À propos de la propriété intellectuelle Formation en propriété intellectuelle Respect de la propriété intellectuelle Sensibilisation à la propriété intellectuelle La propriété intellectuelle pour… Propriété intellectuelle et… Propriété intellectuelle et… Information relative aux brevets et à la technologie Information en matière de marques Information en matière de dessins et modèles industriels Information en matière d’indications géographiques Information en matière de protection des obtentions végétales (UPOV) Lois, traités et jugements dans le domaine de la propriété intellectuelle Ressources relatives à la propriété intellectuelle Rapports sur la propriété intellectuelle Protection des brevets Protection des marques Protection des dessins et modèles industriels Protection des indications géographiques Protection des obtentions végétales (UPOV) Règlement extrajudiciaire des litiges Solutions opérationnelles à l’intention des offices de propriété intellectuelle Paiement de services de propriété intellectuelle Décisions et négociations Coopération en matière de développement Appui à l’innovation Partenariats public-privé Outils et services en matière d’intelligence artificielle L’Organisation Travailler avec nous Responsabilité Brevets Marques Dessins et modèles industriels Indications géographiques Droit d’auteur Secrets d’affaires Académie de l’OMPI Ateliers et séminaires Application des droits de propriété intellectuelle WIPO ALERT Sensibilisation Journée mondiale de la propriété intellectuelle Magazine de l’OMPI Études de cas et exemples de réussite Actualités dans le domaine de la propriété intellectuelle Prix de l’OMPI Entreprises Universités Peuples autochtones Instances judiciaires Ressources génétiques, savoirs traditionnels et expressions culturelles traditionnelles Économie Égalité des genres Santé mondiale Changement climatique Politique en matière de concurrence Objectifs de développement durable Technologies de pointe Applications mobiles Sport Tourisme PATENTSCOPE Analyse de brevets Classification internationale des brevets Programme ARDI – Recherche pour l’innovation Programme ASPI – Information spécialisée en matière de brevets Base de données mondiale sur les marques Madrid Monitor Base de données Article 6ter Express Classification de Nice Classification de Vienne Base de données mondiale sur les dessins et modèles Bulletin des dessins et modèles internationaux Base de données Hague Express Classification de Locarno Base de données Lisbon Express Base de données mondiale sur les marques relative aux indications géographiques Base de données PLUTO sur les variétés végétales Base de données GENIE Traités administrés par l’OMPI WIPO Lex – lois, traités et jugements en matière de propriété intellectuelle Normes de l’OMPI Statistiques de propriété intellectuelle WIPO Pearl (Terminologie) Publications de l’OMPI Profils nationaux Centre de connaissances de l’OMPI Série de rapports de l’OMPI consacrés aux tendances technologiques Indice mondial de l’innovation Rapport sur la propriété intellectuelle dans le monde PCT – Le système international des brevets ePCT Budapest – Le système international de dépôt des micro-organismes Madrid – Le système international des marques eMadrid Article 6ter (armoiries, drapeaux, emblèmes nationaux) La Haye – Le système international des dessins et modèles industriels eHague Lisbonne – Le système d’enregistrement international des indications géographiques eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange Médiation Arbitrage Procédure d’expertise Litiges relatifs aux noms de domaine Accès centralisé aux résultats de la recherche et de l’examen (WIPO CASE) Service d’accès numérique aux documents de priorité (DAS) WIPO Pay Compte courant auprès de l’OMPI Assemblées de l’OMPI Comités permanents Calendrier des réunions WIPO Webcast Documents officiels de l’OMPI Plan d’action de l’OMPI pour le développement Assistance technique Institutions de formation en matière de propriété intellectuelle Mesures d’appui concernant la COVID-19 Stratégies nationales de propriété intellectuelle Assistance en matière d’élaboration des politiques et de formulation de la législation Pôle de coopération Centres d’appui à la technologie et à l’innovation (CATI) Transfert de technologie Programme d’aide aux inventeurs WIPO GREEN Initiative PAT-INFORMED de l’OMPI Consortium pour des livres accessibles L’OMPI pour les créateurs WIPO Translate Speech-to-Text Assistant de classification États membres Observateurs Directeur général Activités par unité administrative Bureaux extérieurs Avis de vacance d’emploi Achats Résultats et budget Rapports financiers Audit et supervision
Arabic English Spanish French Russian Chinese
Lois Traités Jugements Parcourir par ressort juridique

Kazakhstan

KZ018

Retour

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы (Қазақстан Республикасының Заңы. 2003 жылғы 7 қаңтар № 370-ІІ)

 Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы (Қазақстан Республикасының Заңы. 2003 жылғы 7 қаңтар № 370-ІІ)

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы

Мұрағаттық версия

Қазақстан Республикасының Заңы. 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ

Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық

қатынастардың орнатылуын, өзгертiлуiн немесе тоқтатылуын көздейтiн электрондық

құжаттарды жасау және пайдалану кезiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ

азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға

қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен

мiндеттерiн реттеуге бағытталған.

I-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен

жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының

өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi;

2) электрондық құжат - өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс

етiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

3) тiркеу куәлiгінiң иесi - өз атына тiркеу куәлігі берiлген, тiркеу

куәлiгінде көрсетiлген ашық кiлтке сәйкес жабық кiлтті заңды түрде иеленетiн жеке

немесе заңды тұлға;

4) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтi - тiркеу куәлiгiнің иесiне

белгiлi және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық

цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектiлiгi;

5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтi - кез келген тұлғаның қолы

жететiн және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын

растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектiлiгi;

6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiн заңды түрде

иеленетiн және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды

тұлға;

7) тiркеу куәлiгi - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы

Заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн беретiн қағаздағы құжат немесе

электрондық құжат;

8) электрондық құжат айналымы жүйесi - қатысушылары арасындағы қатынастар осы

Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен

реттелетiн электрондық құжаттар алмасу жүйесi;

9) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны

жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшiн пайдаланылатын бағдарламалық және

техникалық құралдардың жиынтығы;

10) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлтiнiң

электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ

тiркеу куәлiгiнiң дұрыстығын растайтын заңды тұлға;

11) уәкiлеттi орган - ақпараттандыру саласында мемлекеттiк саясатты iске

асыруды және қызметтi мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

12) электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы электрондық құжаттарды

жинау, өңдеу, сақтау, беру, iздестiру және тарату процестерiне қатысатын жеке

немесе заңды тұлға, мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам;

13) электрондық құжат айналымының корпорациялық жүйесi - электрондық құжат

айналымының жүйесi, оған ұйымдардың немесе пайдаланушылардың ведомстволық,

функционалдық немесе өзге де ақпараттық қатынастармен айқындалатын шектеулi ортасы

қатысушылар бола алады.

2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және

электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық

қолтаңба туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы

Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен

тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан

өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Шетелдiк тiркеу куәлiгiн пайдалану мен шетелдiк

жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық

құжаттарды алмасу

1. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, куәландырушы орталық пен

шетелдiк тiркеу куәлiгi иесiнiң арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу

кезiнде тiркеу куәлiгi берiлген мемлекеттiң құқығы қолданылады.

2. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, шетелдiк жеке және заңды

тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу кезiнде Қазақстан Республикасының

заңдары қолданылады.

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң электрондық

құжат және электрондық цифрлық қолтаңба

саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы

мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу мен орындауды ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық

қолтаңба туралы заңдарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;

3) мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымының тәртiбi мен

талаптарын белгiлейдi;

4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы уәкiлеттi

органның функцияларын белгiлейдi;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы

Президентiнiң актiлерiнде белгiленген өзге де функцияларды орындайды.

5-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық

қолтаңба саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы

мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асырады;

2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық

қолтаңба саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi;

3) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық

цифрлық қолтаңба мәселелерi бойынша практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетедi;

4) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық

қолтаңба туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын қызмет

түрiне өз құзыретi шегiнде лицензия бередi;

6) Куәландырушы орталықтың үлгi ережесiн әзiрлеп, бекiтедi;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де функцияларды

орындайды.

2-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ

6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптерi

Электрондық құжат айналымы:

1) электрондық құжат айналымының әр түрлi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi;

2) деректер жасау, өңдеу, сақтау және беру үшiн ақпараттық технологиялар

қолданылатын қызметтiң кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану;

3) кез келген ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық құжаттарды

беру принциптерi негiзiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде

жүзеге асырылады.

7-бап. Электрондық құжат айналымының тәртiбi

1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетiн электрондық құжат қағаздағы құжатқа

тең.

2. Электрондық құжат айналымының тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен

белгiленедi.

3. Мемлекеттiк орган қатысатын электрондық құжат айналымы кезiнде тиiстi

мемлекеттiк органның уәкiлеттi лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы

танылады.

4. Электрондық құжатта бiр немесе бiрнеше электрондық цифрлық қолтаңба болуы

мүмкiн.

5. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерi бар электрондық құжаттарды

пайдалану, қорғау, тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

6. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттiк тiркеудi қажет етпейтiн кез

келген шарттар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар

пайдаланыла отырып жасалуы мүмкiн.

8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау

Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген

тәртiппен мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде

сақталады.

9-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушының

құқықтары мен мiндеттерi

1. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы:

1) куәландырушы орталық тiркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлтiнiң

тиесiлiлiгi мен жарамдылығын растау үшiн осы куәландырушы орталыққа жүгiнуге;

2) бiрнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуiн пайдалануға құқылы.

2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы:

1) белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi

орындауға мiндеттi.

3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА

10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану

1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең

және мынадай шарттар орындалған кезде:

1) тiркеу куәлiгi бар ашық кiлттiң көмегiмен электрондық цифрлық қолтаңбаның

түпнұсқалығы куәландырылғанда;

2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық

кiлтiне заңды түрде иелiк еткенде;

3) электрондық цифрлық қолтаңба тiркеу куәлiгiнде аталған мәлiметтерге сәйкес

пайдаланылғанда, бiрдей заңдық салдарларға әкеп соғады.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерi оларды заңды негiздерде

иеленетiн тұлғалардың меншiгi болып табылады.

Тұлғада электрондық цифрлық қолтаңбаның саны шектеусiз жабық кiлттерi болуы

мүмкiн. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерiн осы кiлттер иелерiнiң

келiсiмiнсiз басқа тұлғаларға беруге болмайды.

3. Қол қоюшы тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкiлеттiктi өз

өкiлiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес беруге құқылы.

11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары

Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының

сертификаттау туралы заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен

сертификатталуға тиiс.

12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесiндегi

электрондық цифрлық қолтаңба

1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары

өздерiнiң өкiлеттiгi шегiнде өздерi шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру

кезiнде пайдалана алады.

2. Электрондық құжат айналымының мемлекеттiк емес және корпорациялық

жүйелерiнде электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының азаматтық

заңдарында белгiленген тәртiппен пайдаланылады.

13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану

Шетелдiк тiркеу куәлiгi бар шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан

Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес немесе тiркеу куәлiктерiнiң

тiркелiмiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының аумағында электрондық

цифрлық қолтаңба деп танылады.

4-тарау. ТIРКЕУ КУӘЛIГI

14-бап. Тiркеу куәлiгiн беру

Тiркеу куәлiгiн беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi және ол куәландырушы

орталық пен электрондық құжат айналымы жүйесiнiң қатысушылары үшiн мiндеттi болып

табылады.

15-бап. Тiркеу куәлiгiнiң мазмұны

1. Тiркеу куәлiгiнде мынадай мәлiметтер:

1) тiркеу куәлiгiнiң нөмiрi мен оның қолданылу мерзiмi;

2) электрондық цифрлық қолтаңбаның иесiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн

деректер;

3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтi;

4) электрондық цифрлық қолтаңбаның тиiстi жабық кiлтiн жасау үшiн

пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба құралдары туралы деректер;

5) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу

туралы ақпарат;

6) тиiстi куәландырушы орталықтың реквизиттерi болуға тиiс.

2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы үшiн қажеттi қосымша

ақпаратты электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушымен келiсе отырып, тiркеу

куәлiгiне енгiзе алады.

16-бап. Тiркеу куәлiктерiн куәландырушы орталықтарда

сақтау тәртiбi мен мерзiмi

1. Тiркеу куәлiктерiнiң көшiрмелерi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен

тиiстi куәландырушы орталықтарда сақталады.

2. Керi қайтарып алынған тiркеу куәлiктерiн куәландырушы орталықтарда сақтау

мерзiмi - кемiнде бес жыл.

3. Керi қайтарып алынған тiркеу куәлiктерi осы баптың 2-тармағында аталған

мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен

мұрағаттық сақтауға түседi.

17-бап. Тiркеу куәлiгi иесiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Егер тiркеу куәлiгiнiң иесi тiркеу куәлiгiнде аталған ашық кiлтке сәйкес

электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне қол жеткiзу режимi бұзылады деп

санаса, ол уәкiлеттi органнан тiркеу куәлiгiн керi қайтарып алуды талап етуге

құқылы.

2. Тiркеу куәлiгiнiң иесi:

1) куәландырушы орталыққа дұрыс ақпарат беруге;

2) тiркеу куәлiгiнде аталған ашық кiлтке сәйкес келетiн жабық кiлттi

пайдалануға;

3) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтi туралы ақпаратты заңсыз

таратуға жол бермеуге;

4) электрондық цифрлық қолтаңбаның өздерiне тиесiлi жабық кiлтiн заңсыз қол

жеткiзу мен пайдаланудан қорғау үшiн шаралар қолдануға, сондай-ақ ашық кiлттердi

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.

18-бап. Тiркеу куәлiгiн керi қайтарып алу

1. Тiркеу куәлiгiн берген куәландырушы орталық оны мынадай жағдайларда:

1) тiркеу куәлiгi иесiнiң немесе оның өкiлiнiң талап етуi бойынша;

2) тiркеу куәлiгiнің иесi қайтыс болғанда;

3) тiркеу куәлiгiнің қолданылу мерзiмi аяқталғанда;

4) куәландырушы орталық пен тiркеу куәлiгiнің иесi арасындағы келiсiмде

көзделген жағдайларда;

5) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша керi қайтарып алады.

2. Куәландырушы орталық тiркеу куәлiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында

белгiленген тәртіппен және мерзiмде керi қайтарып алады.

3. Тiркеу куәлiгін жою кезiнде куәландырушы орталық тiркеу куәлiгiнің иесiн

хабардар етуге және тиiстi ақпаратты алған кезден бастап кемiнде бiр күн мерзiмде

тiркеу куәлiктерiнің тiркелiмiне өзгерiстер енгiзуге мiндеттi.

19-бап. Шетелдiк тiркеу куәлiктерiн тану

Шетелдiк тiркеу куәлiгi тiркеу куәлiктерiнің тiркелiмiне тiркеу куәлiгi

енгiзiлгеннен кейiн, куәландырушы орталық берген Қазақстан Республикасының

аумағында қолданылатын тiркеу куәлiгiмен тең танылады.

5-тарау. КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ

20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi

1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған

заңды тұлға болып табылады.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнің сәйкестiгiн куәландыру

жөнiндегi, сондай-ақ тiркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөнiндегi қызмет Қазақстан

Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiс.

3. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бiрнеше жүйесiне қызмет

көрсете алады.

21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары

1. Куәландырушы орталық:

1) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерiн заңсыз қол жеткiзуден

қорғау үшiн шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесiне

қатысушылардың өтiнiшi бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кiлттерiн жасайды;

2) тiркеу куәлiктерiн бередi, тiркейдi, керi қайтарып алады, сақтайды,

белгiленген тәртіппен берiлген тiркеу куәлiктерiнің тiркелiмiн жүргiзедi;

3) қолданылып жүрген және керi қайтарып алынған тiркеу куәлiктерiн есепке

алуды жүзеге асырады;

4) куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген

тәртiппен тiркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлтiнiң тиесiлiлiгiн және

жарамдылығын растайды;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге

асырады.

2. Куәландырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңба ашық

кiлттерi жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу үшiн

қажеттi барлық шараларды қолдануға мiндеттi.

3. Куәландырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттi

орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметiн тоқтату

1. Куәландырушы орталықтың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында

белгiленген тәртiппен тоқтатылады.

2. Куәландырушы орталық қызметiн тоқтатқан жағдайда өз қызметiн тоқтатудан

отыз күн бұрын өзi қызмет көрсететiн электрондық құжат айналымы жүйесiне

қатысушылардың бәрiн және уәкiлеттi органды бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.

3. Куәландырушы орталықтың қызметiн тоқтату кезiнде ол берген тiркеу

куәлiктерi мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиiстi кiлттерi, тiркеу

куәлiктерiнің иелерi туралы мәлiметтер тiркеу куәлігінің иесiмен келiсiле отырып,

басқа куәландырушы орталықтарға берiледi.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзiм өткеннен кейiн басқа куәландырушы

орталықтарға берiлмеген тiркеу куәлiктерi мен электрондық цифрлық қолтаңбаның

тиiстi кiлттерi қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына

сәйкес сақталуға тиiс.

23-бап. Тiркеу куәліктерiнiң иелерi, электрондық цифрлық

қолтаңбаның жабық және ашық кiлттерi туралы

мәлiметтердi қорғау

1. Куәландырушы орталық тiркеу куәлiктерiнің иелерi туралы мәлiметтердiң

қорғалуын қамтамасыз етедi және оларды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде

көзделген жағдайларда ашады.

2. Тараптардың келiсiмiне сәйкес жасырын болып табылатын тiркеу куәлiктерiнiң

иелерi туралы мәлiметтер тiркеу куәлiктерiнiң жалпы қол жететiн тiркелiмiне

енгiзiлмейдi.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және

электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын

бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба

туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында

көзделген жауапкершiлiкте болады.

25-бап. Дауларды қарау

Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезiнде

туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен

қаралуға тиiс.

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

Осы Заң 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат

орталығы" ШЖҚ РМК