关于知识产权 知识产权培训 树立尊重知识产权的风尚 知识产权外联 部门知识产权 知识产权和热点议题 特定领域知识产权 专利和技术信息 商标信息 工业品外观设计信息 地理标志信息 植物品种信息(UPOV) 知识产权法律、条约和判决 知识产权资源 知识产权报告 专利保护 商标保护 工业品外观设计保护 地理标志保护 植物品种保护(UPOV) 知识产权争议解决 知识产权局业务解决方案 知识产权服务缴费 谈判与决策 发展合作 创新支持 公私伙伴关系 人工智能工具和服务 组织简介 与产权组织合作 问责制 专利 商标 工业品外观设计 地理标志 版权 商业秘密 WIPO学院 讲习班和研讨会 知识产权执法 WIPO ALERT 宣传 世界知识产权日 WIPO杂志 案例研究和成功故事 知识产权新闻 产权组织奖 企业 高校 土著人民 司法机构 遗传资源、传统知识和传统文化表现形式 经济学 性别平等 全球卫生 气候变化 竞争政策 可持续发展目标 前沿技术 移动应用 体育 旅游 PATENTSCOPE 专利分析 国际专利分类 ARDI - 研究促进创新 ASPI - 专业化专利信息 全球品牌数据库 马德里监视器 Article 6ter Express数据库 尼斯分类 维也纳分类 全球外观设计数据库 国际外观设计公报 Hague Express数据库 洛迦诺分类 Lisbon Express数据库 全球品牌数据库地理标志信息 PLUTO植物品种数据库 GENIE数据库 产权组织管理的条约 WIPO Lex - 知识产权法律、条约和判决 产权组织标准 知识产权统计 WIPO Pearl(术语) 产权组织出版物 国家知识产权概况 产权组织知识中心 产权组织技术趋势 全球创新指数 世界知识产权报告 PCT - 国际专利体系 ePCT 布达佩斯 - 国际微生物保藏体系 马德里 - 国际商标体系 eMadrid 第六条之三(徽章、旗帜、国徽) 海牙 - 国际外观设计体系 eHague 里斯本 - 国际地理标志体系 eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange 调解 仲裁 专家裁决 域名争议 检索和审查集中式接入(CASE) 数字查询服务(DAS) WIPO Pay 产权组织往来账户 产权组织各大会 常设委员会 会议日历 WIPO Webcast 产权组织正式文件 发展议程 技术援助 知识产权培训机构 COVID-19支持 国家知识产权战略 政策和立法咨询 合作枢纽 技术与创新支持中心(TISC) 技术转移 发明人援助计划(IAP) WIPO GREEN 产权组织的PAT-INFORMED 无障碍图书联合会 产权组织服务创作者 WIPO Translate 语音转文字 分类助手 成员国 观察员 总干事 部门活动 驻外办事处 职位空缺 采购 成果和预算 财务报告 监督
Arabic English Spanish French Russian Chinese
法律 条约 判决书 按司法管辖区搜索

哈萨克斯坦

KZ055

返回

Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 Қаулысы)

Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 Қаулысы

 

      «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 40-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің    
2011 жылғы 23 қарашадағы
№ 1373 қаулысымен
 бекітілген   

 


 

   Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін
сыйақының ең төменгі ставкалары

 

      Ескерту. Ең төменгі ставкаларға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 469 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

 

р/с

Пайдаланудың түрі, орны, талаптары, пайдаланушылар

Сыйақының ең төменгі ставкалары

ақылы кіру кезінде

тегін кіру кезінде

1

2

3

4

1. Көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу жолымен орындаулар мен фонограммаларды пайдалану

1.

Дәмханалар, барлар (айына әрбір отыратын орынға)

0,2 АЕК

0,1 АЕК

2.

Мейрамханалар (айына әрбір отыратын орынға)

0,25 АЕК

0,15 АЕК

3.

Басқа да қоғамдық тамақтандыру объектілері (айына әрбір отыратын орынға)

0,008 АЕК

0,004 АЕК

4.

Түнгі клубтар (айына әрбір отыратын орынға)

билеттерді сатудан түскен кірістен 1%

0,2 АЕК

5.

Казино және басқа да ойын мекемелері (айына әрбір отыратын орынға)

0,4 АЕК

6.

Мәдени ойын-сауық орталықтары, кешендер (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбір шаршы метрі үшін)

0,05 АЕК

7.

Спорттық-сауықтыру орталықтары, кешендері (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбір шаршы метрі үшін)

0,01 АЕК

0,001 АЕК

8.

Жәрмеңкелер, көрмелер, сән көрсетулер, сұлулық және кәсіби шеберлік сайыстары (айына дыбыстандырылатын алаңның әрбір шаршы метрі үшін)

0,02 АЕК

0,002 АЕК

9.

Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері және пансионаттар (айына көпшілік алдында орындау, көрсету, хабарлау және жалпы жұрттың назарына жеткізу үшін қолданылатын техникалық құралдың бірлігі үшін)

0,2 АЕК

10.

Жолаушылар көлігі құралдары (әрбір билетті сату нәтижесінде түскен кірістен)

0,001%

11.

Спорттық жарыстар, спортшылардың көрсетілімдік орындаулары (әрбір өткізілген іс-шарадан түскен кірістен)

0,05 %

0,001 %

12.

Конькимен, роликпен жаппай сырғанау орындары (айына осы мақсатта пайдаланатын орындардың (аумақтың) әрбір шаршы метрі үшін)

0,05 АЕК

0,01 АЕК

13.

Театрлар, кинозалдар және фильмдерді демонстрациялауға арналған өзге де орындар (айына дыбыстандырылатын үй-жайдың әрбір шаршы метрі үшін)

0,01 АЕК

0,001 АЕК

14.

Мәдени-демалыс ұйымдары (мәдениет және демалыс парктері, мәдениет үйлері мен сарайлары, аквапарктер) (айына дыбыстандырылатын аумақтың (үй-жайдың) әрбір шаршы метрі үшін)

0,01 АЕК

0,001 АЕК

15.

Сауда үйлері, дүкендер, сауда базарлары және сауда мақсатына арналған өзге де орындар (айына дыбыстандырылатын аумақтың әрбір шаршы метрі үшін)

0,002 АЕК

16.

Театрландырылған, концерттік, цирктік бағдарламалар (іс-шара өткізу нәтижесінде түскен кірістен)

0,02 %

0,01 %

17.

Бұқаралық іс-шаралар, қала күндері, мейрамдар, фестивальдар (іс-шара өткізу нәтижесінде түскен кірістен)

0,02 %

0,01 %

18.

Музыкалық автоматтар жүйелері және караоке арқылы (айына әрбір музыкалық автомат және караоке үшін)

0,2 АЕК

0,1 АЕК

19.

Қазақстан Республикасында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген эфирлік телевизиялық хабар тарату ұйымдары (жарнамадан түскен кірістен)

0,1%

20.

Қазақстан Республикасында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген эфирлік радио хабар тарату ұйымдары (жарнамадан түскен кірістен)

0,1%

21.

Қазақстан Республикасында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген кәбілдік (өткізгішті), жерсеріктік телевизиялық хабар тарату ұйымдары (айына кәбілдік, жерсеріктік теледидар қызметі үшін түскен абоненттік төлемнен)

0,1%

22.

Қазақстан Республикасында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген кәбілдік (өткізгішті), жерсеріктік радио хабар тарату ұйымдары (айына кәбілдік, жерсеріктік радио хабар тарату қызметі үшін түскен абоненттік төлемнен)

0,1%

2. Табыс алу мақсатында қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату арқылы орындаулар мен фонограммаларды пайдалану

23.

Орындауларды дыбыс және дыбыстау-бейнелеу жазбаларында қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату (орындаулардың санына қарамастан, әрбір шығарылған данасын өткізу бағасынан)

0,3%

24.

Орындаулар мен фонограммаларды телефондар (ұялы, смартфондар, дербес қалта компьютерлері), музыкалық аппараттар, автоматтар және караоке жүйелері үшін музыка, әуен (рингтондар, реалтондар) және қоңырау (рингбэктондар) ретінде қайта шығару және (немесе) тарату (айына әрбір пайдаланылатын туындының әрбір пайдаланғаны үшін)

0,03 АЕК

25.

Орындаулардың дыбыс жазбалары және (немесе) дыбыстау-бейнелеу түріндегі даналарын прокатқа, жалға беру (айына әрбір пайдаланылатын дана үшін)

0,01 АЕК

 

      Ескертпе:

      1. Орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға берілетін ең төменгі сыйақы ставкалары орындаулар мен фонограммаларды оларда белгіленген пайдалану түрлері үшін ең төменгі болып табылады.
      2. Сыйақының мөлшерін, оны төлеудің тәртібі мен мерзімдерін орындаушылармен, фонограмма шығарушылармен, олардың құқықтық мирасқорларымен не мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен жасалатын лицензиялық шартта тараптар белгілейді.
      3. Сыйақыны төлеу кезінде осындай сыйақыны төлеу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген АЕК мөлшері пайдаланылады.
      4. Коммерциялық мақсатта жарияланған орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындауды, эфир немесе кабель арқылы хабарлауды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер пайдаланушылар болып табылады.
      5. Егер мәдени ойын-сауық орталығының, спорттық-сауықтыру орталығының, сауда үйінің аумағында көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу арқылы орындаулар мен фонограммаларды өз бетінше пайдаланатын 1, 2, 3, 12, 13 және 14-тармақтарда көрсетілген пайдаланушылар орналасқан жағдайда, сыйақыны төлеу міндеті осы пайдаланушыларға жүктеледі.
      6. Егер көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу арқылы орындаулар мен фонограммаларды өз бетінше пайдаланбайтын 1, 2, 3, 12, 13 және 14-тармақтарда көрсетілген пайдаланушылар орналасқан мәдени ойын-сауық орталықтың, спорттық-сауықтыру орталығының, сауда үйінің барлық аумағында орындаулар мен фонограммалар көпшілік алдында орындалған, көрсетілген, жалпы жұрттың назарына хабарланған немесе жеткізілген жағдайда, сыйақыны мәдени ойын-сауық орталығының, спорттық-сауықтыру орталығының, сауда үйінің иесі төлейді.
      7. 21-тармақта көзделген сыйақы мөлшерін орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың құқықтарын сақтауды көздейтін лицензиялық шарттары бар кәбілдік (өткізгішті), жерсеріктік телевизиялық хабар тарату ұйымдары төлемейді.
      8. 9-тармақта көзделген сыйақының ай сайын төленетін мөлшері техникалық құралдар санын онда көрсетілген сыйақы ставкасына көбейту нәтижесінде алынған сыйақының он екіден бір бөлігін құрайды.
      Ескерту. Ескертпе 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 469 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      АЕК - айлық есептік көрсеткіш



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК