关于知识产权 知识产权培训 树立尊重知识产权的风尚 知识产权外联 部门知识产权 知识产权和热点议题 特定领域知识产权 专利和技术信息 商标信息 工业品外观设计信息 地理标志信息 植物品种信息(UPOV) 知识产权法律、条约和判决 知识产权资源 知识产权报告 专利保护 商标保护 工业品外观设计保护 地理标志保护 植物品种保护(UPOV) 知识产权争议解决 知识产权局业务解决方案 知识产权服务缴费 谈判与决策 发展合作 创新支持 公私伙伴关系 人工智能工具和服务 组织简介 与产权组织合作 问责制 专利 商标 工业品外观设计 地理标志 版权 商业秘密 WIPO学院 讲习班和研讨会 知识产权执法 WIPO ALERT 宣传 世界知识产权日 WIPO杂志 案例研究和成功故事 知识产权新闻 产权组织奖 企业 高校 土著人民 司法机构 遗传资源、传统知识和传统文化表现形式 经济学 性别平等 全球卫生 气候变化 竞争政策 可持续发展目标 前沿技术 移动应用 体育 旅游 PATENTSCOPE 专利分析 国际专利分类 ARDI - 研究促进创新 ASPI - 专业化专利信息 全球品牌数据库 马德里监视器 Article 6ter Express数据库 尼斯分类 维也纳分类 全球外观设计数据库 国际外观设计公报 Hague Express数据库 洛迦诺分类 Lisbon Express数据库 全球品牌数据库地理标志信息 PLUTO植物品种数据库 GENIE数据库 产权组织管理的条约 WIPO Lex - 知识产权法律、条约和判决 产权组织标准 知识产权统计 WIPO Pearl(术语) 产权组织出版物 国家知识产权概况 产权组织知识中心 产权组织技术趋势 全球创新指数 世界知识产权报告 PCT - 国际专利体系 ePCT 布达佩斯 - 国际微生物保藏体系 马德里 - 国际商标体系 eMadrid 第六条之三(徽章、旗帜、国徽) 海牙 - 国际外观设计体系 eHague 里斯本 - 国际地理标志体系 eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange 调解 仲裁 专家裁决 域名争议 检索和审查集中式接入(CASE) 数字查询服务(DAS) WIPO Pay 产权组织往来账户 产权组织各大会 常设委员会 会议日历 WIPO Webcast 产权组织正式文件 发展议程 技术援助 知识产权培训机构 COVID-19支持 国家知识产权战略 政策和立法咨询 合作枢纽 技术与创新支持中心(TISC) 技术转移 发明人援助计划(IAP) WIPO GREEN 产权组织的PAT-INFORMED 无障碍图书联合会 产权组织服务创作者 WIPO Translate 语音转文字 分类助手 成员国 观察员 总干事 部门活动 驻外办事处 职位空缺 采购 成果和预算 财务报告 监督
Arabic English Spanish French Russian Chinese
法律 条约 判决书 按司法管辖区搜索

哈萨克斯坦

KZ056

返回

Туындыларды көпшілік алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдану тәртiбi жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 362 бұйрығы)

Туындыларды көпшілік алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдану тәртiбi жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3372

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N 1083 "Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы" қаулысының 3-тармағын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:

     1. Қоса берiлiп отырған Туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдану тәртiбi жөнiндегі нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

     Министрдiң
     мiндетiн атқарушы


 

Қазақстан Республикасы Әдiлет  
 министрi мiндетiн атқарушының  
 2004 жылғы 15 желтоқсандағы   
 N 362 бұйрығымен бекiтiлген   

   Туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке
 хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды
 қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн
 авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын
 қолдану тәртiбi жөнiндегi нұсқаулық 

 

   1. Жалпы ережелер

 

       1. Осы Нұсқаулық туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдануды белгiлейдi.
 

       2. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) көп актiлi драмалық және музыкалық-драмалық туындылар - кемiнде екi актiсi бар туындылар;
      2) "үлкен құқықтар" туындылары - басқару немесе лицензиялау жеке негiзде жүзеге асырылатын туындылар;
      3) "кiшi құқықтар" туындылары - басқару ұжымдық негiзде жүзеге асырылатын туындылар;
      4) өлеңмен жазылған туынды - сахнадан айтылатын мәтiннiң кемiнде жартысы өлең түрiнде жазылған туынды;
      5) авторлық құқықпен қорғалмайтын туындылар - халық шығармашылығы туындылары, қорғау мерзiмiнiң аяқталуына байланысты қоғамдық игiлiкке айналған туындылар;
      6) "кiшi құқықтар" туындыларын көпшiлiк алдында орындау - дербес маңызы бар музыкалық-драмалық туындылардың бөлiмдерiн (ариялар, әндер) көпшiлiк алдында драмалық емес орындау;
      7) пьеса - театралдық көрсетуге арналған драмалық туынды;
      8) сахналау-пьеса - басқа туындылар, оның iшiнде халық шығармашылығы туындыларының сарындары бойынша жазылған пьеса.
 

     3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N 1083 "Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы" қаулысында (бұдан әрi - қаулы) көзделген туындыларды көпшiлiк алдында орындау үшiн ставкалар бойынша авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының аумағында орындаушы-әртiстердiң, сондай-ақ техникалық құралдар арқылы да драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық туындыларды, концерттiк, цирк, би бағдарламаларын, мәтiнi бар және мәтiнсiз музыкалық туындыларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн есептеледi.
 

       4. Қаулыда көзделген туындыларды көпшiлiк алдында хабарлау үшiн ең төменгi ставкалар бойынша авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының аумағында туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн есептеледi.
 

       5. Қаулыда көзделген туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн ең төменгi ставкалар бойынша авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының аумағында туындыларды жалға беру, көпшiлiкке прокатқа беру жолымен қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн есептеледi.
 

       6. Қаулыда көзделген авторлық сыйақы ставкалары ең төменгi деңгей болып табылады және, егер пайдаланушы мен автордың, оның құқықтық мирасқорының немесе авторлардың мүлiктiк құқықтарын олардан алған өкiлеттiлiгi шегiнде ұжымдық негiзде басқарушы ұйымның арасында жасалған шартта өзгеше белгiленбесе және сыйақы мөлшерi мүдделi тараптардың арасында дау туғызу нысаны болмаса қолданылады.
 

       7. Туындыларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы:
      1) бiр туындыны немесе бағдарламаны көпшiлiк алдында орындағаны үшiн билеттердi сатудан түскен алымның жалпы сомасынан;
      2) шарт бойынша кепiлдiк төлем сомаларынан не табыстардың өзге сомаларынан пайызбен есептеледi.
      Төлеушi табысының дәл мөлшерiн анықтау қиын болған немесе мүмкiн болмаған жағдайларда, мәтiнi бар немесе мәтiнсiз музыкалық туындыларды, әдеби туындыларды орындаушы әртiстер, сондай-ақ техникалық құралдардың (кез келген дыбыс тасушылардың) көмегiмен дискотекаларға, түнгi клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге, кинотеатрларға, сауықханаларға, барларға, бистроларға, асханаларға, ашық алаңдарға, ойын аттракциондарына және басқа да қоғамдық орындарға тегiн кiру кезiнде орындалғаны үшiн авторлық сыйақы қаулымен бекiтiлген Туындыларды көпшiлiк алдында орындау үшiн ең төменгi авторлық ставкалардың 26-тармағында көзделген сыйлық есептiк көрсеткiшпен есептеледi.
 

       8. Туындыларды көпшiлiк алдында хабарлау үшiн авторлық сыйақы табыстың жалпы сомасында пайызбен белгiленген мөлшерлерде есептеледi. Бұл ретте авторлық сыйақы есептелуге тиiс жалпы табыс деп жарнаманы орналастыру, хабарларды жасауға түскен демеушiлiк түсiмдер, демеушiлiк не өзге қаржыландыру түрiндегi түсiмдерден, егер ондайлар бар болса, абоненттiк ақы, туындыларға қол жеткiзу үшiн ақы түрiндегi және тағы да басқа түсiмдерден құралатын табыс түсiнiледi.
 

       9. Авторлық құқықпен қорғалатын, сондай-ақ қорғалмайтын туындыларды қамтитын дыбыстық жазу даналарын қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақы тек авторлық құқықпен қорғалатын даналар үшiн ғана есептеледi.

 

   2. Туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке
 хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта
 шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақы
 ставкаларын қолдану

 

     10. Балаларға арналған пьессаларды, оның iшiнде қуыршақ пен орындалатын пьессалар үшiн белгiленген авторлық сыйақының ставкалары аталған пьессаларға орындалған жерiне қарамастан қолданылады.
 

       11. Өз туындыларының сарыны бойынша жазылған пьессалар, егер сахналау тең авторларсыз жасалса, төлтумаға теңестiрiледi.
 

       12. Халық ертегiлерiнiң сарыны бойынша балаларға арнап жазылған пьессалар төлтумаға теңестiрiледi.
 

       13. Егер автор туындыны екi немесе бiрнеше тiлде жазып, қай мәтiннiң төлтума, ал қайсысының аударма екенiн ескертпесе, онда ол осы тiлдердiң әрқайсысында төлтума болып табылады.
 

       14. Авторлық құқықпен қорғалатын және қорғалмайтын (оның iшiнде драмалық туындыларды сүйемелдейтiн музыка да) туындыларды қамтитын бағдарламаларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы толық ставка бойынша есептеледi.
 

       15. Тең авторлар бiртұтас бөлiнбес дүние ретiнде жасаған туындыларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы тек авторлық құқығы қорғалатын тең авторларға (олардың құқықтық мирасқорларына) ғана есептеледi. Бұл ретте есептелетiн сыйақының мөлшерi тең авторлардың арасында сыйақының белгiленген ставкаға тепе-тең бөлiнуiне сәйкес айқындалады.
 

       16. Түгелдей қоғам игiлiгiне айналған туындылардан құрылатын концерттер үшiн авторлық сыйақы есептелмейдi.
 

       17. Концерттiк, эстрада, цирк немесе би бағдарламалары үшiн авторлық сыйақы туындылар әртiстердiң немесе дыбыстық жазуда орындалуына қарамастан, сондай-ақ пайдаланушыға осындай бағдарламаларға билет сатудан табыс түсуiне немесе түспеуiне қарамастан есептеледi.
 

       18. Егер спектакль бiрнеше бiр актiлi туындыларды қамтитын болса, сыйақы әрбiр туынды үшiн соған белгiленген ставка бойынша жеке-жеке есептеледi.
      Егер бiр актiлi туынды концерттiк бағдарламада орындалса, бұл туынды үшiн сыйақы соған белгiленген ставка бойынша есептеледi және одан басқа концерттiк бағдарлама үшiн де көзделген ставка есептеледi.
      Егер спектакль екi көп актiлi туындыны қамтитын болса, сыйақы әр туынды үшiн тиiстi көп актiлi туындылар үшiн көзделген ставкалардың 1/2 бөлiгiнен есептеледi.
      Егер көп актiлi туынды концерттiк бағдарламамен орындалса, көп актiлi туынды үшiн сыйақы тиiстi туындылар үшiн көзделген ставканың 12 бөлiгiнен есептеледi және тиiстi концерттiк бағдарлама үшiн көзделген ставка қосымша есептеледi.
 

       19. Шағын көлемдi шығармалар көпшiлiк алдында орындалған жағдайда аудармашы үшiн белгiленген қаламақы сомасы аралық және соңғы аударма авторлары арасында тең бөлiнедi.
 

       20. Авторлық құқықпен қорғалатын сахналанған пьесаны аударған үшiн авторлық сыйақы төлтума туындыларының аудармасы үшiн белгiленген ставкалар бойынша есептеледi.
 

       21. Музыкалық-драмалық туындыларды орындағаны үшiн авторлық сыйақының ставкалары сонымен бiрге туынды концерттiк орындауда қойылатын жағдайларда да қолданылады.
 

       22. Музыкасын шетелдiк композиторлар жазған либреттолардың нұсқалары мен оперетталар, музыкалық комедиялар мен мюзиклдер мәтiндерiнiң жаңа сырлары аудармаларға теңестiрiледi.
 

       23. Драмалық спектакльдерге арнап жазылған музыка үшiн төленетiн сыйақы музыкалық нөмiрлердiң санына, сондай-ақ музыканы әртiстер орындауына немесе дыбыстық жазуда орындалуына қарамастан әрбiр актiсi үшiн 1 пайыз мөлшерiнде есептеледi.
 

       24. Егер концерттiк бағдарламада эстрадалық туындылармен қатар тым болмаса бiр iрi симфониялық туынды, не iрi көлемдi камералық туынды, не ұлттық аспаптарға арналған көп актiлi туындылар, не хореографиялық концерт орындалса, осындай концерттiк бағдарлама үшiн авторлық сыйақы сатылған билеттерден (симфониялық, вокалды-симфониялық және камералық шығармалар концертiне арналғандай) түскен жалпы соманың 7 пайызы мөлшерiнде есептеледi.
 

       25. Егер жаңа жылдық шырша қойылымдары бағдарламасына драмалық немесе музыкалық-драмалық туынды енгiзiлсе, мұндай туынды үшiн авторлық сыйақы драмалық және музыкалық-драмалық туындылар үшiн көзделген ставкалар бойынша есептеледi.
 

       26. Концерт пен билерден құралған бағдарлама үшiн кiру ақысы бiрдей болған кезде авторлық сыйақы эстрада концертiндей - түскен жалпы алым сомасының 4 пайызы мөлшерiнде есептеледi.
 

       27. Көпшiлiк ареналарында (стадиондарда, спорт сарайларында, ипподромдарда және тағы сондайларда) өткiзiлетiн спорт жарыстарын, спортшылардың көркем өнер көрсетулерiн, ойын аттракциондарын, сән көрсетулерiн, көрмелердi, жәрмеңкелердi, фестивальдарды, конкурстарды және тағы басқа iс-шараларды музыкамен сүйемелдегенi үшiн, авторлық сыйақы қаулының 24-тармағында белгiленген ставка бойынша есептеледi.
      Егер көпшiлiк аренасында эстрадалық, цирк қойылымдары мен концерттер, драмалық немесе музыкалық-драмалық туындылар орындалса, олар үшiн авторлық сыйақы концерттер, драмалық немесе музыкалық-драмалық туындылар, сондай-ақ цирк қойылымдары үшiн белгiленген ставкалар бойынша есептеледi.
 

     28. Осы алаңға кiргенi үшiн жеке ақы алмастан, алаңдарда (спектакльге дейiн немесе одан кейiн немесе үзiлiстер кезiнде театрлар фойелерiнде, кинотеатрлар фойелерiнде, дәмханаларда, мейрамханаларда, парктердегі, бақтардағы және стадиондардағы ашық алаңдарда және т.с.) көпшiлiк алдында орындалған туындылар үшiн авторлық сыйақы айлық есептiк көрсеткiштерде есептеледi.




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК