Propiedad intelectual Formación en PI Respeto por la PI Divulgación de la PI La PI para... La PI y… La PI en… Información sobre patentes y tecnología Información sobre marcas Información sobre diseños industriales Información sobre las indicaciones geográficas Información sobre las variedades vegetales (UPOV) Leyes, tratados y sentencias de PI Recursos de PI Informes sobre PI Protección por patente Protección de las marcas Protección de diseños industriales Protección de las indicaciones geográficas Protección de las variedades vegetales (UPOV) Solución de controversias en materia de PI Soluciones operativas para las oficinas de PI Pagar por servicios de PI Negociación y toma de decisiones Cooperación para el desarrollo Apoyo a la innovación Colaboraciones público-privadas Herramientas y servicios de IA La Organización Trabajar con la OMPI Rendición de cuentas Patentes Marcas Diseños industriales Indicaciones geográficas Derecho de autor Secretos comerciales Academia de la OMPI Talleres y seminarios Observancia de la PI WIPO ALERT Sensibilizar Día Mundial de la PI Revista de la OMPI Casos prácticos y casos de éxito Novedades sobre la PI Premios de la OMPI Empresas Universidades Pueblos indígenas Judicatura Recursos genéticos, conocimientos tradicionales y expresiones culturales tradicionales Economía Igualdad de género Salud mundial Cambio climático Política de competencia Objetivos de Desarrollo Sostenible Tecnologías de vanguardia Aplicaciones móviles Deportes Turismo PATENTSCOPE Análisis de patentes Clasificación Internacional de Patentes ARDI - Investigación para la innovación ASPI - Información especializada sobre patentes Base Mundial de Datos sobre Marcas Madrid Monitor Base de datos Artículo 6ter Express Clasificación de Niza Clasificación de Viena Base Mundial de Datos sobre Dibujos y Modelos Boletín de Dibujos y Modelos Internacionales Base de datos Hague Express Clasificación de Locarno Base de datos Lisbon Express Base Mundial de Datos sobre Marcas para indicaciones geográficas Base de datos de variedades vegetales PLUTO Base de datos GENIE Tratados administrados por la OMPI WIPO Lex: leyes, tratados y sentencias de PI Normas técnicas de la OMPI Estadísticas de PI WIPO Pearl (terminología) Publicaciones de la OMPI Perfiles nacionales sobre PI Centro de Conocimiento de la OMPI Informes de la OMPI sobre tendencias tecnológicas Índice Mundial de Innovación Informe mundial sobre la propiedad intelectual PCT - El sistema internacional de patentes ePCT Budapest - El Sistema internacional de depósito de microorganismos Madrid - El sistema internacional de marcas eMadrid Artículo 6ter (escudos de armas, banderas, emblemas de Estado) La Haya - Sistema internacional de diseños eHague Lisboa - Sistema internacional de indicaciones geográficas eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange Mediación Arbitraje Determinación de expertos Disputas sobre nombres de dominio Acceso centralizado a la búsqueda y el examen (CASE) Servicio de acceso digital (DAS) WIPO Pay Cuenta corriente en la OMPI Asambleas de la OMPI Comités permanentes Calendario de reuniones WIPO Webcast Documentos oficiales de la OMPI Agenda para el Desarrollo Asistencia técnica Instituciones de formación en PI Apoyo para COVID-19 Estrategias nacionales de PI Asesoramiento sobre políticas y legislación Centro de cooperación Centros de apoyo a la tecnología y la innovación (CATI) Transferencia de tecnología Programa de Asistencia a los Inventores (PAI) WIPO GREEN PAT-INFORMED de la OMPI Consorcio de Libros Accesibles Consorcio de la OMPI para los Creadores WIPO Translate Conversión de voz a texto Asistente de clasificación Estados miembros Observadores Director general Actividades por unidad Oficinas en el exterior Ofertas de empleo Adquisiciones Resultados y presupuesto Información financiera Supervisión
Arabic English Spanish French Russian Chinese
Leyes Tratados Sentencias Consultar por jurisdicción

Kazajstán

KZ047

Atrás

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 27 қазандағы № 365-V Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 27 қазандағы № 365-V ҚРЗ . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен1-бап

т о л ы қ т ы р у л а р е н г і з і л с і н : 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының (Азаматтық кодексіне

Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408- құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139- құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25- құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2 -3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112- құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4 -5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122 -құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат ; № 1 5 , 7 8 - қ ұ ж а т ) :

:1 0 3 2 - б а п т а екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Тауар белгiсiн құқыққа сыйымсыз пайдаланушы тұлға: 1) құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқа тауарларды қоспағанда,

заңсыз пайдаланылатын тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме орналастырылған тауарды, тауар қаптамасын жоюға мiндеттi. Осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болған жағдайларда, – тауардан және оның қаптамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің бейнелерін, тауар шығарылған жердің атауын немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені жоюға;

2) жұмыстар орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар

белгісін немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені алып тастауға м і н д е т т і . » ;

ү ш і н ш і б ө л і к а л ы п т а с т а л с ы н . 2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі

туралы» Қазақстан Республикасының (Қазақстан РеспубликасыКодексіне Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32- құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21- құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат, № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30- құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75- құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122- құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат):

мынадай мазмұндағы 19, 20 және 21-тармақтармен толықтырылсын:71-бап «19. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника

айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу үшін берілген, мемлекеттік тіркеу, дәрілік заттар сараптамасының материалдары туралы өтініште, сондай-ақ құрамында жаңа химиялық заттар бар дәрілік заттың тіркеу дерекнамасында қамтылған құпия ақпаратты дәрілік зат мемлекеттік тіркелген күннен бастап алты жыл ішінде өтініш берушінің келісімінсіз коммерциялық мақсаттарда жария етуіне және п а й д а л а н у ы н а ж о л б е р і л м е й д і .

20. Осы баптың 19-тармағында көзделген, құпия ақпаратты коммерциялық мақсаттарда жария етуге және пайдалануға жол бермейтін ережелер:

1) Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес дәрілік затты пайдалануға мәжбүрлі лицензия берілген жеке немесе заңды тұлғаларға;

2) дәрілік затты коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға, өндіруге, импорттауға, экспорттауға немесе таратуға қолданылмайды.

21. Осы баптың 19-тармағында көрсетілген ақпаратты жария етуге және пайдалануға мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) егер дәрілік затты жеткізіп беру Қазақстан Республикасында тіркелген күннен бастап он екі ай ішінде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз б о л ғ а н д а ;

2) төтенше жағдайлар кезінде не ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халық денсаулығын қорғау қажет болғанда;

3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзатын әрекеттер анықталғанда, өтініш иесінің келісімінсіз сот шешімі

н е г і з і н д е ж о л б е р і л е д і . » . 3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014кодексіне ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар ; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46- құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79- қ ұ ж а т ) :

мынадай редакцияда жазылсын:158-бап «158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң

атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң

атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын і с - ә р е к е т б е л г i л е р i б о л м а с а , –

тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшер iнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Е с к е р т п е . Осы бапқа сәйкес тәркіленген тауарлар, құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі

бар түпнұсқа тауарларды немесе қоғамдық мүдделер үшін оларды айналымға енгізу қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің көзделген795-бабында т ә р т і п п е н ж о й ы л у ғ а ж а т а д ы . » .

4. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж.,Заңына № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат ; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):

1) 11-баптың мынадай редакцияда жазылсын:4-тармағы «4. Патент иеленушi өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланбаған және ол тиімді

коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде, егер өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғашқы жарияланғаннан кейiн өнеркәсіптік меншік объектісі осындай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген үш жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаған болса, сұрау салынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде кез келген адам өзiне мәжбүрлі ерекше емес лицензияны алып беру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Егер патент

иеленушi пайдаланбауының құқыққа сыйымды себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот көрсетілетін лицензияны пайдалану шегiн, мерзімдерін, төлем мөлшерi мен тәртiбiн айқындай отырып береді. Төлем мөлшерi лицензияның қалыптасқан практикаға сәйкес айқындалған нарықтық бағасынан төмен болып б е л г і л е н б е у г е т и i с .

М ә ж б ү р л і е р е к ш е е м е с л и ц е н з и я : 1) ұлттық қауіпсіздікті немесе халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету қажет

б о л ғ а н ; 2) патент иеленуші өзінің айрықша құқықтарын теріс пайдаланған, оның

келісімімен басқа тұлғаның осындай айрықша құқықтарды теріс пайдалануына жәрдемдескен немесе кедергі жасамаған жағдайларда да беріледі.

Осы тармақтың ережелеріне сәйкес, жартылай өткізгіштер технологиясына жатқызылатын өнертабысты пайдалануға арналған мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге оны мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге орай коммерциялық емес пайдалану үшін ғана немесе сот тәртібімен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзады деп танылған ережелерді өзгерту үшін жол б е р і л е д і .

Кез келген мәжбүрлі ерекше емес лицензия мұндай лицензия патенттелген дәрілік затты немесе патенттелген процесс арқылы алынған дәрілік затты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өндірістік құралдар болмаған немесе жеткіліксіз болып табылатын аумаққа экспорттау мақсаты үшін дәрілік затқа немесе дәрілік затты дайындау процесіне сұратылатын жағдайларды қоспағанда, бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы iшкi нарығының қажеттіліктерін қ а м т а м а с ы з е т у ү ш і н б е р і л у г е т и i с .

Мәжбүрлі ерекше емес лицензия берiлген адам көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын басқа адамға осы объект пайдаланылатын тиiстi ө н д i р i с п е н б i р г е ғ а н а б е р е а л а д ы .

Мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге себеп болған мән-жайлардың қолданысы тоқтатылған жағдайда оның күші сот арқылы жойылуға жатады.»;

2) 12-баптың мынадай редакцияда жазылсын:2) тармақшасы «2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қамтитын құралға, егер осындай

ғылыми зерттеудің немесе эксперименттің мақсаты кіріс алу болып табылмаса, ғылыми з е р т т е у н е м е с е э к с п е р и м е н т ж ү р г i з у ; » .

5. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының (Заңына Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):

:4 4 - б а п т а

мынадай редакцияда жазылсын:2) тармақша «2) құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқа тауарларды қоспағанда,

заңсыз пайдаланылатын тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме орналастырылған тауарды, тауар қаптамасын жоюға мiндеттi. Осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болған жағдайларда тауардан және оның қаптамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің бейнесін, тауар шығарылған жердің атауын немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені жоюға;»;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) жұмыстар орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін

материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені алып тастауға м і н д е т т і . » .

6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж.,Заңына № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4- құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64- құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 1 4 3 - қ ұ ж а т ) :

1) мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:1-бап «15-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің

аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;

2) 7-баптың мынадай редакцияда жазылсын:5-1) тармақшасы «5-1) орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық

бірліктің аумағында не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ көрсетілген

рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;»; 3 ) :1 1 - б а п т а

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды . » ;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:3-тармақ «Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын

шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiмет i айқындайды.» ;

мынадай мазмұндағы 6, 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын: «6. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ

адамдарды жұмысқа тартатын жұмыс берушілер олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органға ж а з б а ш а т ү р д е :

1) санын, олар ауыстырылатын ұйымның және елдің атауын; 2) тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда

к ө р с е т і л с е ) ; 3) әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, кәсібі мен жұмыс тәжірибесін;

4) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпаратты жібереді. 7. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдіктер немесе

азаматтығы жоқ адамдар болу мақсаттарына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген, бір жылға ұзартылу ықтималдығымен үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.

8. Менеджерлер мен мамандарды корпоративішілік ауыстыру орталық атқарушы орган айқындайтын, шетелдік жұмыскерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

9. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді.».

7. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж.,Заңына № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат ; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67- құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97- құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23- құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196 -құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-

құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27- құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8 , 4 2 , 4 5 - қ ұ ж а т т а р ) :

:3 4 - 1 - б а п т а а л ы п т а с т а л с ы н ;2 - т а р м а қ

мынадай редакцияда жазылсын:3-тармақ «3. Осы баптың аталған тұлғалар отандық өнеркәсіптің дамуын1-тармағында

мониторингтеу мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту б о й ы н ш а а қ п а р а т б е р е д і . » .

8. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының (Қазақстан РеспубликасыЗаңына Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102- құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар):

1 ) :1 - б а п т а мынадай редакцияда жазылсын:34) тармақша

«34) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту – жұмыстар ( көрсетілетін қызметтер) бойынша қазақстандық өндірушілер болып табылмайтын ұйымдарға кез келген деңгейде қосалқы мердігерлік шарт негізінде жұмысты орындағаны (қызмет көрсеткені) үшін төленген кез келген соманы шегере отырып, жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша қазақстандық өндірушілерге жұмыстарды орындағаны (қызметтерді көрсеткені) үшін төленген, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шарттарының барлығы бойынша төлемдердің (шығындардың) ж а л п ы ж ы л д ы қ с о м а с ы н ы ң ү л е с і ; » ;

а л ы п т а с т а л с ы н ;3 6 ) т а р м а қ ш а 2) 47-баптың 2-тармағының мынадай редакцияда жазылсын:7) тармақшасы

«7) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) жергілікті қамтудың елу пайыздан а с п а у ғ а т и і с е ң т ө м е н м ө л ш е р і ; » ;

3) 47-1-баптың бірінші бөлігінің мынадай редакцияда жазылсын:8) тармақшасы «8) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың елу пайыздан

а с п а у ғ а т и і с м ө л ш е р і ; » ; 4) 50-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің мынадай редакцияда6) тармақшасы

ж а з ы л с ы н : «6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жұмыстардағы (

көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»; 5) 58-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің мынадай редакцияда2) тармақшасы

ж а з ы л с ы н : «2) кадрлардағы, сатып алынатын жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi)

ж е р г і л і к т і қ а м т у д ы ң м ө л ш е р л е р i ; » ; 6) 60-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің мынадай редакцияда1) тармақшасы

ж а з ы л с ы н : «1) жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегі) және кадрлардағы жергілікті

қ а м т у д ы ң м ө л ш е р і ; » ; 7 ) :6 1 - б а п т а

үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда2-тармақтың ж а з ы л с ы н :

«Келiсiмшарт: қол қойылатын бонусты төлеудiң мөлшерi мен шарттары жөніндегі; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi мен шарттары жөніндегі; кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша оқытуға жіберілетін шығыстардың мөлшерi жөніндегі; жұмыстардағы ( көрсетiлетiн қызметтердегi) жергiлiктi қамту жөніндегі; мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылған шетелдiк персоналға қатысты алғанда қазақстандық персонал үшiн еңбекке ақы төлеудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі; тарату қоры жөніндегі; Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгiленген шығыстардың мөлшерi жөніндегі мiндеттемелерге қатысты ерекше шарттарды да қамтуға тиiс .

Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылатын кадрлардың жалпы санынан, оның ішінде жылдар бойынша пайыздық қатынасты қамтуға тиіс. Жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың мөлшері жөніндегі міндеттемелер сатып алынатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердің) жалпы санынан пайыздық қатынасты қамтуға тиіс.»;

«Келiсiмшарт талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзi қабылдаған, оның iшiнде жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі, келiсiмшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы ( айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерiн қамтуға тиiс.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшартта тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерге қатысты ерекше шарттар да, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі өзі қабылдаған мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсiмпұлдардың) мөлшерi қамтылуы мүмкін.

Осы тармақтың ережелері осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады. » ;

8) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:69-бап «4. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттың қолданылу мерзімі

өзгерген кезде оған жер қойнауын пайдаланушының тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерін алып тастау көзделетін өзгерістер мен толықтырулар е н г і з і л е д і . » ;

9 ) 7 6 - б а п т ы ң :1 - т а р м а ғ ы н д а мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:9) тармақша

«Осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға ғана осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады;»;

мынадай редакцияда жазылсын:11) тармақша «11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың

көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша жұмыскерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;»;

10) мынадай редакцияда жазылсын:78-бап «78-бап. Қазақстандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, қызметкерлердің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері деп танылады.

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың

көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болмауға, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір тиісті санат бойынша елу пайызынан көп болмауға тиіс.

2. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердігерлерінің осы Заңның талаптарына сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай келген жағдайда сатып алуы жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

3. Құзыретті органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде осы Заңның талаптарына сәйкес тауарларды қазақстандық тауар өндірушілерден, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай келген ж а ғ д а й д а с а т ы п а л у ғ а м і н д е т т і .

4. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың – қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма п а й ы з ғ а а з а й т а д ы .

5. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде тауарларды сатып алу кезінде конкурсты ұйымдастырушы жеңімпазды анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың – қазақстандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға а з а й т а д ы .

6. Келісімшарттық міндеттемелерді жергілікті қамту бөлігінде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып т а б ы л м а й д ы .

7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарының ережелері осы Заңның 69-бабы 4- тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады.».

9. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж.,Заңына № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9,

51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90- құжат ; № 21, 118-құжат ; № 23, 143-құжат) :

1) мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:1-бап «6-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің

аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;

2) 15-баптың 1-тармағының мынадай редакцияда жазылсын:11) тармақшасы «11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота

шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;»;

3) 34-баптың мынадай редакцияда жазылсын:1) тармақшасы «1) шетелдік жұмыскерлер – Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде

корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер;»;

4) бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:35-баптың «Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде

корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер:»; 5) 36-баптың және мынадай редакцияда жазылсын:1 4-тармақтары

«1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.»;

«4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды, шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде ішкі істер органдары бір жылға ұзартады.»;

6 ) :3 7 - б а п т а бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:1-тармақтың

«1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға

рұқсат квотадан тыс беріледі және ұзартылады.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:4-тармақ

«Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Y к i м е т i а й қ ы н д а й д ы . » ;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды . » .

10. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының (Қазақстан РеспубликасыЗаңына Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51- құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-І, 1 9 - І І , 9 6 - қ ұ ж а т ) :

1) 5-баптың және мынадай редакцияда жазылсын:16) 17) тармақшалары «16) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген

тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді ж ә н е б е к і т е д і ;

17) ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;

2) 10-баптың 6-тармағының , және мынадай редакцияда5) 6) 7) тармақшалары ж а з ы л с ы н :

«5) отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзара і с - қ и м ы л д ы ж ү з е г е а с ы р а д ы ;

6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде қызметтер к ө р с е т е д і ;

7) отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады.»;

3) 26-баптың 2-тармағының және мынадай редакцияда2) 4) тармақшалары ж а з ы л с ы н :

«2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және шетелде

қазақстандық өндірушілердің ұлттық стенділерін ұйымдастыру;»; «4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту

және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;». 11. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан

Республикасының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж.,Заңына № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат):

1 9 - б а п т ы ң а л ы п т а с т а л с ы н .5 - т а р м а ғ ы . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен2-бап

соң қолданысқа енгізіледі. Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң

Президенті Н. Назарбаев

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК