقل التكنولوجيا برنامج مساعدة المخترعين WIPO GREEN WIPO's PAT-INFORMED اتحاد الكتب الميسّرة اتحاد الويبو للمبدعين WIPO Translate أداة تحويل الكلام إلى نص مساعد التصنيف الدول الأعضاء المراقبون المدير العام الأنشطة بحسب كل وحدة المكاتب الخارجية المناصب الشاغرة المشتريات النتائج والميزانية التقارير المالية الرقابة
Arabic English Spanish French Russian Chinese
القوانين المعاهدات الأحكام التصفح بحسب كل ولاية قضائية

كازاخستان

KZ067

رجوع

Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi жөнiндегi ереженi бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 тамыз 1994 ж. № 896)

 

Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 тамыз 1994 ж. N 896

 

        Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында, ұйымдары мен мекемелерiнде қызметтiк өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерiн жасау жөнiндегi қатынастарды ретке келтiру, сол сияқты қызметкердiң, жұмыс берушi мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар,концерндер, ассоциациялар, бiрлестiктер, кәсiпорындар, ұйымдар мен республиканың басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi 1995 жылдың 1 қаңтарына дейiн қызметтiк өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерiн жасау, құқықтық қорғау және пайдалану бойынша қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы бұрын жасалған еңбек шарттарын (контрактыларын) аталған Ереженiң талаптарына сәйкестендiретiн болсын.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

 


 

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 11 тамыздағы
N 896 қаулысымен
Бекiтiлген



Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк
өнертабыстар, пайдалы модельдер мен

өнеркәсiп үлгiлерi туралы
Ереже

 

 
       Осы Ереже Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес әзiрленiп, қызметтiк өнертабыстардың, пайдалы модельдер мен өнеркәсiптiк үлгiлердi (бұдан әрi - қызметтiк өнертабыстар) пайдалану тәртiбiн айқындайды және өнертабыстықты ынталандыруға, өнеркәсiп меншiгiндегi тиiстi объектiлердiң қызметкер-авторларының, оларға жұмыс берушiлер мен қоғамның мүдделер теңдiгiн қамтамасыз етуге бағытталған.

      1. Қазақстан Республикасы Патент заңының 9-бабына сәйкес қызметкерлердiң өз қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты орындалған немесе қызметкердiң кәсiпорын ерекшелiгiне қатысты техникалық бiлiмдердi немесе құралдар көмегiмен жүзеге асырылған өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне алдын ала патент және пайдалы модельге патент алу құқы - егер оларға құқық берiлуi еңбекке жалдау шартында көзделсе және басқадай ештеңе қарастырылмаған болса, жұмыс берушiге тиесiлi.

       2. Барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар қызметкерлерiнiң, ұйымдар, мекемелер қызметшiлерiнiң (мұның iшiнде әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары және ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң) өздерiнiң қызметтiк және еңбек мiндеттерiн, сондай-ақ жұмыс iстеушiнiң жұмыс берушiден алған өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу, көркем-графикалық және басқа да сипаттағы тапсырмаларын орындау процесiндегi шығармашылық еңбегiмен жасалған өнертабыстары қызметтiк деп танылады.

       3. Осы Ереже мағынасында жұмыс берушiнi тiзiмдiк құрамында негiзгi жұмыс орны немесе қызметi ретiнде қызметкерлерi бар және жұмыс саласында қызметтiк өнертабыстар жасалынатын және (немесе) пайдаланылатын кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар, әскери бөлiмдер, мекемелер деп түсiну керек.
       Осыған орай осы Ереженiң мәнiнде қызметкер ретiнде жұмыс берушiдегi жұмысы негiзгi болып саналатын және қызметi тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттарымен, қызметтiк бұйрықтары және қызметтiк нұсқауларымен өнертабыс жасау үшiн жұмыс берушiнiң тәжiрибесiн, ақпаратын, құрал-жабдықтарын, материалдарын, техникалық және басқа да құралдарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн жұмыс берушiнiң негiзгi ғылыми немесе өндiрiстiк қызметiне тiкелей байланысты жеке адам танылады.

       4. Аталмыш Ереже азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсiп үлгiсiн жасаған тапсырыс берушi мен орындаушының өзара қарым-қатынасына қолданылмайды.

       5. Қызметтiк өнертабыстың меншiк құқына қарамастан қызметкерге мерзiмсiз қорғалатын, ажырағысыз жеке авторлық құқық тиесiлi.

       6. Еңбекке жалдау шартына қызметтiк өнертабысты пайдалану жағдайын талап етудi енгiзу немесе ол жөнiнде шартты толықтыратын жеке келiсiм жасау талабы қызметкердiң де, сондай-ақ жұмыс берушiнiң де тарапынан туындауы мүмкiн.

       7. Еңбекке жалдау шарты немесе осы шартты толықтырушы жеке келiсiмде қызметтiк өнертабыстарға қатысты тараптардың құқықтарына байланысты пәтуәлар болмаған жағдайда жұмыс берушiде жұмыс iстеген кезеңде қызметкер жасаған қызметтiк өнертабыстарға алдын ала патент және патент алу құқы қызметкерге тиесiлi болады.

      8. Қызметтiк өнертабыстар хақындағы тараптардың құқыларына қатысты бұрын жасалған еңбекке жалдау шартына тиiстi қосымшалар енгiзу жөнiндегi жұмыс берушiнiң ұсынысынан қызметкердiң бас тартуы еңбек заңдарында және iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiнде қарастырылған еңбекке жалдау шартын бұзуға дейiнгi тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға негiз бола алады.
       Еңбек шартына тиiстi қосымша жәйттер енгiзу жөнiндегi жұмыс берушiнiң ұсынысын алғанға дейiнгi қызметкер жасаған өнертабысқа деген барлық құқық қызметкерге тиесiлi.

       9. Осы Ереженiң 1, 6-тармақтарында көрсетiлген шарт немесе келiсiм маңызды тармақтар есебiнде оның тараптары, шарттың жасалған уақыты мен орны, қолданылу мерзiмi, қызметкердiң қызмет аясына қатысты ғылым мен техника салалары, оның лауазымы, өнертабыстық еңбекке ақы төлеу шарттары жөнiнде мәлiметтер болуы тиiс. Қызметкер мен жұмыс берушi арасында аталған жағдайлар бойынша келiсiмге қол жеткiзбейiнше шарт жасалмаған болып саналады.
       Егер өнертабыстар қызметкердiң бұрынғы қызмет аясына қатысты болса және оларды жасау кезiнде кәсiпорынның ерекшелiгiн құрайтын техникалық бiлiмдер немесе құралдар пайдаланылса, жұмыс берушiмен еңбек қатынастарын тоқтатқаннан кейiнгi бiр жыл iшiндегi қызметкердiң қызметтiк өнертабысына деген құқы шартта немесе келiсiмде жұмыс берушiде сақталуы қарастырылуы мүмкiн.
       Шартта басқа да жағдайлар қатарында ерекше жеке жұмыс тәртiбi, материалдармен, қаржымен және көмекшiлермен қамтамасыз етiлуi, әлеуметтiк сипаттағы қосымша кепiлдiктер жөнiнде де нұсқаулар болуы мүмкiн.

       10. Қызметкер - қызметтiк өнертабыс авторы оны жасағаннан кейiн бiр ай iшiнде бұл жайында жұмыс берушiнi хабардар етедi немесе жұмыс берушi белгiлеген тәртiппен өнертабысты тiркеуден өткiзедi.
       Егер қызметтiк өнертабысты бiрнеше автор жасаған болса, онда олар жұмыс берушiге бiрлескен мәлiмдеме жолдайды.

       11. Қызметтiк өнертабыс жасалғаны жөнiнде автордың жұмыс берушiге мәлiметiнде:
       автордың (авторлардың) фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және атқаратын қызметi;
       қызметтiк өнертабыстың атауы;
       оны жасаған жағдай мен жердiң атауы, қолданылмақ саласы;
       өнертабыстың мәнiн, санатын айқындап және жұмыс берушiнiң қызметiне жарамдылығын бағамдап көрсеткен толық, жеткiлiктi дәрежеде жазылған сипаттамасы болуы тиiс.
       Егер сипаттама толық болмаған жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкерден қызметтiк өнертабыс жөнiнде қосымша материалдар талап етуге құқы бар, ол қосымша материалдарды сұрау салған күннен бастап бiр ай iшiнде табыс етедi.

       12. Жұмыс берушi он күн мерзiм iшiнде қызметкерге мәлiмдеменi алғаны жөнiнде жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi және жасалған қызметтiк өнертабыс жөнiнде мәлiмдеме алған күннен бастап төрт ай iшiнде оны пайдалану тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосына (бұдан әрi - Қазпатент) өтiнiш беру арқылы құқылық қорғалуын патент алу құқын өзге адамға беруi немесе оны құпия ұстау жөнiнде шешiм қабылдауды айқындайды.
       Егер қызметкер жұмыс берушiнiң тиiстi қызметтiк өнертабыс жасағаны жөнiнде хабардар етпесе, онда осы тармақта көрсетiлген төрт айлық мерзiм жұмыс берушiге өнертабыс туралы мәлiм болған күннен басталады.
       Қызметтiк өнертабысқа қатысты өздерiнiң құқықтарын қамтамасыз ету үшiн тараптардың ешқайсысы бұл жөнiнде өзге тарапты хабардар етпей тұрып, Қазпатентке өтiнiм бермеуi тиiс.

       13. Қызметтiк өнертабыстың жасалуы жөнiнде мәлiмдеме жасау тәртiбiн бұзған қызметкер бұл үшiн шарт жағдайларында қарастырылған жауапкершiлiкке (тәртiптiк, материалдық) тартылады.
      Аталған жауапкершiлiкке тарту қызметкердi мәлiмдеу тәртiбiн бұзу нәтижесiнде жұмыс берушiге келтiрген шығындарды азаматтық-құқық тәртiппен орнын толтырудан босатпайды.

       14. Егер жұмыс берушi қызметтiк өнертабыстан бас тартса, бұл турасында он күн iшiнде қызметкерге жазбаша түрде мәлiмдесе немесе қызметкерi жасаған өнертабыс жөнiнде мәлiмдеген күннен бастап төрт ай iшiнде Қазпатентке өтiнiм жасамаса, өтiнiм беру құқын өзге адамға бермесе әрi қызметкерге объектiнi құпия сақтау жөнiнде хабарламаса, онда қызметкер өтiнiмдi өзi берiп, патенттi (алдын ала патенттi) өз атына алуға немесе жасалынған шарт негiзiнде оның құқын үшiншi бiр адамға беруге қақысы бар.
      Қызметтiк өнертабыс құқы қызметкерге бұлайша өткен жағдайда жұмыс берушi тиiстi қызметтiк өнертабысты өз өндiрiсiнде лицензиялық  келiсiм негiзiнде пайдалануға құқылы.

       15. Қызметкер қажеттi декларацияларға, мәлiмдемелер мен өзге де талап етiлетiн құжаттарға қол қоюды қоса алғанда, өнертабысқа өтiнiм жасау материалдарын рәсiмдеуге қатыса отырып, жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының алдын ала патентiн (патентiн) және басқа да елдердiң қорғау құжаттарын алу бойынша барлық қажеттi iс-әрекеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.
       Жұмыс берушi қарауға қабылданған өтiнiм бойынша iстiң жүру барысы жөнiнде қызметкерге хабарлайды, сондай-ақ еңбекақысын сақтап, оны негiзгi жұмысынан толық немесе iшiнара босатып, оның қызметтiк өнертабысты пайдалануға әзiрлiк жұмысына қатысуына мүмкiншiлiк бередi.

       16. Қызметкерге жасаған қызметтiк өнертабысына сыйақы төлеу осы Ереженiң 1, 6, 9-тармақтарында қарастырылған шарт негiзiнде айқындалған шарттар мен мөлшерде, сондай-ақ жұмыс берушi мен нақты қызметтiк өнертабыс жасауға шығармашылық тапсырма алған кезде қызметкердiң арасында жасалған жеке шартпен белгiленедi. Мұндай жағдайда аталған шарттарда сыйақының екi түрi - қызметтiк өнертабысты жасағанына ынталандыру және осы өнертабысты пайдаланғаны үшiн негiзгi сыйақылар төлеу қарастырылуы тиiс.

       17. Жұмыс берушi жұмыс берушiнiң өндiрiс бейiмi немесе оның ғылым мен техниканың бағыттарына байланысты өнертапқыштардың шығармашылық ерекшелiгiн ескеретiн қызметтiк өнертабыстарына сыйақы төлеу жөнiндегi Ереженi бекiте алады. Мұндай жағдайларда осы ереженiң 1, 6, 16-тармақтарында қарастырылған шарттарда аталмыш кәсiпорындарда, ұйымдарда бекiтiлген сыйақы төлеу жағдайымен немесе олардан басқаша төлем ақы шарттарымен өнертапқыштардың келiсiмi туралы тармақ болуы тиiс.

       18. Қызметкерге ынталандыру сыйақысы қызметтiк өнертабысты жасағанына берiледi және бұл қызметкердiң өзiне қабылдаған мiндеттемелерi мен жұмыс берушiнiң нұсқауларын дер кезiнде орындауына, өнертабысты жасау кезiндегi қызметкердiң бiлiктiлiгi мен күш-жiгерiне, мұндай объектiнi жасауға жұмыс берушiнiң және үшiншi жақтың қосқан үлесiнiң дәрежесiне байланысты болады. Ынталандыру сыйақысының мөлшерi жұмыс берушiнiң қызметтiк өнертабысты құқылық қорғау, оны пайдалану немесе пайдаланудан бас тартуға шешiм қабылдаған күнiндегi Қазақстан Республикасында белгiленген есептiк көрсеткiштен кем болмауы тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 18-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09.
N 987 қаулысымен. 

       19. Қызметтiк өнертабысты жұмыс берушi өндiрiсте пайдаланған немесе өнертабысқа лицензияны үшiншi бiреуге сатқан жағдайда немесе қызметтiк өнертабысты пайдаланудан нақты табыс тапқан жағдайларда қызметкер жұмыс берушiнiң алған пайдасымен мөлшерлес сыйақы алуға құқылы. Сыйақы мөлшерi бұрын төленген ынталандыру сыйақысын, жұмыс берушiнiң ақыл-кеңес жолымен өнертабысты жасауға қосқан үлесiн, жұмыс берушiнiң жұмысынан тыс қызметкер үшiн қол жетпейтiн ақпараттарды, материалдық, қаржылық және техникалық құралдардың берiлуi ескерiлген келiсiммен айқындалады.

      20. Қазақстан Республикасы Патент заңының 33-бабына сәйкес осы Ереженiң 1, 6, 16, 19-тармақтарында қарастырылған шарттар жасасу кезiнде қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында пайда болған сыйақы төлеу жөнiндегi дауларды Қазақстан Республикасының тиiстi соттары қарайды.

       21. Егер қызметтiк өнертабысты одан әрi пайдалану кезiнде ақы төлеудiң бұрын белгiленген мөлшерiне ықпал ететiн елеулi өзгерiстер туған жағдайда оның мөлшерi қызметкердiң немесе жұмыс берушiнiң талабы бойынша өзгертiледi.
       Мұндай жағдайда сыйақының бұрын белгiленген мөлшерi негiзiнде алынған соманы қызметкер қайтарып беруi мiндеттi емес.
       Қызметкерге сыйақы барлық тиесiлi соманы бiр жолғы төлеу немесе мерзiмдi төлемдер арқылы жүзеге асырылады.

       22. Қызметкер қызметтiк өнертабысты тиiмдi пайдалануға қажеттi, сондай-ақ оған енгiзiлген барлық жетiлдiрулер жөнiнде жұмыс берушiге барлық мәлiметтi хабарлауға мiндеттi.
       Қызметкер мен жұмыс берушi қызметтiк өнертабыстар жөнiндегi кез-келген мәлiметтi жария етпеуге мiндеттi.

       23. Жұмыс берушi қызметтiк өнертабысқа патенттiң (алдын ала патенттi) қолданылуын тоқтату жөнiнде шешiм қабылдаған жағдайда ол қызметкерге дер кезiнде аталмыш патент (алдын ала патент) құқығын алу үшiн шарт жасасуға ұсыныс жасауға мiндеттi.

       24. Мемлекеттiк кәсiпорындар, ұйымдар жекешелендiрiлген жағдайда немесе мемлекеттiк емес кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiк иесi өзгерген жағдайда қызметтiк өнертабыстар жөнiндегi барлық құқықтар мен мiндеттер олардың заңды мұрагерлерiне көшедi.
 




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК