关于知识产权 知识产权培训 树立尊重知识产权的风尚 知识产权外联 部门知识产权 知识产权和热点议题 特定领域知识产权 专利和技术信息 商标信息 工业品外观设计信息 地理标志信息 植物品种信息(UPOV) 知识产权法律、条约和判决 知识产权资源 知识产权报告 专利保护 商标保护 工业品外观设计保护 地理标志保护 植物品种保护(UPOV) 知识产权争议解决 知识产权局业务解决方案 知识产权服务缴费 谈判与决策 发展合作 创新支持 公私伙伴关系 人工智能工具和服务 组织简介 与产权组织合作 问责制 专利 商标 工业品外观设计 地理标志 版权 商业秘密 WIPO学院 讲习班和研讨会 知识产权执法 WIPO ALERT 宣传 世界知识产权日 WIPO杂志 案例研究和成功故事 知识产权新闻 产权组织奖 企业 高校 土著人民 司法机构 遗传资源、传统知识和传统文化表现形式 经济学 性别平等 全球卫生 气候变化 竞争政策 可持续发展目标 前沿技术 移动应用 体育 旅游 PATENTSCOPE 专利分析 国际专利分类 ARDI - 研究促进创新 ASPI - 专业化专利信息 全球品牌数据库 马德里监视器 Article 6ter Express数据库 尼斯分类 维也纳分类 全球外观设计数据库 国际外观设计公报 Hague Express数据库 洛迦诺分类 Lisbon Express数据库 全球品牌数据库地理标志信息 PLUTO植物品种数据库 GENIE数据库 产权组织管理的条约 WIPO Lex - 知识产权法律、条约和判决 产权组织标准 知识产权统计 WIPO Pearl(术语) 产权组织出版物 国家知识产权概况 产权组织知识中心 产权组织技术趋势 全球创新指数 世界知识产权报告 PCT - 国际专利体系 ePCT 布达佩斯 - 国际微生物保藏体系 马德里 - 国际商标体系 eMadrid 第六条之三(徽章、旗帜、国徽) 海牙 - 国际外观设计体系 eHague 里斯本 - 国际地理标志体系 eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange 调解 仲裁 专家裁决 域名争议 检索和审查集中式接入(CASE) 数字查询服务(DAS) WIPO Pay 产权组织往来账户 产权组织各大会 常设委员会 会议日历 WIPO Webcast 产权组织正式文件 发展议程 技术援助 知识产权培训机构 COVID-19支持 国家知识产权战略 政策和立法咨询 合作枢纽 技术与创新支持中心(TISC) 技术转移 发明人援助计划(IAP) WIPO GREEN 产权组织的PAT-INFORMED 无障碍图书联合会 产权组织服务创作者 WIPO Translate 语音转文字 分类助手 成员国 观察员 总干事 部门活动 驻外办事处 职位空缺 采购 成果和预算 财务报告 监督
Arabic English Spanish French Russian Chinese
法律 条约 判决书 按司法管辖区搜索

哈萨克斯坦

KZ061

返回

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 208 бұйрығы)

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру  парағының нысанын және тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 маусымда № 8506 тіркелді

      «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына, «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінің тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әділет министрі                                  Б. Имашев


 

Қазақстан Республикасының
 Әділет министрінің  
2013 жылғы 11 маусымдағы
 № 208 бұйрығына    
 1-қосымша        

Нысан

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

   Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдардың қызметін тексеру парағы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                                (№, күні)
Тексеруді жүзеге асырушы лауазымды адамдардың Т.А.Ә. ________________
_____________________________________________________________________
Ұйымның атауы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________

Талаптардың тізілімі

Иә

Жоқ

1

Ұйым жарғысының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкестілігі





2

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға авторлардың, орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың құқықтарын басқаруға өкілеттік беру туралы шарттардың болуы





3

Құқық иеленушілермен авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың болуы





4

Жалпы жиналыстың сыйақы ставкаларын бекіту туралы шешімі





5

Жалпы жиналыстың пайдаланушылармен авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға шарттарды жасасу талаптары туралы шешімі





6

Жалпы жиналыстың өзіндік шығыстарды жабуға бағытталған сыйақы сомалары туралы шешімі





7

Сыйақыны бөлу және тоқсан сайын төлеу





8

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның 47-бабына сәйкес уәкілетті органға ақпарат ұсынылғанын растайтын құжаттардың болуы





9

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын шетелдік ұйымдармен екіжақты және көпжақты келісімдердің болуы





10

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын шетелдік ұйымдарға сыйақы төлеуді растайтын құжаттардың болуы





11

Ұйымның авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды иеленушілерге олардың құқықтарын пайдалану, соның ішінде жиналған сыйақылар көлемі және одан ұстап қалған сомалар туралы мәліметтерді қамтитын есептердің болуы





12

Құқық иеленушілер, олардың оған басқаруға берген құқықтары, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдердің болуы





13

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі туралы пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында Интернет-ресурсының болуы





14

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге де құқық иеленушінің атын қоса алғанда, өзіне басқаруға берген құқықтар туралы ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру





15

Жергілікті жерлерде авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланған үшін сыйақыларды жинау, бөлу және төлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өкілдердің болуы туралы ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру





16

Жиналған сыйақыны аудару үшін авторларды, орындаушыларды, фонограмма жасаушыларды іздеу жөнінде шаралар қабылданғанын растайтын материалдардың болуы





17

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ең төменгі ставкалардан төмен емес сыйақы ставкаларын қолдану





Субъектінің тексеру парағын алғаны туралы белгі
20 ___ ж. «___» _________
__________________________ ________________
          Т.А.Ә. лауазымы       (қолы)


 

Қазақстан Республикасының
 Әділет министрінің  
2013 жылғы 11 маусымдағы
 № 208 бұйрығына   
 2-қосымша      

   Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың
қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдері) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға (бұдан әрі - субъектілер) жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.

      2. Осы өлшемдерде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде авторлардың, сабақтас құқықтар субъектілеріне немесе құқық иеленушілердің заңды мүдделеріне нұқсан келтіру ықтималдығы;
      тәуекелдерді бағалау жүйесі – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды тексеруді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;
      тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері – бақылау субъектісі қызметімен тікелей байланысты, оны тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
      бақылау субъектісі - «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Субъектілер қызметінің тәуекелдерін бағалау субъектінің салдарлардың ауырлығы тұрғысынан маңыздылығы, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, келесі тәртіпте жүргізіледі:
      1) субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бастапқы тиістілігі уәкілетті органда ұжымдық негізде басқару салаларында қызметті жүзеге асыру үшін алған аккредитация туралы және құқықтарын басқару туралы шарттарды жасасқан құқық иеленушілермен бірге осындай шарттар жасалмаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқық беретін куәліктің болуы ескеріле отырып, жүзеге асырылады;
      2) субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша қайталама тиістілігі авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы және субъектілер қызметінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      4. Маңыздылығы бойынша субъектілерді бөлу:
      1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 15-тен 19-ға дейін бал алған субъектілер жатады;
      2) орташа тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 5-тен 15-ке дейін бал алған субъектілер жатады;
      3) маңызды емес тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 5-ке дейін бал алған субъектілер жатады.

      5. Субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша қайталама тиістілігі кезінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер қайта бөлінеді.

      6. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдерін қолдану мақсатында, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы деректері, тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.

      7. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер жоғарғы, орташа немесе маңызды емес тәуекел дәрежесіне өтеді.
      Сапалық өлшемдер балдармен бағаланады:
      1) авторлық құқық және сабақтас құқықтар иеленушілеріне жиналған сыйақыларды бөлмеу - 3 балл;
      2) Ұйым жарғысының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес болмауы - 3 балл;
      3) лицензиялық шарттарды жасау талаптары туралы жалпы жиналыс шешімінің, сыйақы ставкаларының болмауы - 3 балл;
      4) авторлық құқық және сабақтас құқықтар иеленушілеріне сыйақыларды бөлмеу және төлемеу - 3 балл;
      5) уәкілетті органға есеп бермеу - 1 балл;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ең төменгі ставкалардан төмен сыйақы ставкаларын қолдану - 3 балл;
      7) Жиналған сыйақыны аудару үшін авторларды, орындаушыларды, фонограмма жасаушыларды іздеу жөнінде шаралар қабылдамау - 2 балл;
      8) Құқық иеленушілер, олардың оған басқаруға берген құқықтары, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдердің болмауы - 2 балл;
      9) Ұйымның авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды иеленушілерге олардың құқықтарын пайдалану, соның ішінде жиналған сыйақылар көлемі және одан ұстап қалған сомалар туралы мәліметтерді қамтитын есептердің болмауы - 2 балл;
      10) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі туралы пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында Интернет-ресурсының болмауы - 2 балл;
      11) Ұйымның Интернет-ресурсында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге де құқық иеленушінің атын қоса алғанда, өзіне басқаруға берген құқықтар туралы ақпараттың болмауы - 2 балл;
      12) Интернет-ресурста жергілікті жерлерде авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыларды жинау, бөлу және төлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өкілдердің болуы туралы ақпараттың болмауы - 1 балл.
      Қайталама жоспарлы тексерулердің мерзімділігі мына тәртіпте белгіленеді:
      1) жылына бір рет – тәуекел дәрежесі жоғары болғанда;
      2) үш жылда бір рет – тәуекел дәрежесі орташа болғанда;
      3) бес жылда бір рет - тәуекел дәрежесі маңызды емес болғанда.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК